ОҚУ-Әдістемелік кешен «Қағаз пластикасы» 5В012000 – «Кәсіптік білім» мамандығына



бет2/21
Дата27.04.2017
өлшемі6,37 Mb.
#15209
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Схема негізгі формалардың тірегі.

Оригамидің көптеген фигуралары өзінің түбінде бір негізгі формаға ие.Басқа сөзбен айтқанда, бастапқы кезеңде фигуралар бірдей бүктеліп жасалады. Мысалы,үшкіл орамал (үшбұрыш) формасынан батпырауық, балық сияқты негізгі формалары бүктеліп жасалса, кітаптан үй, есік, катамаран формалары жасалады.

Қаймақ кітап және үшкіл орамал негізгі формаларынан бастау алады. Құс пен бақа өз негізінде қосалқы квадрат формасына ие. Бірақ баұаны қосалқы үшбұрыштан да жасауға болады. Кейбір негізгі формалар басқа негізгі формаларды үйлестіріп жасауға болады.

Мысалы, балық батпырауықты өз-өзіне салу арқылы бүктеліп жасалады. Төменде қандай негізгі формаларды қай негізгі формалардан жасауға болатын схема берілген.





Тікбұрышты негізгі формалар.

Квадрат терезе тәрізді орналастырылып екіге қақ бөлініп бүктеледі. Бұл ретте екі қарама-қарсы жақтарды қиыстыру керек. «Кітап» негізгі формасы тікбұрыш формалы.Бұл негізгі форманың екінші аты – «ашық хат».


Шамамен осылай «Есік» базалық формасы да жасалады.Терезе сияқты орналасқан квадрат қақ бүктеледі, бұл ретте екі қарама-қарсы жақты қиыстыру керек.Бет жақтарын иілу сызығана қарай түсіру керек. Есік негізгі формасы лифтінің есігіне немесе екі есікті шкафтын есігіне ұқсайды.Бұл форманы «Есік» немесе «Шкаф» деп атап кеткен.

Қосалқы үшбұрыш.

Қосалқы ұшбұрыш (бұл форманы «су бомбочкасы» деп те атайды) көрінетін екі үшбұрыш жазыққа ие. Жабық (тұйық) бұрыш бастапқы квадраттың ортасында пайда болады. Бұл форманы жасаудың бірнеше тәсілі бар.



Бірініші тәсіл: квадрат диагональ бойынша майыстырылады, одан кейін аударылады.Содан кейін қақ бөлініп майыстырылады. Санан соң, квадраттын ортасын басып бүйірлердегі үшбұрыштарды ию керек. Бұл ретте квадраттын жоғарғы жағы басқа жаққа майысады. Енді жай ғана фигураны бұрыштардын орнын ауыстырып аудару керек.

Екінші тәсіл: квадрат қақ майыстырылады, жоғарғы және төменгі жақтары қиыстырылады. Пайда болған тікбұрышқақ майыстырылады (қысқа жақтарын қиыстыру керек). Бұдан кейін сізге, бұрышты сыртқа қарай шығарып, қалтарын ашып жалпайту керек. Фигураны аударып екінші қалтаны ашып жалпайту керек.

Үшінші тәсіл: квадратты диагональ бойынша майыстырылады.Пайда болған үшбұрыш қақ иіледі.Ұшбұрыштың төменгі бұрыштарын әр жақтан жоғары көтереді (бір бұрышты алқап қылып бүктеу керек, екіншісін — дөнес қылып). Содан соң қалталарын ашып жалпайту керек.Фигураны бұрады


Қосалқы квадрат.

Қосалқы квадрат — екі көрінетін квадрат жазықтары бар, квадраттың бастапқы формасының ортасында пайда болатын ашылмаған (тұйық) бұрышы бар, сонымен қоса тұйық бұрышқа қарамақарсы орналасқан ашылып жатқан бұрышы бар форма.



Негізгі форма былай бүктеліп жасалады: квадрат екі рет қақ бөлініп майыстырылады (бұл ретте қарама-қарсы жақтарды қиылыстыру керек), басқа жағына аударылады. Енді екі рет диагональдары бойынша майыстыру керек.

Ішке қарай бүйірлердегі квадраттар майыстырылады — олардақақ бөліп бүгеміз жәнежоғарғы бөлігін өзімізден төмен қарай түсіреміз.

Квадратты қалай жасау керек (оригами тәсілдері).



Көпшілік схемалар квадраттардың белгілі бір формасын қолдануды ұсынады. Бірақ белгіленген көлемдерге жақын квадраттарды да қолдануға болады.Квадратты сызғышты қолданбай-ақ жасауға болады.Форматы А4 тікбұрыш қағазын дұрыс бүктесеңіз ғана болғаны.

Көлемі 20×20 сантиметр болатын квадратты былай жасауға болады: төртбұрыштың қысқа жағын ұзын жағына түсіріңіз. Бұл ретте (қақ бүктеп) жолақтан көлемі 8,5×8,5 болатын екі квадрат жасауға болады.

Егер, форматы А4 төртбұрыштан жасалған, квадратты қақ бөліп кессе, екі төртбқрыш жасауға болады. Олардың әрбіреуі, қақ бөліп кесілгенде, мөлшері 10×10 сантиметр болатын екі квадрат шығады.

15×15 сантиметр болатын квадратты форматы А4 бетінен былай жасауға болады: бетті қақ бөліп бүктеп қысқа жақтарын қиылыстыру керек. Содан кейін төменгі бұрыштарды майыстыру сызығына дейін көтеру керек. Сонан соң жолақты кесу керек. Одан кейін бүктелген жағын бүгу сызығы бойынша қақ бөліп кесу кесіп квадраттарды жазу керек.

Бұл квадраттардан мөлшері 7,5×7,5 болатын 4 квадрат жасауға болады. Ал кесілген жолақтан мөлшері 6×6 болатын 4 квадрат жасауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет