Оќу јдістемелік материалдар бейорганикалыќ химиядан


Мысал 6. 10% -ті сілті ерітіндісін дайындау үшін 200 мл 30% - ті (масса бойынша) NaOH ерітіндісіне (r = 1,33г/мл ) қанша су құю керек? Шешуі



бет41/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,01 Mb.
#123033
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   112
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «теориялы бейорганикалы химия»

Мысал 6. 10% -ті сілті ерітіндісін дайындау үшін 200 мл 30% - ті (масса бойынша) NaOH ерітіндісіне (r = 1,33г/мл ) қанша су құю керек? Шешуі: 200 мл NaOH ерітіндісінің массасы 200 мл × 1,33 г/мл = 266 г, сонда бұл ерітіндіде 266 ×0,3 = 79,8 г 30% - ті NaOH болады. Есеп шарты бойынша бұл масса (79,8г) сұйытылған ерітіндінің жалпы массасының 10% - ін құрайды. Сонда алынған ерітінді массасы (79,8/10) ×100 = 798 г болады. Олай болса, алғашқы ерітіндіге 798 – 266 = 532 г су қосу керек.
Мысал 7. 500 мл 3М тұз қышқылының ерітіндісін дайындау үшін 2М және 6М ерітінділерінің қандай көлемдерін араластыру керек. Араластырған кезде көлемдер өзгерісін есептемеу керек. Шешуі: 500 мл 3М тұз қышқылында 0,5×3 = 1,5 моль НСІ болады, 6М ерітінді көлемін х деп белгілесе, 2М ерітінді көлемі, (0,5 – х ) л, сонда х л 6М ерітіндіде 6х моль НСІ болады, ал (0,5 – х) л 2М ерітіндіде – 2(0,5 - х) моль НСІ болады.
Ерітіндідегі НСІ – дың жалпы мөлшері 1,5 моль болатындықтан, былай жазамыз: 6х + 2(0,5 - х) = 1,5; х = 0,125 л .
Олай болса, қажет ерітіндіні дайындау үшін 125 мл 6М және 375 мл 2М НСІ ерітінділерін алып, араластырады.
Ерігіштік. Қаныққан ерітіндідегі еріген заттың шамасы – ерігіштік деп аталады.Заттардың ерігіштігі еритін зат пен еріткіштің табиғатына, температураға, ал газдар үшін қысымға да тәуелді болады. Қатты және сұйық заттың ерігіштігін ерігіштік коэффициентімен (К) көрсетеді, яғни 100г еріткіште қанық ерітінді түзгенге дейін ери алатын заттың массасы.
Газдардың ерігіштігін абсорбция коэффициентімен сипатталады, ол - еріткіштің бір көлемінде қанық ерітінді түзілгенге дейін еритін газдың көлемі көрсетеді. Генри заңы бойынша тұрақты температурада сұйықтың берілген көлемінде еріген газ массасы сол газдың парциал қысымына тура пропорционал. Оның математикалық өрнегі: с = k × P, мұндағы с – газдың ерігіштігі, моль/л; Р – газдың парциал қысымы,атм;
k – пропорционалдық коэффициент, не Генри коэффициенті, моль/л×атм. Генри заңынан газдың еритін көлемі (яғни абсорбция коэффициенті) сол (берілген) температурада газдың парциал қысымына тәуелді емес екендігін көруге болады.
Газдар қоспасының еруі Дальтон заңына бағынады: қоспадағы әр газдың ерігіштігі оның парциал қысымына тура пропорционал.
Қатты заттардың суда еруі көбінесе эндотермиялық процесс, себебі көп жағдайда гидратация кезінде кристалдық торларды бұзуға жұмсалатын энергиядан аз энергия бөлінеді. Осы екі шаманың қатынасы ерудің жалпы жылу эффектісін ( ± Q) анықтайды. Егер Q мәні оң болса, қатты заттардың ерігіштігі температураны көтергенде , азаяды, теріс болғанда - артады. Ерігіштіктің температураға тәуелділігін график түрінде бейнелесе – ерігіштік қисығы тұрғызылады , одан заттарды қайта кристалдап тазалағанда алынған заттың шығымын не жоғалтылған мөлшерін анықтайды. Мысал 1. 500г калий селитрасын қайта кристалдап тазалау үшін 600г суда қыздырып еріткен. Алынған ерітіндіне 0°С температураға дейін суытқан. Сонда алынған таза тұздың және тұздың жоғалған мөлшерінің массалық үлестерін қанша болатынын есептеу керек. Шешуі: Ерігіштік қисығы графигінен бұл тұздың 100 г суда 0°С температурада 17 г еритіндігін табады. Олай болса, кристалданған соң ерітіндіде 17× 6 = 102 г тұз қалады.
Тазаланған тұз массасы (шығымы) 500 – 102 = 398 г болады, ол тазалауға алынған селитра массасының 398 × 100/500 = 79,6% құрайды.
0°С температурада еру әсерінен тұздың жоғалған шамасы 102×100/500= 20,4% .
Мысал 2. 1 л суда 20°С температурада және 1,013×105 Па қысымда H2 S газының 2,91л көлемі ерісе, сонда оның қанық ерітіндідегі массалық үлесі нешеге тең? Шешуі: қ.ж. күкіртті сутектің көлнмі 2,91×273/293 = 2,71л, ал осы көлемдегі массасы
34×2,71/22,4 = 4,11г.
Алынған ерітіндінің массасы: m (H2 O) + m (H2S) = 1000 + 4,11 = 1004,11г, сонда H2S осы ерітіндідегі массалық үлесі 4,11×100/1004,11 =0,4%.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет