Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1. Ерітінділер дегеніміз не?
2. Концентрацияның өлшем бірліктері қандай?
3. Электролиттік диссоциация дегеніміз не?
4. Көмір қышқылының диссоциациялануын сатылы теңдеулерін жазындар.
№ 7 Зертханалық сабақтың тақырыбы: Электролиттердің электр өткізгіштігін тексеру
Сабақтың мақсаты: Электролиттердің күшін электролиттердің электр өткізгіштігі арқылы анықтау.
Зертханалық сабақ бойынша сұрақтар:
1.Электролиттер деген не?
2.Электролиттік диссоциация деген не?
3.Әлсіз электролиттерді қандай көрсеткіштер арқылы сипаттайды?
4.Освальдтың сұйылту заңының мағанасы.
Көмір электродтарды стаканға салып, оны электр шамымен қосып, тоққа қосу керек.
С таканға 20-30мл дистильденген су құйыңдар. Шам жана ма?
Стаканға 2-4г қант салып дистильденген суда ерітіңдер. Шам жана ма?
Электродтарды жақсылап жуып құрғатыңдар да стакандағы құрғақ ас тұзына (NaCl) тигізіңдер. Шам жана ма? Енді 20-30мл дистильденген су құйып тұзды ерітіңдер. Шам жана ма? Жеке дистильденген су және құрғақ тұз электр тоғын өткізбейді, ал ас тұзының ерітіндісі тоқ өткізеді. Неге?
Төрт стаканға 20-30мл 0,1н мына ерітінділерді құйыңдар: бірінші стаканға- тұз қышқылын, екіншіге- натрий гидроксидін, үшіншіге- сірке қышқылын, төртіншіге- аммиак ерітіндісін. Осы ерітінділердің электр өткізгіштігін тексеріңдер. Электродтарды ерітіндіге салған сайын алдын-ала жеке стаканда тұрған дистильденген сумен жақсылап жуып отыру керек. Тәжірибе кезінде шамның жарықтығына қарап, қышқылдар мен негіздердің күші туралы айтыңдар.
Соңғы екі стакандағы ерітінділерді (сірке қышқылы мен аммиакты) бір-біріне құйып, шамның жарықтығын салыстырыңдар. Неге шамның жарықтығы әр түрлі?
Достарыңызбен бөлісу: |