Оќу јдістемелік материалдар бейорганикалыќ химиядан


I. Ионды-молекулалық (ионды) алмасу реакциялары



бет111/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,01 Mb.
#123033
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «теориялы бейорганикалы химия»

I. Ионды-молекулалық (ионды) алмасу реакциялары

Мына ерітінділер арасында жүретін реакциялар үшін молекулалық ионды-молекулалық теңдеулер жазыңдар:


I. BaCl2 және Na2SO4; 2. K2SO4 және HCl; 3. FeSO4 және (NH4)2S; 4. Cr(OH)3 және KOH; 5. KHCO3 және H2SO4; 6. Zn(OH)2 және NaOH; 7. CaCl2 және AgNO3; 8.CuSO4 және H2S; 9. BaCO3 және HNO3; 10. HClО3 және KOН; 11. HCl және Sn(OH)2; 12. BeSO4 және KOH; 13. NH4Cl және Ba(OH)2; 14. AgNO3 және K2CrO4; 15. Pb(NO3) және KJ; 16. CdSO4 және Na2S; 17. Be(OH)2 және NaOH; 18. Ca(OH)2 және HNO3; 19. ZnOHNO3 және HNO3; 20. Na3PO4 және CuCl2; 21. K2CO3 және BaCl2; 22. Zn(OH)2 және KOH; 23. CdS және HCl; 24. Cr(OH)3 және NaOH; 25. Ba(OH)2 және CoCl2; 26. FeCl3 және NH4OH.


II. ТҰЗДАР ГИДРОЛИЗІ

Мына тұздардың гидролизінің ионды–молекулалық және молекулалық теңдеулерін жазыңдар. Ерітіндінің реакция ортасын анықтаңдар:


I. K2CO3 және Al(NO3)3; 2. K2S және CrCl3; 3. Al2(SO4)3 және Na2S; 4. Pb(NO3)2 және KCl; 5. FeCl3 және Na2CO3; 6. AlCl3 және (NH4)2SO4; 7. Al2S3 және Fe2(SO4)3; 8. CH3COOK және Zn(NO3)2; 9. Na3PO4 және CuSO4; 10. CuCl2 және Cs2CO3; 11. Cr(NO3)3 және FeCl2; 12. Cr2(SO4)3 және Ni(NO3)2; 13. Na2CO3 және NaCl;


III. Мына ионды–молекулалық теңдеулерге сәйкес келетін реакциялардың молекулалық теңдеулерін жазыңдар.

1. Be(ОH)2 + 2ОH= BeO22– + 2H2O; CH3COO+ H+ = CH3COOH


2. Ba2+ + SO42– = BaSO4; Ag+ + Cl= AgCl
3. HCO3+ H+ = H2O + CO2; Zn2+ + H2S = ZnS + 2H+
4. H+ + NO2= HNO2; Cd2+ + 2OH= Cd(OH)2
5. Fe(OH)3 + 3H+ = Fe3+ + 3H2O; Pb2+ + 2J = PbJ2
6. Al(OH)3 + OH= AlO2 + 2H2O; CaCO3 + 2H+ = Ca2+ + H2O + CO2
7. Cu2+ + S2– = CuS; SiO32– + 2H+ = H2SiO3
8. H+ + OH= H2O; Mg2+ + CO32– = MgCO3
9. ZnOH+ + OH= Zn2+ + H2O; HCO3+ OH= CO32– + H2O
10. Pb2+ + CrO42– = PbCrO4; SiO32– + 2H+ = H2SiO3
11. CH3COOH + OH= CH3COO+ H2O; Pb2+ + S2– = PbS
12. ClO+ H+ = HClO; CO32– + 2H+ = CO2 + H2O
13. NH4+ + OH= NH4OH; CH3COOH + OH= CH3COO+ H2O


IV. Диссоцияция дәрежесін (), сутегі ионының концентрациясын және pH есептеңдер (ерітіндінің концентрациясы (моль/л) жанында цифрамен көрсетілген).

1. CH3COOH – 0.1; 2. HCN – 0.05; 3. HNO2 – 0.02;


4. HClO – 0.01; 5. H2CO3 – 0.1(I саты бойынша); 6. H2S – 0.2(1 саты бойынша);
7. HF – 0.1;8. H2S – 0.1(1 саты бойынша); 9. H2CrO4 – 0.1(1саты бойынша);
10. HF – 0.1; 11. HBrO – 0.1; 12. H3PO4 – 0.01(1 саты бойыншаша);
13. H2CO3 – 0.02; 14. HNO3 – 0.001;

№3
1. 10%-ті тығыздығы 1,054 г/см3 3 л азот қышқылының ерітіндісіне 2%-ті тығыздығы 1,009г/см3 5л азот қышқылының ерітіндісін қосқанда пайда болған ерітіндінің молярлы және процентті концетрацияларын есептеңдер. Жауабы: 5,0%; 0,82М.


2. 4л 20,8%-ті тығыздығы 1,12г/см3 азот қышқылының нормальды, молярлы концетрацияларын есептеңдер. Бұл ерітіндіде неше грамм азот қышқылы бар? Жауабы: 3,70н; 4,17М; 931,8г.
3. 16%-ті тығыздығы 1,149г/см3 алюминий хлоридінің молярлы, эквивалентті концентрацияларын есептеңдер. Жауабы: 1,36М; 4,08н.
4. III тараудың №1 теңдеулерін жазыңдар.
5. IV тараудың №1 есептерін шығарыңдар.
6. II тарудағы №1 есепті шығарыңдар.
7. I тараудың №1 және №2 теңдеулерді жазыңдар.

№4

1. I тараудағы №3 және №4 теңдеулерді жазыңдар.
2. II тараудағы №2 есепті шығарыңдар.
3. III тараудағы №2 теңдеулерді жазыңдар.
4. IV тараудағы №2 есепті шығарыңдар.
5. Егер 75см3 0,3н күкірт қышқылының ерітіндісіне 125см3 0,2н калий гидроксиді ерітіндісін құйса, әрекеттеспей артық күйде қай зат және қанша мөлшерде қалады? Жауабы: 0,14г; КОН.
6. 100см3 күміс нитраты ерітіндісінен хлорлы күмісті тұнбаға түсіру үшін 0,2н. 50см3 хлорлы сутек ерітіндісі қажет болған. Күміс нитраты ерітіндісінің нормальды концентрациясын табыңдар. Тұнбаға неше грамм хлорлы күміс түсті?
Жауабы: 0,1н; 1,433г.
7. Тығыздығы 1,050г/см3 1л 10,17%-ті ерітінді дайындау үшін тығыздығы 1,100 г/см3 20,01%-ті тұз қышқылы ерітіндісінің қандай көлемін алу керек? Жауабы: 485,38см3.
№5

1. I тараудағы №5 және №6 теңдеулерді жазыңдар.


2. II тараудағы №3 теңдеулерді жазыңдар.
3. III тараудағы №3 теңдеулерді жазыңдар.
4. IV тараудағы №3 есепті шығарыңдар.
5. Тығыздығы 1,056 г/см3 10%-ті азот қышқылының ерітіндісі мен 30%-ті 100 см3 тығыздығы 1,184 г/см3 азот қышқылы ерітіндісін араластырғанда алынған ерітіндінің концентрациясын есептеңдер. Жауабы: 28,38%.
6. Тығыздығы 1,048г/см3 6%-ті 3 л калий гидроксиді ерітіндісін алу үшін 50%-ті тығыздығы 1,538 г/см3 калий гидроксиді ерітіндісінің қандай көлемін алу керек?
Жауабы: 245,5 см3.
7. Тығыздығы 1,02 г/см3 2%-ті 5л Na2CO3 ерітіндіcін алу үшін тығыздығы 1,105 г/см3 10%-ті натрий карбонаты ерітіндісінен қандай көлем алу керек? Жауабы: 923,1см3.

№6

1. I тараудағы №7 және №8 теңдеулерді жазыңдар.
2. II тараудағы №4 теңдеулерді жазыңдар.
3. III тараудағы №5 теңдеулерді жазыңдар.
4. IV тараудағы №4 есепті шығарыңдар.
5. 0,16н 31см3 сілті ерітіндісін бейтараптау үшін 217см3 күкірт қышқылы жұмсалды. Күкірт қышқылының нормальді концентрациясы мен титрін есептеңдер.
Жауабы: 0,023н; 1,127·103 г/см3.
6. 20%-ті ерітінді алу үшін 400 г суға қанша масса NaNO3 қосу керек? Жауабы: 100г.
7. 20%-ті 300 г натрий хлориді ерітіндісімен 40%-ті 500 г натрий хлориді ерітіндісін араластырғанда алынған ерітіндінің проценттік концентрациясы қанша? Жауабы: 32,5%.

№7

1. I тараудағы №9 және №10 теңдеулерді жазыңдар.
2. II тараудағы №5 теңдеулерді жазыңдар.
3. III тараудағы №6 теңдеулерді жазыңдар.
4. IV тараудағы №5 есепті шығарыңдар.
5. 20%-ті 10 кг ерітіндіні суытқанда 400 г тұз бөлінді. Суыған ерітіндінің проценттік концентрациясы қанша? Жауабы: 16,7%.
6. 62%-ті 247г күкірт қышқылының ерітіндісін 18%-ті 145г күкірт қышқылының ерітіндісімен араластырғанда алынған ерітіндінің процентті концентрациясы қандай? Жауабы: 45,72%.
7. Құрамында 1,4 г калий гидроксиді бар 1л ерітіндіні бейтараптау үшін 50см3 қышқыл ерітіндісі жұмсалған. Қышқылдың нормальды концентрациясын есептеңдер. Жауабы: 0,53н.
№8

1. I тараудағы №11 және №12 теңдеулерді жазыңдар.


2. II тараудағы №6 теңдеулерді жазыңдар.
3. III тараудағы №7 теңдеулерді жазыңдар.
4. IV тараудағы №6 есепті шығарыңдар.
5. 60%-ті 700 г күкірт қышқылынан 200 г суды ұшырғанда пайда болған ерітіндінің проценттік концентрациясы қанша? Жауабы: 84%.
6. Егер күкірт қышқылы 107г/л болса, оның нормальды және молярлы концентрациялары қанша? Жауабы: 1,08М; 2,18н.
7. Концентрациясы 0,3н 50см3 сілті ерітіндісі 30см3 күкірт қышқылымен әрекеттесе алады, олай болса, бұл ерітіндіде қанша грамм күкірт қышқылы бар? Жауабы: 0,735г.

№9


1. I тараудағы №13 және №14 теңдеулерді жазыңдар.
2. II тараудағы №7 теңдеулерді жазыңдар.
3. III тараудағы №8 теңдеулерді жазыңдар.
4. IV тараудағы №7 есепті шығарыңдар.
5. 1дм3 ерітіндіде 192,6г калий нитраты бар, тығыздығы 1,14г/см3. Ерітіндінің массалық үлесін, молярлы концентрациясын және титрін есептеңдер.
6. Массалық үлесі 0,96 (тығыздығы 1,84г/см3 ) 25см3 күкірт қышқылына 100см3 су қосқанда пайда болған ерітіндінің массалық үлесін және молярлы концентрациясын есептеңдер ( = 1,23г/см3) .
7. Массалық үлесі 0,40 және тығыздығы 1,25г/см3 фосфор қышқылының ерітіндісінің молярлы және эквивалентті (нормальды) концентрацияларын табыңдар.

№10

1. I тараудағы №15 және №16 теңдеулерді жазыңдар.
2. II тараудағы №8 теңдеулерді жазыңдар.
3. III тараудағы №9 теңдеулерді жазыңдар.
4. IV тараудағы №8 есепті шығарыңдар.
5. 5М ( = 1,29г/см3) күкірт қышқылының массалық үлесі қанша?
6. Массалық концентрациясы 58,5мг/дм3 натрий хлориді ерітіндісінің молярлы концентрациясы қанша?
7. 500см3 құрамында 8г NaOH бар ерітіндіні бейтараптау үшін 250см3 қышқыл қажет болған. Қышқылдың нормальды концентрациясын есептеңдер.

№11

1. I тараудағы №17 және №18 теңдеулерді жазыңдар.
2. II тараудағы №9 теңдеулерді жазыңдар.
3. III тараудағы №10 теңдеулерді жазыңдар.
4. IV тараудағы №9 есепті шығарыңдар.
5. Мырыш гидроксидінің массалық концентрациясы 80мг/дм3. Оның нормальды концентрациясын есептеңдер.
6. 300г суда 75г K2CO3 ерітілсе, бұл ерітіндінің массалық үлесі және молярлық концентрациясы қанша?
7. Егер үш валентті темір ионының (Fe3+) массалық концентрациясы 13,0мг/л болса, оның молярлық концентрациясы қанша?

№12

1. I тараудағы №19 және №20 теңдеулерді жазыңдар.
2. II тараудағы №10 теңдеулерді жазыңдар.
3. III тараудағы №11 теңдеулерді жазыңдар.
4. IV тараудағы №10 есепті шығарыңдар.
5. Құрамында 1,56г КОН бар 1дм3 ерітіндіні бейтараптау үшін 100см3 қышқыл ерітіндісі жұмсалған. Қышқылдың нормальды концентрациясын есептеңдер.
6. Құрамында 49г Н3РО4 бар 100г ерітіндінің ( = 1,33г/см3) молярлы, нормальды концентрацияларын және титрін есептеңдер.
7. Егер 0,2М 50см3 күкірт қышқылының ерітіндісіне барий хлоридінің артық мөлшерін құйса, қанша грамм барий сульфаты тұнбаға түседі?

№13

1. I тараудағы №21 және №22 теңдеулерді жазыңдар.
2. II тараудағы №11 теңдеулерді жазыңдар.
3. III тараудағы №12 теңдеулерді жазыңдар.
4. IV тараудағы №11 есепті шығарыңдар.
5. Массалық үлесі 0,1% 0,5л барий хлоридінің ерітіндісін дайындау үшін қанша кристаллогидрат BаCl2 · 2H2O алу керек? Жауабы: 64,0г.
6. Массалық үлесі 2% 1л барий хлоридінің ерітіндісін (тығыздығы 1,012г/мл) дайындау үшін қанша көлем су және 10%-дық барий хлориді ерітіндісінен (тығыздығы 1,09 г/мл) қандай көлем алу керек? Жауабы: 810мл су және 185 мл ерітінді.
7. 250мл 0,5н ерітінді дайындау үшін массалық үлесі 80% және тығыздығы 1,73г/мл күкірт қышқылынан қандай көлем алу керек?

№14

1. I тараудағы №23 және №24 теңдеулерді жазыңдар.
2. II тараудағы №12 теңдеулерді жазыңдар.
3. III тараудағы №13 теңдеулерді жазыңдар.
4. IV тараудағы №12 есепті шығарыңдар.
5. 20%-дық 1,8кг ерітіндіде неше грамм еріген зат бар және 250 г ерітіндіде 75г еріген болса, оның массалық үлесі қанша? Жауабы: 0,36кг; 30%.
6. 20г натрий гидроксидін ерітіп 5%-дық ерітінді алу үшін қандай көлем су алу керек? Жауабы: 380мл.
7. Массалық үлесі 96% 100мл күкірт қышқылының ерітіндісіне 400мл су қосқанда тығыздығы 1,225г/мл ерітінді пайда болады. Алынған ерітіндінің массалық үлесін және молярлы концентрациясын есептеңдер. Жауабы: 30,25%; 3,78моль/л.

№15

1. I тараудағы №25 және №26 теңдеулерді жазыңдар.
2. II тараудағы №13 теңдеулерді жазыңдар.
3. III тараудағы №2 теңдеулерді жазыңдар.
4. IV тараудағы №13 есепті шығарыңдар.
5. 100мл массалық үлесі 8%-ға тең барий хлориді ерітіндісінен
( = 1,06г/мл) барий сульфатын алу үшін күкірт қышқылы қажет болса, күкірт қышқылының молярлы және нормальды концентрациялары қанша?
Жауабы: 0,588моль/л және 0,294моль/л.
6. Массалық үлесі 28% ( = 0,9г/мл) аммиактың 1л ерітіндісіне 0,5л су қосқанда пайда болған ерітіндідегі аммиактың массалық үлесі қандай? Жауабы: 18,0.
7. Массалық үлесі 5% 0,5кг темір(II) сульфатының ерітіндісін дайындау үшін неше грамм кристаллогидрат FeSO4·7H2O және қандай көлем су алу керек?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет