Дәріс №11. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастық
Дәріс сабағының мазмұны:
1. ЕурАзЭқ және БҰҰ.
2. ЕурАзЭҚ және Еуропалық одақ.
&&&
$$$002-011-001$3.2.11.1 ЕурАзЭқ және БҰҰ.
БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) 63-сессиясы аясында БҰҰ Еуропалық комиссиясының атқарушы хатшысы Марек Белька, БҰҰ ЭСКАТО атқарушы хатшысы Ким Хак Су мен ЕурАзЭҚ бас хатшысы Гроигорий Рапота БҰҰ Еуропалық комиссиясы, БҰҰ ЭСКАТО мен ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің хатшылығы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
БҰҰ Еуропалық комиссиясы, БҰҰ ЭСКАТО мен ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің хатшылығы бұл құжатқа экономика және әлеуметтік салаларда бірлесе жұмыстар жүргізу үшін қол қойды. Ондағы мақсат - аймақтық экономикалық ынтымақтастыққа септігін тигізу және Мыңжылдық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған күш-жігерлерді қолдау. Тараптар өзара ықпалдастықты одан әрі нығайту және аймақтық комиссиялар мен хатшылық арасындағы өзара ықпалдастықты дамытудың маңызын атап өтті. Олар меморандумның ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің, бірінші кезекте Орталық Азия экономикасының мүддесіне сай бірлескен шараларды жүзеге асыруда елеулі нәтижелерге қол жеткізудің арқау-негізі ретінде қабылданатынын атап өтті.
"Аймақтық комиссиялар мен хатшылық аталған үш ұйымның да салыстырмалы артықшылықтарын бір уақытта тиімді пайдалана отырып түрлі басымдық берілген салаларда нақты шараларды жүзеге асыруда, сондай-ақ, потенциалды арттыруда өздеріне тиесілі мандаттары мен өкілеттіліктері шеңберінде ынтымақтасатын болады",- делінген құжатта. Меморандумға сәйкес, хатшылық мүше елдерде тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау, су және энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану, көлік желілерін дамыту және транспорттық операцияларды жеңілдетуге түрткі болу, сауда саясаты мен сауда-саттық процедураларын жеңілдету, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салаларында Мыңжылдық декларациясында айтылған Даму мақсаттарына жетуді қолдау үшін өзара тиімді ықпалдастыққа септігін тигізетін болады. Сонымен бірге, хатшылық ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған арнаулы бағдарламасы (СПЕКА) аясындағы іс-қызметке және халықаралық экономикалық ынтымақтастық пен интеграцияны пәрмендендіруге бағытталған басқа да бастамаларына қатысуына септігін тигізеді. Өз кезегінде аймақтық комиссиялар хатшылықпен ЕурАзЭҚ-қа мүше елдерге қатысты тиісті бағдарламалық және талдамалық құжаттардың жобасын жасау мен оларды жүзеге асыруда ынтымақтасады. Хатшылық сонымен бірге аймақтық комиссияларға ағымдағы келісілген жобалар бойынша мәліметтерді жинау мен өңдеуге қолдау көрсетеді.
Қол қойылған меморандумның жүзеге асырылуы үшін жауапкершілік БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған арнаулы бағдарламасының үйлестірушілері мен ЕурАзЭҚ бас хатшысының орынбасарына жүктеледі.
2 ЕурАзЭҚ және Еуропалық одақ.
Халықаралық деңгейдегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері Еуропалық Одақпен өзара әрекеттесулерін нығайтуға ұмтылады, ал аумақтықта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері, оның ішінде Қазақстан да өздерінің аумақтық бірігулерінің үлгісі ретінде Еуропалық Одақтың тәжірибесін алды. Осыған байланысты Н.А.Назарбаев, Батыс Еуропадағыдай интеграция деңгейі туралы айтуға әлі ерте, бірақ қойылған міндеттер (А.Е.ЕурАзЭС мемлекетаралық ұйымның бiрiншi мәжiлiсiндегi Минсктегi 2001 жылдың 1 маусымы) экономикалық және саяси жүйелердiң теңестiрулерiне итермелейдi деп атап өткен.
Осылай, 23.01.1995 жылы Қазақстан мен Еуропалық Одақтың арасында сауда және инвестиция, демократия дамуының және әділеттілік аясындағы әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім бекітілді, онда «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» ынтымақтастық Кеңесі жұмыс істейді, оның үшінші отырысы Брюссельде 2001 жылы шілдеде өтті. Қазақстан Еуропалық мемлекеттерімен стратегиялық серіктестікке ұмтылады. Бірақ та Ресей Федерациясының тәжірибиесі бұл өте қиын процесс екенін дәлелдейді. Ю.Берестнев Ресей-Еуропалық қатынастарға анализ жасап, былай деп жазған, Ресей Федерациясының Еуропа Кеңесіне кіру үшін жасалған шарттарының ішінде маңызды орында Ресей заңнамасын Еуропа нормаларымен сәйкес келтіру талабы тұр. Соңғысында бірінші орында адамдардың құқықтары мен негізгі еркіндіктері туралы Еуропалық Конвенция және де прецеденттік сипаты бар адам құқықтары бойынша Еуропалық Соттың шешімі түсіндіріледі.
Еуропалық Одақ мемлекеттері Орталық Азия мемлекеттерімен, әсіресе Қазақстанмен өзара әрекеттестігіне баса назар аударады. Олардың тиісті консолидацияланған позициясы «Еуропалық Одақ және Орталық Азия: жаңа серіктестік стратегиясы» атты құжатта көрініс тапты, бұл құжат 2007 жылы ЕО саммитінде қабылданған болатын.
Қазақстан да өз кезегінде технологиялық, энергетикалық, транспорттық, сауда – экономикалық өзара әрекеттесудің кеңеюіне әкелетін Еуропалық мемлекеттермен тығыз ынтымақтасуда, сондай-ақ Еуропалық интеграция мен институциялық-құқықтық реформалар тәжірибесіне қызығушылық танытады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті 2008 жылы 29 тамызда Еуропалық елдер мен Қазақстан арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың жаңа негіздері қаланған, 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» атты Мемлекеттік бағдарламаның бекітілуі туралы Жарлыққа қол қойды.
Бағдарламаның басты мақсаты – Еуропалық елдермен сауда айналымының көбеюі, транспорттық желілерді дамытудың біріккен жоспары, техникалық регламент пен өлшемдерді, яғни стандарттарды Еуропалық Кеңес елдері талаптарына сай ету, еуропалық нормалардың ескерілуімен болатын қазақстандық заңнаманы жетілдіру және т.б. істерде көрініс табатын еліміздің беделді еуропалық елдермен стратегиялық ынтымақтастық деңгейіне шығуы.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін бірнеше мәселені шешу керек. Біріншісі, Еуропа елдері мен Қазақстан арасындағы технология, энергетика, транспорт, техникалық реттеу мен метрология, кіші және орта бизнес бағыттарындағы ынтымақтастықты дамыту және одан әрі жетілдіруге қатысты Қазақстандық өмір сүру деңгейін еуропалық стандарттарға жақындатуды көздейтін өмір сапасы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге үлкен көңіл бөлінеді. Қоршаған ортаны жақсарту, су ресурстарын қорғау, климаттық өзгерістерді алдын ала болжау, био алуантүрліліктің сақталуына қатысты жүйелі жұмыс жоспарлануда. Одан басқа халыққа көрсетілетін медициналық қызмет көрсету сапасы жоғарылайды. Олар ақпараттық технология ендіру; диагностика, ауруларды емдеу және алдын алу сапасының жақсаруы; дәрілердің сапасы мен жетімділігін арттыру; тамақтану стандарттарын енгізу; кадрлық ресурстар жүйесін дамыту арқылы еуропалық стандарттарға сәйкестендіріледі.
Дәріс №11.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Халықаралық қаржы ұйымдарына Қазақстанның қатысуы
&&&
Дәріс №12. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастық
Дәріс сабағының мазмұны:
1.ЕурАзЭҚ және ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымы.
2.Аймақтық интеграцияның формалары. Еркін сауда аймағы, кедендік одақ, жалпы нарық, экономикалық жәгне валюталық одақ, толық интеграцияның негізгі белгілері.
&&&
$$$002-012-001$3.2.12.1 ЕурАзЭҚ және ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымы.
Қазіргі кезеңде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету тек Орталық Азия өңірі үшін ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастығы үшін де өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы елдегі және өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, жаңа қауіп-қатерлермен халықаралық құқық арқылы күресуге, төнер қауіпті болдырмау және алдын ала сақтандыру мәселелерін шешуге, олардың негізінде жатқан іргелі себептерді жоюға қолайлы жағдайларды туғызу үшін дәйекті түрде қолдау жасайды.
Бүгінгі күні Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі өзара
іс-қимыл мен үйлестіру жұмыстарының құралдарының бірі болып табылады.
ҰҚШҰ – халықаралық аймақтық бірлестік, оның құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан кіреді.
ҰҚШҰ-ның негізгі мақсаттары ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мүше мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау, ұлттық қарулы күштерді әскери және ұйымдастыру жағынан күшейту, әуе шабуылға қарсы қорғаныстың бірлескен жүйесін сақтау, ТМД-ға кірмейтін мемлекеттермен шекараны бірлесіп қорғау саласындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты үйлестіру болып табылады.
Ұйымның жоғарғы органы – Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі (ҰҚК). Бұл кеңес Ұйым қызметінің қағидатты мәселелерін қарастырып, оның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға қатысты шешімдер қабылдайды, сондай-ақ осы мақсаттарды іске асыру үшін мүше мемлекеттердің қызметін үйлестіруін және бірлескен әрекеттерін қамтамасыз етеді. Кеңес құрамына мүше мемлекеттердің басшылары кіреді.
ҰҚК сессиялары арасында мүше мемлекеттер тағайындайтын өкілетті өкілдерден тұратын Тұрақты Кеңес, Ұйым органдары қабылдаған шешімдерді іске асыру үшін тараптардың өзара қатынастарын үйлестіру мәселелерімен айналысады.
Сыртқы істер министрлері кеңесі – сыртқы саясат саласындағы мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылын үйлестіру мәселелерімен айналысатын ұйымның кеңесші және атқарушы органы.
Қорғаныс министрлері кеңесі – әскери саясат, әскери құрылыс және әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылын үйлестіру мәселелерімен шұғылданатын кеңесші және атқарушы органы.
Қауіпсіздік кеңестер хатшыларының комитеті – мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы олардың өзара іс-қимылын үйлестіру мәселелерімен шұғылданатын Ұйымның кеңесші және атқарушы органы.
Ұйымның бас хатшысы – Ұйым хатшылығын басқаруды іске асыратын жоғары әкімшілік лауазымды тұлға. Мүше мемлекеттердің азаматтары санынан ҰҚК шешімімен тағайындалады және Кеңеске есеп беруге міндетті.
Ұйым хатшылығы – Ұйым органдары қызметінің ұйымдастыру, ақпараттық, кеңес және талдаудың қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын тұрақты жұмыс орган.
Ұйымның тағы да бір тұрақты әрекет ететін жұмыс органы болып ҰҚШҰ Біріккен штабы табылады. Ол 2004 жылдан бастап жұмыс істейді және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың әскери бөлігі бойынша ұсыныстар дайындау мен шешімдерді жүзеге асыруға жауап береді.
ҰҚШҰ қызметінің маңызды бағыттарының бірі халықаралық лаңкестікке, экстремизмге және оларға тән қылмыстарға: қару-жарақ пен есірткінің контрабандасына, ұйымдасқан қылмысқа, заңсыз көші-қон әрекеттеріне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық болып табылады. Бұл бағытта алдын ала келіскен арнайы оперцияларды өткізу және іс-қимылды үйлестіру үшін көпжақты негіз жасалынды. Осы тұрғыда, контрабандалық есірткіге қарсы күрес шеңберінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер құзыреттілік органдары басшыларының Үйлестіру кеңесі құрылып, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, шекара және кеден қызметтерінің құралдары мен күштерінің қатысуымен алдын ала сақтандыру шаралары өткізілуде (мысалы, "Арна" операциясы).
ҰҚШҰ қызметінің маңызды бағыттарының бірі Ядролық таратпау халықаралық режимін күшейту жұмысы болып саналады. 2005 жылғы мамыр айында Нью-Йорк қаласында өткен Ядролық қаруды таратпау туралы Шартты қарастыру жөніндегі жетінші Конференцияда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттермен ядролық қарудың және оны өндіру үшін қажет, әсіресе, лаңкестік қауіптің өркендей түсу жағдайында, технологиялар мен құрал-жабдықтардың таралу қауіпі мәселесінің өзектілігі айқындалған ортақ мәлімдеме жарияланды. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер Беларусь пен Қазақстанның таратпау тәртібінің күшеюіне ядролық қаруды өз аумақтарынан өзі еркімен шығару арқылы қосқан үлесін атап өтті және Ядролық қаруды таратпау шартқа басқа қатысушыларын осы келісім шартқа ұстанушылығын дәлелдеуге шақырды.
ҰҚШҰ-ның бітімгершілік әлеуетін қалыптастыру қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге әсер етудің әмбебап жүйесінің маңызды элементі болып табылады.
Бар және ықтимал қатерлердің фонында, соның ішінде лаңкестік, экстремизм, есірткі трафигі және ұйымдасқан қылмыстың басқа да түрлері, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігін одан әрі нығайту мақсатында ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштерін құру туралы шешім қабылданды.
Одан басқа, өңірдегі өзекті қауіп-қатерлер мен қыр көрсетулер бойынша ақпаратпен алмасу, сондай-ақ заңсыз көшіп-қонуға, есірткі құралдарының контрабандасына және тасымалына қарсы іс-әрекеттер бойынша бірлескен шаралар қабылдау сияқты бағыттарда Ұйым шеңберінде ҰҚШҰ/Ауғанстан ынтымақтастығын жөнге келтіру жүзеге асырылып жатыр
Аталған құжаттарды қабылдаудың және қорғаныс, сыртқы істер министрліктерінің, арнайы қызметтердің, қауіпсіздік кеңестерінің өткізген жұмыстарының нәтижесі ҰҚШҰ тиімділігінің ұлғаюы, оның қазіргі заманның геосаясаяси және әскери-саяси жағдайға бейімделуі, бекітілген келісімдерді іске асыру жөніндегі нақты тетіктерді әзірлеуі болып табылады.
Қазақстан Республикасының ХВҚ-на кіруінен елдің дүниежүзілік экономикамен интеграциялануын байқатады. Алайда несие бере отырып, ХВҚ-ы кепілдікті талап етеді және меншікті персоналы арқылы өз
қаржысының тиімділігіне баға береді.
ХВҚ-ның экспорттарының есептері көрсеткендей, ТМД мемлекеттерінің бірге алған квотасы ХВҚ-ы капитал ауқымының 4,76% құрайды. Бұл сенсация ретінде қабылданып, Сауд Аравиясымен, үлкен жетілік елдерінен соң, Ресей тоғызыншы орында қалған.
Бірінші орында, әрине АҚШ-ты ХВҚ-нңп 18,48% капиталы иемденген. Квота көп болса, ХВҚ-на елдің қосатын төлемі көп болады.
Дәріс №12.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Халықаралық қаржы ұйымдарына Қазақстанның қатысуы
Дәріс №13. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ғылыми ынтымақтастық
Дәріс сабағының мазмұны:
1. ЕурАзЭҚ елдерінің ғылыми ұйымдарының өзара әрекеті.
2. Интеграциялық мәселелерді ғылыми–теориялық негіздеу.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитеті жанындағы Білім кеңесінің белсенді мүшесі болып табылады
Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасының арасындағы білім саласындағы өзара әрекеттестіктің нақты бағыттары «Орта Азиядағы ЕО-тың стратегиясы: Қазақстан үшін басымдылықтарды жаңғырту» шеңберінде жүзеге асырылады.
ТEMPUS, Erazmus Mundus, CAREN білім беру бағдарламалары қазақстандық студенттерге Еуропада жоғары білім алуға, ғалымдарға ғылыми зерттеулерді өткізуге және ноу-хаумен алмасуға мүмкіндік береді. Нәтижесі жоғары білімнің сапасын арттыру, Еуропалық ынтымақтастықтың жалпы жүйесіне университеттерді тарту жолымен басым бағыттар бойынша білікті мамандарды әзірлеу болғандықтан, қазақстандық жоғары оқу орындары аталған бағдарламаларға белсенді қатысады.
Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен ынтымақтастығы.
Ұйымға мүше болу Қазақстан Республикасының 1975 ж. Хельсинкилік қорытынды актіде және ЕҚЫҰ-дың өзге де құжаттарында негізі қаланған ұстанымдарды пысықтау мен қолдануға мүмкіндік беретін жалпы еуропалық үрдістерге белсенді қатысуға деген ұмтылысымен сипатталады.
Ынтымақтастықты нақтылау кезеңінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЕҚЫҰ арасындағы ЕҚЫҰ-ның Алматыдағы орталығын, сондай-ақ, Адам істері мен құқықтары жөніндегі бюроны ашу жөніндегі өзара түсіністік меморандумына қол қойылды ( 1998 ж. 2-3 желтоқсан, Осло қ.).
2010 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі басталады. Осындай үлкен оқиға шеңберінде Қазақстанның әлеуметтік өміріндегі барлық салалар бойынша, сондай-ақ білім саласында бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Қазіргі таңда ЕҚЫҰ шеңберінде «Балалар көзімен зорлық-зомбылықсыз әлем» атты балалар суреттерінің көрмесін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген (2010 ж. маусым Вена қ.).
Қазақстанның ЕҚЫУ төрағалығы қарсаңында ел Президентімен Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтарына арналған білім беру бағдарламасын іске асыру туралы бастама жасалды.
Қазақстандық бастаманы іске асыру мақсатында 2009 жылғы 22 қарашада Кабул қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісім шеңберінде Қазақстан тарапы 2010 – 2014 жылдар аралығында жыл сайын Ауғанстан Ислам Республикасы азаматтарының қатарынан 200 адамды: оның ішінде 140 адамды жоғары оқу орындарына және 60 адамды техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына оқуға қабылдайды. Медициналық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарына қабылдау 2010 – 2012 жылдар аралығында жүзеге асырылады.
Білім алушылардың жалпы саны 1000 адамды құрайды, оның ішінде 700 адам – жоғары оқу орындарында, 300 адам – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында. Оқыту 2019 жылға дейін (медициналық мамандықтар – 2020 жылға дейін) Қазақстан Республикасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.
Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтары денсаулық сақтау (200 адам), ауыл шаруашылығы (135), ішкі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету (75) саласындағы, гуманитарлық сала және журналистика (45), мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз ету (45), инженерлік (100) және педагогикалық бағыттағы (100) мамандықтар бойынша оқытылады.
Ауған азаматтары Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан тарапының пікірлері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, жыл сайын ауған тарапы айқындайтын кәсіптер мен мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтарын тегін жатақханамен, жол жүру билеттерімен, соның ішінде жазғы каникул кезіндегі жолда жүру билеттерімен, сондай-ақ стипендиямен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етеді.
Ауғандықтарды оқыту мен даярлаудағы осынау кең ауқымды көмек ЕҚЫҰ-дағы терроризм мен экстремизм идеологиясының тарауына қарсы тұруға қосқан маңызды үлес болмақ. Ауған жастарына сапалы білім алу мүмкіндігін ұсыну наркопроблеманы шешуге бағытталған кең көлемді іс-әрекеттер кешеніндегі маңызды шара болмақ.
Адамзаттың қазiргi кезеңдегі даму факторларының бiрi интеграция (кiрiгу) болып табылады. Интеграция процесстерi дезинтеграциямен, ескінің тарауы – жаңаның пайда болумен, ескі интеграциялық құрылымдардың ыдырап - жаңа экономикалық, саяси, әскери және басқа да одақтардың тууымен алмасып отырады. Және дегенмен интеграция үстем болатын, позитивтi тенденция болып табылады.
Адамзаттың өзіндік тарихы яғни, шағын жалпылықтан неғұрлым iрiлеуге, оқшауланғаннан гөрі неғұрлым өзара тәуелділікке негізделген кезекті интеграциялық эволюция ретінде қарастыруға болады: Осы үдерістер қазіргі күшіндегі халықаралық құқық аясындағы негізін қалайтын қағидалардың бірі ретінде БҰҰ Жарғысында көрініс тапқан және Бiрiккен Ұлттар Ұйымының 1970 жылғы 24 қазандағы құжатпен қабылданған Жарғысына сәйкес мемлекеттердiң арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқықтардың қағидалары туралы Декларацияда толық айтылған. Аталған құжатқа сәйкес, «Мемлекеттер бiр-бiрiмен, олардың саяси, экономикалық және әлеуметтiк жүйелерiнiң айырмашылықтарына, түрлі аядағы мемлекетаралық қатынастарына қарамастан, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау және халықаралық экономикалық тұрақтылыққа жәрдемдесу мен өрлеуіне, халықтың ортақ әл-ауқатына сәйкес ынтымақтасуы қажет.
Аймақтық бiрiгулер мемлекеттердiң ынтымақтастығы мақсаттарына сәйкес құрылады және жеке мемлекетке қарағанда ғаламдану үрдісіне сәйкес жылдам дамитын, әрі өмiр сүре білетін, сонымен қатар бәсекеге түсе алатын адамзат iзденісіндегі детерминирленген логикалық құбылыс болып табылады. «Еуразия – 2000» Еуразия халықаралық экономикалық саммитінде Бүкiләлемдiк Экономикалық форумның президенті профессор К. Шваб былай деп атап өттi:
«Ғаламданумен байланысты жаңа өнеркәсiптiк революция мынадай көрініс береді, кім жеңді және кім жеңілді бұл бірнеше жылдар ішінде тез арада шешіледі. Маргинализациядан (кiрмелену) құтылу үшін шағын мемлекеттердің бiр-ақ жолы бар - ол регионализация. Регионализация және ғаламдану - бұл бір-бірлеріне параллель процестер. Ал аймақтар - глобалдi, яғни жаһанды экономиканың кiрпiштерi сияқты &&&
ТМД елдері және алыс шетелдердің қатысуымен аймақтық халықаралық ұйымдар құрылады, Шанхай Ынтамақтастық Ұйымында (ШЫҰ) мысалы Қытай белсенді рол атқарса, экономикалық жоспарда Әзiрбайжан, Грузия және Түркия белсене ынтымақтастық орнатса, болашақта басқа да экономикалық, саяси және әскери одақтар құрылу жоспарлануда.
Бұрынғы Кеңес Одағының аумағында болып жатқан немесе посткеңестік елдер мен алыс шет елдердің қатысуымен болатын интеграциялық процесс әлемдік қауымдастықта болып жатқан тенденциялар көрінісін береді. Әлемде үнемі болып жатқан интеграциялық және дезинтеграциялық үрдістерде саяси, экономикалық, қорғаныс және басқа да мақсаттарды қамтитын бірігу үрдістері үстемдік роль атқарады.
Мамандар еуропа мемлекеттерінің орталық азия мемлекеттерімен қатынастарына жағымды әсер ететін күшті жақтарына мыналарды жатқызады:
- Еуропа мемлекеттерінің экономикалық, қаржылық, техникалық әлеуеті;
- Орта азиялық мемлекеттерге қатысты жағымсыз империялық тәжірибенің жоқтығы;
- Еуропалық мемлекеттерде жағымсыз «антиисламдық имидждің» жоқтығы;
- Кейбір еуропа мемлекеттерінің (бірінші кезекте Германия) көптеген Орта Шығыс мемлекеттерінің басты экономикалық серіктестері ретіндегі дәстүрлі ролі;
- Дамушы мемлекеттердің өндіруші өнеркәсібіне инвестициялар тәжірибесі;
- Еуропа Одағының және НАТО позициясының күшеюіне төзімділігі;
Дәріс №13.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Дамыған елдердің аймақтық интеграциялық топтастықтары
Дәріс №14. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ғылыми ынтымақтастық
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Интеграция мәселелері бойынша кадрлар дайындау.
Қазақстан – байланыстар мен әріптестікке ашық мемлекет, халықаралық ынтымақтастықты біз білім және ғылым жүйесі дамуының басым бағыттарының қатарына қоямыз.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің маңызды бағыттарының бірі - өзге мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Бұл бастама жыл сайын жаңа қарқынмен даму үстінде.
Білім саласында 81 халықаралық келісім іске асырылуда. Тек 2009 жылы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы 10 халықаралық келісімге қол қойылды.
150-ден астам білім беру ұйымы шетелдік әріптестерімен тікелей байланыстар орнатқан. Бүгінде 25 мыңнан астам қазақстандық азамат шетелде білім алуда. Олардың білімі мен білігі – біздің еліміздің болашағына қосылатын баға жетпес үлес.
Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша бірнеше халықаралық кездесу мен бірлескен келіссөздер өткізіледі.
Халықаралық байланыстар маңыздылығының өсу факторы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен ынтымақтастықты дамыту. ТМД-ға қатысушы мемлекеттермен біртұтас келісілген білім беру кеңістігін қалыптастыру және саясатын пысықтау– қазақстандық білім берудің халықаралық байланыстарын дамытудың басты бағыттарының бірі болып табылады.
ҚР БҒМ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің біртұтас білім беру кеңістігінің құқықтық алаңын құру үдерісінің белсенді қатысушысы. ТМД ынтымақтастығы шеңберінде ұлттық заңнамаларды әзірлеу барысында қолдануға ұсынылған алты модельдік заң әзірленді (білім туралы, ересектердің білімі, жалпы орта білім, мектептен тыс білім беру, мектепке дейінгі білім беру және лицензиялау туралы).
Осындай құжаттарды әзірлеу үдерісіне Қазақстан да өз үлесін қосып отыр. Оның бірден бір дәлелі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әзірлеген Лицензиялау туралы модельдік заң болып табылады.
Дәріс №14.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Дамыған елдердің аймақтық интеграциялық топтастықтары
Дәріс №15. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Қазақстан Республикасының экономикалық потенциалы. Қазақстан экономикасынығ қазіргі кездегі жағдайы.
2. ҚР ның халықаралық экономикалық қатынастары.
Интеграциялық процесті дамытудың мынадай принциптері қаралған: кеден кедергілерін жоюы, салық, акциз алымын төмендету, отандық тауар өндірушілерді қорғау шараларын жасау. Осы процестерге – «микродеңгейдегі интеграция» деген айдар тағылды. Шаруашылық субъектісінің әртүрлері осы аталған негізде «микродеңгейдегі интеграцияны» жүзеге асырады. Бұл Ресей мен Қазақстан жобасында тәп-тәуір өткерілмек. Біріккен кәсіпорындар мен қаржы-өнеркәсіп топтары құрылып, керек жобаларды мұнай өндіру және газ салаларында, көмір өндіру, машина құрылысында өткеру жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар ел президенті Н. Назарбаев 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында Орталық Азия елдері Одағын құруды ұсынды. «Бұдан былайғы интеграциялануымыз, - деп атап айтты Ел басымыз, - біздің өңіріміздің тұрақтылығына, прогреске,экономикалық және әскери-саяси тәуелсіздікке апаратын жол»
Қазақстан – мейлінше интеграцияланған әлемдік үлкен ағзаның бір бөлшегі. Ол үлкен ағза «дүниежүзілік қаржы-экономикалық жүйе» деп аталады. Демек ағзаның өзге мүшелерінде пайда болған дерт келесі бір мүшенің жұмысына әсер етпей қоймайды. Мұны біз Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қаржы дағдарысы кезінде де, осы жолы да сезіндік. Оңтүстік-Шығыс Азияда басталған қаржы дағдарысы кезінде егемендігін жаңада алған республикамыз әлемдік жүйеге онша интеграциялана қоймаған еді. Сондықтан да оның әсері негізінен теңгенің девальвациясын сәл ұлғайтуға ғана жетті. Бір қызығы, сол дағдарыс кезінде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен «дүркірей қашқан» қаржының бір азғантай бөлігі Қазақстан үстінен «себелеп өтіп», дамуымыздың жеделдеуіне септігін тигізген. Ал бұл жолы дамудың даңғыл да қарқынды жолына түскен Қазақстан үшін әлемдік қаржы дағдарысының зардабы біраз болды. Екінші деңгейдегі банктеріміз сырттан «қорлана» (фондирование) алмайтын жағдай қалыптасты. Керісінше бұрын алған несиелерін қайтаруға тура келді. Сондықтан да Қазақстанның ипотекалық жүйесі біраз ақсады. Ипотекалық несие арқылы «май шелпекке кенелеміз» деген топ тақырға отырып қалды. Халыққа үлестірілген несие қайтарымы іркіліске ұшырады. Жылжымайтын мүлік құны екі еседен астамға түсті. Тұрғын үй бағасының түсуі әлі де жалғасады. Өйткені ол Қазақстан халқының нақты табысына шақталмаған, алыпсатарлардың қолдан жасаған бағасы еді. Солай бола тұрса да, өз егемендігін алған 18 жылдың ішінде ауқымды істер тындырып үлгерген мемлекет басшылығы қазынамызға Ұлттық қор мен Ұлттық банктің тұрақтандыру қорындағыны қоса есептегенде 50 миллиард доллардың сыртында мол қаржы жинақтаған болатын. Оның үстіне Қазақстанның бағасы төмендемеген шикізаттық экспортынан түсетін валюталық кіріс елден бұрынғы алынған несиелердің қайтарымы ретінде шет елдерге шығарылатын валюталық шығысты толық жабатындай деңгейден де артық. Міне, осы екі жағдай Қазақстанның қарқында дамуын сақтап қалып отыр.
Мемлекеттік екі үлкен құрылым «Қазына» тұрақты даму қоры мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару холдингі біріктіріліп, қандай дауылға да болса қарсы жүре алатын алып және қуатты үлкен бір құрылым өмірге келді. Бұл құрылым Қазақстанның қаржы-экономикалық жүйесіне локомотивтік қызмет атқарып, бүкіләлемдік дағдарысты жағдайдың өзінде еліміздің ырғақты және қарқынды дамуын жалғастыра беруде үлкен қызмет атқарары сөзсіз.
Дәріс №015.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Халықаралық экономикадағы Қазақстанның алатын орны
Достарыңызбен бөлісу: |