Оқу бөлімі: Сырттай Мамандығы: «Бастауыш білім беру» Біліктілігі



бет2/12
Дата09.03.2022
өлшемі55,43 Kb.
#134851
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Бастауыш сыныпта мазмұндама жұмыстарын жүргізу

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Мазмұндаманың негізгі мақсат, міндеттері
Мазмұндама жаздырғанда балалардың өз тәжірибесіне сүйеніп, бойындағы білімін, дағдысы мен шеберліктерін жарыққа шығаруға іске асыруға жол бермеу керек.
Сондықтан қандай жағдайда болмасын, мазмұндама мұғалімнің басшылығымен дұрыс әдісі арқылы жүргізілгенде ғана белгілі бір нәтиже береді. Көзделген мақсатқа жетеді. Ол үшін мұғалім бұл жұмыстарға қойылатын әдістемелік талаптарды жақсы білуге тиіс. Бастауыш мектептерде жүргізілетін тіл дамыту жұмысы негізінен мынандай мақсаттарды көздейді.

  1. Оқушылардың байқағыштық ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап салыстыру негізінде өз беттерімен қорытынды шығара білуге үйрету;

  2. Оқушыларға қазақ әдеби тілі нормасына сай өз сезімін ойын дұрыс жазып бере алатындай дағдылар, шеберлікті қалыптастыру;

  3. Оқушыларды ана тілін сүюге, оның алатын қорын, тамаша сырлы, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге және оны сезініп құрметтей білуге тәрбиелеу;

  4. Қазақ тілі ғылыми табысы негізінде оқушылардың жазу тілін дамытуға септігі тиетін мазмұндама жұмыстарының оңай да тиімді түрлерін іріктеп алып ұсыну;

  5. Мазмұндама мәтіндері арқылы балаларды өз отанына шын берілген патриот, бір-біріне достық, бауырластық сезімге, қозғалуымызға саналы да белсенді қызмет ете білуге тәрбиелеу.

Осы жұмыстарға қойылатын әдістемелік талаптардың бастылары.

  1. Берілген тақырыпты ашып көрсете білу, оқушы өзінің жинаған материалын берілген тақырыптарға негізгі ойды көрсететіндей етіп іріктеуі қажет.

  2. Жазылған жұмыстың мазмұнды болуы, балалардың жазған мазмұндамалар орфографиясы жағынан ғана емес, мазмұнды жағынан да ойдың реңін білдіру, сөйлемдердің арасындағы байланыстардың дұрыстығы т.б. жақтарында бағалануға тиіс.

  3. Оқушы материалды ешбір қайшылықсыз белгілі бір ретпен, жүйелі түрде баяндалуы тиіс, яғни алдын – ала синтездеу жұмысы дұрыс ұйымдастырылып, саналы түрде өткізілуі қажет. Оқушы әуелі не жөнінде, одан кейін нені айтатынын толық синтездеп, жоспар жобасын жасап алады.

Сөз сөйлем қалдырып кетіп, ойдың күрт үзіліп, байланыссыз қалуынан сақ болған жөн.

  1. Оқушылар айтайын деген ойын дәлме-дәл анық білдіретіндей етіп, сөздерді материалдың ішіндегі негіздерін, таңдап қолдануға тиіс. Мәтін анализдеу, синтездеу жұмысына дұрыс мән берген жөн.

  2. Бас артық сөз қолдану, қыстырма сөз қолдану, бір сөздің бірнеше рет қайталануы сияқты кемшіліктерге жол бермеу шарасы жасалуға тиіс.

  3. Оқушы жазба жұмысында сөйлемдерді белгілі бір формада қарастыратын болса,яғни бір сөйлем өткен шақта, екінші сөйлем келер шақта тұрмасын («Мен тауға бардым. Күн ыстық болды»).

  4. Жергілікті ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөздерді жазуда қолдануға дағдыланбау керек. («Там төбесін қар басып қалды», «Жейдесі су болды», «Азанда бүлдірген теруге кетті»).

  5. Жазба жұмыстарын жетілдіре білу дағдыларын оқушылар міндетті түрде меңгерген болуға тиіс, яғни жазба жұмыстарының орфографиялық функциялық, лексикалық қателерін оқушы мұқият қарап, тексеріп кейбір қате қарастырылған сөйлемдерді жөндеуге де жол беріледі.

Міне бастауыш сыныптардағы тіл дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстарының барлығы да осы көрсетілген талаптарды орындау жолына бағытталады.
Мазмұндама дегеніміз белгілі бір шығарманың мазмұнын ауызша не жазбаша түрде баяндап беру.
Бұл оқушының алған білімін тиянақтап, тілін дамыту, жазуға төселдіру мақсатын көздейді.
Мазмұндама 1 – сыныпта оқу жылының екінші жартысынан басталып, 2 – 4 сыныпта бірте – бірте күрделендіре жүргізіледі.
Бастауыш мектеп оқушыларына мазмұндама алдымен дайын мәтін бойынша жаздырылады.
Мазмұндама мәтіндері жеңіл әңгімелерден басталып, бірте – бірте қиындай түседі. Бастауыш сынып оқушыларына арналған мазмұндама мәтіндерінің тақырыбы. Оларды адамгершілікке, достыққа, ерлікке, еңбекке, Отанын сүюге тәрбиелейтіндей мазмұны белгілі бір сюжетке құрылған оқиғасы тартымды әр сыныптағы балалардың ұғымына лайық болғаны дұрыс.
Білімділік жағынан оқушыларға таныс құбылыстарды аңғарту, байқату арқылы бірте-бірте таныс емес құбылыстарды да таныта алатындай мағлұматтар беретін композициялық құбылысы жағынан мәтіннің жеке бөлімдері оңай ажыратылатын болғаны жөн. Мәтіннің көлемі 1 – сынып үшін 40 – 50 сөз, 2 – сынып үшін 50 – 60 сөз, 3 – сынып үшін 60 – 80 сөз, 4 – сынып үшін 80 – 90 сөз болғаны дұрыс.
Бұл сыныптарда мәтіннің әңгімелеу түрінде болғаны дұрыс, өйткені баяндау, хабарлау түріндегі мәтін балаларды тез жалықтырып жібереді.

Жас ұрпақты тәрбиелеу ісі қоғам дамуының қай кезеңінде болмасын уақыттың талап – тілегіне сай үздіксіз жүзеге асырылып отырады.


Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарында: «Әрбір пәнді оқытудың ғылыми дәрежесінің неғұрлым жоғары болуы, ғылым негіздерінің берік игерілуі, идеялық – саяси және адамгершілік тәрбиенің этикалық және дене тәрбиесінің жақсартылуы қамтамасыз етілсін. Оқыту мен тәрбиелеу әдістерін жетілдіру міндеті қойылсын» - делінген.
Оқу – тәрбие жұмысының негізгі әдісі дидактикалық заңдарын толық қолданып жаттықтыру, яғни білімді мазмұнынан туғызып, дағдыға айналдыру екенін әр кез есте ұстаған абзал. Мазмұндама жұмысы үшін әрбір мұғалім озат, тәрбиелі ұстаздардың іс – тәжірибесімен санасып, өз ізденісі туған жемісті әдіс – тәсілдерімен ұштастрып отыруы керек. Мазмұндама білімді жаттығуға негіздеп дүйелеп өткізуді талап етеді.
Мазмұндаманы сапалы етіп өткізу үшін мұғалім оның теориялық негізін жетк білуі тиіс. Сонда оған сабақтың теориясы мен практикасы айқын болады. Сонымен қатар мұғалім педагогика, психология әдістемелеріне сүйенеді.
Ал дидактиканың мәні – бір ғана тәрбие жұмысы емес, оқудың теориясы мен жүйесі. Оны қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин «Біртұтас әдіс» деп атаған. Сондықтан мұғалімнің мұны да ескермегені жөн.
Мазмұндаманы жазу әрі теориялық, әрі практикалық ұғымда қолданылады, яғни бұл әдіс мазмұндама жазу кезінде теориялық білім берудің тәсілдерін, соған байланысты практикалық дағды мен тәлім – тәрбие берудің амалдарын саралайды. Соны практика жүзінде іске асырудың тәсілі мен жолдарының дәл жүйесін көрсетеді. Оқушылардың білімі мен практикалық дағдысын қалыптастыру жолындағы мұғалімнің жүргізетін жұмыс түрі оқыту әдістерінің құрылымына тікелей байланысты. Сонымен бірге мұғалімнің басшылығымен орындалатын мазмұндама жұмысының мазмұнына қатысты болады. Мазмұндама жазу әдістері мәтінмен жұмыс жүргізудің теориялық материалдарын психикалық функциялары негізінде меңгертіп, оны қалыптастыруды және практикада шығармашылықпен қолдана білуді үйрететін тәсілдер жиынтығы болып табылады.
А. Байтұрсынов: «Әдіс – кезекшіліктен шығатын нәрсе, әдістің жақсы жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай», - депті. Орыс жазушысы Л.Толстой: «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Ол қылықтың белгісі – түрлі әдісті болу, орнында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,- дейді.
Мәтінмен жұмыс жүргізу жүйесін теориялық жақтан үйрену әдістері оқу материалдарының теориялық негіздері мен заңдарын меңгерту мен бірге мұғалім тақырыптың өзіндік белгілерін ғылыми тұрғыдан сұрыптап, мәтіндердің мазмұны мен көлеміндердің мазмұны мен көлеміне және әрбір мазмұндаманың құрамына сай жүргізу жүйесін белгілейді. Бұл бағдарламаның көлеміне негізделеді де, оқушылардың ой дәрежесі мен жас ерекшелігіне сәйкестендіріледі. Мұғалім әңгімені үнемі өзі мазмұндамай оған оқушыларды да қатыстырып, белсенділіктерін арттырып отырады. Мазмұндама жазуды меңгертуде әуелі мәтіннің ішкі қасиеттерін саралап, осыған лайықты дидактикалық материалдарды пайдаланған жөн. Сонмен оқыту әдісін түрлендіру, оқушылардың өздігінен жұмыс істеу белсенділігін арттыру мәселесі бірінші кезекке қойылады. Осыған орай көрнекті педагогтарымыз оқыту әдісінің көп екенін анықтады. Оларға мыналар жатады.

  1. Мұғалімнің баяндауы;

  2. Мұғалімнің оқушылармен әңгімесі;

  3. Мұғалімнің тәжірибелерді және оқылатын затты (объектіні) көрсету;

  4. Көрнекілікті көрсету;

  5. Экскурсия;

  6. Оқулықтан және басқа кітаптардан оқушылардың өздігінен білім алуы;

  7. Оқушылардың өздігінен бақылауы және тапсырманы орындалуы;

  8. Жаттығулар;

  9. Оқушылардың білімін тексеру әдісі (ауызша, жазбаша);

  10. Түсіндіру;

  11. Байқау;

  12. Практикалық жұмыс;

  13. Шығармашылық жұмыс;

Оқыту әдістерін саралағанда, тек олардың атаулары ғана жаңарады. Ал мазмұны жағынан қарастырғанда, педагогикаға бұрынан аян оқыту әдістері болады. Бұл – оқытудың жалпы әдістері ғана. Біз бұл әдістемелік еңбекте олардың бәріне бірдей тоқталып жатпаймыз, өйткені қай пәннің болмасын әдістемесі оқытудың жалпы әдістерінен өзіне тиімдісін ғана басшылыққа алып, өз пәннің оқыту әдістерін ғана баяндайды. Дегенмен, әдістердің мазмұнын аша түсу мақсатын көздеп, әрі мұғалімдердің оқыту әдістері туралы нақты бағыт – бағдар алуына, оны сабақ барысында пайдалану және әдістердің не екенін ұғынуға жеңілдік жасау үшін жүйелей отырып, сызбаша түсіру тиімді болар деп таптық.

Бастауыш сыныптарда жаздыруға болатын мазмұндама түрлері мынадай:



  1. Дайын мәтін бойынша

  2. Сурет бойынша

  3. Шығармашылық жолмен

  4. Кино, диафильм бойынша




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет