4.4 Тесттер
1. Өзін-өзі реттейтін нарықтық экономиканың классикалық теорияның дағдарысы қай жылы болды:
А ХIХ ғ. 70 жылдарында;
В ХХ ғ. 70 жылдарында;
С ХХ ғ. басында;
D ХХ ғ. 30 жылдарында;
Е ХIХ ғ басында.
2. Макроэкономикалық теорияның жетіспеушілігін толық көрсететін жауапты белгілеңіз:
А Ол жергілікті нарықтың жиынтығында болып жатқан үдерістерді түсіндіре алмады;
В Ол тек біраз тұтынушылар мен өндірушілердің мінез-құлқын түсіндірді;
С Ол тек қана жергілікті нарық шеңберінде нарықтық субъектінің мінез-құлқын сипаттады;
D Ол тек қана кәсіпкерліктің мінез-құлқының мотивтік проблемаларын зерттеумен байланысты;
Е Дұрыс жауап жоқ.
3. Тепе-теңдік экономиканың классикалық үлгісін негізін қалаушы:
А А.Смит;
В Д. Рикардо;
С Ж.Б.Сэй;
D А.О.Курно;
Е Д.М.Кейнс.
4. Реттелетін экономика теориясының дамуының бастапқы кезеңінің басты ерекшелігі неде:
А Экономиканы саналы түрде реттеу қажет екендігі туралы ой қалыптасады;
В Монополия қоғамдық өндірісті біріктіре отырып, бірыңғай орталықты саналы түрде реттеу мүмкіндігін туғызады;
С Экономиканы саналы түрде реттеуін банктер жүзеге асырады;
D Экономиканы саналы түрде реттеу қажеттілігі туындағанда, ең бастысы реттейтін субъект анықталмаған болатын;
Е Жоғарыда айтылғандардың барлығы.
5. Макроэкономикалық теорияның фундаментальды проблемасының бірі болып төмендегілердің қайсысы табылады:
А Нарықтық экономикаға қатысушылардың іс-әрекетін әлеуметтік реттеу;
В Инвестициялар және өндірістік категориялар;
С Макроэкономикалық тепе-теңдіктің категориясы;
D Өндірістің шығындары мен нәтижесін салыстыру қажеттілігі;
Е Шығындардың пайдадан асып кетуі.
6. Төмендегілердің қайсысы монетаризмнің негізгі мәнін сипаттайды:
А Ақша айналымы – шаруашылықтық механизмді анықтайтын негізгі звено;
В Нарықтық экономика мемлекеттің шаруашылықтық өміріне араласуын қажет етпейді;
С Жұмыссыздық – жұмыс күші позициясының әлсіздігін көрсететін құрал;
D Ақша массасының өзгеруі жалпы соңғы өнімнің номиналды мөлшерінің төмендеуі мен өсуіне әсер етеді;
Е Дифференциациялық рента – қоғамдық өндірістегі және жеке баға арасындағы айырмашылықты көрсетеді.
7. Қазіргі заманға сай шаруашылықтық механизм жүйесінің дамуы мен қалыптасуының дұрыс тізбегі келесідей жүйелілікпен жүзеге асады:
А Мемлекеттік, монополистік және экономиканы нарықтық-бәсекелік реттеу;
В Монополистік, мемлекеттік және экономиканы нарықтық-бәсекелік реттеу;
С Нарықтық-бәсекелік және экономиканы мемлекетті-монополистік реттеу;
D Нарықтық-бәсекелік, экономиканы монополистік және мемлекетік реттеу;
Е Мемлекеттік және экономиканы нарықтық-бәсекелік, монополистік реттеу.
8. Шаруашылық механизмнің екілік звенолық дағдарыс қай жылы болды:
А ХХ ғ. 30 жылдарында;
В ХХ ғ. басында;
С ХIХ ғ. аяғында;
D ХХ ғ. 40 жылдардың аяғында;
Е ХIХ ғ. басында.
9. Халықаралық аренада шауашылықтық механизмнің келесідей звенолар біршама тиімді әсер етеді:
А Экономиканы мемлекеттік реттеу;
В Экономиканы монополистік реттеу;
С Экономиканы нарықтық-бәсекелік реттеу;
D Шаруашылықтық механизмнің барлық жүйелері;
Е Экономиканы қаржылық реттеу.
10. Халықаралық аренада экономиканы монополистік реттеу қалай көрінеді:
А Ұлттық деңгейге қарағанда, мықтылау;
В Ұлттық деңгейге қарағанда әлсіздеу;
С Ұлттық деңгейдегідей, бірдей сатыда;
D Дұрыс жауап жоқ;
Е Жоғарыда аталғандардың барлығы.
11. Төмендегілердің қайсысы мемлекеттендірудің әдістеріне жатпайды:
А Дамыған нарықтық инфрақұрылымның бар болуы;
В Аралас кәсіпорындарды құру;
С Нарықтарды либерализациялау;
D Меншікті жекешелендіру;
Е Кәсіпкерлікті қолдау.
12. Қоғамдық тауарлар түсінігінің мазмұнына төмендегі жағдайлардың қайсысы сәйкес келмейді:
А Хабарлау арқылы ұжым болып тұтынатын тауарлар;
В Басқа тұтынушылардың қызығушылығына зиян келтірмейтін дара тұтынылатын тауарлар;
С Сұранысы нарықпен қанағаттандырылатын және ақшалай нысанда көрінетін тауарлар;
D Ұсынысы мемлекетпен қамтамасыз етілетін тауарлар;
Е Кәсіпорын шығаратын тауарлар.
13. Өндірістің циклдік қозғалысының материалдық негізі болып төмендегілердің қайсысы табылады:
А Экономиканы нарықтық-бәсекелік реттеу;
В Негізгі капиталдың ұдайы өндірісінің динамикасы;
С Экономиканы монополистік реттеу;
D Экономиканы мемлекеттік реттеудің кемшілігі;
Е Экономиканы монополистік реттеудің кемшілігі.
14. Мемлекеттік реттеудің негізгі нысандары болып келесілер табылады:
А Әкімшілік және экономикалық қызмет;
В Ақша және несие саясаты;
С Антициклдік реттеу, жоспарлау, экономикалық болжамдау;
D Бюджеттік және салықтық саясат;
Е Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау.
15. Өндірісті жоспарлы ұйымдастырудың объективті қажеттілігі неден көрінеді:
А Экономиканы монополистік реттеудің дамуымен;
В Шаруашылықтық механизмнің үштік звено жүйесіне көшумен;
С Мануфактурадан ірі машина жасау өндірісіне көшуі;
D Кешендік механизациялаудан өндірісті автоматтандыруға көшімен;
Е Жоғарыда айтылғандардың барлығы.
16. Кейнсиандықтардың ойынша, несие-ақша саясаты ең бастысы қайда қолдануы керек:
А Мемлекет бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін;
В Банктік жүйенің тұрақтылығын қолдау үшін;
С Пайыздық ставканың динамикасын бақылау үшін;
D Ақша массасының динамикасын бақылау үшін;
Е Пайда түсіру үшін.
17. Инфляцияның және жұмыссыздықтың бір уақытта өсуі мүмкін еместігін дәлелдейтін теорияны көрсетіңіз:
А Дамыған сандық ақша теориясы;
В Кейнсиандық теория;
С Тиімділік күту теориясы;
D Ұсыныс экономикасының теориясы;
Е Филлипс қисығы.
18. Мемлекеттік қарыз – бұл қандай сома:
А Мемлекеттік шығындар;
В Қорғанысқа кеткен шығындар;
С Бюджеттік артықшылықтарды шегергеннен кейін пайда болатын бюджеттік тапшылықтар;
D Бюджеттік тапшылықтарды шегергеннен кейін пайда болатын бюджеттік артықшылықтар;
Е Білімге кеткен шығындар.
19. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы қай уақытта пайда болады:
А Мемлекеттің актив сомалары оның міндеттерінің мөлшерінен асып кеткенде;
В Мемлекеттік шығындар сомасы салықтық түсімдердің сомасынан асып кеткенде;
С Мемлекеттік шығындар төмендеген кезде;
D Салықтық түсімдердің сомасы қысқарған кезде;
Е Жоғарыда айтылғандардың барлығы.
20. Аралас экономикадағы мемлекеттің рөлі:
А Ешқалай көрінбейді;
В Шектелген;
С Маңызды;
D Экономиканың көптеген секторларында көрінеді;
Е Маңызды емес.
21. Төмендегілердің ішінен ең дұрыс жауапты көрсетіңіз:
А Капитал экспорты тауарлар экспортына жағдай жасайды;
В Тауарлар экспорты капитал экспортына жағдай жасайды;
С Тауарлар және капитал экспорты бір-біріне әсер етпейді;
D Капитал экспорты тауарлар импортының өсуіне әкеледі;
Е Тауарлар импорты капитал экспортының өсуіне әкеледі.
22. Мемлекеттің экономикалық функцияларына жатпайды:
А Экономика қызметінің құқықтық негізін құру және реттеу;
В Макроэкономикалық тұрақтылықтың саясатын өткізу;
С Табысты қайта тарату сферасының қызметі;
D Экономиканы әкімшілік және экономикалық реттеу;
Е Экономиканы нарықтық-бәсекелік реттеу.
23. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қысқа мерзіміне жатады:
А Ғылым сыйымдылығының өндірісін дамыту;
В Еңбекақыны және бағаны бақылау түріндегі антиинфляциялық реттеу, ақша массасының өсу темпін шектеу;
С Экономикада құрылымдық жылжуын жүзеге асыру;
D Экономикалық қатынастарда артта қалған аймақтарды көтеру;
Е Халықаралық қатынастарды дамыту.
24. Несиелі-ақшалық реттеудің обектілері болып төмендегілердің қайсысы табылады:
А Ашық нарықтағы орталық банктің бағалы қағаздармен операциясы;
В Айналымдағы ақша массасы және ссудалық пайыздың ставкасы;
С Міндетті резерв нормасын реттеу;
D Инвестициялық қызметтің бағыты;
Е Салық ставкасын реттеу.
25. Мемлекеттік реттеудің кейнсиандық үлгісінің дағдарысы қай жылы болды:
А ХХ ғ. 40 жылдардың аяғында;
В ХХ ғ. 60 жылдардың ортасында;
С ХХ ғ. 70 жылдардың ортасында;
D ХХ ғ. 80 жылдардың аяғында;
Е ХХ ғ. 50 жылдардың аяғында.
26. Экспортты мемлекеттік ынталандыру келесідей басты мақсаттарға жетуін қамтамасыз етеді:
А Ұлттық өнімге деген сұранысты кеңейтеді және экспорттық салада жұмыспен қамту деңгейін жоғарылатады;
В Әлемдік нарықта қатал бәсеке жағдайында тауардың сапасы, өндірістің құрылымдық тиімділігі тексеріледі;
С Ірі бизнесті әлемдік нарыққа итермелеу арқылы, демонополистік экономикаға жағдай жасайды;
D Жоғарыда айтылғандардың барлығы;
Е Дұрыс жауап жоқ.
27. Дамыған елдердің дамушы елдерге көмек көрсету мақсаттарына төмендегілердің қайсысы жатпайды:
А Ұлттық корпорацияға әсер ететін сфераларды кеңейту;
В Ішкі нарық сыйымдылығына кіру;
С Экономикалық дербестігін қолдау;
D Әлемдік аренада өзінің экономикалық және саяси қызметінің орбитасына басқа елдерді қызықтыру;
Е Елдің экономикалық дербестігін қолдамау.
28. Әкімшілік әдістердің қайсысы нарықтық экономикаға кері әсер етеді:
А Монополистік нарықтардың қатаң бақылауы;
В Әкімшіліктендірудің экономикалық негізделген шекарадан шығуы және тоталитатаристік сипатқа ие болуы;
С Әлемдік шаруашылық жүйесінде ұлттық назарды қорғау;
D Сыртқы тиімділікті және оның қоршаған ортаға әсер етуін реттеу;
Е Монополияға қарсы күрес жүргізу.
29. Ақша массасын мемлекеттік реттеудің жанама әдісі болып табылмайды:
А Есеп ставкасының өзгеруі;
В Резервтік норманың өзгеруі;
С Банктерді мемлекеттік тіркеу;
D Ашық нарықтағы мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар;
Е Валюталық операциялар.
30. Не арқылы мемлекет экономикалық өсуіне тиімдірек әсер етеді:
А Ақша саясаты арқылы;
В Бюджеттік саясаты арқылы;,
С Салықтық саясаты арқылы;
D Несие саясаты арқылы;
Е Әлеуметтік саясат арқылы.
31. Реттелетін экономика теориясының дамуының екінші кезеңінің басты ерекшелігі неде:
А Басқарушы және реттеуші субъект анықталмаған болатын;
В Экономиканы саналы түрде реттеу қажет екендігі туралы ой қалыптасады;
С Реттелетін экономика теориясының жайылған және мемлекеттің атынан реттеуші субъект пайда болады;
D Экономиканы мемлекеттік реттеудің кейнсиандықтың орнына консервативті нұсқаның келуі;
Е Экономиканы саналы түрде реттеуін банктер жүзеге асырады.
32. Монетаризм бірінші орынға төмендегілердің қайсысын қояды:
А Сұранысты ынталандыру;
В Жетілмеген бәсекені дамыту;
С Ақша айналымы – шаруашылықтық механизмді анықтайтын негізгі звено;
D Экономикалық өмірге мемлекеттің араласуын шектеу;
Е Ақша массасының өзгеруі жалпы соңғы өнімнің номиналды мөлшерінің төмендеуі мен өсуіне әсер етеді.
33. Монетаризм өкілдері үшін және ұсыныстың экономикалық теориясы үшін жалпы көзқарас болып төмендегілердің қайсысы табылады:
А Олар ақша айналымын шаруашылықтық субъектінің басты құралы деп санайды;
В Олар капитал ұсынысын, жинақ ақшаны және жұмыс күшін тежейтін фактор салықтың жоғары болуы деп санайды;
С Олар ақшалық реттеу арқылы шаруашылықтық конъюктураның барлық процесі қалыптасады деп санайды;
D Олар экономикаға мемлекеттің араласуына әлемдік шектеу жасау керек деп санайды;
Е Жоғарыда айтылғандардың барлығы.
34. Жалғыз нарықтық-бәсекелестік жүйедегі шаруашылықтық механизмнің дағдарысы қай жылы болды:
А ХХ ғ. 30 жылдарында;
В ХХ ғ. 70 жылдарында;
С ХIХ ғ. 70 жылдарында;
D 1825 жылы;
Е 1925 жылы.
35. Шаруашылықтық механизмнің жаңа үштік звено жүйесі қай жылы қалыптасты:
А ХХ ғ. 30 жылдарында;
В ХХ ғ. 40 жылдардың аяғында;
С ХIХ ғ. аяғында;
D ХХ ғ.70 жылдардың ортасында;
Е ХIХ ғ. басында.
36. Экономиканы мемлекеттік реттеудің принциптеріне төмендегілердің қайсысы жатпайды:
А Жеке кәсіпкерлікті тартпайтын, әлеуметтік маңызы бар салаларды қаржыландыру;
В Жеке кәсіпкерлікпен бәсекелеспейтін, керісінше оны қолдайтын мемлекеттік кәсіпкерлік;
С Нарықтық нысандардың экономикасына мемлекеттің араласуын жеңілдету;
D Көптеген экономикалық проблемаларды директивті түрде шешу;
Е Жоғарыда айтылғандардың барлығы.
37. Нарықтық экономиканы құқықтық реттеуіне төмендегілердің қайсысы жатпайды:
А Нарықтық құрылымның қызмет нормасын қамтамасыз ететін заңдарды құрастыру;
В Антимонополистік саясат;
С Дефляциялық саясат;
D Нарықтық жүйеге қолайлы емес проблемаларды мемлекеттің шешуі;
Е Жоғарыда айтылғандардың барлығы.
38. Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты құралы болып табылады:
А Салықтар, инвестициялар;
В Есептік пайыздың ставкасы және несиелер;
С Мемлекеттің қарауында жатқан ақша қаражаттарының жиынтығын пайдалану және білім беру;
D Ірі ғылыми-техникалық бағдарламаларды, мемлекеттік кәсіпкерлікті қаржыландыру;
Е Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету.
39. «Жаңа классикалық макроэкономиканың» өкілдері болып табылады:
А М.Фридмен, К.Бруннер, Р.Сэдон;
В Л.Вальрас, А.Маршалл, Дж.Кларк;
С Р.Лукас, Н.Уоллес, Р.Бэрроу;
D А.Лаффер, Н.Уоллес, Р.Бэрроу;
Е Дж.Кларк, К.Бруннер, А.Лаффер.
40. «Жаңа классикалық макроэкономика» қай жылы пайда болды:
А ХХ ғ. 70 жылдарында;
В ХХ ғ. 50 жылдарында;
С ХХ ғ. 40 жылдардың аяғында;
D ХIХ ғ. 70 жылдарында;
Е ХIХ ғ. 50 жылдарында.
41. «Жаңа классикалық макроэкономиканың» және монетаризмнің жақтаушыларын келесідей көзқарас біріктіреді:
А Макроэкономикалық талдауда басты рөлді субъективті күтулер атқарады;
В Олардың құрулары «тиімділікті күту» гипотизасымен негізделеді;
С Олар мемлекеттің экономикаға араласуына қарсы шығады;
D Олар өздерінің зерттеу құралы ретінде оның ұйымдастырушылық қоғамдық нысанына тәуелсіз экономиканы атады;
Е Олар мемлекеттің экономикаға араласуын қолдайды.
42. Тепе-теңдік экономиканың классикалық үлгісін негізін қалаушы, оның тұжырымдамасы бойынша тауарларға деген ұсыныс өзінің жеке сұранысын қалыптастырады:
А А.Смит;
В Ж.Б.Сэй;
С А.О.Курно;
D Д.Рикардо;
Е Р.Лукас.
43. Реттелетін экономика туралы кейнсиандық теориясының негізгі кемшілігі болып келесі табылады:
А Негізгі тіректі «саясаттың кеңеюіне» жасайды;
В «Стагфляцияға» емес,жұмыссыздыққа немесе инфляцияға қарсы күрес жүргізілді;
С Толық жұмыспен қамтылмау нарықтық сұраныстың кемшілігімен түсіндіріледі;
D Жетістікті « ұстап қалу саясатына» береді;
Е Макроэкономикалық талдауда басты рөлді субъективті күтулер атқарады.
44. Нарықтық экономикада мемлекеттік жоспарлар қандай болып табылады:
А Объективті;
В Индикативті;
С Директивті;
D Объективті және директивті үйлесімділігімен;
Е Индикативті және индикативті үйлесімділігімен.
45. Экономикалық болжамдаудың ерекшелігі неде:
А Ол тәжірибе жүзінде болжамды жүзеге асырмайды және көрсеткіштерді құру күнделікті баламалы түрде болады;
В Ол баламалы көрсеткіштерді құрусыз, тәжірибе жүзінде болжамды жүзеге асыруын болжайды;
С Ол тәжірибе жүзінде болжамды жүзеге асырмайды және баламалы көрсеткіштерді құрмайды;
D Баламалы көрсеткіштерді құру есебінен тәжірибе жүзінде болжамды жүзеге асыруын болжайды;
Е Баламалы көрсеткіштерді құру есебінен тәжірибе жүзінде болжамды жүзеге асырмайды.
46. Нарықтық талаптарға төменде берілгендердің қай жолы мемлекеттің экономика өміріне араласуына жауап бермейді:
А Көбінесе экономикалық әдістермен нарыққа әсер ету;
В Нарықтық ынтаны ауыстырмайтын немесе әлсіздендірмейтін экономикалық ынталандыру;
С Нарықтық байланысты бұзатын, мемлекеттің кез-келген іс-әрекетін шектеу;
D Бағаны жалпы әкімшіліктік бақылау;
Е Ірі ғылыми-техникалық бағдарламаларды, мемлекеттік кәсіпкерлікті қаржыландыру.
47. Ақша саясатының ақша массасына әсер ететін құралдарының бірі:
А Ашық нарықтағы мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар;
В Резервтік норманың өзгеруі;
С Есеп ставкасының өзгеруі;
D Қор нарығында коммерциялық банктердің операцияларын реттеу;
Е Валюталық операциялар.
48. Шығындар және салық салу шеңберіндегі үкіметтік саясат қалай аталады:
А Монетарлы саясат;
В Сапалы ақша теориясымен құрылған саясат;
С Фискалды саясат;
D Табыстарды тарату саясаты;
Е Әлеуметтік саясат.
49. Экономикалық конъюктураны бағалау үшін төмендегі әдістердің қайсысы қолданылады:
А Негізгі индикаторлар;
В Макроэкономикалық үлгілер және конъюктураны шолу;
С Эконометриялық үлгілер;
D Жоғарыда аталған барлық әдістер;
Е Дұрыс жауап жоқ.
50. Қазіргі заманға сай шаруашылықтық механизм үлгісінің тұрақсыздығы мен қайшылықтың негізгі қайнар көзі болып табылады:
А Нарықтық-бәсекелестік жүйе;
В Монополистік жүйе;
С Мемлекеттік жүйе;
D Корпоративті жүйе;
Е Өндірістік жүйе.
51. Ұлттық шаруашылық шеңберіндегі мемлекеттік реттеудің тиімділігі ең бастысы немен сипатталады:
А Басқа жүйелердің қызметін түзету арқылы, олар қоғамдық өндіріске үлкен ұйымшылдықты кіргізеді;
В Нарықтық-бәсекелестік реттеуді қолдайтын мемлекет монополияның қызметін шектейді және бақылайды;
С Олар экономикалық тетіктер мен әкімшілік-құқықтық құралдарды иемдену арқылы, нарықтық субъектілерге «ереже ойнын» ұстануын күштейді;
D Дұрыс жауап жоқ;
Е А және В жауаптары дұрыс.
52. Қандай жағдайда әкімшіліктік әдістер нарықтық механизмге қайшы келеді:
А Монополистік нарықтарға қатаң мемлекеттік бақылау орын алғанда;
В Бақылау өндірістік, шығындар, пайданы тарату, баға құрылымын толығымен қамтығанда;
С Тұрғындардың өмірін экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін экономикалық стандарттарды құрастыруды бақылау кезінде;
D Тұрғындардың әл-ауқаттық жағдайының минималды мүмкін параметрлерді анықтау және қолдау бақыланған кезде;
Е Нарықтық байланысты бұзатын, мемлекеттің кез-келген іс-әрекетін шектеу кезінде.
53. Экономиканы мемлекеттік реттеудің консервативті нұсқасының негізгі белгілері болып төмендегілердің қайсысы табылады:
А Мемлекеттің экономикаға араласуын шектеу;
В Бірте-бірте әкімшіліктік тетіктерді экономикалық тетіктерге ауыстыру;
С Мемлекеттік меншігінің жартысын жекешелендіру;
D Жоғарыда аталғандардың барлығы;
Е Дұрыс жауап жоқ.
54. Әлемдік аренада мемлекеттер арасындағы күштердің арақатынасы ең бастысы немен анықталады:
А Ғылыми-техникалық потенциалмен және оны тиімді пайдалану деңгейімен;
В Капитал, шикізат, жұмыс күші ресурстарының мөлшерімен;
С Капитал және тауарлар экспортының мөлшерімен;
D Басқа елдерге әсер ететін саяси, экономикалық және дипломатиялық құралдардың дамуымен;
Е Жұмыссыздық деңгейінің төмендеуімен.
55. Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдарына жатпайды:
А Бюджеттік-салықтық саясат;
В Ақша-несие саясаты;
С Экономикалық өсуінің қайнар көзі;
D Табысты реттейтін саясат;
Е Жоғарыда айтылғандардың барлығы.
56. Шетел азаматтарына ұлттық корпорациялардың жоғарғы дивидендтерін төлеу неге әкеліп соқтырады:
А Ұлттық валютаның құнсыздануына;
В Ұлттық валюта курсының көтерілуіне;
С Елден ұлттық валютаның кетуі, алтын қорының есебінен өтеледі;
D Елден ұлттық валютаның кетуі, елдегі импорт өсімінің есебінен өтеледі;
Е Ұлттық валютаның тұрақтылығына.
57. Елдегі бекітілген валюталық курс және жоғары инфляция басқа елдермен салыстырғанда қандай болады:
А Экспорт пен импорт төмендейді;
В Экспорт пен импорт жоғарылайды;
С Экспорт жоғарылайды, ал импорт төмендейді;
D Экспорт төмендейді, ал импорт жоғарылайды;
Е Экспорт пен ипморт өзгеріссіз қалады.
58. Д.М.Кейнстің «Жалпы жұмыспен қамту, ақша және пайыз» деген әйгілі еңбегі қай жылы пайда болды:
А Оның теориясының эволюциясының бірінші сатысында;
В Оның теориясының эволюциясының екінші сатысында;
С Оның теориясының эволюциясының үшінші сатысында;
D ХХ ғ.70 жылдардың ортасында;
Е ХХ ғ. 40 жылдардың ортасында.
59. Ұсыныс экономикалық теорияның өкілдері экономикалық дағдарыстың негізгі себептері деп келесілерден көрді:
А Салықты төлеуден ауытқу тәжірибесінің кеңеюіден;
В Мемлекеттік реттеудің күшеюі, әсіресе салықтық ауыртпалықтың өсуінен;
С Көлеңкелі экономиканың өсуі және жоғары салықтан шетелге капиталдың жалтаруы;
D Жоғары табыс алатын тұғалардың салық салу деңгейі төмен елдерге қашуынан;
Е Жоғарыда аталғандардың барлығы.
60. Ресми доктрина түріндегі мемлекетті-монополистік реттеудің кейнсиандық дағдарысы қай жылы болды:
А ХХ ғ. 70 жылдарында;
В ХХ ғ. 40 жылдардың аяғында;
С ХХ ғ. 60 жылдарында;
D Х1Х ғ. 70 жылдарында;
Е Х1Х ғ. 40 жылдарында.
61. Халықарлық деңгейдегі мемлекеттік реттеуді шектеудің басты себебі бұл:
А Шағын шаруашылық қатынастарды бірігіп реттеу шарасы іске асырылған жоқ;
В Шаруашылықтық механизмнің үшінші үлгісінің қалыптасуы, ішкі нарықтағы кедендік қорғау
С Мұндай араласу берілген мемлекеттің заңдылық, атқарушы және сот билігінің юрисдикциясының шеңберінде ғана тиімді болды;
D Халықарлалық әріптестік халықаралық экономикалық байланысқа араласпау арқылы мемлекеттің ұлттық экономикаға күшейген араласуын баланс жасауға тырысады;
Е Жоғары табыс алатын тұғалардың салық салу деңгейі төмен елдерге қашуы.
62. . Шаруашылық механизмнің екілік звено жүйесі қай жылы қалыптасты және тиімді жұмыс істей бастады:
А 1873 жылдан 1894 жылға дейін;
В 1894 жылдан 1913 жылға дейін;
С Бірінші дүние жүзілік соғыстан бастап ХХ ғ. 30 жылдарына дейін;
D 40 жылдардың аяғында;
Е 60 жылдардың аяғында.
63. Қосылған құн салығы төмендегілердің қайсысына жатады:
А Прогрессивті табыс салығына;
В Тауар бойынша салығына;
С Мүлік салығына;
D Мұрагерлік салығына;
Е Жер салығына.
64. Егер мемлекет нарықтық бағаның деңгейінде А тауарына шектеулі бір бағаны бекітсе, онда қандай жағдай орын алады:
А Берілген тауардың тапшылығы пайда болады;
В Берілген тауардың артықшылығы орын алады;
С Нарықта берілген тауар бойынша тепе-теңдік қалыптасады;
D Берілген тауардың сапасы жоғарылайды;
Е Берілген тауардың сыртқы орамы жаксарады.
65. Дж.М.Кейнстің айтуы бойынша, экономикалық цикл төмендегілердің қайсысымен байланысты:
А Сыртқы факторлардың қызметімен ғана;
В Ішкі факторлардың қызметімен ғана;
С Жиынтық сұраныстың динамикасына әсер ететін факторлармен ғана;
D Тек қана кездейсоқ саяси факторлармен ғана;
Е Әлеуметтік факторлармен ғана.
66. Инфляцияның қарқынын реттеу үшін қандай құралдар жақсырақ бейімделген:
А Валюталық саясат;
В Бюджеттік саясат;
С Салықтық саясат;
D Ақша саясаты;
Е Фискалды саясат.
67. Мемлекеттің экономикалық саясатының мақсатын қалыптастырудың негізгі талаптарына төмендегілердің қайсысы жатпайды:
А Нарық шешуін қамтамасыз ете алмайтын мақсаттар қойылу керек;
В Мақсат сандық жағынан өлшенуі керек;
С Мақсаттардың саны оларды шешуге арналған құралдардың қорынан басым болмауы керек;
D Олардың арасында тұрған экономикалық кеңістікті есептемеген кезде, құралдардың мақсатқа тура әсер етуі;
Е Жоғарыда аталғандардың барлығы.
Достарыңызбен бөлісу: |