Нәтижесінде: әр топтан өздерінің ойларын ортаға салды. Содан коуч төрт қадамды айтып шықты.
Бірінші қадам. Алдымен қандай нақты нәтижені алғыларын келетіндерін ойластыру.
Екінші қадам. Мақсат белгілі. Енді мүмкіндіктерді іздей бастаймыз.
Үшінші қадам. Ойландың. Қолдандың.
Төртінші қадам. Кірісеміз. Қателесеміз. Ойланамыз. Қайтадан кірісеміз.
Осы ой қозғаудан соң, коуч бүгінгі коучингтың тақырыбы «Оқу үдерісінде басқару және сабақты сапалы жоспарлау» екенін жеткіздік. Сабақты сапалы ұйымдастыру үшін, сабақта оқу үдерісімен басқару үшін критериалды бағалауды білу қажет. Он дескриптор критерийлерімен бағаланады. Мектепте сапалы сабақ беру үшін «Сабақты сапалы ұйымдастыру» критерийлері құрастырылды. Егер сабақ дұрыс құрастырылса, онда критерийдің бәрі қаралады.
«SMART» мақсаттарына презентация көрсетілді. «SMART» - оқыту әдістерін оқыту арқылы, жаттауға емес түсінушілікке бағытталған оқыту. Ол нақты (Specific - қарамай бастыруды үйрену), өлшенетiн (Measurable - алған сабақтар саны), әрекетке негiзделген (Action-oriented - күнделiктi онлайн сабақ алу), жетiмдi (Realistic - сөзсiз) және уақытпен шектелген (Time-bound - екi аптада бiтiру). Бұл да сондай: нақты (Specific - ағылшын тiлiн жетiлдiру), өлшенетiн (Measurable - оқыған кiтаптар саны және қараған сериалдар саны), әрекетке негiзделген (Action-oriented - кiтап оқу немесе сериал қарау), жетiмдi (Realistic - иә) және уақытпен шектелген (Time-bound - мысалы күнде кешке кiтап оқи отырып және апта соңы сериал қарап жарты жылда бiтiру). Бұны бiрнеше SMART мақсаттарға бөлуге болады.
Тәжірибелік бөлімде «Сабақты сапалы ұйымдастыру» критерийлерін сабақ жоспарына қалай дұрыс салу керектігін, керемет немесе жақсы сабақ болу үшін не істеу керектігін талқылады.
Достарыңызбен бөлісу: |