Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



Pdf көрінісі
бет24/117
Дата09.06.2020
өлшемі1,4 Mb.
#72750
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   117
Байланысты:
Жүсіпкалиева


шама мәндерінің 

1
>т

немесе  т
1
<т
2
)  арақатынасына  орай  денелердің  алатын 
жылдамдықтары  бір  бағытта  немесе  қарама-қарсы  бағытта 
болады.  Егер  денелер  массалары  бір-бірінен  ерекше  айырма-
шылықта  болғанда  

>>  т

немесе  т
1
  <<  т
2
)  өзара 
1
m
2
m
,
1
2
;
2
2
1
1
1
m
m
m
2
2
2
2
2
2
2
1
1
2
1
m
m
m
1
2
2
1
2
1
1
m
m
m
m
2
1
1
2
2
m
m
m
2
1
m
m


 
49 
әрекеттесуден  кейінгі  алатын  жылдамдықтар  төмендегі  жағдай-
лардағы қозғалысқа сәйкес:  
1)  ауыр  дененің  жылдамдығы  өзгермей,  ал  жеңіл  дененің 
жылдамдығы 2 есе артады
2) жеңіл дененің ауыр денеден серпілуі болады. 
Келтірілген  жағдайлардың  барлық  әралуандылығы  т

және 
т

мәндерінің   процесті  анықтайтын  физикалық  шамалардың 
арақатынасына  және  V

және  V

анықтайтын  формулаларды 
талдау нәтижесінде алынды.
 
 
Мектеп  оқушыларының  ғылыми  ойлауы  жөнінде  айтқанда 
есте сақтарлық нәрсе – бұл физика мұғалімі оқушыларда физика 
ғылымының  әзір  тұрған  ақиқат  қоймасы  емес,  оларға  жету 
процесі,  білмеуден  білуге  деген  қозғалыс  екендігін,  шектеулі 
білімнен  едәуір  дәл,  жалпыға  ортақтылыққа  ұмтылыс  екендігін 
түсінуді шексіз. 
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс заманындағы нарықтық 
катынастардың  талабына  сай  бизнес  пен  коммерцияның,  коопе-
ратив  пен  жеке  косіпорынның,  кәсіпкерлік  пен  меншіктің  әр 
түрлі  формаларын  қарқынмен  дамытудың  қажеттігі  болашақ 
кадрлардан  жаңалыққа  реакциясы  жылдам,  бақылаушылық 
ебдейлігі  мен  стандартты  емес  ойлау  бейімділігі  жетілген,  тап-
қырлық пен ізденімпаздықты, шеберлік және іскерлік қасиеттерді 
талап  етеді.  Мұндай  экономикалық  және  әлеуметтік  маңызы  зор 
істі  мектепттен  бастап,  жастарға  конструкторлық  және  өнер-
тапқыштық  шығармашылықтың  негізін  үйретуіміз  керек.  Бұған 
физика сабақтарының мол мүмкіндігін пайдалануымыз тиіс. 
Физиканы  оқытуда  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін 
арттыру  олардың  физикалық  ойлауын  дамытудың  құрамдас 
бөлігінің  бірі  болып  табылады.  Жас  жеткіншектердің  шығар-
машылық  қабілетін  дамытудың  әдістемесі  ғылыми-техникалық 
шығармашылық процестің заңдылықтарына негізделіп жүргізілуі 
керек.  Жалпы  алғанда,  шығармашылық  процестің  құрылымы 
өзіне  тән  кезеңдер  мен  сатылардан,  фазалар  мен  периодтардан 
тұратындығы  П.К.Энгельмейердің,  П.М.Якобсонның,  Я.АПоно-
маревтің, т.б. зерттеулерінен белгілі. 
Атақты физик-ғалымдардың (А.Эйнштейн, М.Борн, М.Планк, 
П.Л.Капица, А.Иоффе, И.Курчатов, С.Королев, т.б.) ғылыми өмір 
тәжірибесін  қорытып,  ой-пікірлерін  талдап  қарасақ,  ғылыми-
техникалық  шығармашылықтың  элементтері  мынадай  цикл 
түрінде құрылатындығы белгілі: фактілерді жинақтау → гипотеза 


 
50 
ұсыну  (абстракты  модель  құру)  →  идеяны  шешу  принципін 
анықтау  →  теориялық  салдарларды  қорыту  →  оларды 
эксперимент жүзінде тексеріп көру. 
Оқушылардың  физикалық  ұғымдарды  түсініп,  талдап  ұғуы 
олардың  логикалық  және  диалектикалық  ойлауын  дамытуға  зор 
ықпал  етеді.  Академик  С.И.  Вавилов  айтқандай,  физикалық 
ойлауға  дағдылану  керек,  оған  көп  жаттығу  мен  үзақ  үйренудің 
нәтижесінде  қол  жеткізуге  болады,  бұл  физиканы  оқытудың  ең 
басты міндеітерінің бірі болуы тиіс. 
Физика - табиғат туралы ғылым. Оның басты мақсаты -заттар 
мен денелердің, құбылыстар мен процестердің негізгі қасиеттерін 
біліп-тану,  табиғат  кұбылыстарының  заңдылықтарын  зерттеу. 
Сабақта  мұндай  танымдық  процесс  оқушылардың  физикалық 
ойлауын  дамытуды  қажет  етеді.  Бұл  үшін  оқыту  процесінде 
анализ  және  синтез,  салыстыру  мен  аналогия,  классификация 
және  жүйелілік  (систематизация),  абстракция  және  жинақтап 
қорытындылау сияқты логикалық ойлау операцияларын пайдала-
намыз. Демек, физиканы осындай логикалық талапқа сай оқытып, 
физика  ғылымы  негіздерінің  логикалық  жүйесін  ашу  арқылы 
оқушы  жастардың  физикалық  ойлауы  дамытылады.  Бұл,  әрине, 
алдымен  мұғалімнің  физикалық  білімдер  жүйесі  мен  оның 
құрылымының ерекшелік сипаттарын білуің қажет етеді. 
Оқушылардың  физикалық  ойлауын  дамытуда  ең  алдымен 
оларды  диалектикалық  ойлауға,  яғни  физикалық  құбылыстар 
сырының  қалай  ашылғандығына  (мысалы,  архимед  күші,  элек-
тромагнитгік  толқын,  радио  байланыс,  т.т.)  үйретіп,  әлі  шешіл-
меген  мәселелердің  зерттеліп  толық  білімге  айналатындығын 
(атомның  және  ядроның  құрылысы,  ғарыш  кемелерін  ұшыру, 
телевизиялық  хабар  беру,  т.т.)  түсіндіріп,  физикалық  заңдылық-
тардың  өзара  байланысын  (газ  заңдары,  уранның  тізбекті 
реакциясы, т.т.) ашып көрсетуіміз қажет. 
Мектепте  физиканы  оқыту  кезінде  оқушыларда  логикалық 
ойлаудың  негізінен  мынадай  түрлері  қалыптастырылып, 
дамытылуы тиісті: 
1.физикалық ойлау; 
2.ғылыми-техникалық ойлау; 
3.диалектикалық ойлау; 
4.индуктивтік ойлау; 
5.дедуктивтік ойлау; 
6.абстракты ойлау. 


 
51 
Әрине, мұның бәрі бір сабақта немесе бір тарауды оқытумен 
бітетін  іс  емес,  мұны  оқушылардың  мектепті  бітіргенге  дейін 
дамытылатын қабілеттері деп түсінуіміз тиіс. 
 1. Физикалық ойлау деп оқушылардың: 
а)физикалық құбылыстарды бақылау, 
ә) күрделі құбылыстарды құрамды бөліктерге жіктеу, 
б) олардың арасындағы өзара байланыстар мен қатынастарды 
анықтау, 
в)  физикалық  құбылыстар  мен  шамалардың  арасындағы 
сандық және сапалық байланыстарды тағайындау
г) физикалық теориялардан шығатын салдарларды көре білу 
д)  физикалық  білімдерді  практикада  қолдана  білу 
ебдейліктерін дамытуды түсінеміз.  
Мұның  сапалық  дәрежесін  оқушылардың  мынадай  іс-әреке-
тінен көруге болады: а) ой еңбегін жеңілдететін логикалық тәсіл-
дерді  қолдана  білуі,  ә)  физикалық  формулалардың  дұрыстығына 
сеніп,  тексере  білуі,  б)  есеп  шығаруда  тиімді  тәсілдерді  дұрыс 
таңдап  ала  білуі,  в)  физикалық  шамалардың  өлшем  бірліктерін 
тексере білуі, г)физикалық зандылықтардың өмірде қолданылуын 
түсіндіре білуі, т.б.  
Оқушылардың  ғылыми-техникалық  ойлауы  физика  мен 
математиканың  арасындағы  терең  байланысты  таба  білуге, 
олардың  техникада  қолдану  мүмкіндіктерін  алдын  ала  болжай 
білуге, физикалық идеялардан  түрлі техникалық конструкциялар 
мен  модель  сұлбаларды  жасай  білуге  үйрету  арқылы  дамы-
тылады.  Бұған  шала  өткізгіштер  мен  электромагниттік  толқын 
теорияларын  мысал  ретінде  алуға  болады,  себебі  оның  негізінде 
электрониканың және радио телевизиялық техниканың қарыштап 
дамығаны белгілі. 
   
2.  Табиғаттың  объективті  заңы  -  энергияның  сақталу 
және 
айналу 
заңы-мектепте 
оқытылғанда, 
табиғат 
құбылыстарының  өзара  байланыстылығы,  материя  қозғалысы 
формаларының  өзгеруі,  энергияның  сақталуы  туралы  ол  заңның 
негізгі идеясы бүкіл физика курсын "қызыл жіптей көктеп" өтеді. 
Бұл  оқушылардың  диалектикалық  ойлауын  дамытуға  қолайлы 
мүмкіндік  туғызады.  Физикалық  құбылыстардың  арасындағы 
байланыстардың  себеп-салдарларын  анықтай  білуге  үйрету  - 
оқушылардың  диалектикалық  ойлауын  дамытуға  өте  пайдалы 
әдістемелік  тәсіл.  Мысалы,  капиллярлықтың  себебі  –  сұйық-


 
52 
тардың  беттік  керілу  құбылысы,  жарық  жылдамдығының  бір 
ортадан  екінші  ортаға  өткендегі  өзгеруі  -  жарықтың  сынуының 
себебі  дене  жылдамдығының  өзгеруі-күш  әсерінің  салдары,  ал 
ауа салмағының салдары - атмосфералық қысым болып саналады; 
физикалық  парадокстар  мен  софизмдерді  шешу  де  -  бұл  мақсат 
үшін әсерлі тәсілдің бірі. 
2. Оқушылардың  индуктивтік  ойлауы  логиканың  синтездік 
(жалқыдан  жалпыға  көру,  жинақтау)  тәсілі  негізінде  дамы-
тылады.  Мысалы,  балалардың  жұқа  резеңке  шарларын,  футбол 
мен машина баллонының камераларын насоспен үрлеп толтыруы, 
сабын  суы  көпіршіктеріп  шығаруы,  Паскаль  шарымен  (сумен 
және  түтінмен  толтырылған)  тәжірибе  жасауы  арқылы  жеке 
фактіларды  қорытып,  Паскаль  заңын  түсіндіріп,  оның  тұжы-
рымдамасын береміз. 
3. Анализ  (жалпыдан  жекеге  көшу  арқылы  талдау)  тәсіліне 
сүйеніп  оқушылардың  дедуктивтік  ойлауын  дамытуға  болады. 
Мәселен,  Паскаль,  Бернулли,  Ленц  заңдары  энергияның  сақталу 
және  айналу  заңының  дербес  түрі  ретінде  қорытылып  шығары-
лады;  Ньютон  заңдары,  қозғалыс  мөлшерінің  сақталу  заңының 
жеке  бір  дербес  түрі  ретінде  қарастырылады;  Бойль-Мариотт, 
Гей-Люссак,  Шарль  заңдар  -  газның  кинетикалық  теориясының 
дербес  түрі.  Ойлаудың  аналитикалық  және  синтетикалық 
тәсілдері физикалық есептерді шығаруда да көп қолданылады. 
Индуктивтік ойлауды дамытуда бақылаудан және зерттеуден 
алынған  фактілерді  қорытындылаудың  (элементар  бөлшектердің 
қасиеттері, электролиз туралы Фарадей зандары, т.т.) маңызы зор. 
Дедуктивтік  ойлауға  дағдыландыруда  физикалық  құбылыстарды 
классификациялау  мен  жүйелеу,  салыстыру  мен  аналогия  (ұқса-
ту)  тәсілдерін  пайдалану  да  тиімді.  Мысалы,  физика  сабақта-
рында  термометрлердің,  насостардың,  механикалық  қозғалыс-
тардың  түрлері,  тегі,  класы  бойынша  классификациясы  беріледі. 
Мұны тақтада мынадай әр түрлі формада сызып көрсеткен жөн: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет