Оќу јдістемелік материалдар бейорганикалыќ химиядан


Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар



бет87/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,01 Mb.
#123033
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   112
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «теориялы бейорганикалы химия»

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1. Ерітінділер дегеніміз не?
2. Концентрацияның өлшем бірліктері қандай?
3. Электролиттік диссоциация дегеніміз не?
4. Көмір қышқылының диссоциациялануын сатылы теңдеулерін жазындар.

7 Зертханалық сабақтың тақырыбы: Электролиттердің электр өткізгіштігін тексеру


Сабақтың мақсаты: Электролиттердің күшін электролиттердің электр өткізгіштігі арқылы анықтау.
Зертханалық сабақ бойынша сұрақтар:
1.Электролиттер деген не?
2.Электролиттік диссоциация деген не?
3.Әлсіз электролиттерді қандай көрсеткіштер арқылы сипаттайды?
4.Освальдтың сұйылту заңының мағанасы.

Көмір электродтарды стаканға салып, оны электр шамымен қосып, тоққа қосу керек.



  1. С таканға 20-30мл дистильденген су құйыңдар. Шам жана ма?

  2. Стаканға 2-4г қант салып дистильденген суда ерітіңдер. Шам жана ма?

  3. Электродтарды жақсылап жуып құрғатыңдар да стакандағы құрғақ ас тұзына (NaCl) тигізіңдер. Шам жана ма? Енді 20-30мл дистильденген су құйып тұзды ерітіңдер. Шам жана ма? Жеке дистильденген су және құрғақ тұз электр тоғын өткізбейді, ал ас тұзының ерітіндісі тоқ өткізеді. Неге?

  4. Төрт стаканға 20-30мл 0,1н мына ерітінділерді құйыңдар: бірінші стаканға- тұз қышқылын, екіншіге- натрий гидроксидін, үшіншіге- сірке қышқылын, төртіншіге- аммиак ерітіндісін. Осы ерітінділердің электр өткізгіштігін тексеріңдер. Электродтарды ерітіндіге салған сайын алдын-ала жеке стаканда тұрған дистильденген сумен жақсылап жуып отыру керек. Тәжірибе кезінде шамның жарықтығына қарап, қышқылдар мен негіздердің күші туралы айтыңдар.

  5. Соңғы екі стакандағы ерітінділерді (сірке қышқылы мен аммиакты) бір-біріне құйып, шамның жарықтығын салыстырыңдар. Неге шамның жарықтығы әр түрлі?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет