Дж.Мореноның редакцияланған «Социометрия» методикасы Мақсаты: қоғамдық құрылымның және ондағы психологиялық атмосфераның жеке құрылымдық аспектін табу.
Тәсілі:оқушыларға 2 сұрақ ұсынылады, оқушы сыныптастарының тегін айту қажет.
Диагностикаға арналған уақыт: 5-7 минут.
Жасы: 11-12 жас (5 сынып) және 15-16 жас (9 сынып)
Өткізілетін уақыты:қыркүйек, мониторинг наурыз.
Сұрақтары: «Сұраққа жауап бере отырып, өз сыныптастарының ішінен кемінде төртеуін таңда.
Сен туылған күнге (кинотеатрға, саяхаттауға, табиғатқа, серуендеуге т.б.) шақырар едің?
Сен кімді топ басшысы (кез-келгенін, тек жауапкершілігі бар, топты бастай алатындай қабілеті бар адамды) етіп сайлар едің?
«Социометрия» методикасында сыныптың барлық оқушылары қатысқанда ғана 100% нәтиже шығады. Бірінші сұрақ бойынша оқушылар арасындағы достықты (сенімді немесе таныс) анықтау. Ал, екінші сұрақ бойынша сыныптағы сенім арта алатындай айқын және бейресми көшбасшыларды анықтау.
Әдістемеге қатысушыларға арналған бланк:
Бланкте көрсетілген сұрақтар бойынша таңдалған группаластастарыңның төртеуінің тегін көрсет.
Аты-жөні: Күні:
Туылған күнге кімді шақырар едіңіз?
Топ басшысы етіп кімді таңдар едіңіз?
1. 2. 3. 4.
1. 2. 3. 4.
Нәтижелерді түсіндіру: Кестеге сыныпта оқитын оқушылардың барлығы енгізіледі, әрқайсысына тізім бойынша реттік нөмер беріледі. Кестеге берілген нөмерлер тігінен және көлденеңнен енгізіледі.