ОқУ-Әдістемелік кешен оқытушылар үшін пәннің бағдарламасы



бет4/8
Дата12.10.2020
өлшемі382,5 Kb.
#68212
1   2   3   4   5   6   7   8
3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Жануарлардың ішкі аурулары, клиникалық балаумен» І, ІІ, ІІІ пәні ветеринариялық зерттеу әдістерін меңгеруді үйрететін, соның негізінде қажетті емдеу, алдын алу және басқа да ветеринариялық іс шараларды қолдануды үйрететін клиникалық ветеринарияның бөлімі.

Клиникалық зерттеулердің мақсаты түрлі әдістерді қолдана отырып ауруларды анықтау болып табылады. Жануарларды тексеру барысында клиникалық жағдайына қарау, сипау, нұқу, тындау, рентгенография, электрография, эндоскопия, қанды, несепті, нәжісті, асқазан, ұлтабарды қарын сөлдерін физикалық-химикалық және микроскопиялық зерттеулер және басқа да әдістер қолданылады. Пән ветеринар дәрігері мамандығын қалыптастырудағы негізгі пән болып есептеледі сонымен қатар, мамандық этикасы мен деонтологиялық қағиданы сақтауға тәрбиелейді.

3.2 Пәнді оқудың мақсаты:

Жануарлардың ауруын анықтау және оның алдын алу, дәйекті лабораториялық және арнайы зерттеу әдістерін меңгеру, лайықталған мәліметтерді жинақтап және талқылап, әсер етуші факторлар салдарынан жануар организмінде туындаған анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерді бағалап және қажетті көмек шараларын көрсетуді меңгеру болып табылады.
3.3. Пәнді оқытудың негізгі мақсаты:

Пәннің бағдарламасына сәйкес әртүрлі жануарлар организмін қалыпты физиологиялық және патологиялық жағдайларын анықтау мақсатында пайдаланылатын киникалық зерттеу әдістерінің методологиясын оқыту. Аурудың дамуының патогенезіне байланысты терапиялық іс шараларды көрсете білуді тәжірибе жүзінде іске асыруды үйрету.


3.4 Пәнді оқу нәтижесінде студент білу керек:

- Жануарларды тексеру әдістері бойынша – клиникалық тексеруді (қарау, пальпация, перкуссия, аускультация);

-Арнайы лабораториялық зерттеулерді (рентгенография, рентгеноскопия, электрокардиография, эндоскопия т.б.)

- Ауруды анықтау үшін қолданылатын арнайы әдістерді (руменография, фонокардиография т.б.);

- Организмнің физиологиялық және патологиялық жағдайларындағы дәрілік заттардың әсер ету ерекшеліктерін, олардың сипаттамасын, әсер ету механизмін, қолдануға болатын және болмайтын жағдайларын дәйектеуді;

- Лабораториялық диагностикум және жаңа аспап, құралдармен жұмыс істеуді;

- Ауруды анықтаудың теориялық негіздемесін білу керек.

- Ауру малды өздігінен тексеруді және жан-жақты емдеуді;

- Аурудың алдын алу жөнінде жоспарлы істерді ұйымдастыруды;

- Шаруашылық жағдайында әртүрлі жануарларды емдеу және алдын алу шараларын өткізудегі клиникалық құжаттарды ресімдеуді. Шаруашылық бағытына қарай малдың физиологиялық жағдайына, жасына, жынысына, салмағына байланысты диспансеризацияны жүргізу ерекшеліктерімен олардың ауруларын емдеу тиімділігінің нәтижелерін шығаруды;

- Тұжырымдамаларды дұрыс пайдаланып жетістіктерді меңгеру.
3.5 Курстың пререквизиттері:

Фармакология және токсикологиясы, жануарлар патологиясы, жануарлар физиологиясы және биохимия.
3.6 Курстың постреквизиттері:

Індеттану және індеттік аурулар, паразитология және инвазиялық аурулар


3.7 Жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Кесте 1


Курс

Семестр

Несие

Дәріс (сағ)

Лаб

(сағ)


Тәжір

(сағ)


СОӨЖ

СӨЖ (сағ)

Барлығы (сағ)

Жиынтық бақылаудың формасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет