Сн ,қ × Vқ = Сн ,с× Vс , мұндағы қышқыл мен сілті концентрациялары мен көлемдері.
Олай болса, Сн,қ × 42 = 14 × 0,3; Сн,қ = 0,1н. Қышқылдың эквиваленті
0,5моль, сонда молярлылығы 0,1 × 0,5 = 0,05моль/л болады.
Мысал 5. 100 мл 15% - ті (массасы бойынша) күкірт қышқылынын дайындау үшін 96 % - ті (массасы бойынша) (r = 1,84г/мл) қышқылдың қанша көлемін және қанша масса су алу керек? Шешуі: 15% - ті 100 мл қышқылды дайындау үшін қажет массасы
100 мл × 1,10г/мл = 110г.
16,5 г күкірт қышқылы бар 96 % -ті ерітінді көлемін табу керек, ол үшін
1мл ерітінді массаы 1,84г болғандықтан, онда 1,84 × 0,96 = 1,77г H2SO4 болады. Олай болса, H2SO4 ерітіндісінің табу керек көлемі 16,5/1,77 = 9,32мл.
Сонымен, 100мл 15% -ті H2SO4 ерітіндісін дайындау 9,32мл 96% -ті ерітінді және 110 – 16,5 = 93,5г су алады.
Достарыңызбен бөлісу: |