Қасиет
|
Сипаттамасы
|
Color
|
Сызықтың түсі
|
Width
|
Сызықтың қалыңдығы
|
Style
|
Сызықтың түрі
|
Mode
|
Көрсету режимі
|
Color қасиеті қалам мен салынған сызықтың түсін анықтайды. Келесі кестеде Color қасиетінің мәні ретінде пайдалануға болатын белгілі тұрақтылар берілген.
COLOR ҚАСИЕТІНІҢ МӘНДЕРІ
КЕСТЕ-4.2
Тұрақты
|
Түсі
|
Тұрақты
|
Түсі
|
ClBlack
|
Қара
|
ClSilver
|
Күміс
|
ClMaroon
|
Каштан
|
ClRed
|
Қызыл
|
ClGreen
|
Жасыл
|
Clime
|
Салатты
|
ClOlive
|
Олив
|
ClBlue
|
Көк
|
ClNavy
|
Шымқай көк
|
ClFutshia
|
Ашық қызғылт
|
ClPurple
|
Қызғылт
|
ClAqua
|
Бирюзалы
|
ClTeal
|
Жасыл-көкшіл
|
ClWhite
|
Ақ
|
ClGray
|
Сұр
|
|
|
width қасиеті сызықтың қалыңдығын (пикселде) анықтайды. Мысалы, Canvas. Pen. width: =2 инструкциясы сызықтың қалыңдығы 2 пиксел деп орнатады.
style қасиеті сызықтың түрін (стилін) анықтайды. Сызық үздіксіз немесе штрихті бола алады.Пунктирлі сызықтың қалыңдығы 1 ден үлкен бола алмайды. Егер Pen.width қасиетінің мәні 1 ден үлкен болса, онда үздіксіз сызық салынады. 3 кестеде сызықтың стилін анықтайтын тұрақтылар келтірілген.
STYLE ҚАСИЕТІНІҢ МӘНДЕРІ
КЕСТЕ-4.3
Тұрақты__Сызық_түрі'>Тұрақты
|
Сызық түрі
|
psSolid
|
Үздіксіз сызық
|
psDash
|
Пунктирлі сызық, ұзын штрихтар
|
psDot
|
Пунктирлі сызық, қысқа штрихтар
|
psDashDot
|
Пунктирлі сызық, ұзынжәне қысқа штрихтаркезектеседі
|
psDashDotDot
|
Пунктирлі сызық, бір ұзын және екі қысқа штрихтаркезектеседі
|
psClear
|
Сызық көрінбейді (аймақтық шекарасын жасыру қажет болғанда қолданылады)
|
Mode қасиеті сызықтың нүктелер түсін холст нүктелер түсіне байланысты анықтайды. Үнсіз келісім бойынша сызық PenColor қасиетінің мәні болатын түспен сызылады.
Бірақ, программист фон түсіне байланысты сызық түсін өзгерте алады. Төменгі кестеде Рen.Mode қасиетінің мәні ретінде қолданылатын тұрақтылар сипатталған.
РEN.MODE ҚАСИЕТІНІҢ МӘНІ
КЕСТЕ-4.4
Тұрақты
|
Сызық түсі
|
MpBlack
|
Қара, Рen.Color қасиетінің мәнінен тәуелсіз
|
MpWhite
|
Ақ , Рen.Color қасиетінің мәнінен тәуелсіз
|
MpCopy
|
Сызық түсі Рen.Color қасиетінің мәніне тәуелді
|
MpNotCopy
|
Сызық түсі Рen.Color қасиетінің мәніне инверсиялы
|
MpNot
|
Сызық түсі бет нүктелерінің түсіне инверсиялы
|
Қылқалам. Қылқалам (canvas.Brush) — контурмен шектелген аймақтарды бояу үшін қолданылады. Объект болғандықтан, қылқаламның 4 кестеде көрсетілгендей қасиеттері бар.
TBRUSH (ҚЫЛҚАЛАМ) ОБЪЕКТІСІНІҢ ҚАСИЕТТЕРІ
КЕСТЕ4.5
Қасиет
|
Сипаттамасы
|
Color
Style
|
Тұйық аймақты бояу (құю) түсі
Аймақты құю стилі (типі)
|
Аймақты құю стилін анықтайтын Brush. style қасиетінің мәндері 5 кестеде келтірілген.
STYLE ҚАСИЕТІНІҢ МӘНДЕРІ
КЕСТЕ-4.6
Тұрақты
|
Аймақты құю түрі
|
bsSolid
|
Бірыңғай құю
|
bsClear
|
Аймақ боялмайды
|
bsHorizontal
|
Көлденең штриховка
|
bsVertical
|
Тікштриховка
|
bsFDiagonal
|
Диагональды штриховка, сызықтар солға көлбеу
|
bsBDiagonal
|
Диагональды штриховка, сызықтар оңға көлбеу
|
bsCross
|
Көлденң-тік штриховка, торлы
|
bsDiagCross
|
Диагональдыная штриховка, торлы
|
СУРЕТ-4.1 АЙМАҚТЫ ҚҰЮ СТИЛЬДЕРІ
4.4. Мәтінді шығару
Графикалық объектінің бетіне мәтінді шығару үшін TextOut әдісі қолданылады:
Объект.Canvas.TextOut(x, у, мәтін)
мұндағы:
объект — бетіне мәтін шығарылатын объектінің атауы;
х, у — мәтін шығарылуы басталатын графикалық бет нүктесінің координатасы;
мәтін — мәні шығарылатын мәтінді анықтайтын айнымалы немесе символдық типты тұрақты.
Мәтінді шығару үшін қолданылатын қаріп сәйкес canvas объектісінің Font қасиетінің мәнімен анықталады. Font қасиеті TFont типті объект болады. Мәтінді шығару үшін TextOut әдісі қолданатын қаріптің сипаттамаларын орнататын TFont объектісінің қасиеттері 6 кестеде келтірілген.
TFONT ОБЪЕКТІСІНІҢ ҚАСИЕТТЕРІ
КЕСТЕ-4.7
Қасиет
|
Сипаттамасы
|
Name
|
Қолданылатын қаріп. Мәні ретінде қаріптің атауын көрсету қажет, мысалы, Arial
|
Size
|
Пунктпен (points) анықталатын қаріптің өлшемі. Пункт— полиграфияда қолданылатын қаріп өлшемін өлшеу бірлігі. Бір пункт 1/72 дюймге тең
|
Style
|
Символдардың жазылу стилі. Болуы мүмкін: нормальды, қарайтылған, курсив, асты сызылған, сызылған. Стиль келесі тұрақтылармен анықталады:
fsBold (қарайтылған)
fsltalic (курсив)
fsUnderline (асты сызылған)
fsStrikeOut (сызылған).
style қасиеті керекті стильдерді бірге қолдануға мүмкіндік беретін жиын болады. Мысалы, "қарайтылған курсив" стилін орнату үшін программа инструкциясы келесідей болады:
Объект. Canvas . Font : = [fsBold, fs Italic]
|
Color
|
Символдар түсі. Мәні ретінде Tcolor типті тұрақтыны қолдануға болады.
|
Ескерту!
Мәтінді шығару аймағы қылқаламның ағымдағы түсімен боялады. Сондықтан, мәтінді шығару алдында Brush.Color қасиетіне bsClear немесе мәтін шығарылатын беттің түсіне сәйкес қылқалам түсінің мәнін меншіктеу қажет.
Textout әдісімен мәтін шығарылған соң шығару нұсқағышы (қарындаш) мәтінді шығару аймағының жоғарғы оң жақ бұрышына орналасады.
Мәтіннің жоғарғы оң жақ бұрышының координаталарын анықтау үшін PenPos қасиетін қолдану керек.
Программаның келесі фрагменті TextOut функциясының қолданылуын көрсетеді.
WithForm1.Сanvas do
Begin
Font.Name:=’Tahoma’;
Font.Size:=20;
Font.Style:=[fsItalic,fsBold];
TextOut(10,10’Borland Delphi 7’);End;
4.5. Графикалық примитивтерді салу әдістері
Суретші өз жұмысында қарындаш пен қылқаламды қолданады. Холст бетінде графикалық примитивтерді салуды қамтамасыз ететін әдістер де қарындаш пен қылқаламды қолданады.
Холстта графиканы шығару үшін қолданылатын қарындаш және қылқаламға Реn (қалам) және Brush (қылқалам) қасиеттері сәйкес. Олар сәйкесінше TРеn және Tbrush типті объектілер болады. Бұл объектілер қасиеттерінің мәндері шығарылатын графикалық элементтердің түрін анықтайды.
Қарындаш. Қарындаш геометриялық фигуралардың (тіктөртбұрыш, шеңбер, эллипс, доға және т.б.) нүктелерін, сызықтарын және контурларын сызу үшін қолданылады. TРеn объектісінің қасиеттері 1 кестеде келтірілгенқалыңдығы және стилі) Реn объектісі қасиеттерінің мәндерімен анықталады.
Сынық сызық. polyline әдісі сынық сызық сызу үшін қолданылады. Параметр ретінде әдіс TPoint типті массивті алады. Массивтің әр бір элементі х және у өрістері сынық төбелерінің координаталарын сақтайтын жазба болады.
Polyline әдісін тұйық контурларды сызу үшін қолдануға болады. Ол үшін массивтің бірінші және соңғы элементтеріне бір нүктенің координаталары сақталуы тиіс.
Қисық, сызық. PolyBezier әдісі қисық сызық сызады. Әдістің параметрі ретінде Tpoint типті массив алынады. Массивтің әрбір 3*k+1 элементінің х және у өрістері қисық сызық өтетін нүктелердің координаталарын, ал 3*k+2 және 3*(k+1) элементтерінің х және у өрістері қисық сызықтың түрін анықтайтын бақылау нүктелердің координаталарын сақтайтын жазба болады.
Қисық сызық шекарасының түсі, қалыңдығы және стилі Реn қасиетінің мәндерімен анықталады.
Шеңбер және эллипс. Ellipse әдісі параметрлер мәндері байланысты эллипс немесе шеңбер салады. Әдісті шақыру нұсқасының жалпы түрі келесідей болады:
Объект.Canvas.Ellipse(x1,y1, х2,у2)
мұндағы:
объект — сызу жүргізілетін бет объектісінің (компоненттің) атауы;
x1, y1, х2, у2 — эллипс немесе шеңберді шектейтін тіктөртбұрыштың немесе шаршының координаталары.
Эллипс сызығының түсі, қалыңдығы және стилі Реn объектісі қасиеттерінің мәндерімен, ал эллипс ішіндегі аймақты бояу түсі мен стилі — шығару жүргізілетін беттің (canvas) Brush қасиетінің мәндерімен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |