Оқу-әдістемелік кабинеті «Компьютерлік графика» пәні бойынша



бет40/62
Дата23.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#159448
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   62
Байланысты:
Компьютерлік графика

Мультипликация
Мультипликация деп әдетте жылжитын және өзгеретін сурет түсініледі. Қарапайым жағдайда сурет тек қозғалуы немесе өзгеруі мүмкін.
Анимациялық алгоритмдер өте көп. Қарапайым анимациялық алгоритм келесі қадамдардан тұрады:
-белгілі түсті бейне салынады.
-сол бейне фон түсімен салынады, яғни «жоғалады».
-бейне бастапқы түспен басқа орында салынады.


Базалық нүкте әдісі
Элементтер жиынынан құралатын күрделі бейнелерді программалауда базалық нүкте әдісі деп аталатын әдіс қолданылады. Бұл әдістің алгоритмі келесідей:
1. Бейненің қандай да бір нүктесі таңдалады. Бұл нүкте базалық нүкте деп есептеледі.
2. Басқа нүктелердің координаталары осы базалық нүктеден есептеледі.
3. Егер бейне нүктелерінің координаталарын базалық нүктеден пикселде емес салыстырмалы бірлікте есептесе, бейнені масштабтауға болады.
Суреттерді шығару. image компоненті
Кеңейтілуі bmp, jpg немесе ico болатын файлдарда сақталған суреттерді , image компоненті көмегімен шығаруға болады. image компонентінің белгішесі компоненттер палитрасының Additional бетпарағында орналасқан.
кестеде image компонентінің негізгі қасиеттері келтірілген.

IMAGE КОМПОНЕНТІНІҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ


КЕСТЕ-4.8

Қасиет

Сипаттамасы

Picture

Компонент өрісінде көрсетілетін сурет

Width, Height

Компоненттің көлемі. Егер компоненттің көлемісуреттің көлемінен кіші болса, және де AutoSize және strech қасиеттерінің мәні False болса, онда суреттің бөлігі ғана көрінеді

AutoSize

Суреттің шынай көлеміне сәйкес компоненттің көлемін автоматты түрде өзгерту белгісі

Strech

Компоненттің шынайы көлеміне сәйкес суретті автоматты түрде масштабтау белгісі. Масштабтау жүргізілу үшін AutoSize қасиетінің мәні False болуы тиіс

Visible

Компонент және сәйкесінші сурет форма бетінде көрінетінін/көрінбейтінін анықтайды

image компонентінің өрісінде шығарылатын бейнені қосымшаның формасын құру барысында да программа орындалу барысында да орнатуға болады.


Форманы құру барысында суретті анықтау үшін picture қасиетінің мәнін орнату керек. Файлды таңдау үшін Picture Editor терезесінің Load командалық батырмасын шертіп, ашылған сұхбат терезеде picture қасиетінің мәні ретінде керекті графикалық файлдың атауын көрсету қажет. Image Editor-ді іске қосу үшін Object Inspector терезесінде Picture қасиетін таңдап, үш нүктелі батырманы шерту жеткілікті.
Егер суреттің көлемі компоненттің көлемінен үлкен болса, онда strech қасиетіне True мәнін меншіктеу қажет және де width және Height қасиеттерінің мәндерін суреттің шынайы көлеміне пропорционал орнату қажет.
image компонентінің өрісіне бейнені программа орындалу барысында шығару үшін Picture қасиетіне LoadFromFile әдісін қолдану қажет. Қасиеттің параметрі ретінде сурет сақталған файлдың атауын көрсету қажет. Мысалы, келесі нұсқа
Form1.Image1.Picture.LoadFromFile('e:\temp\bart.bmp')
bart.bmp файлындағы суретті image компонентінің шығару өрісіне жүктейді.
LoadFromFile әдісітүрлі графикалық форматтардағы: BMP, WMF, JPEG (кеңейтілуі jpg файлдар) суреттерді шығаруға мүмкіндік береді.
Жүктелген суреттің көлемін Form1. Image1. Picture. Width және Form1.Image1.Picture.Height қасиеттерінің көмегімен білуге болады. Олардың мәндері Image компонентінің көлемінен тәуелсіз болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет