Оқу әдістемелік кешен типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған



бет28/101
Дата28.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#115280
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   101
Байланысты:
2018. МОӘ. УМК каз

5- дәріс
Тақырыбы: Стохастика мен ықтималдықтар теориясының элементтерін оқытып-үйрету əдістемесі.

Стохастика мен ықтималдықтар теориясы статистика ғылымының математикалық негізі. Статистика адамзаттың әлеуметтік, білім беру және ғылыми-өндірістік салаларының әртүрлі мәселелерін шешуде қолданылады. Осыған байланысты мектеп математика курсының мазмұнына ықтималдықтар және математикалық статистика теориясының элементтерін оқыту көкейкесті. Егеменді елімізде білімді жоғары сапалы деңгейге көтеру үшін стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер енгізу қажеттігінен математика курсының мазмұнында да өзгерістер болып отыр.

Осыған байланысты мектеп математика курсының мазмұнына ықтималдықтар және математикалық статистика теориясының элементтерін оқыту енгізілген. “Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика” пәні кездейсоқ процесстердің ықтималдықты - статистикалық заңдылықтарын зерттейтін математикалық ғылым саласы.

Мектеп математика курсында ықтималдықтар теориясының элементтерін оқытудың негізгі мақсаттары:



  • ықтималдықтар және математикалық статистика теориясының элементтерімен нақты өмірдің құбылыстарын сипаттау және олардың стохастикалық моделін құру және зерттеу құралы ретінде танысу;

  • ықтималдықтар және математикалық статистика теориясының есептерін шығару үрдісінде «қолданбалы» ойлаудың ықтималдық-статистикалық аспектін дамыту;

  • математиканы оқытуда ықтималдықтар теориясының аппаратын қолдану негізінде оқушылардың математикалық мәдениетінің деңгейін көтеру.

Ықтималдықтар теориясының математикалық аппараты оқушыларда бұрыннан қалыптасқан қарапайым математикалық білім, білік және дағдыларына негізделеді. Оқушылар бұл мезгілде нақты сандармен арифметикалық амалдар орындауды біледі, функционалдық символиканы түсініп қолданады және қарапайым геетрикалық объекттерді біледі. Сондықтан ықтималдықтар теориясы оқушылардың бұрын алған білімдерін адамның практикалық іс-әрекетінде аса маңызды қолданбалы теорияны оқығанда нақты қолданысын көресететін математиканың бөлімі ретінде қарастыруға болады.

Ықтималдықтар теориясының фундаменталды ұғымдары «оқиға», «ықтималдық», «кездейсоқ оқиғалар».





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет