ОҚУ-Әдістемелік кешен «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша


а) ауыл шаруашылыгында өндірістің негізгі құралы ретінде жердің багасын апықтау; ә)



бет5/9
Дата08.06.2018
өлшемі237,12 Kb.
#41607
1   2   3   4   5   6   7   8   9

а) ауыл шаруашылыгында өндірістің негізгі құралы ретінде жердің багасын апықтау; ә) жердің сапасына қарай жер салығының мөлшерін белгілеу;

б) ауыл шаруашылығына қолайлы жерлерді қорғау мен тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, оның ішінде жердің қүнарлылығының сақталуы мен жақсаруын бақылау. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерінің айырбасындағы біздер әу баста жіберіп алған баға қай-иіылыгы құн заңын сақтамаудың, ал нақтырақ айтқанда, ерікті бага белгілеудің қагидасын дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болганын өмір корсетіп отыр. Ауыл шаруашылық онімінің бағасын реттеу жүйесі түтынушылардың да, ондірушілердің де мүдделсрін қор-ғауы керек. Нарықты тез арада азық-түлікпен толықтыру үшін агроөнеркәсіп , кешенінің 2-саласында баға құрылу процесі барынша срікті болғаны тиімді.

2. Аграрлық сектордың негізгі қағидалары



  1. Аграрлық протекционизм 2 аспектісі

1) а) ішкі экономикалық аспект

б) Ауыл шаруашылығының басқа салаларымен өзара қатынасын қамтиды.

Оларға өнд-ң жоғарлауының агроөнеркәсіптік кешенін 3 саласының салыстырмалы дамуы және себептерді таңдау мүмкіндігін болмауы. Ауыл шаруашылығы қорғау қажеттгін талап етеді.

2) Сыртқы экономикалық аспект.

Ауыл шаруашылығы салаларының экспорты мен импортына қатысты болады. Дағдарыс кезінде тіпті жоғарғы сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін шетелден сатып алу отандық ауыл шаруашылығы салаларын өндірушілердің қаржылық жағд-на қосымша жағымсыз әрекет етеді.


  1. Экономикалық және әлеуметтік мақс-ды үйлестіру. Мемлекеттік реттеу шараларымен экономикалық реттеуді шешуде ғана бағытталып қоймай ауыл шаруашылығы әлеуметтік психологиялық және ұлттық ерекшеліктерін назарға алуы к-к.

  2. Бағдарламалық реттеу.

Ауыл шаруашылығымен оған қатысты салаларды реттеу жүйесінің маңызды элементі мемлекеттік бағдарлама болып табылады Мемлекеттік бағдарлама агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды жалпы ұлттық міндеттемелеріне қол жеткізуге бағытталған. Мемлекеттің өзара байланысқан шараларымен істеу жүйесін көрсетеді.

11. Дәріс. Монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік ортаны қалыптастыру

Дәріс мазмұны

1. Монополияға қарсы заңдылық, оның мәні.

2. Қазақстандық монополияға қарсы реттеудің ерекшелігі.

3. Бәсекелік орта, оның түсінігі және негізгі көрсеткіштері.
1. Монополияға қарсы реттеу-нарықтық бәсекелестіктің дамуы және монополиялық қызметтішектеу үшін жағд. қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын экономикалық-әкімшілік актілердің кешені.

Монополияға қарсы реттеу таза монополия санасында бағаланған саясатты қосады. Сонымен қатар монополияға қарсы реттеу бұл заңдылық фактілерін және нақты құқықтық нормалар негізінде заңды ісі бойынша жеке шешімдерді дайындау және қабылдау бойынша монополияға қарсы органның біліктілік қызметі.


Монополияның негізгі түрлері


Жабық

Ашық

Таза

Басқа бәсекелестерден заңды қорғалуға ие монополия

Нарықта қандай-да бір өнімді жалғыз сатушы болып табылатын, бірақ бәсекелестерімен нақты қорғалуға ие емес монополия

Монополия ұзақ мерзімді ұстанымда минималды тек қана фирма бүкіл нарықта қамтамасыздандырған


Таза монополия – нарық тауарлардың жағдайын көрсете алады. Таза монополия саласында тұтынушылар мен таза монополия субъектілерін қосатын құқықтық қатынасқа қатысушылардың ерекше субъективті құрамы әрекет етеді.

Тұтынушыларға таза монополия субъектілерімен өндірілетін тауарды және заңды тұлғалар жатады. Таза монополияның субъектісі бұл таза монополия жағд-да тұтынушыларға жұмыс және қызмет көрсетуді ұсынатын, тауар өндірумен айналысатын заңды тұлға және жеке кәсіпкер болып табылады

Кәсіпорын монополиялары мен басқарудың әкімшілік жүйесінің механизмдері мен өзара әрекетінің схемасы.

Экономикалық әдіс Салааралық әдіс Институиционалды әдіс

салықтық-бюджеттік, инв-лық және тарифтік саясаттары- Ұйыждастырушылық-құрылымдық

ның тиімділігі ішкі жүйе және т.б. институтционалды

механ. тиімділігі


Кәсіпорын, монополия Экономика «мемлекет-субъект- Трансакционерлік ұста-

қызм. тиімділігі монополист» ішкі жүйе нымдардың тиімділігі

тиімділігі


Баға жасау және өнім стратегиясы Ішкі фирманың менеджменті


- макродеңгейі

- тура өзара бай-с.

- ақпараттық өзара бай-сы.


Таза монополия субъектінің қызметтеріне мемлекеттік реттеу «Таза монополия туралы Қазақстан Республикасының Заңына» сәйкес жүргізіледі:

  • тарифті баға алу ставкаларды бекіту.

  • тарифтік сметаны бекітумен.

  • уақытша төмендетілетін коеффициентті орнату.

  • шығындардың қалыптасуының ерекше тәртібімен.

Монополияның қоғамға тиімді әсері қалай сыртқы болса солай ішкі факторларының оптималды сәйкес келген негізінде мүмкін.

Компания қызметін ретту тікелей монополия салалар нарығында ерекшеленетін 2 модельге сәйкес жүргізе алады. Оның:

1) табыс формаларын реттеу

2) тарифтеу


2. ҚР-дағы монополияға қарсы заңдар қалыптасу жолдарында біздің мем-дегі монополияға қарсы заңдар жүйесіне кіретіндер:

1) 1995 ж. 30 тамыз айындағы ҚР конститутция

2) 2001 ж. 30 қаңтар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексі

3) 2001 ж. 19 қаңтар «Монополиялық қызметтік шектеу және бәсекелестік туралы ҚР заңы»

4) 1998 ж. 9 шілде «Таза монополия туралы ҚР заңы»

5) 1998 ж. 9 маусым «Жағымсыз бәсеке туралы ҚР заңы»

6) ҚР-ның Президентінің жарлықтары

7) ҚР-ның Үкіметінің үкімдері ведомветааралық сипаттағы нормативтік құжаттар.




ҚР монополияға қарсы заңдылықтары, әрине, басқа елдердің заңдылықтарынан ерекшеленеді. Батыс Европада монополияға қарсы заңдар негізінен бәсекелестікті қолдау бойынша міндеттерді шешеді.

ТМД-ның басқа да елдердегі сияқты Қ-да монополияға қарсы органдар бәсекелестіктің дамуы және таза монополия субъектілерін белгілеу үшін жағдай жасау бойынша міндеттерді шешеді. Монополияға қарсы заңдылықтар өзіне материалдық және процесуалды құқық нормалары қосады. Материалдық нормалары құқықтық қатынасқа қатысушылардың олардың мазмұнды жағын анықтау арқылы құқықтары мен міндеттерін шешеді. Процесуалдық құқық нормалары б-са мемлекеттік биліктің өкілеттік органдарының және басқаруды материалдық-құқықтық нормалары реттеу бойынша нарық субъектілерін жекеше құқықтық қатынастары субъектілердің құқыққа қарсы әрекеттерін шектеу қиылысу және ескерту мақсатындағы монополияға қарсы ұғым-ң шешімі.

ҚР-дағы монополияға қарсы заңдылықтың актілері экономиканың әртүрлі салаларындағы қатынастарды реттейді. Мысалы, таза монополия саласында, бәсекелестік саласында және мемлекеттік монополия.

Нарықты монополизациялау мүмкіндігін шектейтін әкімшілік- экономикалық санкциялау жоғарғы баға жасау

моноплияға қарсы күресу үшін 3 жағдайда қолданылады:

1) нарыққа кіру үшін кедергілерді төмендету

2) монополист – кәсіпорын түрлендіру бұл егер к.о. жеке зауыттардан тұрса немесе тігінен бөлену нарыққа жаңалардың кіруі үшін жағдай жасаса

3) бағаны реттеу немесе бақылау.


СӨЖ: ҚР-ң монополияға қарсы реттеудің ерекшелігі. «Тұрақты даму», «Класстерлік саясат»


12. Дәріс. Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу және халықты әлеуметтік қорғау
Дәріс мазмұны
1.Әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу жүйесі.

2. Әлеуметтік саясаттың принциптері және моделі.


1. Қазіргі мемлекеттің барлығында дерлік азаматтарды экономикалық қиыншылықтан қорғауды қамтамасыз ететін әлеуметтік қлодау жүйесі.

Әлеуметтік қолдау жүйесі дегеніміз – қоғамның табысы аз мүшелеріне қаржылай көмек ретінде көрсетілетін үкімет бағдарламасы. Оларға жұмыссыздық бойынша жәрдемақы қарттар мен мүегдектерге берілетін зейнетақы және әл ауқаты нашар отбасыларға берілетін әлеуметтік көмектер жатады. Әлеуметтік қорғау жүйесі - әлеуметтік тәуекелділік пайда болатын жағдайда тұрғындарды қолдаудағы экономикалық құқықтық және ұйымдастырушылық мінезді қамтитын мемлекеттік шаралардың кешені болып табылады әлеуметтік қорғау жүйесі адамның барлық өмірлік жолын қолдауды және барлық өмірлік жолда оның құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауы керек.

Тұрғындардың әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекетті әлеуметтік саясаттарының басты бағыты болуы керек. Ал бұл жағдайда әлеуметтік саясат мемлекеттегі саясаттың бір бөлігі болып табылады және өз ішінде мынадай бағыттарды қосады:

1) жұмыспен қамту саласы және салалар бойынша жұмысшылардың кірістік қалалай теңестіру керек екендігін.

2) жекелей жұмыспен, категориямен қамтылғандардың кірістерінің деңгейін қалай өтелуін керектігін

3) тұрғындардың жұмыспен қамтылғандарды реттеудің белсенді әдістерін қолдану.

Кез келген елдің экономикалық жүйесінің функциясын қамтамасыз етуге басты рольді мемлекет атқарады. Әлеуметтік қорғаудың талай ғасырлар бойы негізгі субъектісі болып мемлекет табылады, яғни олар әлеуметтік қорғаудың қызметін жүзеге асыратын институттар мен ұйымдар.

Мемлекет өзінің барлық өмір сүру тариихында ішкі тәртіпті, заңды сақтау, ұллтық қорғанысты ұйымдастыру сияқты бірқатар міндеттемелер мен бірге экономика саласында белгілі бір қызметтер атқарады. Яғни ақаш айн. реттеу, салық жинағын ұйымдастыру және т.б. Ал қазіргі жағд-да кез-келген дамыған нарықтық экономика мәні бойынша аралыс экономика мемл.сектордағы еркін кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің ұлттық шаруашылықты реттеуі де жатады.

ҚР әлеуметтік сфера құрылымы.

Әлеуметтік инфрақұрылым


денсаулық білім беру тұрмыстық көлік және тұрмыстық мәдениет,

сақтау ғылым номиналды байланыс қызмет өнер,

шаруашылық көрсету туризм


Әлеуметтік индикаторлар

еңбек тұрғындардың тұтынушы жұмыссыздық тұрмыстық білім берудің

ресурстық ақшалай нарығының деңгейі жағд. және мәдениеттің,

саны (экономикалық табыстарының жағдайы (кедейшілік) коммуналды денсаулық

белсенді және деңгейі қызмет сақтаудың және

белс.емес көрсетулер демалыс деңгейі

тұрғын

Әлеуметтік қорғау


Тұрғындарды әлеуметтік қорғауда 2 негізгі механизмді бөліп көрсетуге болады:

  • міндетті әлеуметтік сақтандыру жұмыспен қамтылған тұрғ. барлығы.

  • әлеуметтік көмек – тұрғ. басқа категориясына әртүрлі көмек көрсетулер мен төлемдерді төлеуді жүзеге асырады.


2. Әлеуметтік саясаттың негізінде өндірістік-қоғамдық өнімді тарату жатыр. Бұл таратудың принциптері әртүрлі болып келеді және лоарды мынадай түрде бір-бірімен бай-ты болады.

- Либералды модель. Ең бастысы жеке тұлғаға сүйене отырып, минималды түрде тұрғындардың өміріне мемлекеттік жағынан әсер ету.

- Әлеуметтік-демократиялық модель. Мемлекеттің арнайы ролін қарастыра отырып, тұрғындардың әртүрлі топтар арасында кірістерді қайта таратуды және әлеуметтік нашар топтардың қажеттіліктерін есептеуді жүзеге асырады.

- Кеңестік модель. Бұл модель мемлекеттің жеке меншігіне өнд-ң орталықтандырылған реттеуіне және таратылуына сүйенеді.

- Дамып келе жатқан елдерде қабылданған модель. Бұл жерде ресурстың жағдайына байланысты әлеуметтік саясат өз алдына үлкен мақсаттарлы қояды, яғни бұл мақсат кедейшілікті жою, антисанитарлық және де эпидемияға қарсы шаралар жүргізу, әлеуметтік нашарлық күрес жүргізу.

Әлеуметтік саясат мыналарды қамтуы тиіс:

тиімді демографиялық саясат

• адамдық капиталдың дамуы мен кедейшілікті төмендетуге жағдайлар жасау

• қоғамдық капиталды дамыту немесе халықтың қоғамдық өміріне қатысуы мүмкіндіктерін кеңейту

Осы спецификаға байланысты тұрғ-ды әлеум. қорғауда келесідей белгілерін бөліп көрсетуге болады:

1) Объективті негізделу-адам өмірінің анықталған деңгейін қамтамасыз етуге және оны қолдауға бағытталған механизм.

2) Өмір сүру үшін әртүрлі әдістер мен тәсілдерді ұсыну

3) Әлеуметтік қорғауда ұсынылған ережелерді қорытындылау.

ҚР-дағы тұрғындардың әлеуметтік қорғау жүйесі



Әлеуметтік төлемдер Әлеуметтік қызмет көрсетулер

Әлеуметтік қамтамасыз Әлеуметтік көмек Әлеуметтік көмекті үйлерде

ету (зейнетақы- (адрестік әлеуметтік көрсету, дәрілік әлеуметтік қамсыздандыру, суды

ларды,мемлекеттік жәр- көмек, тұрмыстық кө- өнімдермер қамтамасыз ету протезна артепидиялық өн-

демақыларды төлеу) мек, туған балаға төле- імдермен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтік қызмет

нетін бір уақыттық тө- көрсету.

лемдер
Сондықтан әлеуметтік қоғаудың құрылу принциптері:



  • Шаралардың адрестілігі

  • Көмектің түрін және өлшемін анықтаған кездегі дифференцияларын жағдай қолдану

  • Бірнеше түрлі ұсынатын әлеуметтік көмектің кешенділігі

  • Әлеуметтік қорғаудың мақсаттарын шешуге тұрғ-ң барлық деңгейлерінің әлеуметтік бірігуі және кеңестілігі.

СӨЖ: ҚР-ң әлеуметтік саланы реттеу реформаларының негізгі бағыттары



13. Дәріс. Экологиялық реттеу бойынша мемлекеттік іс-шаралар жүйесі
Дәріс мазмұны
1. Қазақстанның табиғатты қорғау органдарын мемлекеттік басқаруы

2. Қ-ның қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға арналған заң шығарушылық базасы

3. Табиғатты пайдаланудағы экономикалық құралдар

4. Қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық ұйымдар


1. ҚР-да табиғатты қорғау істерімен басқаруды мемлекеттік заң шығару, атқарушы және билеуші, құқықтық тармақтар азаматтарлың бірлемтігін және басқа да қоғ-қ ұйымдар іс әрекеттерді реттеп отырады. ҚР-ң Конституциясы мен табиғатты қорғау сұрақтарымен заң шығарушы қызметтері ҚР-ң Парламентіне жүктелген. Жер және оның қойнауын, орманын, суын, өсімдік және жануар әлемдерін және т.б. табиғат ресурстарын игеру құқықтарын белгілейді. Қоршаған оратаны қорғауға және биосфераның жекелей бөлімдерін қорғауға арналған заңдарын құрастырады және дамытады. Мемлекеттің экологиялық саясатын және ресурстарды қолдану мен қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық қатынастарды орнатады.

ҚР-ң министрлер кабинеті атқарушы орган ретінде ауылшаруашылықтың басқару салалары мен т.б. заңдардың орындалуы және т.б. мемлекет қоршаған ортаны қорғау және табиғатты дұрыс пайдалану актілердің орындалуын және дұрыс бағытта жүлгізілуін қадағалайды. Сонымен қатар мемлекеттік комитеттердің және осы сұрақтарға байланысты облыс әкімшіліктердің істерін басқарады. Мемлекеттік орган білім беру және ғылыми министрліктері табиғатты пайд. саласында алты техника мен технологияларды жасау және енгізу, табиғи ресурстарды қорғау, оны сақталуы мен қайта қалпынр келтіоһру сұрақтарын басқарады.

Денсаулықты сақтау министрлігі-қоршаған ортаның жағдайын адам денсаулығына зиянды келтіру мақсатында ведомствалық бақылауды жүргізеді. Ауыл шаруашылық химиялық жабдықтарды қолдануы, өсімдіктер мен миниралды ресурстарға зиян келтірмеуі, «Жер кодексі» бойынша сақталуына бақылау жүргізеді.

Ішкі істер министрлігі. Атмосфералық ауаның және су қойнауларын тұрақты техникамен қорғалуын, ережелердің сақталуын қадағалайды. Практикалық табиғатты қорғау ісінде мемлекеттік басқару және табиғат орталарын қорғау органдарымен қатар бұл істе маңызды орынды халықтық ынталы көмегіне сүйенеді.(жасылдар, табиғат достары, Green peace және т.б.) табиғатты қорғау ұйымдары бүгінгі таңда үлкен күшіне айналуда.


2. Қазақстанның парламенті мен бұрынғы жоғарғы Кеңесімен «Табиғатты пайдалану, қорғау және қайта қалыптастыру және табиғатты қорғауға байланысты» келесі заңдар мен кодекстері қабылданған:

1. 1980ж. «Атмосфералық ауанын қорғау жағд-ғы заң»

2. 1990ж. «Жер кодексі»

3. 1991ж. «Қоршаған ортаны ұорғау туралы заң»

4. 1992ж. «Халықтың денсаулығын қорғау заңы», «Жер қойнауы мен миниралды шикізатты қайта өңдеу Кодексі»

5. 1993ж. «Орман Кодексі», «Су Кодексі», «Жануарлар әлемін қорғау, қолдану, қайта қалпына келтіру заң»

«Қоршаған орта Заңы», «Табиғатты қорғау» заңын бұзғаны үшін қоршаған ортаға залал келтірсе немесе оның болуына шынайы қауіп тудырса әкімш. және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қоршаған ортьа заңдарының тәртіптерін бұзған жауаптылар (қызметшілер), басшылар, ұйымдар, мекемелер дисциплинарлық жауапқа тартылады.

Негізінде бұл бұзушылықтар жеке және глобалды қатерлікті туғызбайды. Соның ішінде жаза түрлері: байқау, ескерту, қатаң ескерту, төмен жалақылы жұмысқа ауыстыру, жұмыстан босату. Бұл салалар көбінесе тәрбиелік мәнде өткізіледі. Қызметшілер және азаматтар табиғатты қорғау заңдарын және оған келтірілген залалдары үшін материалдық жауап-кершілікке тарталады. Қызметшілерге сыйақы бермеуімен шығынды төлеумен, ал азаматтарға штрафтарды төлеумен жазаланады. Бұл шаралар броканиерлермен табиғат қолдану ережелерін бұзу шараларға бағытталған. Әкімшілік жауапкершілікке қызметшілер мен азаматтар ластанған ортада стандарттардың жоғалуына рұқсат етсе броканиерлікті тартса және табиғатты, ресурстарды дұрыс пайдаланса осы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен табиғи ортаның тұтастық даму заңдарын ескеруде сапалы жана сипаты қажет. Қажетті кешенді шаралар бүгіннің өзінде жүзеге асырылуда. 2001-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны сактау жэне табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудьщ мемлекеттік бағдарламасы әзірленді, онда табиғи ортаның қазіргі күй-жайына бағалау берілген. Табиғатты ұтымды пайдаланудьщ стратегиялық мақсаттары мен міндеттері белгіленген және жақын арадағы жылдарға қоршаған ортаны сауықтыру шаралары анықталған. Нарық жағдайында табиғи ортаның элементтері сатып алу-сату объектілерімен анықталады, шаруашылық қызметі өнімінің кұн формасы болатыңдықтан, оларды бағалау кажеттілігі бар, ал табиғат ресурстарының кептеген түрлері тек еңбек заттары ғана болып қалмайды, сонымен бірге оньщ нәтижесі де болады.

Ғасырлар тоғысында (XXI ғасырдың табалдырығында) Қазақстан экологиялык дағдарыс аймағында болып шықты. Арал Қазақстан табиғатын «экологиялық инфаркке» әкелді. Кәсіпорындар мен табиғат арасындағы байланыс жүйесін ашу тек адамды қоршаған ортаның өзгеруін болжап қана қоймайды, сонымен бірге оған парасатты әсер етуге мүмкіндік береді. Егер кәсіпорынның дамуы нарыктық қатынастарды ойдағыдай шешумен баштанысты болса, онда бүл процесте кәсіпорын деңгейімен қатар экологиялық проблемалар басынды орындардың бірін алады. Бүгінгі экологиялық жағдай экологиялық мәдениеттің төмендігін, біліксіздігін, адамның сезіну санасының таяздығын корсетеді. Қазіргі кезде биосфера табиғи тепе-теңдікті сақтай алмайтын жағдайда. Адам экологиялық факторларды реттеу атқарымын бірте-бірте өзіне алуда. Табиғатқа келтірген зияны үшін ешкім де дербес жауап бермейді.

Адам мен табиғат арасындағы қатынас үдерісі ең алдымен кәсіпорынның еңбек қызметімен реттелуге тиіс. Табиғи ортаның жағдайы нарыктық қатынастардың дамуын киындатады немесе тездетеді. Неғұрлым табиғи орта жақсы болса, солғұрлым нарық-тық қатьшастарды дамыту жағдайы жақсара түседі жэне өндірістің шапшаңдатылған түрде алға басуына әсер етеді. Кәсіпорынның өнім өндірудегі көлемі белгілі бір шамада қандай табиғи ортада өтуіне де байланысты болады. Сондыктан кәсіпорындар мен табиғи орта арасындағы қатынастардың нарыктық негізі болуга тиіс. Мұнда кәсіпорын тек өз мүдделерін ескеріп қана қоймай табиғи ортаға әсер етеді және оның ресурстарын ұтымды пайдаланады.

Табиғи орта кәсілорынға пайдасын тигізеді, бірақ дұрыс пайдаланбаған жағдайда ол теріс әсер етуі мүмкін. Осындай теріс жағдайды жою белгілі бір шығынды талап етеді. Қазіргі кезеңде кейбір табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін кәсілорындар төлемейді, олар ресурстарды ұтымды пайдалану мен болған шығысты үнемдеуді шарттастыратьш технологаяны әзірлеуге мүдделі емес. Мүның нәтижесінде бүгінгі күні топырақтың кұнарлылығының төмендеуі, оның құрылымыньщ нашарлауы, жүз мыңдаған гектар жерді істен шығаратын эрозияның дамуы, жердің сортаңдануы мен су айдынының ластануы сияқты үрдістер кауіп-қатер тудыруда. Қолайлы қоршаған ортаның материалдық қүндылыктарды үдайы өңдіру үдерісінде әрқашанда қажетті шарты және құрамдас элементі болды. Оның бұзылуы өндірістің шикізатпен қамтамасыз етілуін қысқартады.


3. Табиғатты пайдалану механизмі, нарықтық көзқараста ұсталуы қажет. Бірақта бұл сұрақ мемлекетпен қадағаланады. Бұл экономикалық институттар саласында: салықтық саясат, субсидиялар және жеңілдетілген несиелеу, айппұлдар, қоқыстыру, ластаумен байланысты төлемдер, «қайтарым принциптерін» қолдану керек.

Табиғатты пайдалану заңдары айппұл салу арқылы ғана емес, ол қоршаған ортаны ластанудан сақтайтын техникаларды енгізуі үшін мекемелерге әртүрлі жеңілдіктерді белгіленеді (қалдықсыз технологиялар), табысы аз шығынды кәсіпорында жоғартылған толық құнын төлеуі, оларды қолайсыз тұғырыққа әкелір тіреуі мүмкін, өйткені олардың тапқан табыстары басқа салаға жұмсалады, ал ірі кәсіпкерліктер экологиялық мәселелер туралы ойламай, айыппұл төлей салғанды жөн көреді. Өйткені олардың табысы шығындарынан әлдеқайда жоғары. Бұл жерде экономикалық санкцияларға мекемелердің «сезімталдық шегі» мүмкіндігін ескеру керек. Сондықтан әр мекемеге жекелей жан-жақты талдаудан кейін, оның экономикалық жағдайына қарй айыппұлды белгілеу қажет.

Ластау құқығын сатуда нарықтық механизмнін дамуына үлкен мүмкіншіліктері бар, Бұл нарық АҚШ-та белсенді дамуда. Мұндай нарықтық басты принциптерінің бірі қоқыстар мен лақтырулардың иелену құықтары болып табылады Бұларға белгіленген мемлекет (норма) енгізілген.
4. Табиғатты қорғау мәселелеріне арналған 1-ші халықаралық жиналыс 1971 жылдың сәуір айында Чехия елдерінде өткен. 1972ж. Стокгольм қаласында БҰҰ-ң «қоршаған орта жөніндегі» конференциясы ұйымдастырылған. Көптеген экол-қ мәселелерді бірнеше мемлекеттер қосылып, БҰҰ және халықаралық үкіметтік емес ұйымдарының басшылығымен шешуге тырысады. Ондай үкіметтік емес ұйымдар: Кеңес Одағы «Бағдарлама» деген атпен жұмыс істей алады:

1. «Халықаралық ғылыми Одағы». Бұл одақ әлемнің мемлекеттердің ғылыми одақтарымен академияларының қосады және ғарыштық-кеңестік Антрактиданы, әлемнің мұхиттарын зерттеумен айналысады. Қоршаған орта мәселелерін халықаралық бағдарламаларда қарастырады.

2. «Қоршаған орта жөніндегі ғылыми комитеті». Осы комитет табиғи ортаны бақылау мәселелерімен айналысады және биохимиялық циклдарды, қоршаған ортаның токсикалогиясын құрастырады.

3. ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасы. Тропикалық және субтропикалық эко жүйелрдің, орман ландшафтерінің, адам ісінен соң экологиялық зардаптардың күшеюін қарастырады.

4. «Халықаралық табиғатты қорғау одағы». Осы одақ табиғат байлықтарын ұтымды пайд-у және қорғау мәселелерін зерттейді.

5. «Дүниежүзілік денсаулықты сақтау ұйымы». Қоршаған ортаны санитарлық тазалық жөніндегі мәселелерді бағалайды және бақылайды.

6. «Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым». Жер шары ауасындағы құьылыстарды және өзгерістерді бақылайды.
СӨЖ: Қоршаған ортаға зиянды әсер етуді төмендетумен ресурстарды ынталандарудың негізгі жолдары және мемлекеттік шаралары.

СӨЖ: Ауыл шаруашылығындағы жерлерді тиімді пайдалану мен оның өндірісті ұйымдастыру технологиялық негіздермен байланысты мәселелер.



14-Дәріс. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу

Дәріс мазмұны
1. Сыртқы экономикалық сегментті кедендік тарифтік реттеу

2. Тарифтік емес шектеулердің түсінігі және түрлері



3. Валюталық жүйе және оның түрлері

4. Валюталық реттеу және валюталық саясатты жүргізу формалары

5. ҚР-ның валюталық саясаты
1. Нарықтық қатынастар қайта құрудың кұрылымдық барлық аясында жэне экономика салаларында қамтамасыз етуге мүмкіндігі мол сыртқы экономикалық байланыстар жүйесін құруды қарастырады.

Сыртқы экономикалық байланыстар рынокты әр түрлі тауарлар мен қызмет түрлерімен толтыруда үлкен маңызды орын алады. Сондықтан сыртқы экономикалық байланыс отандық экономиканы дамытудағы ынталандыру күші болып табылады. Олар тұрақты жэне өзгерісті капиталдың элементтерін арзаңдатады, бұл өңдірістің шығынын төмендетумен бірге, сондай-ақ экономиканың өсуін де тездетеді. Одан басқа, сыртқы экономикалық байланыс экономиканың құрылымын оңтайлы қалыптастыруға мүмкіңдік берумен бірге, ыңғайлы стратегияны әзірлеп, әрі оны жүзеге асырады, нарыктағы монополияның ықпалын әлсіретеді, басқарым шешімдерін тездетіп, сапаны күшейтеді жэне бәсекелестікті жоғары деңгейде ұстайды.

Тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін, сыртқы экономикалық байланыс географиясы айтарлықтай кеңіп жэне олардың бағыты өзгерді. Егер, 80-жылдары Қазақстанның сыртқы сауда айналымының 90 пайызы бұрынғы одақтық республикаларға келетін болса, ал 2003 жылы бұл көрсеткіш 35 пайызға төмендеді. Қазақстан экономикасы жан-жақтағы хальщаралық қатынастарға шынайы тәуелді.

Сырткы рынокқа шығу мемлекеттің сыртқы экономикалық доктринасының қалыптасуын, дамудың үстемдік берілген бағытының белгіленуін, ұлттық экономиканың сыртқы элемдегі сыртқы экономикалык байланыстардың нақты орнатылуын талап етеді.

Бүгінгі күн жағдайында, әлемдік рынокта жеке кәсіпорындар емес, туыстас қоғамдастықтар мен түйіндес салалар өмір сүріп отырғанда, Қазақстан экономикасында кластерлерді қалыптастыру үшін мақсатты бағытталған саясат жүргізу қажет. Бұл кәсіпорындар мен ұйымдар сыртқы сауда операциясын жүзеге асыру кезінде біраз шектеулерге кездесуінен болып отыр. Қазіргі кезде кәсіпорындар сыртқы рынокта өз беттерінше жұмыс істеуге әзір емес.

2003 жылы Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы 14,2 млрд долл. құрап, 20 пайызға өсті. Экспорт көлемі импорт көлемінен 1,5 есе асып, көбейді. Оның құрылымын 65 пайыз минералды өнімдер. 21 пайызды металдар құрайды. 2004 жылы сәуір айында қабылданған «Сауда кызметін реттеу туралы» Заң сыртқы сауда төңірегіндегі жалпы әлемдік стандартқа тұтастай бағытталған. Ол Заң барлық мүмкін айырбас заттарын тек мемлекет ішіндегі аймақтармен ғана емес, барлық мемлекеттер арасындағы сауда қарым-қатынастарын да қарастырады. Бүгінде Қазақстанға шетелден көп жағдайда физикалық және моральдық жағынан тозған технологиялар әкелінуде. Әрекет етуші зандылыктармен инновациялық қызметтің осы саласы реттелмейді.

Сыртқы сауда мемлекетінің экономикалық деңгейі мен саяси дамуының маңызды индикаторы (көрсеткіші) өндірістің көрсеткіштерін өз көрсеткіштерімен басып озу бойынша әлемдік сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі нысандарының бірі болып табылады. Республика бэрінен бұрын экспорт-импорт (сыртқа шығару-сырттан әкелу) квоталауды (үлестеу) ауыстырып, сыртқы сауданың ырықтандырылуы үшін маңызды қадам жасайды. Экспорт пен импортқа тыйым салу тек лиңензиялауға байланысты өте шектелген номенклатуралы (тізімдемелі) ерекше тауарларға ғана сақталған.

Сыртқы сауда өзара шарттарын тіркеу талабы күшін жойған. Импортгьщ тарифтік мөлшерлемесінің шегерім ақысы 5-12 пайыз көлемінде белгіленген, экспортқа кедендік салық күшін жойған, азық-түлік бағыттағы тауарлардың импортына кейбір жеңілдіктер белгіленген. Сырттан әкелудің кейбірі шетел инвестициясының есебінен жүзеге асады. Сыртқа шығарьшатындардьщ ішінде шикізат тауарлары, ал сырттан әкелінетіндердің ішінде түтынушыльщ тауарлар басымдыққа ие.



Бүтінгі күні республикада еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне кері әсерін тигізетін сыртқы сауданы мемлекеттік реттеудегі тиімсіз жүйе жұмыс істеуде. Егер 80-жылдары сыртқы саудада ішкі жалпы өнімнің айналымы тез төмен түссе, соңғы жылдары Қазақстанның әлемдік саудадағы үлесі өсе түсті. 2004 жылы республиканың сыртқы саудадағы айналымы 14,2 млрд долларды құрады. Бүл еліміздің экономикадағы ашыктығын көрсетеді. Қазақстан өнімдерін негізгі сатып алушылар: - Швейцария — 17,4; Ресей Федерапиясы — 15,4; Қытай — 12,1; Италия - 11,4; Франция - 7,3; Иран — 4,3 пайыз. Негізгі шеттен жеткізілетін өнімдер: Ресей Федерациясы - жалпы импорт көлемінің 38,8 пайызын құраса, Германия — 8,5, Кытай - 6; Украина — 5,9, АҚШ - 5 , Жапония — 3,2 пайыздарды құрайды. Бұл Қазақстан экономикасының сыртқы саудаға тәуелді қиын жағдайын көрсетеді. Әлемнің барлық елдері жалпы нарық заңымен дамиды, бұл халықаралық қатынастардағы экономикалык сипаттың басымдылығымен байланыстырады. Тұтыну кұрылымы ұдайы күрделеніп, ресурстардың қашықтығы мен жеткіліксіздігі әрдайым айырбас мүмкіндігін талап етеді.

Сыртқы сауданың қажеттігі, ол отандық экономиканы дамытудың ынталандыру құралы болғандықтан, үкімет соңғы жылдары сыртқы сауданы дамытуды ынталандыру үшін бірнеше шаралар қабылдады:

  • сыртқы сауда қызметін басқаруда өзара шарт жүйесін енгізді;

  • үлттық экономикада шетел капиталын белсенді пайдалану;

  • еркін экономикалық аймақтың әр түрлі нысандарын қүру;

  • 1999 жылдан АҚШ долларымен ұлттық валютаның ара қатынасын бірыңғай реттеу енгізілді.

Сыртқы экономикалық байланыстарды тиімді ұйымдастыру мен олардың механизмдерінің басқарылуы көптеген жағдайда байланыстардың жіктелуімен анықталады.

Сыртқы экономикалық байланыстардың екі ондыққа жуық әр түрлі нысандары бар: олар - сырткы сауда, халықаралық кредит, лизинг, заем, инжиниринг, маркетинг, жұмыс қолының көші-қоны, өңдірістің өзаралық кооперациясы, ғылым саласындағы айырбас, техникалар мен білім, валюталық-кредиттік карым-қатынас, еркін экономикалық аймақ құру, капиталды шығару, біріккен кәсіпкершілік және т.б.

Сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі нысаны болып, сыртқы (халықаралық) сауда болып табылады. Мұндай жағдайда еңбекті халықаралық бөлісу мен мамандандырудың мақсатқа сәйкестігі және басымдығы айқын болады. Сыртқы сауда Қазақстан үшін өте маңызды, яғни, амалсыз қажеттіліктің қарым қатысынан туындаған өндірістік және халықтық тұтынушылар үшін импорттық тауар сатып алуды мұнай, астық, сирек металдар мен алюминийді экспортқа шығару есебінен 50 пайызға өсірген. 2000 жылдан бастап Қазақстанның сыртқы саудадағы ішкі жалпы өнімінің айналымдағы үлесі қомақты өскенімен, элемдік саудадағы үлесі өте төмен, ол жалпы пайыздың жүздеген бөлшегіне тең.



Соңғы жылдардағы ІЖӨ-нің сыртқы саудадағы айналымының жоғары үлесі Қазақстан экономикасының ашықтығын көрсетеді. Экспорт пен импорттың тарифтеріне жеңілдікті қамтамасыз ететін сыртқы саудадағы шектеуді әлсірететін бірнеше заңдық қүжаттар қабылданды. Қазақстан Республикасьшың сыртқы экономикалық байланыстарьында Азия елдерімен сауда ынтымақтастығы негізгі бағыттардың бірі (10-кесте).

Қазақстанның экспорты мен импортының тауар айналымында Қытай, Иран, Түркия, Оңтүстік Корея, Жапония ең көп үлес алады. Бірақ Азия елдерімен сыртқы сауданың дамуыңда Республиканың барлық мүмкіндіктері іске қосылмаған. Қазақстан мен Қытай арасында екі ара қарым-қатынасын реттейтін 30-дан астам халықаралық келісімдерге қол қойылған. Қазақстан мен Түркия арасындағы сыртқы экономикалық байланыс күшейе түсуде.

Халықаралық сауда саласында негізгі саясаттың 2 түрі бар:

1. Халықаралық сауда саясаты

2. Сыртқы сауда саясаты

Халықаралық сауда саясаты – хал-қ сауда саласында жалпылама қабылданған саясат.

Сыртқы сауда саясаты – атауымен мемлекеттік басқа елдермен сауда қатынасына бағытталған іс әрекетін түсіндіреді.

Сонымен қатар сыртқы сауда саясатының негізгі 2 бағыты бар:

1. Еркін сауда саясаты

2. Протекционизм


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет