ОҚУ Әдістемеліқ кешен «Бастауыш мектептегі дүниетану пәнін оқытудың теориясы мен технологиясы»



бет5/7
Дата16.01.2020
өлшемі0,53 Mb.
#56032
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ДНИЕТА~1


Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 6, 8, 10, 12

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 16, 17, 18
Тақырып № 8. Материалдық база. Сыныппен өткізілетін жұмыс түрлері. (2 сағат)

  1. «Дүниетану» сабағын оқыту кезінде көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды пайдаланудың психологиялық педагогикалық негіздері.

  2. Көрнекі құралдардың топтары мен түрлері.

  3. Оқу - тәжірибе саласы.

  4. Географиялық алаң.


1. «Дүниетану» сабағын оқыту кезінде көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды пайдаланудың психологиялық педагогикалық негіздері

Төменгі жастағы сынып оқушыларының жоғарғы нерв қызметтері шың мәніндей қоршаған әлемнің нақты құбылыстарынан, бейненің суреттерінен, заттардын, яғни алғашқы сигналдық жүйелердің тітіркенуінен алынған тіккелей туйсіктер мен елестетулерге сүйенеді. Балалар тітіркендіргіш нәрселерді тез қабылдап алады, өйткені олар сезім органдарына тікелей әсер етеді. Сигналдардың екінші бір жүйесіне сөз жатады, өйткені тіл єлі де сезім органдарын тікелей тітіркендіргіштердін берік нығаюын қажет етеді. Осыған байланысты алғашқы сигналдын жүйесін пайдаланудың негізінде құрылған оқыту көбінесе, төменгі сынып оқушыларының жоғарғы нерв қызметіндегі жас ерекшеліктермен сәйкеседі де тәрбие процесін маңызды түрде женілдетіп, оқу материалын меңгеруге мүмкіндік тудырады. Жалпы білім беру мектептеріндегі жаңа заманғы оқытудын негізгі мәселерінің бірі ретінде білімдерді жеткізудін жаңа, аса жетілген тәсілдерін іздеу көрініс береді, өйткені бұлар оқушыларға біріншіден: зерттеліп отырған құбылыс жөнінде аса толық және нақты ақпарат берсе, екінші жағынан оқыту процесін дамытып, жылдамдатты. Оқыту процесін жылдамдатудың қажеттігі жылдан жылға оқу материалының көлемінің артуымен жүзеге асырылуда, ал бұл негізінен ғылым мен техниканың дамуының ұлғаю темпіне және сонымен бірге, қазіргі заманғы қоғамның қажетіліктеріне де байланысты болмақ. Осыған байланысты, оқыту әдістерін дамытумен бірге мектептердегі оқу-тәрбиелік процесске оқытудың әртүрлі техникалық құралдары қарқынды түрде енгізілуде, оларға: телекөрініс, видеожазба, дыбыс жазбасы т.с.с жатады. Оқытушылар үшін ең маңызды мәселе: осы құралдарды әрбір жекелеген жағдайларға қолдана білу, сонымен бірге оқу материалын жақсы меңгеруге мүмкіндік тудыратын осы оқу тәрбиелік процесстерге техникалық құралдарды сәйкестендіре білу. Кейбір материалдардың бір бөлігі оқытудың көру есту тәсілдерінің көмегімен меңгерілетін сабақтың жаңа бір типі пайда болды, яғни мұнда қарапайым сабаққа қарама қарсы алғашқы сигналдыњ жүйеге бағытталған әртүрлі тітіркендіргіштер қолданылады, бұл кезде куш негізінен екінші сигналдың жүйеге туседі, яғни мұндай сабақтардағы оқыту процессі негізінен ауызша ақпаратпен байланысты болады. Гигиенашылдардың көптеген зерттеулерінің нәтижелері көрсетненіндей: сабақта көрнекі құралдарды пайдалану оқу материалын қабылдауды женілдетіп, балаларды жалықтырып жіберуден сақтап, оқушылардын жұмысқа деген ќабілеттігін сақтаумен бірге, оқыту процессінің тілімді де нәтижелі болуына мүмкіндік тудырады. Сабақта техникалық құралдарды, онын ішінде теле көріністерді пайдалану кезінде, оқушылар зор колемді ақпараттарға, яғни күрделі ақпараттарға да ие болады, сондықтан оқушылар бұған аса назар аудару керек. Сонымен бірге көру және есту ақпараттар ағынының күрт ұлгаюына байланысты оқушылардың көру және есту органдарына да түскен күштін салмағы ауырлай бермек. Мұнын бәрі оқытудын техникалық құралдарын пайдаланумен бірге оқу сабақтарын уйымдастыруға ерекше назар қоюды талап етеді. Оқытудағы техникалық құралдар толығымен оқытушының орнын баса алмайды. Бұрынғыдай оқытушының айтқан сөздері оқушыларды оқытуда негізгі құрал болып қала береді, ал оқытушының сөздері техникалық құралдарымен уйлесе отырып, оқу материалын меңгерудін нәтижелілігі мен тиімділігін жоғарылатады.

“Дүниетану” сабағына жабдықтар таңдап алу кезінде төменгі мектеп оқушыларының жас физиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Парта, стол, стул, сынып тақтасының µлшемдері сияқты жалпы гигиеналық талаптар ғана емес, сонымен бірге төменгі мектеп жасындағы балалардың көрнекі құралдарды қабылдаудағы психологиялық ерекшеліктерін де ескерген жөн. Бұл жабдықтар “Дүниетану” жөнінндегі оқу жұмысының әдістері мен формаларына және мазмұнына сәйкес келүін талап ету керек. Мұнда кабинетті жаңа заманғы ғылым мен техниканың жетістіктері мен сәйкестеп жабдықтау керек.


2. Көрнекі құралдардың топтары мен түрлері.

Көрнекі құралдардың негізгі топтары мен түрлеріне сипаттама беру.

Оқу көрнекі құралдары шартты түрде табиғи және көрнемдік деп бөлінеді. Табиғи көрнекі құралдарға тірі және өлі табиғаттың обьектілер жатады, яғни адамдардын өндіріс қызметтерімен байланысты болатын пайдалы қазбалар мен топырақтардың, өсімдіктер мен жануарлардың және заттардың үлгілері жатады, сонымен бірге бұған қоғамдық тарихи сипаттағы шынайы заттарды да жатқызуға болады. Табиғи көрнекі құралдарды пайдалану оқушыларда табиғи, өндірістік және тарихи қоғамтанушылық сипаттағы зерттелініп, қарастырылатын заттар жөнінде нақты образдың тусініктер қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мектепте табиғи көрнекі құралдар ретінде көбінесе гербарийлер, табиғи және өндірістік улестіру материалдары, коллекциялар, қараушы тәрізді қуыршақтар мен препараттар пайдаланылады Гербарийлер дегеніміз кептірілген өсімдіктердің жинағы, мұнда өсімдік кіші көлемде болса, онда ол тутастай көрсетілуі мүмкін, бірақ көбінесе өсімдіктен жапырақтары, гүлдері, сабақтары жекелеген бөліктері көрсетіледі мұнда.

Коллекция дегеніміз жалпы тақырып үшін арнайы біріккен заттардың жүйеленген жинағы. Бастауыш мектептерінде пайдалы қазбалардың , өсімдіктердің жемістері мен тұқымдарының , жергілікті топырақтардың үлгілерінің коллекциялары, сонымен бірге шикізаттың дайын өнімге дейінгі әртүрлі тканьдерді өндірудің негізгі сатыларын көрсететін коллекциялар да қолданылады

Үлестіру материалының мазмұны ретінде топырақтардың, пайдалы қазбалардың, өнеркәсіп шикізаттарының, дайын өнімдердің улгілері ретінде көрініс береді, бірақ бұл демонстрациялық ретінде бір ғана экземплярда емес, көлемі кішірейтілген 20-40 экземплярда шығарылады. Бұл улгілер оқушыларға онымен тікелей жұмыс жүргізу ушін үлестіріліп, таратылады. Өсімдіктер мен жануарлар организмінің препараттары кептірілген құрғақ препарат түрінде немесе консервіленген сұйық препарат ретінде шығарылады. Мұндай препараттарда ұсақ жануарлардың жекелеген экземплярлары біртүтас, мушеленген немесе жабық түрде көрсетілген, құрғақ препараттар беті жабық қораптарда, ол суйық препараттар цилиндр немесе басқа бір формадағы шыны ыдыстарда сақталынады. Ал қуыршақтар болса жануарлар позасын сипаттайтын сыртқы турді, көлемді, тусті береді. Шынайы заттар болса, адамдарың бұрынғы өмірін, олардың еңбектерін, турмысын, мәдиниетін сипаттайды және бұл тарихи-қоғамдық сипаттағы статьяларды оқу кезінде демонстрация ушін қолданылады. Шынайы заттар тобына археологиялық жолмен табылған заттар яғни ыдыс аяқ қалдықтары, еңбек құралдары, қарулар, тиындар, әшекей буйымдар жатады. Бастауыш сыныптарына арналған оқу құралдарына көрнемдік көрнекі құралдар жатады. Олар жазықтықты және көлемді болып болінеді. Жазықтықты құралдарға бейнелер суреттемелер, иллюстрациялық таблицалар жатады, ал көлемді құралдарға үлгілер, макеттер, муляждар жатады. Көрнемдік көрнекі құралдар образдың және шартты болып бөлінеді.



  1. Оқу - тәжірибе саласы.

Оқу - тәжірибе саласы дегеніміз ашық аспан аясындағы биологияның лабораториясы, мұнда ауыл шаруашылық еңбек пен биология жөнінде практикалық сабақтар мен жас натуралистер уйірмесінің жұмыстары және басқа да сыныптан тыс жұмыстар жургізіледі. Оқу – тәжірибелік саласы биология кабинеті үшін улестіру материалдары мен коллекцияларды дайындау үшін негізгі бастама болып табылады. Жергілікті жағдайлар мен оқушылардың санына байланысты әрбір мектептерде оқу – тәжірибелік жұмыстары үшін 0,5 тен 5,0 гектарға дейінгі көлемде саласын пайдалануға береді. Бұл жер күн беткейде болу керек, су қорымен қамтамасыз етілу керек және балалардың сабақ кестелерін бузбай практикалық жұмыстарды орындау үшін олардың бұл сала келіп жетуіне ең алдымен танымдық және тәрбиелік мәнге ие болуы керек. Сондықтан саласы мүмкіндік беретін тура мектепке жақын орналасуы керек. Оқу тәжірибелік жерді уйымдастыруда және мунда жүргізілетін жұмысты орнату ушін мектептің бүкіл оқытушылар мен оқушылар ужымын қатыстыру керек. Бұл жерді қалай пайдалану керек, олардың әрбір бөлімдерінің ауданы қандай болу керек, оқу және қосымша орындарды қай жерге орналастыру керек деген сияқты мәселелерді алдынала ойластырылып алынғаны жөн. Муның бәрі келешекте зор масштабта сызылатын жердің жалпы жоспарында белгіленеді. Осыдан кейін саладағы тәжірибелік жұмыстың тематикалық жоспары, сынып бойынша және жас натуралистердің үйірмесі үшін жұмыс жүргізуде тәжірибе жердің үлестіру, жаз уақытын дағы оқушылардың графигі құрылады. Сонымен бірге тұқымдар мен көшеттер және тыңайтқыштарға деген қажеттіліктер де ескеріледі. Оқу тәжірибелік салада жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсатына оқушылардың табиғатты тану жөніндегі білімдерін тереңдету, олардың табиғатқа, натуралистік ғылымдарға деген қызығушылықтарын дамыту, материалистік көзқарасқа тәрбиелеу, еңбекке тәрбиелеу және оқыту болып табылады.

Осы салада жұргізілетін сабақтардың оқу – тәрбиелік міндеттері мынадай:



  1. Оқушыларды аз болса да ауыл шаруашылық білімдермен және іскерліктермен қаруландыру.

  2. Оқушыларға ауыл шаруашылық өндірістерінің негізгі салалары жөнінде алғашқы түсініктемелер беру.

  3. Оқушылардың ауыл шаруашылық еңбектерінің олардың «Дүниетану» жөніндегі білімдерін дамытып, тереңдетумен тығыз байланысын камтамасыз ету.

  4. Тәжірибелік жұмыстарға деген оқушылардың кызығушылығын дамыту, оларды алғашқы зерттеу дағдыларына үйрету, олардың табиғатты қорғау жөніндегі білімдерің кеңейту.

  5. Оқушыларды ауыл шаруашылық еңбек пен табиғатқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оларды ауыл шаруашылығында белгілі бір орны бар адамдардың еңбегімен таныстыру , сонымен бірге оларды ауыл шаруашылығы кәсіптерінің бірін меңгеруге ынтасын тудыру.

Оқу тәжірибелік участокта бастауыш сыныптарының бөлімі болу қажет. Бұл бөлім 1-4 сынып оқушыларының табиғат, ауыл шаруашылық жөніндегі алғашқы білімдерді жақсы меңгеруіне, және кейбір арнайы еңбек дағдыларын үйренуге, сонымен бірге олардың еңбекке деген творчестволық қатынасының дамуына мүмкіндік тудырады. Белгі бір ауыл шаруашылық мәдениетін тањдап алу белгілі бір жергілікті жағдайлар мен оқу бағдарламалары арқылы анықталады. 1ші сынып оқушылары гүлді және буршақ өсімдіктерді отырғызып, олармен қарапайым тәжірибелер жүргізеді.

Ал 2-ші сынып оқушылары сәбіз, қызымша сияқты тамырлы жемістер мен 1жылдық сәндік-гүлді өсімдіктерді отырғызып, олармен тәжірибе жүргізеді. Сонымен бірге, қарақат және басқа да өсімдіктердің бутақтарын дайындауға үйреніп, оларды күтіпбаптайды. 3-ші, 4-ші сынып оқушылары болса, көкөністі және гүлді сәндік өсімдіктердің көшеттерін отырғызып, жемісті ағаштарды және жидекті буталарды бағыпкүтіп көп жылдық өсімдіктермен жұмыс істейді. Олар өсімдіктерді сулатпалы шыбық пен буталарды бөлу арқылы көбейтуге үйренеді. Оқу тәжірибелік участок оқушылардың табиғатты тануында, олардың өз отанының табиғатына деген қызығушылығын оятуда, табиғатқа деген олардың сүйіспеншілігін қолыптастырып, оны аялай білуінде маңызды орын алады.



4. Географиялық алан

Әрбір мектептерде “Дүниетану” бойынша жүргізілетін практикалық сабақтар үшін арнайы географиялық алаңды жабдықтау керек. Мундау алањды мектепке жақын орналастыру керек, бірақ оның мектепке жақындығы 30 метрден, ал алыстығы 150 метрден аспау керек.

Аланда жүргізілетін жұмыстар қоғамдық пайдалы еңбекпен және тәжірибемен тығыз байланысты болғандықтан, бул алаңды оқутәжірибелік участокқа жақын уйымдастырған жөн. Мұндай мектеп аланының көлемі 10Х10 метрден кем туспеуі керек. Бұл алаңды штакет дуалдарымен немесе биіктігі бір метрдей болатын металл торлармен қоршайды. Бул алаңның шығыс беткейге қарайтын сыртқы жағына ені 70 см-дей жол жасалынады. Ал бул жолға түгелімен топырақ төгіледі. Бул жолды қоршалған дуалдарды әр бір метр сайын әртүрлі бояумен боялынады, ал басқа жақтарын бір ғана жасыл бояумен, өлшегіш дуалдарды оқытушы оқушының орташа адымын яғни, қашықтықты анықтау үшін оқушылармен жүргізілген жаттығулар үшін қолданады. Өлшегіш қуралдардың жолдары былай орналасқан. Яғни, олардың төменгі жағында көкжиектің негізгі және аралық жақтары кескінделген. Мұнда оқытушы көкжиектің жақтары мен қырларын анықтау үшін оқушылармен жаттығу жүргізеді. Дуалға жақындатып солтүстік жақтан аласа ағаштар немесе буталар отырғызу керек. Батыс жақтан қарақат, жасмин, сирень, бүлдірген, қарлыған сияқты 9-10 буталы өсімдіктер, шығыс жақтан георгиндер, пеондар, ирис, нарцисс сияқты сәндік көпжылдық гүлдер, ал оңтүстік жақтан астра, қалампыр сияқты сәндік бір жылдық гүлдер отырғызылады. Бұл алаңның айналасында үлкен талдар болмауы керек. Өйткені, олар аспаптар мен құралдарға кедергі келтіріп, олардың көрсеткіштері айқын болмайды.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 6, 8, 10, 12

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 17, 18

Тақырып №9. Оқушы білім-білігі, дағдысын тексерудің жолдары. (2 сағат)

1. Оқушылардың білімін тексеру.

2. Оқушы білім-білігін, тексерудің әр түрлі жолдары.

1. Оқушылардың білімін тексеру.

Білім тексеруді дұрыс ұйымдастыру, мұғалімге бүкіл сыныптың дүниетану түсініктері мен ұғымдарының қалай қалыптасатынын үнемі көріп, біліп, бағалап отырыуна, ал оқушыларға оқу материалын меңгеру процесінде олардың алға қарай жылжитындарын ұғынуға мүмкіндік береді. Тексеру нәтижесінде балалар білімінің объективті бағасы жинақталады, ал оның тәрбиелік маңызы зор.

Дүниетанудан білімді, іскерлікті және дағдыларды тексеруді ұйымдастыруға қойлатын талаптар төмендегідей:

А. Оқушылардың білімін жеке тексеру, мұғалім мұнда ұсынылған талаптарды арттырмастан және кемітпестен олардың әр түрлі даму деңгейін ескереді.

Б. Балалардың білімін тексеруге ұқыпты түрде дайындалу, сабақтың әр түрлі кезеңдерінде оның мақсатын, түрлерін жеке формаларын анықтау.

В. Оқушылардың білімін тексеруүщін сұрақтар әзірлеу.

Білім тексеру процесінде материалистік көзқарастың негізіндерін қалыптастыру мақсатында өзара байланыс пен өзара тәуелдік белгілеу қажет.

Оқушыларға ұсынылған сұрақтар ойды оятып, олардың танымдық қабілетін дамытатын, ойлауға, талдай білуге, жинақтап қорытындылап, салыстыруға мәжбүр ететін болуы қажет.

Картамен жұмыс істегенде картаны оқуды талап ететін сұрақтар қою керек: Қазақстан қай материкте орналасқан? Мұғалжар таулы қай бағытта созылып жатыр?

Білім тексеру кезінде көрнекі құралдарды: картиналарды, кестелерді, табиғи объектілерді, экрандық құралдарды пайдалану қажет. Оларды бір-бірімен: картаны картинамен, кестені коллекциямен, гербарийді суретпен үлестірген жөн.

Мұғалім оқушылардың білімін тексеруді әр түрлі тәсілмен жүзеге асырады. Ауызша тексеруді жаппай әңгімелесу формасында өткізуге болады, мұғалім сол кезде барлық оқушыларға сұрақ береді. Мұндай кезде мұғалімнің сыныппен тікелей байланысы пайда болады. Оқушылардың бірінен сұраған кезде қалған оқушылардың барлығы берілген жауапты мұқият қадағалап, түзетіп, толықтырып отыруы тиіс Мұғалім жаппай сұрау кезінде сабақ соңынан баға қояды.

Жеке сұрау әдісі дүниетану түсініктері мен ұғымдарының жүйесін, сол оқушының өз ойын тұжырымдап, айта алатынын айқындауға мүмкіндік береді. Жеке сұрау кезінде жаңа материалдың бұрын оқытылған материалмен байланысын анықтап, оқушының материалды өз бақылауларымен байланыстыра білуі өте маңызды болып табылады.

Оқушылардың сұраққа жауап берген кезде негізгісін ашап көрсете білуі үшін бастапқыда белгілі пункттерінен жауап берумен шектей отырып, жоспарлы түрде әңгімелеп беруге үйрету қажет. Шағын жазбаша тексеру жұмысы сирек жағдайларда өткізіледі. Мұндай жұмыстың ұзақтығы 5 минуттан артпаған жөн.



2. Оқушы білім-білігін, тексерудің әр түрлі жолдары.

Топографиялық диктант. Мұғалім 2-4 сыныптарда топографиялық диктант ұсына отырып, шартты белгілерді білуін, оларды қағазға бейнелей алуын тексереді.

Оқушылардың өз білімін практикада тексертіп, іскерліктерін айқындайтын сұрақтардың маңызы өте зор. Дүниетану сабақтарында мұндай сұрауды табиғаттағы маусымдық құбылыстарды жүйелі түрде бақылау нәтижелері бойнша ұйымдастыруға зор мүмкіндік бар. Бақылау күнделігі практикада меңгерген іскерліктер мен дағдыларды қолдануға сүйене отырып, осындай жұмысты жүйелі түрде өткізуге мүмкіндік береді.

Оқушылардың практикадан алған білімін қолдана білу іскерлігін тексеруде практикалақ жұмыстар жүйесі мен тапсырмалардың маңызы өте зор. Мұғалімдер сыныпта топографиялық диктант ұсына отырып, бағыттарды сызбамен бейнелей алуын, шартты белгілерді білуін, оларды қағазға бейнелей алуын тексереді. Мұғалім тәжірибелерді көрсету кезінде балалардың білімін бір оқушы тәжірибе жасап, қалғандары оны қадалағанда жеке, ал тәжірибені бүкіл сынып жасағанда жаппай тексереді. Мұғалімдер білім тексеру кезінде табиғат объектісін схема түрінде бейнелей көрсететін графикалық сипаттағы жұмысты қолданады. Графикалық жұмыстардың жәрдемімен білім тексеру өткен материалды меңгеру сапасын, оны көрнекі түрде кескіндеу іскерлігін, ұғымын тексеруге мүмкіндік береді.

Мұғалім тоқсандық немесе жылдық баға қойған кезде мектеп оқушысының дүниетану сабақтарындағы күнделікті жұмысы, оны ауызша сұрау,теориялық білімдерінің жалпы деңгейі және оларды практикада қолдана білуі жөніндегі өз бақылауларының нәтижелерін ескереді.



Тест – оқушының білім дәрежесін қандай екендігін анықтайтын және ол білімді түрлі жағдайларда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жол.

Тест қолдану үшін:

1. Тапсырманың жауабы мен сұрағы қысқа әрі анық болу қажет 1 сұрақта 3-5 жауап болып, оның 1-еуі ғана дұрыс болу керек.

2. Сұрақтарға жауап беру уақыты қатан сақталуы керек.

3. Тесте берілген сұрақ әр адамға түсінікті болатындай етіп жазылу керек.

Тесті құрастыруды 3 кезенге бөлуге болады.



  • тестпен сынауды бағдарламалау

  • тестердің жоспарын жасау

  • тестердің мазмұнын жасау

Тест бойнша үй тапсырмасын тексерсе, сыныптағы барлық оқушылар толық қамтылады. Жауап тез алынады. Тест дайындаудың мақсаты – оқушының білімін тексеру, есепке алу. Тест оқушылардың жас ерекшелігіне, шама-шарқына лайықты, оларды ойландыратындай қызықты етіп құрастырылуы керек.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 9

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 7, 16, 17, 18
Тақырып №10. Кіші комплектілі мектептерде оқыту ерекшеліктері. (2 сағат)

1. Шағын комплектілі мектепте «Дүниетану» сабағының ерекшеліктері.

2. Оқыту әдістері.

1. Шағын комплектілі мектепте «Дүниетану» сабағының ерекшеліктері.

Шағын комплектілі мектеп санитарлы-гигиеналық нормалардан төмен оқушылармен толықтарылған параллель сыныптарының бір комплектісімен немесе параллель сыныптарының толық емес комплектісі мен сипатталады. Мұндай мектептердің ең негізгі ерекшеліктері: бір ғана оқытушының басшылығымен бір оқу орнында бір уақытта екі тіпті үш сыныптың оқушылары оқып дәріс алуында. Шағын комплектілі мектептердегі оқу тәрбиелік жұмыстың жағдайы стандартқа сай емес, бұл оқытушы үшін де оқышу үшін де қиынға соғады, педагогикалық процессті ұйымдастыруда, оқытудың әдістері мен формаларына ерекше назар аударылуды қажет етеді. Шағын комплектілі мектептердегі оқу тәрбиелік процесс жолды білім беру мектептеріндегі бастауыш сыныптарының педагогикалық процесстерінен барынша айрықша көрінетін белгілі бір ерекшеліктерге ие.



Бірнеше сыныптармен сабақты бір уақытта жүргізу сабақтың құрылысының айырмашылықтарын, оқытушы мен оқушылардың қызметтерін ұйымдастыру айырмашылықтарын аңықтайды. Бір сыныпты бір ғана оқытушының оқыту жағдайында, педагог мақсатқа байланысты өз еркімен сабаққа оқушылардың дербес жұмыстарын кіргізуіне немесе кіргізбеуіне болады. Ал шағын комплектілі мектептерде оқытушыда мүндай таңдаулар болмайды. Шағын комплектілі мектептерде өткізілетін сабақтың бұл бірінші ерекшелігі. Бір ғана сыныптың оқушылары оқу тапсырмаларын өздігінен, дербес орындап жатқан кезде, оқытушы жања бір материалды түсіндіріп, келесі бір тапсырмаға түсініктемелер жасап сүрап, басқа бір сыныптың оқушылармен сабақ жүргізіп жатады, және бұл процесс керісінше қайталанады. Сондықтан бір ғана сыныптың өзіндік дербес жүмыстары басқа бір сынып оқушыларының қалыпты оқу қызметтерінің шарты және шағын комплектілі мектептің бастауыш сыныптарындағы сабақтың міндетті компоненті болып табылады. Осыдан оқушылардың өзіндік дербес жұмысының оқытушының тікелей басшылығымен болатын жұмысымен алмасып, кезектесуін қажет ететін сабақтың екінші бір ерекшелігі. Сабақ дегеніміз біршама аяқталған этаптар болып табылады, яғни: оқытушымен жұмыс істеу-оқушылардың өзіндік, дербес жұмыс істеуі-оқытушымен жұмыс істеу. Мұндай этаптардың саны әртүрлі оқытушыларда әртүрлі және бұл өзіндік жұмыс ушін сабаққа кірістірілетін тапсырмалардың санынада байланысты болады. Тәртіп бойынша, оқытушылар бір ғана сабаққа екі-үш өзіндік жүмыстарды енгізеді. Жүргізілген бақылаудың көрсетуі бойынша, бүл деген әрбір сыныптың қалыпты деңгейдегі сабақтарын қамтамасыз етіу ушін жеткілікті де қажетті мақсатқа сай мөлшері. Егер де мұның мөлшері көбейін кеткен жағдайда, сабақ ыдырап кетіп, оқу қызметінің әртүрлі, калейдоскопына әкеледі. Алғашқы екі түрлі ерекшеліктер шағын комплектілі мектептерде жүргізілетін сабақтың үшінші бір маңызды еркшелігін анықтайды: бір ғана сыныпқа бөлінетін уақыт оқытушының басқа бір сыныппен жүргізетін тікелей жүмысы үшін қажетті болатын уақытқа байланысты. Осыдан, жүмыстың дербес орындалуы үшін қажетті тапсырмалардың көлемі маңызды мөлшерде оқытушының басқа бір сыныппен жүмыс істеу мазмұнымен анықталады. Өйткені бағдарлама жања бір материалды енгізуді талап етеді, және оны бекітуді, сонымен бірге алдыңғы сабақтарда өтілген тақырыптарды әрбір сабақта қайталап отыруды талап етеді, сондықтан өзіндік жұмыстың көлемі өте маңызды және оны орындау үшін қажетті уақыттың саны сабақтың 15 минутынан 30 минутына дейін созылады. Бір уақытта екі және үш сыныптың бірдей дәріс алуындағы жағдай оқытудың көрнекі қуралдары мен техникалық құралдарын пайдалану мүмкіндігінен көрініс табады. Сыныптардың біреуне оқу фильмдерін, сүреттемелерді, таблицаларды, шынайы табиғи объектілерді көрсету басқа сынып оқушыларын оқу сабақтарынан назарын аудартып әкетеді оқу процесінің барысын бұзады. Сондықтан шағын комплектілі мектептердегі лабораториялық аспаптарды, коллекцияларды, табиғи шынайы объектілерді пайдаланудағы сабақтардың мөлшері орта мектептердегі бастауыш сыныптарына ќарағанда екі есе аз. Шағын комплектілі мектептердегі оқытушылар басқа яғни бір сыныппен жұмыс істейтін оқытушыларға ќарағанда өте сирек, олар өз әнгімелерін сүреттемелермен, тақтаға сызып көрсетумен, фильмдер көрсетумен ерекшеленеді. Сонымен бірге оқушылардың назарын аудартатын, сол уақытта басқа оқушылардың да айналысып отырған жұмыстарынан туатын кедергілердің де болатындығын да ескеру қажет. Шағын комплектілі бастауыш мектептеріндегі жүргізілетін сабаққа анализ беру кезінде оқушылардың дербес, өзіндік жұмыс істеуі ең негізгі де маңызды фактор бола алады, және олардың нәтижелі жұмыс істеуі бүкіл оқыту процесінің нәтижелілігіне байланысты болмақ деген тужырымды тудыруға мүмкіндік береді. Бақылауыдың нәтижелеріне анализ берген кезде шағын комплектілі мектептердегі оқушылардың өзіндік, дербес жұмыстарын ұйымдастырудағы маңызды жетіспеушіліктерді ескертеді. Өйткені, мысалы: оқытушылар оқушылардың кітаппен, таблицамен өзіндік дербес жұмыс істеуіндегі негізгі тәсілдерге үйретуге аз ғана уақыт бөледі, олар арнайы жаттығулар жүргізбейді, оқушыларды орындалатын тапсырмалардың мақсатын дәл, нақты түрде елестетуге үйретпейді және осы тапсырмаларды орындаудағы жолдарын табуға да үйретпейді. Сондықтан өзіндік жұмыстар көбінесе механикалық түрде болып, оқушылар болса өздеріне берілген үлгілерді автоматты түрде ғана қайталайды. Ең негізгі жетіспеушілік өзіндік жұмысты басқара алмаушылық болып табылады. Өзіндік жұмысты басқаруды оқытушы тек қана бірінші этапта орындап жүзеге асырады яғни жаңа білімді баяндау жолымен, немесе фронтальды сұрақ жүргізу арқылы алдында өтілген сабақты қайталау жолымен оқушыларды тапсырмаларды орындауға дайындау кезінде жүзеге асырады. Оқытушылардың көбісі өзіндік жұмыстарға қорытынды жасамайды, ол сыныпқа жалпы сипаттағы ескертулер жасаумен және жеке оқушыға немесе кез келген орындалған жұмысқа ауызша ескертулер жасаумен ғана шектеледі. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудағы бұл бір жетіспеушілік болып табылады. Өзіндік жұмыстар нәтижесінің басқарусыз және жеткіліксіз есебімен оқушылардың білім, дағды және іскерлік деңгейлері сияқты индивидуальды ерекшеліктерінің әлсіз есебі тығыз байланысты болмақ. Сонымен бірге өзіндік жұмыс үшін берілетін тапсырмалардың айқынсыздығы мен таңдау кездейсоқтығын да ескеру керек. Шағын комплектілі мекткептер оқушылармен оқутушылардың тікелей басшылығымен өтетін жұмыстарға сабақтың шамамен үштен бір сағаты кетеді, ал сабақтың қалған уақыты оқушылардың өзіндік жұмысына жұмсалады.

Нақ осыдан белгілі болғанындай, бірнеше сыныппен жүргізілетін оқу-тәрбиелік жұмыстын жетістігі ең алдымен сабақ кезінде берілген уақытты тиімді пайдалануға байланысты, ал бұл уақыт оқушылардың дербес, өзіндік жұмысына және оның нәтижелілігіне белгіленген. Бірақ та сабаққа дайындалар кезде оқытушылар оқушылардың өзіндік жұмыстарына және оқытушының басшылығымен болатын ужымдық жұмыстарға жұмсалатын сабақ кезіндегі уақытты көбінесе рациональды түрде жоспарлай алмайды. Белгіленген уақыт дәл бөлінбей, сондықтан сабақтың маңызды бөлігінде оқушылар оқу жұмысымен айналыса алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет