Оқу әдістемелік кешен Пән: «Таңдап алған спорт түріндегі спорттық педагогикалық шеберлік жас негіздері»



бет31/40
Дата07.02.2022
өлшемі112,62 Kb.
#90087
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
Байланысты:
6926617d-3bc8-11e3-9713-f6d299da70eeТАСТ жас ерек 13-14

Лекцияның мәтіні
1 Биіктікке секіру көрсеткіші жүз жылдың тарихында бір жарым есе өсті, ол іріктеп алуға, жарыс дәрежесінің өзгеруіне, спорттық дайындық жүйесінің дамытылуына байланысты болды, бірақ басты көрсеткіштің өзгеруі ол техниканы жете меңгеруге байланысты.
IX ғасырдың ортасында Англияда биіктікке секіру көрсеткіші 1,70-1,86 м, ондағы пайдаланған әдіс « аяқты өзіне қысып « және « аттап өту « , ол – қазіргі мектепте жүрген әдіс. Дененің ортақ массасы нүктесі белдемеден 20-30 см. / Н.Г. Озолен , 1939 , Дьяков 1979 / 1887 жылы американдық студент Боб Пейдж биіктікке 1,93 см. секіргенде қолданған әдісі « аттап өту «. Осы уақыттан бастап 50-жылдың ортасына дейін биіктік техникасының өзгеруі американдық спротшылардың атымен байланысты.
Аттап өту әдісін кейде қайшылап секіру деп атайды. Екпін алу 35-40 градустан басталады. Итерілгеннен кейін секіруші жоғары көтеріледі , дене тік ұсталынады. Дене мен сермеген аяқ белдемеге кіреді , итерілген аяқ бос, төмен бағытталған. Белдемеден өткен кезде мынандай қозғалыс жасалады. Сермелеген аяқтың белдемеден түсуі арқылы, итерілген аяқ доға қозғалысын жасап, тізені, табанның тұмсығын сыртқа қарай бұрып белдемеден өтеді. Бас, иық, дененің баолық мүшесі алға еңкейеді. Белдемеден өту сәтінде басты еңкейту, иықты алға беру арқылы секіруші жамбасты көтереді. Секіруші сермелген аяққа түседі, содан кейін итерілген аяққа дене массасының орталық нүктесі белдемеден 20 см. деңгейінде болады.
2 Аттап өту әдісін жетілдірген М.Суинней 1896 жылы рекордқа 4 см. қосқан. М.Суинней белдемеге тік жүгіріп, денені көлденең қалыпта ұстап, аяқты, денені, басты және қолды алма кезек өткізген. Толқын тәріздес қозғалыс арқылы дененің ортақ масса нүктесі белдемеден 10 см. өткен. 1912 жылы екі метрлік деңгейді Хорраин іздену арқасында домалап ету әдісімен алған. Белдеменің бұрышпен екпін алыпбелдемеге таяу аяқпен итеріліп, денені көлденең ұстап, итерілген аяқты өзіне қарай қысқан. Бұл әдісте екпін алатын жылдамдық өскен, итеру сәтінде дене мүшелері бірдейлік көрсеткен. 30- жылдары ережеге елеулі өзгеріс кірген, белдемеден бірінші аяқ өту керек деген талап алынып тасталған, сонымен қоса міндетті түрде аяқпен түсу деген ереженің бабы ұрықсат етілді, сонымен қоса белдемеден өтуді жетілдірді, осының негізінде 30- жылдары « аспалап » секіру әдісі қолданылады. 30- жылдарда таяқшадан өту қазіргі денгейге таяды, рекордтың өзгеруі көбінесе екі фазфны жетілдіру болды. Екпін алу және итерілу . Екпін алу мен жылдамдық өсті, бірақ итерілу фазфсфның өзгеруі, баяу жүргендегі көрсеткіш жоғары болмады. Итеретін аяқты өкшеден қою екпін жылдамдығын төмендетті.
Аспалап секірудің көп жетістікке жеткен совет мектебінің секірушілері Степанов, Шавлакадзе, Брумель. Итеруді жетілдіру, дененің бірі бірімен байланысын жақсарту итерілу жылдамдығынын жоғалуын азайтты. Екпін алу жылдамдығының өсуі жақсы нәтиже бере бастады. 1937 жылы Ю.Степанов әлемдік деңгей көрсетті -2,16. 1960 жылы Шавлакадзе Рим олимпиадасы ойындарында 1 орын алды. Осы тәсілмен В. Брумель 2,28 жеткізді /1961/ , ол 8 жыл тұрды.
Мехикода өткен IX олимпиадада Р. Фосбюри /АқШ/секіруді мүлдем жаңа әдіспен орындап, омырауына алтын медаль тақты. Бұл әдісті Фосбюри бұрыннан көрсеткен, бірақ оны ешкім қабылдамаған. 1968 жылы Фосбюри олимпиада тұғырына көтерілгеннен кейін, ол әдіс жан-жаққа тарай бастады. Осы әдіспен 1973 жылы әлем рекордын орнатты. 1976 жылы 2,32 – ке жеткізді. Г.Вессиг / ГДР/ 2,36 олимпиада чемпионы атанды. Қытай секірушісі Чжу Цзячьхуа 2,39 , Сотомайор 2,43 әйелдерде С.Симеони 2,01 / 1981/ , Быкова 2,05, Костадинова 2,09 /1987/. Сонымен қазір -2,30, секіретіндерлің барлығы осы әдіспен секіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет