ОҚУ-Әдістемелік кешен «Қағаз пластикасы» 5В012000 – «Кәсіптік білім» мамандығына



бет16/21
Дата27.04.2017
өлшемі6,37 Mb.
#15209
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Бақылау сұрақтары: 1.

1.Квиллинг өнері тұралы тарихи мәліметтер.

2.Квиллинг жасау технологиясы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Художественное проектирование. Под ред. Б.В. Нешумова, Е.Д. Щедрина, М., 1979г.


7.Тақырып:

Қағаздан көлемді фигуралар жасау.

Сабақ мақсаты:

Студенттерді көлемді формалар, бүктелмелі структураларды құрастыру тәсілдерімен және олардан қағаздан жасалған күрделі конструкцияларды жасау.



Әдістемелік кеңестер:

Бүктелмелі конструкциялардын артықтышылығын қағаз модельдерінде оңай көріге болады.Мысалы жай жазуға арналған қағаз салмақты көтере алмайды, ал оны гармошкағылып бүктесе ол әжептеуір салмақты көтереді.Гармошкада конструкцияда көтеру қасиетінің жоғалуын көруге де болады. Ол мезет тым ауыр салмақ түскен кезде бүктесіндер жазылған кезде басталады.Сондықтан бүктемелі конструкцияны қатайту үшін тартқыштар мен қатты диафрагмаларды қолданады, олар бүктемелердің жазылуына бөгет жасайды.Бүктемелі конструкциялардын артықшылығы, бүктесіндерге сан алуан форма беру мүмкіндіктерінде. Бүктесіндердін көмегімен төртбұрышты, трапециялы, сектортүрлі және бөлменің басқа формаларын жабу мүмкіндігінде. Бүктесіндер, көлденен кесігі бойынша төртбұрышқа, трапецияға, көпбұрышқа жақын көлемдер жасай алатын,профилі күрделі конструкцияларды құрай алады.Бұл жағдайда бүктесіндер әртүрлі бұрышта кіреді.



Бүктесіндер түйісетін жерлерде қатты түйіндерді жасау оларды рамалық конструкцияға айналдырады. Бүктелмелі конструкияларды қолдану қазіргі заман сәулетшілер алдында жаңа сәулетформаларын жасауда көп мүмкіншілік береді. Бірақ оларды қолдану техникалық жағынан негізделген болу керек.Бүктелмелі конструкциялар үлкен ойықтарда тиімді, ал олардын формасының өзінше бейнелілігі композицияның архитектуралық кеңістігін ұйымдастыруға қолданылып, шығармашылық образдын ажырамас бөлігіне айналу керек.
Жазықтықтын декоративтік трансформациясы

Трансформациялау — өзгерту, көлемді, форманы, тез өзгерту арқылы айналдыру.

Трансформация арқылы материалдың жақсы декоративті және эстетикалық қасиеттердің болуына қол жеткізідеді, сонымен қоса конструктивті-механикалық қасиеттер жетілдіріледі.

Өсімдіктер және жануарлар дүниесінде көп ретте трансформацияға ұшыраған жазықтықтарды байқауға болады. Сол арқылы олардын тұрақтылығы мен мықтылығы қамтамасыз етіледі.

Айналамыздағы табығат ең тиімді формаларын көрсетеді.Кеңістікте майысқан және жұқақабырғалы табиғи конструкциялар формаларының үзілместігі мен жайлылығы көлденең кесік бойы салмақтын біркелкі түсуіне септігін тигізеді.

Ағаш жапырақтары, гүл желектері, жаңғақ қабықтары, теңіз теңіз шаяндарының, кірпішешендерінің тас қабығы, устрицалар раковинасы күрделі кеңістіктегі формаларға ие және айтарлықтай салмаққа шыдайды,бірақ олардын материалдары мықтылығымен ерекшеленбейді.Өз салмағынан қағаз беті майысады, алайда оны күмбез түрінде майыстырса, құбыр түрінде ораса ол қосымша үлкен салмақты көтере алады. Қағаздың қасиеті өзгерген жоқ, бірақ беттін формасы өзгеріп ол жаңа механикалық қасиеттерге ие болды.

Архитектор Юрген Едикенің ойынша табиғат ең алдымен тұрақтылығы қисықтыққа негізделген қисық жазықтықтармен жұмыс істейді. Осыған табиғаттын заңдылығы негізделген — конструкцияның формасына қарай төзімділігі. Төзімділік тек жапырақтын бүктелімділігінде ғана көрінбейді, сонымен қоса өсімдіктердің жапырақтары мен желектерінің спираль мен трубочкаға оратылып кеңістікте жаңа формаға ие болуында байқалады.Табиғатта бар констркциясының формасына қарай төзімділік принципі қазіргі заманғы техникада, құрылыс пен архитектурада кеңінен қолданыла бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет