Мысал 2. 8% (масс.) сусыз тұздың бір литр ерітіндісін дайындау үшін қанша су және мыс(ІІ) купоросын алу қажеттігін есептеу керек , ерітінді тығыздығы 1,084 г/л. Шешуі:1 литр ерітіндінің массасы 1,084 × 1000 = 1084г. Осы ерітіндіде 8% сусыз тұздың массасы 1084 × 0,08 = 86,7 г. CuSO4 ×5H2 O 86,7г сусыз тұзы бар массасын пропорциядан анықтайды: 249,7 : 159,6 = х : 86,7; Одан, х = 135,6 г. Ерітінді дайындау үшін қажет су массасы 1084 – 135,6 = 948,4 г. Мысал 3. 15% күкірт қышқылының ерітіндісінің (r = 1,10 г/мл) моляльді, нормальдылығын , молярлылығын табу керек. Шешеуі: 1000 г суға санағанда келетін күкірт қышқылының моляльдығын анықтау үшін қажет қышқыл массасы 1000 : 85 = х : 15; х = 176,5 г. Күкірт қышылының мольдік массасы 98 г/ моль, сонда m = 176,5/98 = 1,80моль /кг.
Молярлы және нормальды концентрациясын анықтау үшін 1000 мл
(яғни 1000 × 1,1 = 1100г) ерітіндідегі қышқыл массасын табады: 1100 : 100 = у : 15;
у = 165 г. Күкірт қышқылының эквивалент массасы 49 г /моль, олай болса,
Сн = 165/49 = 3,37 моль/л, См = 165 / 98 = 1,68 моль /л,
Мысал 4. 42 мл күкірт қышқылын бейтараптау үшін 14мл 0,3н. сілті қажет болса, қышқыл ерітіндісінің молярлылығын анықтау керек. Шешуі : заттар өзара эквивалентті мөлшерде әрекеттесетіндіктен , былай жазуға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |