ОҚУ-Әдістемелік кешен «Қағаз пластикасы» 5В012000 – «Кәсіптік білім» мамандығына



бет21/21
Дата27.04.2017
өлшемі6,37 Mb.
#15209
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Бақылау сұрақтары:

1.Қағаздан көлемді фигуралар жасау әдістері.

2.Бүктелмелі формалар жасау әдістері.

3.Рельефтер жасау әдістері.

4.Көлемді конструкциялар жасау әдістері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Древний календарь КожабаевЕ.Алма-ата 1987г.


8.Тақырып:

Папье-маше қағазды өңдеудін бір түрі сияқты.

Сабақтын мақсаты:

Студенттерді папье-маше өнерімен, оның тарихымен, орындау техникасымен таныстыру.



Әдістемелік кеңестер:

Қағаздан бұйым жасау техникаларының бірі – папье-маше ( фр«рваная бумага»).

Екі әдіспен жасалады: желімді қосумен дайындалған қағаз массасынан сомдау арқылы және жыртылған қағазды үлгіге қабат-қабат қылып жапсыру арқылы (маширлеу). Бұйым жасауда газет беттері, дәретхана қағазы және майлықтар қолданылады.Жұмыс техникасы қарапайым болғанымен шыдамдылықты қажет етеді. Материалды жақсы кептіру қажет болғандықтан бұйымды жасау процессі бір емес бірнеше күнге созылуы мүмкін. Бірақ есесіне сіз интерьердің өзіндік элементтері жинақ сандықша, шкатулка, маска, статуэтка, қуыршақ және осы сияқты тағы басқада заттарға ие боласызПапье-маше техникасын көп жағдайда декупаж техникасымен үйлестіреді.

Французша аталса да папье-маше XVII ғасырдын ортасына дейін Францияда болған жоқ. Папье-машенің отаны, қағаз пайда болған жер, Қытай. Қытайлықтар папье-машені дулыға жіне тағы басқа нәрселерді жасауға қолданды, оларға олар бірнеше қабат лак жағып қатылық қасиетін берді.Мұндай заттар Хань династиясына жататын археологиялық қаз ба жұмыстарын жүргізу кезінде табылды (202 до н.э. - 220 н.э.).

Қытайдан, папье-машемен әуестену Жапония мен Пырсы еліне тарады, онда ол арнайы рәсімдерге арналған маскаларды дайындау кезінде қолданды.Сонан соң ол дүние жүзіне тарады.Францияда Европада алғашқылардын бірі болып папье-машеден бұйымдар жасай бастады, Англияда мұндай шеберханалар 1670-ші жылдары ғана ашыла бастады.

1740 жылы ДжонБаскервильЖапониядан әкелінген үлгілер бойынша папье-машеден лакталған бұйымдар жасай бастады. Оның бизнесі өте сәтті болды да нәтижесінде оның көмекшісі Генри Клей папье-машеден ағаш сияқты мықты болатын заттарды жасау әдісін ойлап тапты.Ол оны арнайы дайындалған қағазды жылудын әсерімен қатты формаларда желімдеу арқылы жасады. Генри Клей өз өнертабысын патенттеді. Жапонның папье-маше өнері бойынша жетекәшекейленген сағаттарымен өте жақсы белгілі.

Қуыршақтар – осы үшін папье-маше өнері Англия мен Францияда кеңінен қолданды. XVI ғасырда Францияда бұл салада кең көлемді өндіріс қалыптасты. Мұндай қуыршақтар қазір коллекционерлер арасында жоғары бағаланады.

Папье-маше қазіргі уақытта бұрынғысынша спекталь қойылымдарын дайындауда кеңінен қолданылады, одан жасалған декорациялар жеңіл, сахнада оңай қозғалады. 16 ғасырдың басында Францияда папье-машені алғашқы кезде қуыршақ жасауда қолданды.Халықтын арасында қытайлық және жапондық лакталған декоративтік бұйымдар үлкен қызығушылық тудыруы 17 ғасырдын 70 жылдарында Европада папье-машеден бұйым жасау өндірісінің тез дамуына ықпал етті.

Папье-машеден бұйымдардын кең көлемді түрлері жасалды:шақшалар, шкатулкалар, ойыншықтар, маскалар, подностар, қабырғалар төбелердегі архитектуралық әшекейлер, шам қойғыштар, жақтаулы айналарды, Қабырғаларға арналған декоративті панельдерді, есіктерді, кареталарды, сонымен қосаәртүрлә үй жихаздарын, соның ішінде төсектер мен гардеробтарды.

Ресейде папье-маше кең таралды, мүмкін, Петра I заманынан бастап, өйткені ол өнер заттарын жинап қолөнерді дамытып қолдауды мемлекет саясаты дәрежесіне көтерді. Бірақ папье-машеден шығармашылық бұйымдарды жасау кәсіптік дәрежеге 19 ғасырда ғана жетті ( Федоскино Палех, Мстера және Холуй).

Бұл кезеңде папье-машеден бұйым жасау өндірісі әртүрлі мемлекеттерде гүлденіп дами бастады.Мысалы, Виктория королевасы заманында Британ аралдарында мұндай бұйымдар жасайтын 25 компания болды. Бұл замандағы ең атақты шеберлер ол Бирмингемнен шыққан Jennings және Bettridge, олардын Лондонмен қоса Нью-Иоркте де өз шеберханалары болды.

Ұсатылған қағазбен былай жұмыс істейді:

Ең алдымен қағаздан жасайтын бұйымның моделін ағаштан жасайды, гипстен құяды немесе пластилиннен, әйтпесе май саз балшықтан сомдайды. Сазбалшықты ұсатады, үстінен су құйып бірнеше сағат ұстайды да содан кейін илейді. Сомдауға арналған саз балшық саусақтарға жабыспау керек және түйіршіктері болмуы қажет.Модельді қолмен сомдайды, ал аяғында ағаш күрекшелер – стектермен жұмысты бітіреді.Бітпеген модельді және қалған балшықты кебуден сақтау үшін оны ылғал шүберекке орайп қояды.

Егерде қағаздан жасалатын зат симметриялық екі бөліктен тұрса онда модельді тұтас жасамай жартысын ғана істеуге болады. Бұйымды мұндай модельден алу да оңай. Модель ретінде қандай да бір дайын затты да қолдануға болады: гипстен жасалған статуэтканы, вазаны, ағаш фигуркаларды және т. б.



Ұсақталған қағазбен жұмыс істеу:

1 — сазбалшықты модельге қағаз жапсыру; 2 — модельден алынған кубоктын екі жартысы; 3 — дайын бұйым.



Модель дайын болғаннан кейін оған қағаз жапсырады. Бұл жағдайда модель форма ретінде қызмет етеді.

Модельге қағаз жапсыру үшін бортылдақ, желімденбеген, аұ немесе түрлі-түсті (газеттік, орама үшін арналған, афишалық) қағазды таңдайды. Оны жіңішке жолақтарға және ұсақ бөліктерге кесіп үстінен бірнеше минутқа жылу су құяды, содан кейін суды төгеді. Алдын ала клейстер дайындалады.Содан кейін кепкен модельді қандайда да бір өсімдік майымен немесе басқа маймен майлап қағаздын үзінділерімен айналасын жапсырады. Бірінші қабатты желімсіз жапсырады. Қағаз үзінділерін бір-біріне арасында ашұ жер қалмайтындай ғылып жапсырады. Модельге бір қабат қағаз толық жапсырылғаннан кейің екінші қабат жапсырыла бастайды.Енді жапсырылатын қағаздын үзіндісі немесе жолағы клейстермен желімденеді. Соден кейін осы әдіспен үшінші және т.б. қабаттары жапсырылады. Қабаттар санының көп аз болуы бұйымның мөлшеріне, оның мықтылығына және қағаздың қалындығына байланысты. Мысала, кішігірім бұйымдарды жасауда 5-8 қабат қағаз жапсырғаны жеткілікті болады Егерде қағаздан кеме корпусы немесе басқа модельдер жасалсасли, онда қағаздан жапсырылған қабаттар санын 12-15 дейін жеткізеді. Бұл жағдайда қағаз жапсырубірнеші кезеңмен орындалады. Модельге 4-5 қабат жапсырып оны бір сөтке кептіреді, содан соң тағы да 4-5 қабат жапсырып кептіреді де солай жалғастыра береді. Модельдін бүкіл беті қағазбен ашық жерсіз тегіс жапсырылсын десеңіз түрлі-түсті ұағаздарды қолданыңыз. Алдымен бір түсті қағаз жапсырыңыз, содан кейін басқа түсті қолданыңыз. Сонда қалған ашық жерлер көзге бірақ көрініп тұрады.

Қағаз массасымен жұмыс істеу:

Көптеген бұйымдарды, әсіресе беті тегіс емес заттарды, басқа әдіспен – қағаз массасынан - жасаған дұрыс.

Ол үшін қандайда бір борпылдақ, желімденбеген қағазды ұсаұ үзіктерге жыртады да темір немесе саз ыдысқа салып үстінен су құяды. Ыдысты үстінен қағазбен жауып шүберекке орап жылы жерге қояды. Келесі күні ылғалданған қағазды су қайнағанша қыздырады. Қайнатқан кезде қоспаны араластырады. Содан соң қайнаған қағазды қапшыққа салып суын сығады да саусақтармен кішкентай шариктерді домалатып жасайп, оларды жақсылап кептіреді. Кепкен шариктерді ұнтақ қылып езеді.

Қағаз массасын жасау үшін қандайда бір қағаз ұнтағына салмағы сонша үгітілген бор, 4-5 рет аз картом ұнын және мөлшері 10 рет аз ағаш желімдететін желім қосады. Қағаз ұнтағымен борды қосып жақсылап араластырады. Картоп ұнынан клейстер жасап оған араласқан ағаш желімдейтін желім қосады. Бұл қоспаны ұнтақ бар ыдысқа салып араластырады: нәтижесінде өте қою қамыр пайда болады. Қажет жағдайда ыстық су қосады.


Бақылау сұрақтары:

1.Папье-маше қағазды өндеудін бір түрі ретінде.

2. Папье-маше өнері туралы тарихи мәліметтер.

3.Папье-маше орындау технологиясы.


Ұсынылатын әдебиеттер:

Практикум в учебных мастерских и технология конструкционных материалов. Под ред. Б. В. Нешумова – М., Просвещение, 1986




УМКД 042-Х.1.ХХ/03-2013

Редакция №1 от 10.01.2013

Страница 5 из


5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

Бақылау сұрақтар:

1. Қағаз материалдарының түрлері, олардын қасиеттері, сапалық айырмашылықтары туралы мәлімет.

2. Қағаз туралы тарихи мәлімет. Қағазбен жұмыс әстеуге арналған материалдар мен құралдар.

3. Оригами техникасы, қағаз бүктеудін негізгі формалары.

4. Оригами тарихы. Оригами және қазіргі заман.

5. Жазық декоративті формалы қағаздан қию, қиылған бұйымдар.

6. Қағаздан өру.

7. Аппликация және оның түрлері. Жазықтық, көлемді, рельефті аппликация.

8. Аппликация туралы тарихи мәлімет. Аппликацияға арналған материалдар мен құралдар.

9. Квиллинг өнері. Тарихи мәліметтер. Жасау технологиясы.

10. Қағаздан көлемді фигуралар жасау. Бүктелмелі формалар. Рельефтер. Көлемді конструкциялар.

11. Папье-маше қағазды өндеудін бір түрі ретінде.



12. Папье-маше өнері туралы тарихи мәліметтер. Орындау технологиясы.

Студенттерді емтихандық бағалау өлшемі:

Емтихандық баға студенттердің семестр бойынша орындаған жұмысына қарай қойылады. Курстын тақырыптық жоспарына сәйкес семестр барысында 5 шығармашылық жұмыс орындалу керек: 1. Жұмыс - оригами техникасындағы гүлдер; 2. Жұмыс – қиылған композицияны орындау; 3. Жұмыс – бұйымды өру техникасында жасау; 4. жұмыс – аралас аппликация; 5. жұмыс – квиллинг; 6. жұмыс – бүктелмелі формалы ваза; 7. Жұмыс – папье-маше техникасындағы бұйым. Өте жақсы деген бағаға–барлық жұмыстар аяқталған болу керек, ұқыпты, таза орындалу керек, жұмыста шығармашылық тәсілдеме байқалу керек. Жұмысқа қосымша түрлі-түсте жасалған эскизде, нобайы болуы керек. Жақсы деген бағаға - барлық жұмыстар аяқталған болу керек, ұқыпты, таза орындалу керек. Жұмысқа қосымша түрлі-түсте жасалған эскиздер, нобайы болуы керек. Қанағаттанарлық деген бағаға - барлық жұмыстар аяқталған болу керек.Жұмысқа қосымша түрлі-түсте жасалған эскиздер, нобайы болуы керек.Қанағаттанарлық емес деген баға, егерде студент курстын тақырыптық жоспарына тиісті жұмыстарды орындамаса, орындаған жұмыстары алда жазылған талаптарға сай келмесе қойылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет