Сайрам ауданы
5 М.Горький мектебі
7б сынып оқушысы.Сайдахматова М.
Жетекшісі:Елубаева С . Ж.
Эссе : Өзгерісті өзіңнен баста
Әлем» сөзінің мағынасы кең. Менің ішкі дүнием - менің әлемім. Әлем - мынау жалпақ дүние. Сол үлкен әлемді өзгерту - өзіңнің ішкі дүниеңді ретке келтіру, кемшілігіңді саралап, түзетуге тырысу, ой - өрісіңді реттеу - міне, бұл әр адамның қолынан келетін дүние.
Бізді қоршаған әлем біздің өзімізден, өмірге деген көзқарасымыздан басталады деп ойлаймын. Менің өз ойымша, әр адамның өзінің ішкі әлемі болады. Ішкі әлем дегеніміз - ішкі жан дүниең, ішкі пайымдауың, ішкі өзіндік көзқарасың.
Ақ пен қараның, күн мен түннің қарама - қарсылығы сияқты адамның ішкі дүниесінде де нәпсі мен қанағат, адалдық пен арамдық, жақсылық пен жамандықтың күресі, тайталасы жүріп тұратын сияқты.
Өзіңнің ішкі жан дүниеңді жақсылыққа бағыттасаң, адамдарға жақсылық ойласаң, дүниетанымыңды ізгілікке қарай бойлатсаң, міне, сонда ғана, өзіңмен - өзің тепе - теңдікте боласың деп ойлаймын.
Бүкіл әлемдегі адамдарды, бүкіл әлемді бірден өзгерту мүмкін болмас та. Бірақ өзіңді өзгерту арқылы әлемге деген көзқарасыңды өзгерте аласың.
Кей адамдар өмірге өкпелі, кейбірі туыстарына, достарына, ата - аналарына, тағдырына өкпелі.
Менің ойымша, адам өз өмірінің қожасы. Алдыңа мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолына ұмтыла білсең, әр нәрсені ақылға салып, берік ұстанымың қалыптасса - бұл өмірде жоғалып кетпегенің.
Әртүрлі болып жатқан жағдайға ой көзімен қарап, өз - өзіңе есеп бере алсаң, өзіңді қоршаған дүниемен тепе - теңдікте болсаң, басқа адамдарды түсінуге әрекет жасай білсең - сен босқа өмір сүрмегенің.
Өзіңді өзгерту үшін алдымен ойыңды өзгерт. Әр кезде де жақсы нарсе ойлауымыз қажет. Әр жақсы ой – жақсы нарсе , пайда алып келеді. Жақсы нарсе ойлап , армандай білуміз қажет. Тек армандай ғана бермей , алдымызға мақсат қоя білуміз қажет.Мақсатқа ұмтылуымыз қажет.
Абай атамыз «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен қайратың екі жақтап» - деп тегін айтпаған болар.
Ең әуелі, әлемді өзгерткің келсе, өзіңді өзгерт. Ойыңды түзе, бойыңды түзе. Осынау орасан зор әлемде өзіңмен – өзің келісіммен өмір сүрсең, жақсы – жаманыңды саралай білсең, адамзат баласына ақ ниетіңмен қарай алсаң, сен бұл өмірде босқа жүрмегенің...Адамның өз таңдауын өзі жасайды , бақытты болуды да бақытсыз болуды да, қуанышты болуды немесе кайғылы болуды да , өз мақсатына жетіді немесе өмір ағысынмен жүруді адам өзі таңлайды.
Адамның бақытты болуы - болмауы да адамның өз қолында. Себебі адам өз өмірін өзі жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |