1-тапсырма:
Объектілерді біріктіру арқылы төмендегі суреттерді салыңыз:
2-тапсырма:
СorelDraw-да құюдың мүмкіндіктерін пайдаланып төмендегі суреттерді салыңыз:
3-тапсырма:
OutlinePen терезесінің мүмкіндіктерін пайдаланып төмендегі бейнелерді салыңыз:
№3 зертханалық жұмыс
Графикалық файлдрадың форматтары, классификациясының сұлбасы
Форматтарды білу бейненің саспасын бағалауға және сақтауға дұрыс формат таңдауға мүмкіндік береді. Кейбір кезінде танымал болған форматтар қазіргі уақыт талаптарын сай емес, кейбір форматтар ешқайда қолданыс таппаған, өйткені оған программалық қамтамасыз ету жасалмаған.
Растрлік графика форматтары
Растрлік графика жұмыс нәтижелерін сақтауға ең тиімді формат tiff, PhotoShopта жұмыс жасау үшін — psd форматы қолданылады. Басқа форматтар веб-графикаға арналғаннемесе арнайы мақсатта қолданылады.
РАСТРЛІК ГРАФИКА ФОРМАТТАРЫ
КЕСТЕ-3.1
Кеңейтілуі
|
Форматтың толық атауы
|
Қолданысы
|
bmp
|
Windows Bitmap
|
Windowsтағы бейнені экранда көрсетуге арналған. Ол суреттерді жұмыс столында орналастыруға тиімді және программалық қамтамасыз етуді жасауда қолданылады (заставка, экрандық кнопкалардағы пиктограммалар). Bmpға конверттауда алғашқы файлдың сапасы сақталады, бірақ басқа мақсаттарда оптималды емес
|
icо, cur, ani
|
Icon, Cursor, Animated
|
ico — белгілі мөлшерлі bmp (16x16) пиксел.
cur — сол сияқты , курсорларды шығаруға (бағыттауыш, құмдық сағаттар және т.б);
ani — анимацияланған курсор
|
gif
|
CompuServe Graphics Interface Format
|
Аз түсті(256 түске дейін) графиканы сақтауға арналған және оны интернетке орналастыруға арналған формат. Мәліметтерді сығып сақтайды. Экранды графикаға арналған. Мөлдір фонда бейнелер жасау, жол арқылы жүктеуге мүмкіндік береді. Тағы бір ерекшелігі – бірнеше бейнені бір файлда сақтау, яғни ол анимацияланған роликты веб-бетке шығаруға мүмкіндік береді.
|
jpg (jpe, jpeg, jif -…-)
|
Joint Photographics Expert Group
|
Қазіргі уақыттағы экранды графиканың ең тараған форматы. Сығу алгоритмі жоғары (bmp форматындағы 1,5 мб файлJPEG форматында 10-150 кб орын алады). Бұл форматта цифрлық фотоаппараттың фотосуреттері сақталады.
Растрлік графиканың сапасы бұл форматта әртүрлі болуы мүмкін (сығу коэффициентіне байланысты). Jpgда негізгі мақсат-файлдың көлемін азайту, сапасы екінші орында.
|
tif (tiff)
|
Tagged Image
Pile Format
|
Дайын растрлік бейнелерді сақтау және баспаға жіберу ең оптималды формат. Конверттау кезінде алғашқы бейненің сапасын толығымен сақтайды, кеңейтілуін сақтайды. Aldus және Microsoft фирмалары құрған. RGB және CMYK түсті модельдерінде TIFF форматы 16,7 млн. түсті қамтиды (24 бит).
TIFFтың бірнеше варианты және оның барлығын қамтитын программа жоқ. TIFFтың сығылмаған файлдары үйлесімді болады. TIFFтың сығылған файлдарымен жұмыс жасағанда көшіруде қиындықтар болады.
|
рсх
|
PCPaintbrushFormat
|
Қазір сирек қолданылады, бірақ алғашында тараған болған. рсх форматы – ашық формат, сондықтан оны жөндеу, зерттеуге қолданатын.
|
psd
|
PhotoShopDocument
|
AdobePhotoshop документтерін сақтау форматы. Бейнені сақтайды және оны қайта түзетуге мүмкіндік береді, бейненің барлық қасиеттері туралы мәліметтерді сақтайды. Сондықтан tifтан қарағанда көп орын алуы мүмкін.
|
png
|
PortableNetworkGraphicsFormat
|
Сапасын жоғалтпайтын сақтау форматы. Ашық формат болып есептеледі, біраз уақытта gifты ауыстыру мүмкіндігі бар(жетіспеушілігі- анимация мүмкіндігі жоқ).
|
Достарыңызбен бөлісу: |