ОҚУ-Әдістемелік кешен «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша


Дәріс. Болжау және жоспарлау мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері ретінде



бет3/9
Дата08.06.2018
өлшемі237,12 Kb.
#41607
1   2   3   4   5   6   7   8   9

4 Дәріс. Болжау және жоспарлау мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері ретінде

Дәріс мазмұны

1. Макроэкономикалық теорияның құрамды бөлігі ретінде болатын экономикалық саясат теориясы ЭМР қажеттілігін, нарықтық дамымауымен байланысты әртүрлі белгілерімен түсіндіріледі. Оған келесілер жатады:

- Бәсекелестіктің болмауы. Әртүрлі салалардағы аймақтық нарықда монополияның пайда болуынан көрінеді. Егер мемлекет өзінің бағасының реттеуіне әсер етпесе, қоғамның жағдайына залал келтіреді.

- Қоғамға қажетті нарықта ұсынылмайтын немесе аз мөлшерде ұсынылатын көптеген тауарлардың болуы. Осындай тауарлар негізінде, қызмет көрсет формада: білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет және т.б. салалар.

- Сыртқы әсерлер. Мысалы, қоршаған ортаның ластануы, заңды және жеке тұлғаның, шаруашылық субъектінің қоғамға экологиялық зиянын тигізу.

- Толық емес нарықтар. Мысалы, сақтандыру қызм. көрсететін нарық. Оның ішінде медициналық және зейнетақы қызметтері.

- Мәліметтердің жетілмеуі. Көптеген жағдайларда мемлекеттің белсенді қатысуынсыз өндіре алмайтын қоғамдық таурларды білдіреді.

- Дағдарыс және дипрессия уақытында көбінесе анықталатын жұмыссыздық, инфляция, экономикалық теңсіздік.

- Табыстарды артық, не кем емес қылып бөлу.

- Нарықтық емес мемлекет қоғам тұтынуды міндеттейтін. Мысалы, білім беру, міндетті тауар саны.

ЭМР- мемлекеттің қоғамның шаруашылық өміріне әсер ету процесі және белгілі бір концепцияға негізделген мемлекеттің экономикалық және әлеуеуметтік саясаты іске асатын әлеуметтік процестер. Сонымен осындай жағдай қойылатын мақсатқа жету үшін мемлекеттік реттеу. Белгілі бір құралдар жиынтығы қолданылады.


2. ЭР-ң өзара байланысты болатын мақсаттың кезеңдері бар. Негізгі орталық мақсаттары экономикалық дамуды оның әлеуметтік салаларын қоса алғанда және қоғамдық тұрақтылықты ұстап тұру үшін жағымды жағдай қалыптастыру болып табылады Қалған барлық мақсаттар осы 2 мақсаттан шығады. Бірақ , олардың уақыт өтуіне әртүрлі факторларға байланысты өзгереді және өзара тығыз қарым-қатынаста бола тұрып, өзара алмасады.

Батыста көптеген ғылыми және оқу басылымдырында мемлекеттік ретттеудің 4 негізгі мақсаттарға бөлінеді:

1) Жұмыссыздықты төмендету

2) Бағалар тұрақтылығы

3) Ішкі өнімнің өсу қарқынын қамтамасыз ету

4) Сыртқы экономикалық тұрақтылығы

МР-ң осы негізгі мақсатынн әртүрлі 2-ші деңгейдегі мақсаттар шығады. Оларға

• табыс артуына және бәсекенің дамуына жағымды жағымды институтционалды жағдайларды жасау.

• Экономикалық өсуді ынталандыру,

• ЭТПроцесзациясы, экономикалық циклді реттеу.

• Әлем нарықтарында ұлттық өндірушілердің жоғары бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету

• Сыртқы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Ұлттық шаруашылықтағы ЭМ негізгі бағыттарына және ұлттық нарықта тұрақтылықты қалыптастыруға жалпы және жеке элементтер бойынша өндірістік күштеу жүйесін реттеу, экономикалық меншік қатынасын реттеу жатады. Дамыған нарықтық экономика жағдайын мемлекет өзінің мақсаттарын іске асыру үшін экономикалық және экономикалық емес фактор болатын жалпы заттар жиынын қолданады. Оларға келесі құралдар жатады:

1) әкімшілік- құқықтық құралдар

2) мемлекеттік қаржылар

3) ақша- несиелік құралдар

4) сыртқы экономикалық құралдар

1. Әкімшілік құқықтық құралдар деп негізгі экономикалық тұақтылықты қалыптастыруға бағытталған құралдарды айтамыз. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің барлығында енгізілген шаруашылық құқық бар.

2. Мемлекеттік қаржылар батыстың барлық елдерінде мемлкеттік реттеудің негізгі құралы ретінде мемлекеттік қаржылар болады, яғни дамыған елдердің 1/3-1/2 ЖҰӨ қайта бөлетін мемлекеттік бюджеттің және әлеуметтік сақтандыудың орталықтандырылған қорларын қалыптастыру және қолдануға бай-ты құралдар.

3. Ақша-несиелік құралдары:

- Орталық эммисиялық бағыты есеп ставкасының өзгеруін, яғни ортаылық банктің, жеке меншік банктердің коммерциялық вексельдерді сатып алу кезінде процентін өзгерту

- минималды резервтер нормасының өзгеруі қор. нарықтағы операцсялар, яғни орталық және коммерциялық банктер арасындағы болатын мемлекеттік бақылау аппораттарын сату, сатып алу. Ақша-несиелік құралдар көлемімен мемлекет Орталық банк негізінде ақшалай және несиелік көлеміне ықпал етеді.

4. Сыртқы экономикалық құралдар.

Батыс елдердің сыртқы экономикалық қатынастардың әртүрлі жағдайларына әсер етуді (саудаға, капитал миграциясына, жұмысшыкүшіне). Оған кеден және отандық импортерлерге салықтық жеңілдіктер, шетел инвесторларына нарықтық жеңілдіктер шетелге жұмысшы қүшін тартуға негіздеген квоталар, валюталық биржаларда айырбас курстарды тұрақтандыруға бағытталған. Орталық банктің ұлттық валютаны сатып алу сатуға жатады.

3. Мемлекеттің экономикаға араласуы заңмен реттелген және логикалық жүйеге сәйкес келуі арқылы шаруашылықтың дамуына белсенді әсер етуімен түсіндіріледі және реттейтін әртүрлі және өзара байланысты кешендерді қосады. Мемлекеттің экономикаға ықпалы функционалды тиімділіктің негізгі тәртібін сақтауға бағытталған. Қазіргі нарықтық шаруашылықты өкімет экономикалық (жанама) және әкімшілік (тура) әдістерімен ықпал етеді. Экономикалық әдістердің өзгермелі мағыналары бар. Олар: нарықты функционалдау механизміне жеткілікті жұмыс енеді әрі мемлекетке экономикалық үдерістерді әсер етуге рұқсат береді. Сондықтан мемлекеттің орналасуы туралы белгілі бір дәрежеде экономикалық және әкімшілік әдістермен шектеу шарты.


ЭМР-дің әдістері




Әкімшілік Экономикалық
Рұқсат Рұқсат Мәжбүр

етілуі етілмеуі ету Бюджеттік Ақшалай-несиелік

Жекелей Кейбір Кейбір сала Бюджеттік қорлардың 1) Ақша-несиелік

салалар-ң сала түрлерін қолданылуының ба- лік саясаты

рұқсат түрлеріне мәжбүрлікпен ғыттары мен түрлері 2) Салықтық , кедендік сая-

ететіндей тыйым салу енгізу сат

түрлері


Экономикаға мемлекеттің тура әсер етуі Экономикаға мемлекеттік жанама түрде әсер етуі.

Кез келген экономикалық әдістің өзінде әкімшілік шешім құралы арқылы іске қосылады және сәйкес мемлекеттік органдардың бақылауында болады. Экономикалық және әкімшілік әдістердің кейбір ұқсастығына қарамастан бір-біріне қарама-қарсы болады. Әкімшілік әдістер еркін таңдауды елеулі шектейді, ал экономикалық жоқ.

Экономикалық қатынастарға қатысушыларға қосымша стимулдар қалыптастырылады.


4. Экономикаға мемлекеттің қатысуын функциялар арқылы байқалады:

1) Экономикалық шешімдер қабылдау үшін құқықтық міндеттемелерін құру, мемлекет кәспкерлер қызметтерін, азаматтардың құқығын және міндеттерін анықтайтын заңдарды дамытады және қабылдайды.

2) Экономикалық тұрақтануы үкімет бюджеттік-салық саясатын және несие-ақша саясаты өндірістің құлдырауын жеңу үшін, инфляцияны төмендету баға мен ұлттық валютаның тұрақты деңгейін ұстап тұру үшін қолданады.

3) Ресурстарды бөлудің әлеуметтік құралдары.

Мемлекет жеке сектор айналыспайтын туарларды, қызмет көрсетуді өндірістерін ұйымдастырады. Ол ауыл шаруашылығын, байланыстың, көліктің дамуына жағдай жасайды және ғылымға шығыдарды айқындайды және т.б.

4) Әлеуметтік қорғау, әлеуметтік кепілді қамтамсыз ету. Соның ішінде минималды жалақы, зейнетақы, мүгедектерге, жұмыссыздарға жәрдемақы, әртүрлі көмектер.

5) Халықаралық-экономикалық қатынастардың дамуы.

5. Дәріс. Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері
Дәріс мазмұны
1. ЭМР-ң әдістері: әкімшілік және экономикалық

2. Эко-ны ұзақ мерзімге, орта мерзімге және күнделікті реттеудегі әртүрлі құралдардың үйлесуі.


1. Шаруа-қ жүргізудің нарықтық жүйесі бар елдерде мемлекеттік басқару 2 бағытқа бөлінеді:

- экономикалық



- әкімшілік

Әкімшілік басқару мемлекет меншігіндегі объектілер мен мемлекеттік ұйымдарға жүргізіледі. Мемлекет объектілерге қатысты мынадай құқықтарға ие:

• олардың қызмет етуі мемлекеттік жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес жүргізілуін талап ете алады

• басшыларын жалдап, тағайындап және ауыстыра алады.

• Объектілерді құру және жою, сатып алу және сату, оның табысын бөлуге, үйлесіне үміткер бола алады

• өзінің объект басқаруда өкілдікті мемлекеттік емес коммерциялық ұйымдар мен құрылымдарға табыстай алады.

• басты басқару құқығын өзіне қабылдай отырып, мемлекет тиімді жағдайда белгілі бір кезең аралығында сенімгерлік басқаруды енгізу.

• тікелей мемлекеттік басқаруындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тексеру және бақылау.

1) Тікелей мемлекеттік басқару объектілеріне мыналар жатады:

А) мемлекеттік бағдарламалар

В) мемлекеттік ұйымдар

С) мемлекеттік бюджет қаржылары

Д) мемлекеттік акция пакеттері

Е) аса маңызды объектілер мен ресурстар ( қарулы күштер, пайда қазбалары, ұлттық қорлар, тарихи ескерткіштер және т.б.)

2) Әкімш. мемлекеттік басқару субъектілері

А) мемлекеттің, биліктің атқарушы органдары

В) заң шығарушы және сот органдары

Экономикалық әдістер. Экономикалық басқару субъектілерге кәсіпорынға, компанияларға, кәсіпкерлерге, ұйымдарға, мемлекеттің бекітілген ережелер, нормалар, шектеулер арқылы ықпал етуі және ол бұл ережелердің мүлтіксіз орындалуы мемлекет тарапынан талап етіледі.

Экономикалық немесе жанама мемлекеттік реттеу ретінде ақшалай-несиелік инструменттер. Ақшалай-несиелік инструменттер 2 түрге бөлінеді:

1) Ақшалай эммисиясы, ірі қаржылық ставкасын орнату, Орталық банкте қаржылық инструментінің, резервті қорының минималды көлемін орнату және де бағалы бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік мекемелердің операцияларын жүргізу. (бағалы қағаздар нарығында)

2) Экспортты, импортты квоталар, лицензиялар, кедендік баж салықтар, салықтық тағайындамалар, салықтық жеңілдіктер, салықтық несиелер.

Мемлекеттің экономикаға араласуы мүмкін бағаның тең жайылған болып:

1) нарық экономикасы субъект (ойыншықтарын) жасап шығару

2) мемлекеттік секторды жасау және оны басқару

3) табыстарды қайта бөлу

4) экономикалық дамуын қарастыру

5) табиғи монополияны басқару, монополиялармен күресу

6) бағалар мен еңбекақыны қадағалау

7) есеп ставкасын қадағалау

8) эммисиялық қызметті жүргізу

9) салықтарды қадағалау

10) фирмалар мен комп-ң сыртқы экономикалық қызметін ынталандыру

ЭМР-ң негізгі формаларын қатастырсақ оның мұндай әсер етуінің бір аспектісінде баға қалыптастыруын біле аламыз.


Тура әдістер

Жанама әдістер

1) Бағалық субсидиялар

2) Акциздер

3) Қосылған құнға салық салу

4) Салықтан босату

5) Экспорттық субсидиялар


1) Сыртқы саудадағы үлесі

2) Кедендік баж салығы

3) Эмиссия

4) Реқаржылық

5) Кейбір салықтар




2. Экономиканы тікелей басқару негізінен әлеуметтік-экономикалық жоспарлау және бағдармалау арқылы жүзеге асырылады.

Жоспарлау экономиканы реттеудің бір бөлігі болып табылады Жоспарға оны толықтыратын болжау және экономикалық талдау жүргізіледі.

Болжау дегеніміз – белгілі бір объектінің болашақтығы жәй-күйі, даму жолдары туралы ғылыми дәлелдеу. Болжамдарды зерттеп, дайындау процесі болжау д.а. Болжау-қоғам өнімінің барлық саласында теория мен практиканы байланыстырып тұратын өте маңызды түйін болып саналады. Қоғам дамуының болжаудың негізгі бағыты болып экономикалық болжау саналады.

Экономикалық болжау - қоғамдық ұдайы өндіріс процесі, ал зерттеу заты экономикалық объектілердің даму заңдылықтары, болашақ жай-күйі экономикалық жоспарлау, әзірлеу әдістері. Сондықтан экономикалық болжау дегеніміз эономикалық процестің барлық әдіс тәсілдерін, құралдарын қолдануға экономикалық құбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық болжам жасау процесі.

Экономикалық болжау келесі 4 топқа жіктеледі:

1) болжау кеңестеріне байланысты:

ә) макроэкономикалық (халық шаруашылық)

а) құрылымдық (салааралық , аймақтық)

б) экономикалық кешендер (агроөнеркәсіптік, отынэнергия инвестициялық)

2) болжау мінездеме бай-ты

ә) оперативті (1 айға дейін)

а) қысқа мерзімді (1 ай-1 ж. дейін)

б) орта мерзімді (1 ж.-5 ж)

в) ұзақ мерзімді (5-15,20 ж)

г) алыс мерзімді (20-дан артық)

3) зерттеу объектісіне бай-ты:

ә) өндірістік қатынастың даму болжамы

а) ғылыми-техникалық процесс даму болжамы

б) халық шаруашылығының даму динамикасы

в) мемлекеи ресурстардың даму болжамы

4) функционалдық белгісі бойынша:

а) барлау болжамдары

б) нормативтік болжамдар


6. Дәріс. Экономиканы ақша-несиелік реттеудің негізгі механизмдері



Дәріс мазмұны
1. Ақша нарығы және мемлекеттің ақша саясаты

2. Экономикадағы ақша ұсынысына Ұлттық банктің әсері

3. Ұлттық банк қолданатын экономиканы реттеу құралдары

4. Коммерциялық банктердің қызметін реттеу


1. Нарықтық экономика өзінің қалыпты дамуында спецификалық ақша нарығы қалыптасады.

Ақша нарығы бұл-нарықтық ақшаға сұраныс пен ұсыныстың әсерлесуі нәтижесінде тұрақты пайыз ставкасы белгіленеді. Ол өзінің ақша бағасын елестетеді. Ақша нарығы өзіне ақша сұранысы мен ұсынысының әсерлесуінен қамтамасыз ететін институттарға қосады. Мемлекеттік ақша бұл несие саясатында ақша айналымын және несиесін реттейтін. Ақша-бірыңғай эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар.

Ақша несие саясаты-қоғамдық ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеудің маңызды тәсәлі. Нарықтық экономиканың өсуіне аса қолайлы жағдай жасау мақсаты болып табылады. Бұл Ұлттық банкпен жүргізіледі. Ақша эмиссиясын реттейді және коммерциялық банктерге несие беруді жеңілдетеді. Ұлттық банк арқылы жеке инвестициялық мерзімділікке, тұтынушының сұраныс динамикасына, баға деңгейіне әсер етеді. Елдегі ұйымның ақша айналымын жалпы мемлекеттік заңдармен реттеуді өзі ашық жүйесін жүргізеді. ҚР-ның ақша Республика Президентінің жарлығына сәйкес ұйымдастырылған «ҚР Ұлттық банкі» туралы 1995ж. 30 наурызынан бастап заңды күші бар. Жарлық ұйымның ақша айналымының құықтық нормалары мен формаларын белгілейді. Ол өзіне тұрақты ақша бірлігін, ақша монетасын, эммисиясын белгіленген бақылау тәртібін ақша айналымын ұйымдастыруды және реттеуді қосады. Ақша жүйесі өзіне тиесілі элементтерді қосады:


  • ақша белгілері мен түрлері

  • ақша бірлігінің атауы

  • эммисия тәртібі

  • ақша түрлері

  • валюталық бағам

Ақша белгілері мен түрлері егер 1991ж. 1-ші қаңтарына дейін айналымда қазынашылық билеттер б-са, онда қазіргі кезде ҚР-ң ақша белгілері, банкнота мен монеталардан тұрады. Оларды ұлттық құны бойынша барлық төлем түрлеріне қабылдауға міндетті. Ақша бірлігі атауы. ҚР ақша бірлігі 100 тиыннан тұратын 1 теңге болып табылады

Эммисия тәртібі. Қолма-қол ақшаны шығару оның айналымын ұйымдастыру Ұлттық банкпен банкноттар мен монеталарды сату формасында қолма қол ақшасыз эквивалент алу арқылы жүзеге асырылады. Ақша түрлері заңды төлем құралы болып табылады (қағаз немесе несиелік ақшалар). Валюталық бағам-бір елдің ақша бірлігінің қатынасы.



Экономиканы мемлекеттік реттеуде ақша-қарыз және қаржы шаралары қолданылады. Солардың ішіндегі шешуші жоғарғысы мемлекеттің орта мерзімді экономикалык бағдарламасы. Ол көптеген мақсаттар мен оны жүзеге асыру жолдарын қамтып салалық, ғылыми-техникалық бағыттарды біріктіреді.

Нарықтық қатынастарды реттеудің тарихындағы көптен пайдаланылып, танымал болғаны ақша-қарыз шаралары. Ақша-қарыз шаралары арқылы ЭМР мәні бос ақшаның сұранысының мелшері мен қарыз қүиыныц өзгеруінде. Олар қарызға қажеттілік пен салым түсуінің мөлшерін анықтайды, былайша айтқанда қарыз қаражатының үсынысын туындатады. Реттеу шаралары қарыз қаражатының мөлшері мен қүнына әсер етіп, халықшаруашылығының қарызға сүранысы мен оны пайдалану жолдарына ықпал жасайды. Ақша-қарыз шаралары: ақша шығару (эмиссия денег, латынша - выпуск), қарыз қүнының (учетная ставка) өзгеруі,қарыз көлемін шектеу, сақтық қордың шегін жылжыту, құнды қағаз сатудағы әрекет (операции на открытом рынке).

Ақша-қарыз шараларының негізінде жүргізілетін мемлекеттің экономикалық саясаты теңге саясаты (монетаристкая политика) деп аталады (латынша топеіа -ақша белгісі).

Теңге саясаты дамыған нарықты экономиканы меңзейді, заңды және ережелік әсерлердің қүрылымының тиімділігін, кәсіпкердің жеке адам мен қүқықтық бейпелердің қарызга басым түрде тәуелді екендігін түбегейлі сіңіргендігін, ақша қүнсыздануынын томендігІн, межеленетін немесе мүлде болмайтындығын көрсетеді.

Ақша көбейту (эмиссия денег) деген жаңадан басып шығару ғана емес, қолдағы бары мен алым-берімге қолданылатынының молаюы.

Ақша көбейтудің үш міндеті (функция) бар:

  1. Экономиканың қалыпты жүмыс істеуіне қатынас, төлем, қор тәсілдерімен, әлемдік ақшамен қамтамасыз ету. Халықшаруашылығының қызметіне керекті ақша мөлшерін белгілі кезеңдегі өндірілетін өнімнің, көрсететін кызметтің қүнымен, ақша айналымының жылдамдығымен есептеп шығаруға болады.

  2. Қиын-қыстау мезгілдерде басқа жол болмаған жағдайда мемлекет қаржысының кемтігін толтыру. Ол соғыс, төңкеріс, бүліну, қирау, тамырлы, үзақ дағдарыс салдарынан туындайды. Артық ақша шығару оның қүнсыздануын туғызып (инфляция латын сөзі іпГепІіо - вздутие) бағаның өсуіне, шаруашылықтың шырқын бүзуына, әлеуметтік шиеленіске апарып соғады. Ақша қүнсыздануының басты себептерінің бірі оның артық санын шығару.

3. Мемлекет орынды мөлшерде акшаны азайтып, көбейтІп экономиканы жандандырып, нарық шиеленісін тоқтатып, қымбатшылықпен күреседі.

Акшз көбейтудің реттсу мақсаттарының бір багыты үлттық теңгенің түрактылығын қолдау. Ата заңға байланысты үкіметке тәуелсіз мемлекеттің экономикалык саясатын жүргізуі орталық қаржы орны (банк, итальянша Ьапсо - скамья, орындық), ол жеке дара ақша көбейтуге қүқылы.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің қарыз жолдарын пайдаланушы басты саты орталык қаржы орны. Одан басқа қаржы саласында қызмет атқаратын мемлекеттік күрылымдарға мемлекеттік қаржы орындары, арнайы корлар, қаржы министрлігі мен мекемелері жатады. Олар қарыз беруге қатысады, бірақ ақша айналымы мен жекенін қарызға беретІн қаражатының өзгерісін реттемейді. Олар мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бөлінген қаржы, арнайы корлардағы жинақталған міндетті жарналар, өз қаржысы, тартқан қаржылардан жеңілдікпен бағытты қарыздар береді.

2. Ұлттық банк-жалпы мемлекеттік орган, елдегі банкнот шығаруға эммисиялық құқыққа ие елдегі жалғыз өнім құралы төлемдер мен қарыз қабылдауға міндетті.

Ұлттық банк банкнота мен валютаның керекті бөлігінің қажеттілігін, олардың жасалуын қамтамасыз етуді қолма қол ақша құралын жоюын және инкассациясын анықтайды. ҚР-да шығарылған банкноттар мен монеталардың атауы, құрамы, формасы және графигі болуы қажет. Банкноттар мен монеталар көрсетілген сипаттамалары баспада жарияланауы және ҚР-ның жоғарғы Кеңесінің валюта айырбастау құқығы бар. Ұлттық Банк ҚР-ның валютасының айырбасталғанын анықтағанда шетел мемлекетінің ақша бірлігіне қарап бекітеді. Қолма қол ақша айналымы банк кассасына тұрақты.

Екінші деңгейлі банктерге қолма қол ақша шоттары кореспонденциясындағы құрал жабдық қалдығының иемденуіне күш алады. Соған сәйкес операция кассадағы қолма-қол ақшаның лимиттік қалдығы белгіленеді. Сонымен қатар ақша айналымының көлемі банктердегі шоттар кореспонденциясындағы құралдардың болуына байланысты.

Ұлттық банк ақша базасының көлемі екінші деңгейлі банктердің құралдар көлемі арқылы олардың Ұлттық банк шоттар кореспонденциясының реттеледі. Сонымен қатар банктер ликвидтілігін реттеу құралдары арқылы реттеледі. Ақша айналысының қарқынды экон-да Ұлттық банктерді тура реттелмейді, бірақ оның көлемі инфляция деңгейіне әсер етіп және ақша айналысы қарқынының төмендегі тек қана тұрақты экономика кезінде болатын ұзақ мерзімде инвестициялық несие салымдары Ұлттық банкінің өуіне негізделіп және ақша массасының қолма-қол ақшаның үлесуінің өсуімен ұзақ мерзімді жинақтардың төлемінің төленбеуіне беріледі.
3. Ұлттық банктің басты құралдары болатындар:

- Қазақстан банктеріне Ұлттық банк несие мен сиақы ставкасының деңгейі

- Минималды міндетті резервтер Қ-ның ҰБ-не депозитті салу, сонымен қатар белгілі мерзім бой-ша дифференциялау.

- Мемлекеттік бағалы қағаздары ашық нарықта сатып алу операциялары

- Банктің несиелері

- Несиелік операцияларының тікелей төлемінің деңгейі және төлеміне тікелей сандық ставкалар. Ақша нарығындағы интернеция.

- Несие ставкасы

Қазақстанның ҰБ қайта қайталандырудың ресми ставкасын реттейді. Сонымен қатар басқа сыйақы мөлшерлемелері бойынша операцияларды жүргізеді. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ақша нарығының жалпы жағдайына сұраныс пен ұсыныс бойынша инфляцияға байланысты реттеледі. Қазақстанның ҰБ-і сыйақылар ставкасының саясатын нарықтық ставкасына әсер ету үшін қолданады және де мемлекеттің ақша-несие саясатының шегеруін жүзеге асырады.

Қазақстанның Ұлттық банктің резервтік ашық нарықтағы операцияларда қазынашылық вексельдерді, мемлекеттік облигацияларды және басқа мемлекеттік бағалы қағазаздарды сатып алу сатумен көрсетіледі және ақша массасын реттеу мақсатында қайталама нарықтар ақша массасын реттеу мақсат. ҰБ-н жүзеге асырылады. Қазақстанның ҰБ-і ресми сипатына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есептеп шығарады. Валюталық нарықтағы интервенция мен банк арқылы және биржалық нарықтары шетелдік валютаны сатып алу, сату операциялармен жүргізіледі.
4. Коммерциялық банктер қызметтерін реттеу 2 деңгейлі банктің ҰБ қарым қатынасы қолданылатын келесі принциптермен құрылады.

- ҰБ-банктердің оперативті қызметіе араласуға құқығы жоқ

- ҰБ-функцияларды реттеуде және қадағалауға ҚР-ң ҰБ туралы заңды күші бар Президенттің жарлығымен шектеледі

- ҰБ-2-ші деңгейлі банктер үшін, оның фаилдарына бірлескен банктерді экономикалық нормалар белгілейді

+ алғашқы жарғылы қордың ең төмен көлемі

+ банктің жеке қаражаты мен оның міндеттемелері (активтер және пассивтер)

+ баланстың өтімділік көрсеткіші

- ҰБ орналасқан міндетті көлемі

- 1 қарыз алушыға минималды тәуекелдік береді

- Нормативтік шеттеулер банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету. Олардың кредиторлармен үндесу қорлары сонымен қатар республикадағы ақша айналымын нығайту мақсатында

- ҰБ-бақылау функцияларын екінші деңгейлі банктер қатынасында жүзеге асырылады.

Сондықтан ҰБ-ң келесі құқығы бар:

* заңмен бекітілген ақшалай айыпыұл салу

* банктік операц. қолайсыз жағдайда банкте уақытша басқаруды өз қолына алады.

* кейбір банктің операц. орындау лицензиясынан

* ҰБ-н бекітілген жеке нормативтің өзгеруі.


СӨЖ: 1) ҰБ реттеуші бөлігінің дамуындағы факторлар қандай?

2) Экономикалық дағдарыс жағдайында коммерциялық. банк неге қысқа мерзімді несиені береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет