І.Ұйымдастыру. Сәлемдесу.
Психологиялық дайындық. «Көңіл күй күнделігі».
Мұғалімдер өздерінің таңдаған түсін коучинг басталатын уақытта күнделікке белгілейді.
Көңіл күй
|
Түсі
|
Коучингтің
басы
|
Коучинг соңында
|
Көтеріңкі
|
Қызыл
|
|
|
Қуанышты
|
Қызыл сары
|
|
|
Жағымды
|
Сары
|
|
|
Салмақты
|
Жасыл
|
|
|
Көңілсіз
|
Көк
|
|
|
Жабырқау
|
Сия көк
|
|
|
Уайымшыл
|
Қара
|
|
|
ІІ. Заттар бойынша топқа бөліну. Мұғалімдердің заттары парталарға ретсіз қойылады. Өздерінің заты қойылған парталарға отыруы керек.
ІІІ. Қызығушылықты ояту.
Топ мүшелері З түрлі бейнежазбалар көреді.
ІҮ.Бейнежазба мазмұны бойынша ой бөлісу үшін мұғалімдерге бағыттаушы сұрақтар қойылады:
А) Бейнежазба мазмұнынан не байқадыңыздар?
Ә) Үш бейнежазбаның айырмашылығы бар ма? Қандай?
Б) Қандай тақырыпта ой қозғаймыз деп ойлайсыздар?
Осы сұрақтар арқылы коучинг тақырыбы ашылады.
Диалогтік оқыту дегеніміз не?
Ү.Интерактивті тақтадан Мерсердің зерттеуіне сәйкес диалогтік оқытудың З түрі көрсетіліп айтылады.
1.Әңгіме-дебат
2.Кумулятивтік
3.Зерттеушілік
ҮІ.Осы таныстырылымдағы сипаттама бойынша бейнежазбалардың қай әңгіменің түріне жататынын мұғалімдер топ ішінде талдап, анықтайды.
1.Әңгіме-дебат (Егіздердің әңгімесі)
2.Кумулятивтік (Жұмысшының бастығымен әңгімесі)
3.Зерттеушілік (Ханшайымның жаратушымен әңгімесі).
ҮІІ.Әңгімелесу әдісінің З түріне сәйкес үш топ көрініс көрсетеді.
«Бұрынғы мұғалім мен жаңашыл мұғалім арасындағы диалог»
ҮІІІ. Сергіту тренингі.
ІХ.Сұрақтардың түрлері, сұрақ қоюдың әртүрлі техникалары туралы қысқаша айтылады.
Х. Постермен жұмыс. З топқа үш түрлі тапсырма беріледі.
І топ: «Диалогтік оқыту оқушыларға не береді?
ІІ топ: «Диалогтік оқытудың мұғалім үшін маңызы қандай?
ІІІ топ: «Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы».
ХІ.Бөлтірік шешеннің сөзінен мысал келтіріп, коучингке қатысқан мұғалімдерге алғыс жазылған конфеттер таратамын.
ХІІ.Көңіл күй күнделігіне коучинг соңындағы көңіл күйлерін белгілеп көрсетеді.
ХІІІ.Рефлексия. Мұғалімдер өздерінің ұсыныс, ой пікірлерін стикерлерге жазып, өз постерлеріне жапсырады.
|