Оқу әдістемелік кешен типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған


Мұғалімнің сабаққа дайындалуына жалпы сипаттама



бет23/101
Дата28.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#115280
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   101
Байланысты:
2018. МОӘ. УМК каз

Мұғалімнің сабаққа дайындалуына жалпы сипаттама.

Барлық оқу – тәрбие мақсаттары бір сабақта жүзеге аспағанымен, әрбір сабақ математика курсының бір бөлігі болғандықтан, оның атқаратын міндеті, мақсаттарынан адамды оқыту, дамыту және жан - жақты тәрбиелеу біртұтас жұмысы құрылады.

Сонымен оқушыны білімді, білікті, тәрбиелі азамат етіп қалыптастыру біртіндеп, сабақ сайын, күнбе - күн жүзеге асып отыратыны сөзсіз.

Сабақ – бір тұтас тиянақталған оқу пәнінің бір буыны.

Мұғалімнің сабаққа дайындығы үш деңгейден тұрады.

1) Мұғалімнің жаңа оқу жылына дайындығы.

2) Мұғалімнің тақырыптық дайындығы.

3) Мұғалімнің күнделікті сабаққа дайындығы.

Қазіргі кезде оқулықтардан басқа мұғалімдерге көптеген арнайы әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар, есептер жинақтары бар. Мұғалімдерге арналған сабақ жүргізуге нақты нұсқаулар, сабақты жоспарлау, бақылау жұмыстары және өз бетімен жұмыстар, қиын есептердің шешулері келтірілген оқу құралдары баспадан шығып тұрады.

Мұғалім тек өз жұмыс жүйесінде дидактикалық принциптегі оқу үрдісінің заңдылықтарын және жоғарыда қарастырған математика сабағына қойылатын негізгі талаптарды жүзеге асырып отыруы керек.

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін, өз бетімен есеп шығаруын ұйымдастырудың бірсыпыра артықшылықтары бар. Атап айтқанда, есепті өздігінен шығару арқылы оқушылар шығармашылық белсенділіктерін жандандырып, ынталанады, ойлау қызметін дамытады. Есеп шығару арқылы теориялық материалдарды қолдануға үйренеді. Оқушылардың өздігінен есеп шығаруын өрістетіп, олардың дербестігін одан әрі дамыту әр мұғалімнің міндеті. Оқушыларға қажетті нұсқаулар беріп, оқулықтағы тиісті тақырыптарды, анықтама материалдарды көрсетіп берілген есепті барлық оқушылар өздігінен шығарады. Төменгі сыныптарда бір оқушы шешуін түсіндіріп, нұсқау беріп отырады. Мұнда түсініктеме беруші оқушы орындалатын түрлендіруді, жасалатын талдауды, салуды қандай негізде жүргізетінін айтуы тиіс. Басқаша айтқанда, оқушылар есеп шығарғанда бұрыннан мәлім математикалық сөйлемдерге сілтеме жасауы керек.

Мысал: көбейтіндісін табыңдар. Мұғалім берілген мысалды тақтаға жазады да, қандай амал орындалатынын оқушылардың бірінен сұрайды. Содан соң барлық оқушылар есеп шығаруға кіріседі. Түсіндіруші оқушы орнынан: «3-ті —5-ке көбейтсек 15, а2-ты а-ға көбейтсек а3, ал b-ны b3-қа көбейтсек, b4 шығады. Сонда берілген көбейтінді 15а3 b4 болады» деп жауап береді.

Оқушының айтқан түсініктемесін мұғалім тақтаға жазады. Бұл жағдайда, материалды меңгеріп үлгірмеген оқушы түсіндіруді зейін қойып тыңдап, осы типтес басқа есепті өздігінен шығаруға ұмтылады. Дегенмен, оқушының есепті жай шығаруын ғана емес, орындалатын түрлендірудің мәнін түсінуіне, белсенді ойлауына көмектесу керек.

Берілген есепті жаппай шығару кей жағдайда тиісті нәтижелерге келтіре бермейді. Себебі, барлық оқушы бір ғана есепті шығара бермейді. Бұл есеп бір оқушыға оңай болып, өз қабілетін сарқа пайдалануға кедергі туғызса, енді бір оқушыға қиын соғып, есеп шығару ынтасын жояды. Сондықтан мұғалім өз бетімен жұмысты әр оқушының шама-шарқына қарай есептерді жүйелеп, олардың жеке ерекшеліктеріне байланысты ұйымдастырады. Мұның түпкі мақсаты әр оқушының мүмкіндіктерін сарқа пайдаланып, қабілетін дамыту.

Оқушылардың өздігінен шығаратын есептерін дербестендірудің мақсаты оқушылардың математикалық даярлығы мен қабілеттерін ескере отырып, олардың жеке мүмкіндіктеріне қарай қиындығы әр түрлі есептер шығарту. Мұнда баяу қабылдайтын, үлгерімі төмен оқушыларға шамасы келетін қарапайым есептерді шығартып, өз мүмкіндіктеріне сенім ұялатса, үлгірімі жақсы оқушылар неғұрлым күрделі есептерді шығарып қабілеттерін шыңдай түседі.

Математиканы оқытудың программаланған әдісін қолданғанда оқушылар жаңа тақырыпты толығымен өз бетімен меңгереді.

Математикаға қабілеті жоғары оқушылар факультативтік сабақтарда өз бетімен дайындап баяндама жасайды және эвристикалық оқыту әдісімен күрделі есептерді өз бетімен шығарады.

Математикалық үйірмеде жоғары сынып оқушылары математикадан баяндамалар мен рефераттар дайындайды.

Өздігінен шығарылатын есептердің, дайындалатын рефераттар мен докладтардың сапасын арттыру үшін:


  • жұмыс алдында нұсқау беру;

  • қолданылатын формулалар, сөйлемдер тізбегі мен әдебиеттерді беру;

  • орындалу ретін, мерзімін атап көрсету;

  • жұмыстарды ұдайы сыныпта талдап отыру пайдалы.

Өз бетімен жұмыстың оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамытуда алатын орны аса зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет