Орта мектепте математикалық кеш өткізу.
Оқушылардың математикалық ой-өрісін кеңейтіп, математикалық сауаттарын ашуда математикадан жүргізілетін кештердің маңызы зор. Тақырыбы, мазмұны және ұйымдастыру жолы әр түрлі болып келген кештер сыныптан тыс жұмыстардың балаларды қызықтыратын көп тараған түрі.
Математикалық кештердің мақсаты – оқушылардың алған білімдерін тереңдете түсу, олардың практикада, өмірде кең түрде қолданылуын көрсету, балалардың жаңа ғылыми және техникалық идеялар әлеміне енуіне көмектесу, еркін ойлау және математикалық сөйлеу мәдениетіне үйрету.
Кеш ұйымдастыруда бірнеше адамнан тұратын кеш комиссиясы құрылады. Оның құрамында мектеп дирекциясынан, екі-үш мұғалім, мектепті қамқорлыққа алған өндіріс орындарынан, математика үйірмесінің өкілдері және ұйымдастырушылық қабілеті бар өнерлі оқушылар тартылуы керек. Математикалық кешті әдетте үйірме жетекшілері, пән бірлестігінің тапсыруы бойынша екі-үш мұғалім ұйымдастырады.
Кешке арналған газеттер, ребустар, викториналар, сөз жұмбақтар күні бұрын даярланып ілінеді. Оны оқушылар алдын ала оқып біліп талдауы қажет.
Кештерді көбінесе эстафеталық формада өткізген жөн. Параллель сыныптардың не жарысқа қатысушы жақтардың өз программасы, өзіндік ерекшеліктері, құпиясы болуы керек. Кештің бүкіл мазмұны таңдап алынған тақырыбына сай болғаны жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |