Дәріс №3. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі еркін сауда режимі
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Еркін сауда режимі ұғымы.
2. Өзара сауда қатынастары кезінде тарифтік және сандық шектеулерді қолданбау.
1,. Әр түрлі елдер жалпы әлемдік экономикада жалпы және оның жекелеген тауар рыноктарында әр түрлі орын алады. Халықаралық сауданың әр бір қатысушысы өз мүдделерін қорғау мақсатында қандай да бір іс-әрекет атқаруға тырысады, яғни осы салада белгілі бір саясат жұргізеді. Халықаралық сауда саласында саясаттыңі негізгі екі түрі бар:
- халықаралық сауда саясаты;
- сыртқы сауда саясаты;
Халықаралық сауда саясаты - халықаралық сауда саласында жалпылама қабылданған саясат. Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) жүргізеді және ол әлем елдерінің көпшілігі тарапынан қолдау тауып отыр. Мұндай саясатқа халықаралық сауданы ырықтандыру жатады.
Сыртқы сауда саясаты атауымен мемлекеттің басқа елдермен сауда қатынасына бағытталған іс-әрекеті түсіндіріледі. Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаттары:
• осы елдің халықаралық еңбек бөлінісіне кіруінің дәрежесі мен әдісін өзгерту;
• экспорт пен импорт көлемдерін өзгерту;
• елді қ.ажетті ресурстармен қамтамасыз ету (шикізат, энергия және т.б.);
• экспорт пен импорт бағаларының арақатынасын езгерту.
Кейбір мақсаттар ұзақ мерзімді сипатта болады, мысалы халықаралық еңбек бөлінісіне кіру дәрежесі мен әдісін өзгерту. Басқа мақсаттар одан гөрі аз мерзімде жүзеге асырылуы мүмкін, мысалға экспорт пен импорт көлемін өзгерту.
Сыртқы сауда саясатының негізгі екі бағыты бар:
• еркін сауда саясаты;
• протекционизм.
Еркін сауда саясаты таза күйінде мемлекеттің сыртқы саудаға тікелей араласудан бас тартып, рынокқа негізгі реттеуші ролін жүктеуін білдіреді. Бірақ бұл мемлекеттің осы шаруашылық іс-әрекетінің бағытына әсер етуден толық шеттелуін білдірмейді Мемлекет өз шаруашылық субъектілеріне максималды еркіндік беру үшін басқа елдермен келісім-шарттарға отырады.
Еркін сауда оң саяси салдарға әкеледі, өйткені елдердің өзара байланыстылығы күшейіп, бір-біріне дұшпандық әрекетінің мүмкіндігін төмендетеді.
Еркін сауда саясатының жүргізілуі экономикасы дамыған елдерге халықаралық айырбастан неғұрлым көп пайда алуға мүмкіндік береді. Іс жүзінде, еркін сауда саясаты таза күйінде ешқашан және еш жерде қолданылған жоқ.
Протекционизм - отандық экономиканы шетелдік бәсекелестерден қорғауға бағытталған саясат. Еркін сауда саясатымен салыстырғанда протекционизмдегі рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті жоққа шығарылады, өйткені әлемдік рыноктағы жекелеген елдердің экономикалық потенциалы мен бәсекеге жарамдылығы әр түрлі, осыған байланысты дамуы жағынан артта қалып отырған елдер үшін рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті пайдасыз болуы мүмкін. Күшті шетелдік мемлекеттер жағынан шектелмеген бәсеке экономикалық дамуы төменірек елдерде экономиканың тоқырауына және осы елде тиімсіз экономикалық құрылымның қалыптасуына әкелуі мүмкін.
2. ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің өзара ықпалдастығы тауарлар аталымының басым көпшілігі бойынша ортақ кеден тарифтері енгізілген, тарифтік емес реттеу бойынша келісілген шаралар жүзеге асырылып жатқан, үшінші елдерге қатысты ортақ сауда режимдері қалыптастырыла бастаған кезеңге жетіп отырғанын атап өткен жөн. Біртұтас кеден аумағын құру басталды. Гуманитарлық салада біздің елдеріміз азаматтарының білім, мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету салаларындағы қажеттіктерін неғұрлым толығырақ қанағаттандыруға мүмкіндік беретін бірқатар нақтылы бірлескен қадамдар жасалды.
ЕурАзЭҚ құру туралы шартқа қол қойылған сәттен бері ЕурАзЭҚ құру туралы шарттың нормалары мен қағидаларын нақты толықтыру, Қоғамдастықтың басқару органдарын құру және олардың қызметін реттейтін құжаттарды әзірлеу, жаңа халықаралық ұйымның лауазымды тұлғаларының құқықтық мәртебесін, артықшылықтары мен иммунитеттерін бекіту, олардың өз міндеттерін тиімді жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша халықаралық-құқықтық жұмыстың едәуір көлемі атқарылды.
2003 жылғы 27 сәуірде Душанбе қаласында болған ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесі барысында (мемлекет басшылары деңгейінде) ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтағы іс ахуалы және интеграциялық ынтымақтастықты жеделдету жөніндегі ұсыныстар туралы» баяндамасы қаралды, ол Қоғамдастықтың таяу болашақтағы негізгі мақсаттары мен міндеттерін белгілейді.
Осы баяндама негізінде Тараптар ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер басшыларының 2004 жылғы 9 ақпандағы №152 шешімімен бекітілген «2003-2006 және одан кейінгі жылдарға арналған ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттарын» және «2003-2006 және одан кейінгі жылдарға арналған ЕурАзЭҚ дамуының басым бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шараларын» әзірледі.
Дәріс №3.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Хекшер-Олин теориясының әлемдік саудадағы мәні және шектеулігі мәселесі
Дәріс №4. ЕурАзЭҚ шеңберіндегі еркін сауда режимі
Дәріс сабағының мазмұны:
1.Өзара сауда қатынастары кезінде жанама салықтарды салудың ортақ жүйесін қолдану
1. Кедендік тариф - бұл баж салықтары қойылымының жүйеленген тізімі. Кедендік баж салығы деп мемлекеттік шекараны өту кезінде тауарлардың импорты мен экспортына салынатын салығы түсініледі.
Тараптар тауарлармен еркiн сауда режимiнде жұмыс iстеудiң төмендегiдей мақсаттарын жариялайды:
а) бiр Тараптың кедендiк аумағынан шыққан және екiншi Тараптың кедендiк аумағына әкетiлетiн (әкелiнетiн), сондай-ақ Тараптардың кедендiк аумағында еркiн айналысқа арналған тауарларға қатысты тарифтiк және сандық шектеулердi қолданбау;
б) жанама салықтарды өндiрiп алудың бiрыңғай жүйесiн қолдану;
в) жалпыға бiрдей қабылданған нормалар мен ережелерге немесе ұлттық заңдарына сәйкес бiр Тараптың екiншi Тараптан тауарлар әкелуiне қатысты қорғау шараларын уақытша қолдануына ештеңе де кедергi келтiрмейдi;
г) Тараптардың келiсiмiнсiз олардың бiр-бiрiне өзара жасайтынынан анағұрлым қолайлы сауда режимiн осы Шарттың қатысушысы болып табылмайтын кез келген үшiншi мемлекетке жасамауы;
д) шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң әрекетiнен туындаған немесе жалпы мемлекеттiк және аумақтық органдардың араласуынан туындаған бәсекелестiктi шектеудi - бұл Тараптардың шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң өзара саудасына қаншалықты ықпал ететiн болса, соншалықты деңгейде жою;
е) екiншi Тараптың кедендiк аумағынан шығатын ұқсас тауарлармен салыстырып қарағанда Тараптардың бiрiнiң кедендiк аумағынан шығатын тауарға қатысты тiкелей немесе жанама түрде кемсiтушiлiкке әкелiп соғуы мүмкiн шектеу не фискалдық сипаттағы қандай да болсын шараларды (оның iшiнде ұжымдық) Тараптардың өзара қолданбауы.
Дәріс №4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Халықаралық сауданың даму қарқындары және қазіргі кездегі даму мәселелері
Дәріс №5. ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын (КО) құру
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Кеден одағы ұғымы.
2. Ортақ кеден тарифтері.
3. Ортақ сыртқы сауда саясаты.
1 Кеден одағы ұғымы.
Жалпы, Кедендік одақ дегеннің өзі – бұл одаққа мүше-мемлекеттер арасындағы баж алымынсыз жүргізілетін сауда және үшінші елдер үшін кедендік баждардың келісілген мөлшері.
Еуразия кеңiстiгiнде бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының өзара ықпалдастықтары арта түсті, құрамы Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Қазақстан Республикасынан тұратын Кеден Одағы құрылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ММУ-де оқыған дәрісінде Еуразия Одағын құру туралы идеясын тұңғыш рет жариялағанын атап өту керек және осы идея тәжірибеде жүзеге асты да. Алғашқы қадам ретінде қызмет саласына ортақ кеден аумағы және сыртқы шекаралар, Кеден Одақ шекараларының барлық контуры (нобайы) бойынша бiр iздендірілген бажды бекіткен бiртұтас кеден саясаттары кiретiн Кеден Одағын құрылуын атап өтуге болады.
Жаңа Кедендік Одақ құрылу мақсаттары:
1) Үш елдің арасындағы тауар айналымды көбейту. Қазіргі кезде Белоруссия мен Қазақстан арасындағы тауар айналым 1,05%, Ресей мен Белоруссия арасындағы тауар айналым 63,23%, Қазақстан мен Ресей арасында 35,72% құрайды. Әрине басты мақсат бұл көрсеткіштерді өсіру.
2) Одақтыққа мүше елдердің экономикасының қарқынды дамуына жол ашу.
3) Біріңғай Кедендік Одақты құрғаннан кейін біріңғай экономикалық кеңестік құру мақсаты алдыға қойылп отыр. Сол арқылы ауылшарушылығын қолдау, тамақөнеркәсібінің сапасын жақсарту, содан кейін үш ел арсындағы тауар айналымды өсіріп, шетелдік нарыққа шығару.
4) Үш елдің кәсіпорындарын әлем стандарттарына сай бәсекелестікке даярлау. ДСҰ-на мүше болу және дүние жүзілік сауда нарығына шығу.
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден Одағын құру туралы құжаттар пакетіне 2009 жылдың 27 қарашасында Минскіде Белоруссия, Ресей және Қазақстан президенттері қол қойған болатын. Келiсiмге сәйкес, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бiртұтас кеден тарифы күшiне ендi. Кеден Одағының өзі 2010 жылдың 1 шiлдесiнен бастап Кеден Одағы Кеден кодексiнiң күшіне енуiмен өз жұмысын бастады. Осы кезден бастап Кедендік бақылау ресей-белорусь шекарасынан алынып тасталды, ал 2011 жылдың шiлдесiнен бастап ресей-қазақстан Кедендік бақылауды шекарасынан алып тастау көзделіп отыр.
2010 жылдың наурызында Қазақстан Парламентінің Сенаты Белоруссия, Ресей және Қазақстанның Кеден Одағы жұмыс регламентін белгiлейтiн келiсiмдердi бекiттi. «Кедендік одақтың кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік бағасын анықтау барысында дұрыс бақылау жүргізу реті туралы Келісімді бекіту туралы», «Кедендік одақтың кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік бағасын ресми мәлімдеу реті туралы Келісімді бекіту туралы», «Дамушы және дамыған мемлекеттердің тауарларының шығу тегін анықтау ережелері туралы Келісімді бекіту туралы» заңдар қабылданды.
2 Ортақ кеден тарифтері.
Алдымен бұл құрылымның біз үшін қандай артықшылықтары бар? Мамандардың айтуынша, бірыңғай тариф жүйесі енгізілген сәттен бастап жоғарыда аталған үш мемлекет арасында кедендік шекара болмайды. Яғни, Қазақстан өзінің отандық өнімдерін еш кедергісіз Ресей мен Беларусь нарығына емін-еркін шығара алады деген сөз. Сол сияқты ол жақтың тауарлары біздің тұтынушыларға арзан бағамен жеткізілетін болады. Себебі, одаққа мүше елдер бірыңғай экономикалық кеңістікке енетіндіктен өзара тауар тасымалдау кезінде кедендік салық төленбейді. Бұл өз кезегінде қазақстандық кәсіпкерлерге өз өнімдерін шетел нарығына тиімді бағамен шығаруға мүмкіндік берумен қатар, бәсекеге қабілетті сапалы тауар өндіруге ықпал етпек. Сондай-ақ экономикалық белсенділік артып, тауар айналымы жоғарылайды. Нәтижесінде ел экономикасы екпінді дамып, сырттан инвестиция тартуға қолайлы жағдай туындамақ. Одақ құрамына енетін мемлекеттер бірлесіп, жаңа өндіріс орындарын іске қосуға жол ашылады. Ең бастысы отандық тауар өндірушілерге үлкен қолдау, тиімді жағдай жасалмақ. Кедендік одаққа бірігудің де басты мақсаты осы. Айта кету керек, бірыңғай кедендік тариф шетелден әкелінетін импорттық тауарлар бағасының өсуіне еш жол бермейді. Өйткені, Қазақстанға жеткізіліп жатқан азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да тауарлардың басым көпшілігі Ресейдің өнімдері.
Үш ел арасында ашық экономикалық аймақ құрылғаннан кейін шекара бекеттерінде де біраз өзгерістер орын алады.
Дәріс №5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Қазақстанның сыртқы саудасының даму көрсеткіштері
Дәріс №6. ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын (КО) құру
Дәріс сабағының мазмұны:
Ортақ сыртқы сауда саясаты.
Ортақ кеден саясаты.
1. Ортақ сыртқы сауда саясаты.
Тараптар Кеден одағы туралы келiсiмдер жөнiндегi мiндеттемелерi шеңберiнде және осы Шарттың күшiне енетiн күнi Тараптар арасында қолданылып жүрген, сыртқы экономикалық қызметтi реттеудiң бiрыңғай тәртiбi туралы екi жақты келiсiмдерде көзделген нормалар мен ережелердi үйлестiру арқылы сыртқы сауда қызметiн реттеудiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi.
Сыртқы сауда қызметiн реттеудiң бiрыңғай тәртiбi және оның үйлесiмдi сипатта өзгеруi мен толықтырылуы жөнiндегi келiсiлгеншешiмдердi қабылдау мынадай салаларды қамтиды:
1) сыртқы сауда қызметiн тарифтiк реттеу;
2) үшiншi елдермен сауданы реттеудiң тарифтiк емес шаралары;
3) үшiншi елдермен қарым-қатынаста сауда режимiн белгiлеу;
4) үшiншi елдермен сыртқы сауда операцияларына жанама салық салу;
5) сыртқы сауда операцияларын валюталық реттеу.
2.Тараптар жалпы жұрт таныған халықаралық нормалар мен ережелерге сәйкес сауда-экономикалық бiрлестiк ретiнде Кеден одағын құрады, оның құрамында мыналар болады:
а) бiртұтас кеден аумағы;
б) ортақ кеден тарифi;
в) осы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, өзара сауда-саттықта
қандай да болсын тарифтiк және тарифтiк емес шектеулерге
(лицензиялауға, квоталауға) жол бермейтiн режим;
г) iшкi кеден шекараларында кедендiк бақылауды жеңiлдету және кейiнiрек одан бас тарту;
д) шаруашылық жүргiзудiң жан-жақты нарықтық принциптерiне және
үйлестiрiлген экономикалық заңдарға негiзделетiн экономикалар мен
сауданы реттейтiн бiр үлгiдегi тетiктер;
е) басқару органдары;
ж) бiрыңғай кеден саясатын және бiрыңғай кеден режимдерiн қолдану.
Кеден одағын қалыптастыру кезеңiнде оның атқарушы органы Интеграциялық Комитет болып табылады.
21-бапта көзделген ережелердi орындағаннан кейiн бiрыңғай кеден аумағына үшiншi елдерден әкелiнген және қатысушы елдердiң бiрiнде еркiн айналыс үшiн шығарылған тауарлардың iшкi кеден шекаралары арқылы орын ауыстыруы шектелмейтiн болады.
Тараптар үшiншi елдерден шығатын тауарларға қатысты кедендiк ресiмдеу мен бақылаудың нормалары мен ережелерiн бiр жүйеге келтiредi және iшкi кеден шекараларында кедендiк ресiмдеу мен бақылауды жеңiлдету және кейiн оларды алып тастау туралы тиiстi құжаттарға қол қояды.
Кеден одағының iшкi шекарасы арқылы жеке тұлғалар алып өтетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу кезiнде Тараптар 1998 жылғы 22 қаңтардағы Кедендiк ресiмдеудiң жеңiлдетiлген тәртiбi туралы хаттаманы басшылыққа алатын болады және одан әрi iшкi кеден шекараларында тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды алып тастайды. Осы мақсатта Тараптар тиiстi құжаттарға қол қояды.
Тараптар жалпы жұрт таныған нормалар мен ережелердi ескере отырып, Кеден одағын қалыптастыруды аяқтаудың уақыт шектерiн қосымша уағдаластықтарымен айқындайды.
Үшiншi елдермен сауда режимдерiн орнатқан жағдайда Тараптар Кеден одағын қалыптастыратын Тараптардың пайдасына анағұрлым қолайлы режимнен алып тастау жолымен бiр-бiрiне артықшылық берiлетiн режимдi қамтамасыз етедi.
Дәріс №6.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
КО-н ортақ басқару органдары.
&&&
Дәріс №7. ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын (КО) құру
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Өзара келісімге негізделген шекара саясаты.
2. КО-н ортақ басқару органдары.
Белоруссияның алдына қойған мақсаты және табатын пайдасын Қазақстаннан мұнайды импорттап бұл шикізатты өңдеп еуропаға сатуға жұмсамақ. Бұл кедендік одақ өз жұмысын бастамай тұрғанда Белоруссияның қалтасына қатты тиді, себебі Ресей арқылы бұл шикізаттың өтуі және кедендік рәсімдеу қымбатқа түсті. Ал енді бұл мәселе автоматты түрде шешілді. Белоруссь президенті Александр Лукашенко елінде машина өндіру саласын жандардырып, Ресей мен Қазақстанға экспортаумен айналыспақшы. Сонымен Белоруссия елдің өндірістік дамуын одан әрі көтеріп, шикізатты өндеу мен машина жасау саласын қары қарай негізді түрде дамытпақшы.
Қазақстанның алдына қойған мақсаты сүт май өнеркәсібінде жұмыс істейтін өндірушілер кедендік одақ арқылы өз өнімдерінің экспортын көбейту жолын қарастыруда. Мемлекет индустриялды дамып, кедендік одаққа мүше елдерге өз етін экспортқа шығаруды жөн көріп отыр. Сонымен қатар шикізаттық емес экономиканы дамыту. Қазіргі уақытта Қазақстан Ресейге 60 млн тонна ет экспортамақшы, сөйтіп Ресей ет өнімін шет елдерден емес арзан бағаға аз шығынмен Қазақстаннан алады. КСРО кезінде Қазақстаннан Ресейге 350 млн тонна ет экспорталатын. Қазақстанның басты мақсаты тамақ өндірісі саласындағы өнеркәсіпті кешенді дамыту. Сонымен қатар ДСҰ кірудің 15 келіссөздерін жүзеге асырып, мүше болу. Қазаақстан өз экономикасын әртараптандыру алдыңғы мәселенің бірі.
Ресейдің алдына қойған мақсаты өз елінің Кедендік одақ арқылы Еуроодақпен қарым-қатынасын, әсіресе ортақ еркін сауда аймағын құру ісінде, жетілдіру. ДСҰ –на мүше болу. Әлемдік аренада өзінің экономикалық мәртебесін көтеру. Қазақстан мен Белоруссияның игерілмеген саларын жетілдіріп, өз пайдасын арттыру. Ресей машина, тамақ өнеркәсібінің өнімдерін экспорттау. Ресей шетел елдерден қымбатқа импорталатын ет, сүт өнімдерін тасымалдау мәселесін шешу.
Дәріс №7.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Беларусь және Кеден одағы
&&&
Дәріс №8. ЕурАзЭҚ шеңберінде ортақ экономикалық кеңістік құру
Дәріс сабағының мазмұны:
Ортақ экономикалық кеңістік ұғымы.
Өзара келісілген экономикалық саясат жүргізу.
Экономиканың нақты секторындағы өзара әрекет.
Әрине, алдымен Кедендік одақ, содан кейін Бірыңғай экономикалық кеңістік құру – ауқымды әрі күрделі үдеріс. Ол үкіметтер арасындағы ықпалдастық пен үйлестіруді күшейтуді, әсіресе мүше мемлекеттердің кедендік, салық, көлік және басқа да құрылымдарының ықпалдастығын қажет етеді.
Кедендік одақты және жалпы экономикалық кеңістікті қалыптастыру – бұл үкіметтердің, әсіресе кедендік, салықтық, көліктік және оған қатысушылардың басқа да мекемелерінің өзара әрекеттесуі мен үйлесімділігін нығайтуын талап ететін, қиын, көп жоспарлы үдеріс болып табылады.
Қазіргі таңда Қоғамдастықта халықаралық қызмет саласында, бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыруда, ортақ энергетикалық рынокта және келісілген әлеуметтік саясат саласында стратегиялық бағыттар айқындалған.
Бүгінде әлемде күрделі экономикалық жағдай қалыптасып отыр. Бір жағынан мемлекеттер тарапынан дағдарысқа қарсы қабылданған шаралар жаһандық қаржы апатына жол бермей, өз экономикаларына тигізер зардаптарын мүмкіндігінше жеңілдетуге жол ашты. Дегенмен, дағдарыстың айтарлықтай кері әсерін ескере отырып, экономикада түбегейлі тұрақтылық әлі күнге орнамағанын мойындауымыз қажет.
Алдымызда экономикалық, қаржы, өндірістік және басқару жүйелерін ұйымдастыруда мемлекеттердің қағидаттық жаңа деңгейге өтуіне және туындаған жаңа мәселелерді шешуге бағытталған үлкен әрі қиын жұмыстар тұр. Бұл, яғни еліміздің экономикасын дағдарыстан кейінгі дамуға дайындау Президент Жолдауының арқауы болып табылады. “…Қазірден бастап біздің кәсіпкерлерге пайда болған жаңа мүмкіндіктерді дұрыс бағалап, жаңа нарыққа шығудың тиімді стратегияларын әзірлеумен барынша айналысып, бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет” – екендігін Елбасы Жолдауында атап өтті.
Қорытындылай келе Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “…еуразиялық интеграцияның ұзақ мерзімді келешегінде балама жоқ” деген сөздерін еске сала кету қажет.
Бұл өте орынды сөз. Кедендік одақ Бірыңғай экономикалық кеңістік құрудың негізі болып табылады. Және ол әбден мүмкін. Оны келесі фактілер дәлелдейді. Біріншіден, үш мемлекет кең ресурстық базаларға ие, сонымен қатар, білікті жұмыс күші жеткілікті. Екіншіден, ауқымды рынок бар. Беларусь, Қазақстан және Ресей өзіне жеткілікті жоғары деңгейдегі экономикаларына ие. Ең бастысы – болашақта Кедендік одаққа мүше мемлекеттер ортақ ақша бірлігі негізінде валюта одағын құруы мүмкін. Бұл ұйымның құжаттарында оның жаңа мүшелер есебінен кеңеюі әуел бастан қарастырылғанын айта кеткен жөн.
Еңбек миграциясы - бұл еңбекке жарамды халықтың қандай да бір қоғамның экономикалық қажеттілігіне айналған, еңбек күшін қажет ететін орындарға байланысты қозғалысы. Халық миграциясының басты функциясы әр түрлі елдердегі, аудандардағы және елді мекендердегі жұмысшы күшінің түрлі мамандану мен бағытталуының, ұсынысы мен сұранысынын сандық және сапалық сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады. Миграцияны ішкі және сыртқы миграцияға бөледі.
Халықаралық миграцияға иммиграция, эмиграция, рэмиграция, білімділердің кетуі, миграциялық сальдо ұғымдары тән.
Иммиграция – жұмысшы күшінің басқа елге, жұмысқа немесе оқуға белгілі мерзімге орналасу мақсатымен келуі немесе жұмысшылар импорты.
Эмиграция - жұмысшы күшінің экспорты, басқаша айтқанда шетелде жұмыс орындарын алу мақсатымен елден кетуі.
Реэмиграция – эмигранттардың отанына тұрғылықты өмір сүру үшін қайтып келуі (оралмандар).
«Милардың ағымы» - жоғары білімді мамандардың халықаралық қозғалысы.
Миграциялық сальдо - кетіп қалған және келген мигранттар арасындағы айырма. Егер эмиграция иммиграциядан көп болса, миграциялық сальдо теріс болып, елден жұмысшы күшінің кетуі байқалады. Ал егер эмиграция иммиграциядан аз болса, миграциялық сальдо оң болып, елге жұмысшы күшінің келуі байқалады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының топтастыруына сәйкес, сыртқы миграцияның төмендегідей түрлері бар:
1. Қайтпайтын -тұрғылықты мекендеуге бағытталған миграция. Миграцияның бұл түрі белгілі бір жағдайларда АҚШ, Канада, Австралия, Германия, Израильде рұқсат етілген.
2. Маусымдық- қабылдаушы елде бір жылдан кем уақытқа төлемді жұмыс табу үшін келген, уақытша немесе маусымдық мигранттар болып табылады.
3. Маятникті мигранттарды «фронтальерлер» деп атайды. Жүмысшы-фронтальер-мигранттар күн сайын көрші мемлекетте жұмыс істеу үшін шекарадан өтеді.
4. Амалсыз миграция. Амалсыз миграция экономикалық емес себептерден болса да, ол эмиграция мен иммиграция елдерінің дамуына әсер ететін еңбек ресурстарының қайта бөлінуіне әкеледі.
Халыкаралық миграцияға бірқатар заңдылықтар тән:
1. Миграция процесінде басты орынды еңбек миграциясы алады. Мемлекетаралық миграцияда, қазіргі еңбек күші нарығынында еңбек детерминантасы басты болып табылады.
2. Халықаралық миграция қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмірінде күнделікті құбылыс болды. Бұл процесс қалыпты түрде дамуда. Әлемдік миграция айналымына көптеген елдердің жұмысшылары қатысуда. Сондықтан капитал, тауар рыноктарымен бірге халықаралық еңбек күші нарығы пайда болып, оның негізгі қозғаушы күші еңбек миграциясының процесі болды.
3. Заңсыз миграцияның кең үлғаюы байқалуда.
4. Мигранттар арасында жоғары маманданғандардың үлесі өсуде.
&&&
Дәріс №8.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Жүмысшы күші миграциясының әлеуметтік-экономикалық салдары
&&&
Дәріс №9. ЕурАзЭҚ шеңберінде ортақ экономикалық кеңістік құру
Дәріс сабағының мазмұны:
1.Валюта қатынастары және валюта жүйесі түсінігі.
2.Халықаралық валюта қатынастарындағы алтынның ролі.
Дүниежүзілік валюталык жүйеге қазіргі кезде ұлттык, валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; халықаралық есептеу түрлері; халықаралық. валюта нарығы режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы.
Қазіргі халықаралық валюталық жүйеге халықаралық валюталық қор (ХВК) еніп, оған мынандай міндеттер қойылады: валюта курсын реттеу ережелеріи айқындау және оның орындалуын бақылау, валюта қайтарымдылығына ықпал жасау және валюталық шектеуді жою.
Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) Біріккеи Ұлттар Үйымының арнайы мекемесі болып саналады. Бұл мекеме 1944 жылы құрылған, оған дүниежүзінің 160-тан астам мемлекеттері мүше. Халықаралық Валюталык Қор қысқа мерзімді және орташа мерзімді несиелер береді.
Халықаралық валюта жүйесі XIX ғасырдың аяғында қалыптасып, екі жиынтық құрамнан тұрады: валюталық қатынастар мен валюталық механизмдер. Олар ХВҚ-дың көмегімен валюталық қатынастарды және халықаралық валюталык, келісімін реттейді. Оған осы мақсатқа аймақтық валюта- несие мекемелерін (банктер) кірістіреді.
Дәріс №9.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Әлемдік валюталық жүйенің дамуының негізгі сатылары
Дәріс №10. ЕурАзЭҚ шеңберінде ортақ экономикалық кеңістік құру
Дәріс сабағының мазмұны:
1.Әлемдік валюта жүйесінің эволюциясы.
2.Валюта курсы және оның қалыптасуына әсер ететін факторлары.
3.Төлем балансы.
$$$002-010-001$3.2.10.1
Валюта қатынастары тарихында үш валюта жүйесі белгілі. Біріншісі стихиялы XIX ғасырдың аяғында алтын стандартының негізінде пайда болды. Алтын монеттік және алтын құймалары ретінде стандартқа сай 1922 жылға дейін өмір сүрді. Алтын монеттік стандарт қағаз ақша белгісінің алтын монетаға еркін ауысуын қамтамасыз етті: ұлттық мемлекеттің алтын монеталары дүниежүзілік ақша міндетін атқарады. Алтын монета стандартты алтын құймалар стандарты ауыстырған соң, қағаз ақша белгілері тек құймалар салмағы 12,7 гр. болатын алтынға айырбасталды. Дүниежүзілік ақша міндетін тек алтын кұймалар атқарады.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң Генуэз конференциясында (Италия 1922 ж.) алтын ұрандық стандартқа көшу туралы халыкаралық келісімге қол қойылды. Бұл алтыны аз елдерге халықаралық сауда жасауға кепілдік туғызды.
Алтын ұрандық стандарттың талабы бойынша ұлттық валютаны алтын құймаларға айырбастау делдал-валюта арқылы жүргізілді. Делдал-валюталар болса, алтын құймаларға еркін айырбасталды.
Ал 50-ші жылдары алтын валюта (алтын доллар) стандартының негізінде валюта жүйесі қалышасты. Дүниежүзілік ақша міндетін алтынмен қоса АҚШ доллары атқара бастады Бұл шешім І944 жылы халықаралық Бреттон-Вуд конференциясында (АҚІІІ) қабылданады. АҚШ доллары үш унциясы 31,1 гр. болатын 35 долларға сай келетін алтынға айырбасталды.
Алайда 1971 жылдан бастап, АҚШ долларды алтынға айырбастаудан бас тартып алтынға деген доллар бағасын арнайы түрде жойды.
Жаңа дүниежүзілік валюта жүйесі 1979 жылдан бастап күшіне еніп, мұны Ямайкада ХВҚ-на қатысушы елдер бекітті. Дүниежүзілік валюта жүйесі тарихында тұңғыш рет дүниежүзілік ақша міндетін алтын емес, ұлттық валюта мен интернациональды есеп ақша атқара бастады. Мұны — интернациомалды есепті ақшаны — халықаралық валюта қоры шығарды.
Қазіргі валюталық жүйенің басты элементтері болып халықаралық есептеулер жатады.
Қазіргі валюталық жүйе — жан-жақты валюталық нарықтық стандарт. Қазіргі валюталық механизм осы кездегі валюталық қатынасты реттейді. Валюталык қатынастың негізгі мәні мынада:
— валюталық өлшем алтынмен тікелей байланысын үзіп оның алтынға қатаң бағамы жойылды;
— алтын ел ішіндегі айналымда ғана емес, дүниежүзілік нарықта да жалпы төлем құралы қызметін тоқтатады;
— алтын ерекше өтімді тауар ретінде ақшаға да сатылады, ал ол ақшалар халықаралық есептесулерде қолданылады;
— елдер арасындағы валюталық қатынастар ендігі жерде ұлттык валютаның өзгермелі курсына негізделеді.
Курстың бұл құбылысы екі фактормен: біріншіден, дүниежүзілік қауымдастықтағы елдердің ішкі нарықтағы валютаны сатып алу қабілеттілігін нақты құнының ара қатынасымен; екіншіден, халықаралық нарықта ұлттық валютаға деген сұраным мен ұсынымға байланысты.
&&&
$$$002-010-100$Дәріс №10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер}
1. Әлемдік валюталық жүйенің дамуының негізгі сатылары
Достарыңызбен бөлісу: |