ОҚУ Әдістемелік кешен



бет13/17
Дата29.03.2017
өлшемі3,38 Mb.
#12529
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Диаграмма типін өзгерту


Диаграмма шебері арқылы диаграмма типі таңдап алынғаннан кейін, Excel оның ішіндегісінде өзгертуге мүмкіндік береді.

Диаграмманы түзету үшін он тышқанды екі рет шерту арқылы ерекшелеп аламыз. Сонда диаграмма айналасында сұр штрихталған жақтаулар пайда болады. Бадан кейін Диаграмма аспаптар тақтасы н шығарамыз, ол үшін: Түр – Аспаптар тақтасы- Диаграмма

(Вид- панель инструментов- Диаграмма) командасы орындалады, сонда экранға бөлек батырмалар тақтасы шығады;

-шыққан тақтадан Диаграмма типі деген батырманы шертіп, диаграмма түрлерін шығарамыз.

Диаграмма түрлері мен аттары 3-қадамда көрсетілген сияқты бейнеленеді. Бұрынғы мәліметтер үшін жаңа диаграмма тұрғызу үшін диаграмма типін байта таңдаймыз. Көлемдік гистограмма батырмасын басамыз. Біздің бұрынғы жазықтықтағы гистограммамыз көлемдік болып өзгереді.

Кеңістікте көлемді дөңгелек диаграмма тұрғызу және оны түзету

Дөңгелек диаграммалар – жиі пайдаланатын график түрі. Олар бір бүтіннің құрама бөліктерін немесе проценттерін бейнелеуге өте ыңғайлы. Енді дөңгелек диаграмма тұрғызу жолдарын қарастырайық:

  1. Жаңа файл дайындаймыз

  2. Мәліметтер кестесін дайындаймыз

  3. Диаграмма шебері батырмасын басып диаграмма тұрғызу үшін коректі мәліметтерді I3 : I6 блогын аламыз.

  4. Диаграмма қадам бойынша былай етіп тұрғызамыз:

- 1 қадамда I3 : I6 және А3:А6 блоктарын таңдаймыз

- 2 қадамда Кеңістік дөңгелек (Круговая обьемная) деген типті таңдаймыз

- 3 қадамда 6-форматты көрсетеміз

- 4-қадамда ешнәрсені өзгертпейміз

Excel бәрін өзі дұрыс таңдап алады.



  1. 5-қадамда түсініктемені (легенда ) қосамыз. Аттарын бұл қадамда енгізбей тұрамыз, сонда экранға дөңгелек диаграмма бейнесі шығады. Енді безендіру (көркейту) элементтерін енгізу үшін, он түзету режиміне көшеміз.



Диаграммаларды түзету

Диаграмманы түзетіп толықтыру үшін, он екі рет шерту арқылы таңдау керек. Диаграмма оның элементтері деп. аталатын бірнеше бөліктерден тұрады. Олар:

-Диаграмманы тұрғызу аймағы;


  • Диаграмманың өз аймағы;

  • Түсініктеме мәлімет (легенда);

  • Тақырып;

  • Мәліметтер белгілеулері;

  • Мәліметтер.

Белгілі бір элементті түзетіп толықтыру үшін он таңдау қажет. Таңдауды тышқанмен немесе курсорды басқару тақталары көмегімен жүзеге асырамыз. Ерекшеленген элемент кішкене қара квадраттармен қоршалып тұрады. Сонан соң тышқанның оң батырмасы арқылы әрбір ерекшеленген элементтің жеке өзінің контексті – тәуелді менюі шығды. Сол меню көмегімен диаграмманы түзетіп толықтырамыз.
Лекция 8

Тақырыбы: Excel электрондық кестесін сандық модельге пайдалану.

Жоспар: 1. Алғашқы мәліметтер

2.Электрондық кестені сандық модельде пайдалану.


Электрондық кесте тек қана есептеулерді автоматтандыру функцияларын орындамайды. Ол әртүрлі жағдайларды немесе обьектілерді сандық модельдеуде өте қажетті құрал болып саналады. Обьектілердің математикалық моделін жасау үшін, яғни оларды математикалық түрде сипаттау мақсатында бір сыпыра параметрлерді пайдаланады. Бұл параметрлердің кейбірі белгілі, ал кейбірі формуллалар арқылы есептелінеді. Параметрлердің алғашқы мәндерін бір-бірімен сәйкестендіре отырып өзгертсек, есепте параметрлердің қалай өзгертетінін бақылап отырып,алатын нәтижелерді талдауға ие болады. Электрондық кестелер осындай есептеулерді өте тез қатесіз жүргізіп, санаулы минуттарда көптеген варианттарды қарастырып, солардың ішінен ең тиімдісін таңдап алуға мүмкіндік береді.

Мынадай есепті шығарып көрейік. “А” деген қаланың халқы үшінші мыңжылдық басында қанша болады?

(Әрине бұл есепті шығару үшін “А” қаласының халқы жыл сайын қалай өзгеріп отыратынын, яғни оның өзгеру заңдылығын білу керек.) Бұл заңдылықты уақытқа байланысты өзгеруге тиіс f(t) функциясымен белгілейік. Бірақ бұл функция әзір белгісіз өйткені халықтың өсуі көптеген факторларға байланысты болады. Негізінде жалпы демогарфиялық мәліметтерге сүйеніп, ол функцияның жалпы түрін былайша өрнектеуге болады.

F(t)=a*ebt

Мұндағы а,b-коэфициенттері әрбір мемлекет қала үшін өзіндік мәні бар параметрлер ал е-натуралдық логарифм негізі. Осы формула нақты болмысты жуықтап көрсете алады. Оның үстіне мұндай есептеуде өте үлкен рәлдіктің керей де шамалы, мұндайда халық санын орындаған мыңдық дәлдікпен болжауда жаман емес.

а,b-параметрлерін қалай анықтауға болады?

Мұның идеясы мынада: а мен в белгісіз болғанымен, f(t) функциясның бұрынғы мәндерін статистикалық анықтамалардан алуға болады. t мен f (t) мәндерін білсек, а мен в мәндерін жуық шамамен алуға болады. Яғни белгілі бір мәндерді қойып функцияны есептеуде оның теориялық мәндерімен анықтамадағы мәндеріндегі алшақтың өте үлкен бошлмауы тиіс. Әрбір алшақтың-ол екі санның, яғни f (t) функциясының нақты мәнімен теориялық мән айырмасының модулі.

Ең үлкен алшақтау мән-қателік деп аталады. А мен в мәндерін осы қателік шамасы барынша кіші болатындай етіп алу керек. Сонымен халық санының өзгеру процесінің математикалық моделі мынадай болуы тиіс:



  1. Халық санының уақытқа байланысты өзгеруі. F(t)=a*ebt формуласымен өрнектеледі.

  2. Тек берілген белгілі (онша үлкен емес) уақыт аралығында (40 жылдай) а=const және b=const болып есептеледі.

  3. а мен в мәндері қателік шамасы кіші болатындай етіп таңдалады.

Міне осы ұсыныстарды алдын-ала қабылдап, есепті шығарайық.

Алғашқы мәліметтер: Статистикалық анықтамалықта 1960-1996 жылдар арасындағы (60 ≤ t ≤ 96) халықтың нақты сандары туралы толық мағлұмат бар деп есептейік.

Нәтижелері:

  1. а мен в мәндері;

  2. “А” қаласының халқының 2000 жылғы саны (t=100). Оған қоса алғашқы мәліметтермен алынатын нәтиженің өзара байланысы тағайындалған деп есептелік те,алдымен қателіктердің ең кіші шамалары үшін а мен в мәндерін анықтап және сол мәндерді пайдаланып f (100) мәнін есептейік. Сонымен математикалық модель қарастырылады.

Электрондық кестені пайдалану программа құруды талап етпейді. Тек электрондық кестеге белгілі бір түрде алғашқы мәндерді және модельге кіретін керек қатынасты жазып, сонан кейін зерттелетін жағдайдың сандық модельдеу процесін бастауға болады, яғни а мен в коэффициенттерінің мәндерін 1-ші формулаға сәйкестендіре есептеп берілген уақыттағы халық санын анықтау керек.
Лекция 9

Тақырыбы: Мәліметтер базасы және мәліметтер базасын басқару жүйесі


Жоспар:

  1. Мәліметтер базасының негізгі түсініктері

  2. Мәліметтер базасы өрістерінің қасиеттері

  3. Мәліметтер типі

  4. Мәліметтер базасының обьектілері.

Мәліметтер базасы дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер базасы ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын.

Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер базасын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық-программалық кешендермен қарым-қатнасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек мәліметтер ғана емес, апарат та сақталады деп. айта аламыз.

Осы айтылғанды мысалымен түсіндірейік:

Үлкен банкінің мәліметтер базасын қарастыралық, мунда тұтынушы туралы, оның адрес жайлы, қаржылық амалдары, несие алу тарихы және т.б. мәліметтер бар. Бұл мәліметтер базасына көптеген банк қызметкерлері қатнай алады, бірақ олардың іштерінде тұтастай базаға кіріп, оған өзгерістер енгізе алатын қызметкер жоқ. Сонымен қатар әрбір қызметкердің өзіне берілген нақты мәліметтермен жұмыс істеуін қамтамассыз ететін мәліметтер базасының әдістерімен құралдары да бар.

Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, он мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құралдар кешені.

Дүние жүзінде мәліметтер базасын басқару жүйелерінің түрлері өте көп. Олардың әрбіреуінің түрлі обьектілерімен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынатын қызмет түрінің өзгешілігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан. Сондықтан Бізе бір ғана мәлімет базасын басқару жүйесін қарастырсақ жеткілікті.

Мәліметтер базасы өрістерінің қасиеттері

Өрістер мәліметтер базасының құрылымын ғана емес, сонымен қатар мәліметтердің топтық қасиеттерінде анықтайды. Төменде Microsoft Access 2000 мәліметтер базасын басқару жүйесіндегі кесте өрісінің негізгі қасиеттері келтірілген:



  1. Өріс атауы (Наименование поля)- мәліметтер базасына автоматтандыру операцияларын қолданғанда осы өрістің элементтеріне қандай қатнаста болу керектігін анықтайды (жалпы жағдайд өріс атауы кесте бағандарының тақырыптары ретінде қолданылады);

  2. Өріс типі (Тип поля) – берілген өрістегі мәліметтер типін анықтайды;

  3. Өріс өлшемі (раз мер поля) – берілген өріске енгізілетін символдардың ақырғы ұзындығын анықтайды;

  4. Енгізу қалқасы (Маска ввода) – енгізудің Турін анықтайды (енгізуді автоматтандыру құралы);

  5. Қолтаңба (Подпись)- берілген өріс үшін кесте бағанының тақырыбын анықтайды (Егер қолтаңба көрсетілмесе, онда баған тақырыбына өріс атауы қасиеті пайдаланылады);

  6. Үнсіз келісім бойынша қабылданатын мән (Значение по умлочанию) – ұяшыққа автоматты түрде енгізілетін мән (енгізуді автомттандыру құралы);

  7. Мәнге қойылатын шарт (Условие на значение) – мәліметтерді енгізудің дұрыстығын тексеру үшін қолданылатын шектеу,

  8. Қте туралы хабар (Сообщение об ошибке)- қате мәліметтерді енгізу кезінде пайда болатын ескерту (Мәнге қойылатын шарт қасиеті берілген кезде пайда болатын еғскерту;

  9. Міндетті өріс (Обьязательное поле)- мәліметтер базасын толтырғанда берілген өрісті міндетті түрде толтыру қажеттігін анықтайтын қасиет;

  10. Бос Жолдар (Пустые строки) – бос жолдар тұратын мәліметтерді енгізуге рұқсат беретін қасиет ;

  11. Индекстелеген өріс (Индексированное поле) – егер өріске осы қасиет берілсе, онда осы өрісте сақталынған жзбаларды сұрыптаумен, іздестірумен байланысты амалдр жылдамдатылады. Индекстелген өрістер үшін жазбалардағы мәндердің қайталануын тексеруді ұйымдастыруға болады.



Мәліметтер типі


Microsoft Excel электрондық кестесімен танысқанда біз мәліметтердің үш типін қарастырғанбыз: мәтіндік, сандық және формулалар. Мәліметтер базасының кестесі көптеген мәліметтер тип імен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Олар:

  1. Мәтіндік (Текғстовый) - өлшемі ақырлы кәдімгі мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған мәліметтер типі (255 символға дейін);

  2. МЕМО өрісі (Поле МЕМО)- (65535 символға дейінгі) алкен көлемді мәтінді сақтауға арналған мәліметтер типі. Шын мәнінде мәтін өрісте көрсетілмейді, ол мәліметтер базасының басқа жер інде сақталады да, өрісте оның тұрған жері көрсетіледі, бірақ қолданушыға мұндй айырмашылық білінбейді;

  3. Сандық (Числовой)- нақты сандарды сақтауға арналған мәліметтер типі;

  4. Мерзімі / уақыты (Дата/время) күнтізбе бойынша кінін, айын және уақытын сақтауға арналған мәліметтер типі;

  5. Қаржылық (Денежный) – қаржылық шаманы сақтауға арнлған мәліметтер типі;

  6. Санауыш (Счетчик) – азбаларды автомтты түрде номерлеуге арналған мәліметтер типі.

  7. Логикалық – логикалық мәліметтерді сқтауға арналған тип (ИӘ немесе ЖОҚ деген мәндерді қабылдайды);

  8. OLE обьектілер өрісі (Поле обьектов OLE) әр түрлі обьектілерді (мультимедиалық, графикалық, символдық) сақтауға арналған мәліметтер типі. Бұл да МЕМО өрісі сияқты басқа жерде сақталады, OLE обьектілері өрісінде оның тұрған жері көрсетіледі;

  9. Гиперсілтеме (Гиперссылка)- Интернеттің Web – обьектілерінің URL-адрестерін сақтауға арналған өріс. Сілтемені тышқанның батырмасымен шерткенде автоматты түрде броузер жүктелініп, терезеге Web-обьекті шығады;

  10. Ауыстырулар шебері (мастер подстановок)- бұл арнаулы емес мәліметтер типі. Бұл обьектінің көмегімен мәліметтерді енгізуді автоматтандыруды дайн тізімнен таңдап алатындай етіп ұйымдастыруға болады.



Мәліметтер базасының обьектілері

Microsoft Access 2000 мәліметтер базасын басқару жүйесі жеті түрлі обьектілерді құруға және қолдануға мүмкіндік береді.



Кестелер. Бұл кез-келген мәліметтер базасының негізгі обьектісі болып табылады. Біріншіден, кестелерде мәліметтер базасындағы барлық апарат сақталады, екіншіден кестелер мәліметтер базасының құрылымын анықтайды.

Сұраныс. Бұл обьекті кестедегі мәліметтерді қолданушыға ыңғайлы түрде шығарып береді. Сұраныстың көмегімен мәліметтерді сұрыптау, сүзгілеу амалдары орындалады. Сұраныстың көмегімен бұрыннан бар кестенің негізінде жаңа кесте құрылады, басқа мәліметтер көзінен импортталады, кестелерде қарапайым есептеулер жүргізіледі.

Қалыптар. Егер сұраныстар мәліметтерді сұрыптаумен анализдеудің арнаулы құралдары болса, ал қалыптар мәліметтерді енгізу құралы болып табылады. Оның мәні мынада – ол қолданушыға тек толтыруға рұқсат етілген өрістерді толтыру құралдарын ұсынады.

Есептер. Өзінің қасиеттерімен құрылымы жағынан есептер қалыпқа өте ұқсас келеді, бірақ ол мәліметтерді тек баспаға шығаруға арналған. Сондықтан есептерде бспа құжаттарына арналған арнаулы безендіру элементтері бар.

Беттер. Мәліметтер базасының осы арнаулы обьектілері тек Microsoft Access 2000-да ғана жүзеге жасырылған. Бұл Web – бетте орналастыратын және қолданушыға сол

Web – бетте берілетін, HTML кодон жазылатын өте айрықша обьект.



Макростар мен модульдер. Бұл категориядағы обьектілер осы СУБД – мен жұмыс істеу кезінде қайталанатын операцияларды автоматтандыруға және программалау арқылы жңа функцияларды құруға арналған. Microsoft Access мәліметтер базасын басқару жүйесіндегі макрос тар СУБД-нің ішкі командалар тізбегінен тұрады және мәліметтер базасымен жұмыс істеуді автоматтандыру құралы болып табылады. Модулбдер сыртқы программалау құралдарының көмегімен құрылады.
Лекция 10

Тақырыбы: Microsoft Access 2000 мәліметтер базасын басқару жүйесімен жұмыс істеу негіздері.

Жоспар:

  1. Access мәліметтер базасымен жұмыс істеу.

  2. Кестелермен жұмыс істеу

  3. Сұраныстармен жұмыс істеу

  4. Сұрыптау шартын пайдалану

Microsoft Access 2000 программасы ұсынып отырған мәліметтербазасының негізгі обьектілерін құру құралдарын қарастыралық. Бұл құралдар келесідей топтастырылған:

  • Конструктор режімі (қолмен енгізу құралы);

  • Шебердің көмегімен (автоматтандыру құралы);

  • Қарапайым обьектілерді жасаудың жеделдетілген құралдары.

Оқып-үйрену мақсатындаобьектілерді құрғанда барлық құралдарды пайдаланған жөн. Бірақ оқу кестелері мен сұраныстарды дайындағанда Конструктор режимінде жұмыс істеген дұрыс, өйткені шеберді қолдану жұмысты жеделдетіп, алғашқы ұғымдар мен әдістерді меңгеруге кедергі келтіреді.

Ал қалыптарды, есептерді және беттерді шебер ұсынған автоматтандырылған құралдармен дайындаған қолайлы. Өйткені бұл обьектілер үшін олардың сыртқы дизайны басты рөл атқарады. Ал оларды безендіру күрделі жұмыс болып саналады. Сондықтан ол жұмысты шебердің көмегімен орындаған дұрыс.

Кестелермен жұмыс істеу

Microsoft Access-те кез-келген обьектімен жұмыс істеу Мәліметтер базасы терезесінен басаталады. Оның сол жақ панелінде Access-тің негізгі обьектілері орналасқан. Кестені құру үшін сол жақ панельден кестені басқару элементін таңдап аламыз.

Оң жақ панельде жаңа кестені құруға арналған басқару элементтері мен мәліметтер базасында бұрыннан бар кестелер тізімі келтірілген. Шебердің көмегімен кестені құру жұмысты жеделдетуге арналғандықтан мұнда Microsoft Access-тің негізгі құралдары мен әдістерін игеру қиын. Бұл режім Access-те жұмыс істеп үйренген профессионалдарға арналған. Сондықтан біз кестені құруды қолмен жүзеге асыратын Конструктор режимінде бастаймыз.

Кестенің құрылымын дайындау мен редакциялауға арналған графиктік бланк болып табылады. Бірінші бағанға өріс атаулары енгізіледі. Егер қолтаңба қасиеті енгізілмесе, онда болашақ кестенің сәйкес бағаны өріс атауымен аталады.Әрбір өрістің атауының жанында мәліметтер типі бағанында оның типі көрсетіледі. Ол үшін сол ұяшыққа тышқан батырмасын бассақ, төмен бағытталған жебелік батырмасы пайда болады, оның ішіне кіріп тізімнен қажетті типті таңдап аламыз.

Бланкінің төменгі жағында өріс қасиеттерінің тізімі орналасқан. Оның кейбіреулері өзі алдын-ала берілген. Жалпы алғанда өріс қасиеттерін енгізу міндетті емес. Оны өз қалауымызша баптауымызға болады.

Кестені құрған кезде түйінді өрісті енгізген дұрыс. Сол арқылы кестелер арасындағы байланысты ұйымдастыруға болады. Қандай да бір өрісті түйінді өріс ретінде беру үшін, өріс тауына тышқанның оң жақ батырмасын басып, шыққан жанама менюден Түйінді өріс (Ключевое поле) бөлімін таңдап алу керек.

Кестенің құрылымын дайындап болған соң, бланкіні жабу батырмасын басамыз. Жабу кезінде жаңа кестені Кесте1(Таблица) деген атпен сақтау жайлы программаның сұранысыпайда болады. Жаңа кестеге мағыналы ат қоямыз.

Дайын болған кесте Мәліметтер базасы (База данных) терезесіндегі кестелер тізіміне қосылады. Құрылған кесте осы терезеде тышқанның батырмасын екі рет басу арқылы ашылады. Жаңа кесте ешқандай жазбалары жоқ бағандардың атауынан тұрады. Мәліметтер әдеттегідей толтырылады. Ұяшықтан ұяшыққа өту ТАВ пернесі арқылы жүргізіледі. Кестенің төменгі жағында Өту батырмалары (Кнопки перехода) панелі орналасқан. Жазбалар саны өте көп болған жағдайда кестеде жылжу үшін осы панельдің элементтерін пайдаланған дұрыс. Енгізу барысында мәліметтер ұяшықтан тысқа шығып кесте, бізге белгілі әдіспен, яғни тышқанның нұсқағышын бағандардың шекарасына орналастырып, қажетімізше жылжытамыз.

Кестеге мәліметтер енгізілгенннен кейін оны сақтаудың қажеті жоқ, барлық мәліметтер автоматтцы түрде сақталынады.

Кестенің құрылымын өзгерту қажеттігі туған жағдайда, оны Конструктор режімінде ашу қажет.

Кесте аралық байланыстарды құру.

Егер мәліметтер базасының құрылымы бұрыннан дайындалып, кестелер арасындағы байланыстар белгіленіп қойылған болса, онда кестеаралық қатынастырды құру қиынға түспейді. Ол үшін Сервис-Мәліметтер схемасы (Схема данных) командасын орындап немесе аспаптар панеліндегі батырмасын басып, ашылған Мәліметтер схемасы (Схема данных) терезесінде кестеаралық байланыстарды орнатамыз.

Осы тереземен қатар Кестелерді қосу (Добавление таблицы) сұхбат терезесі ашылады. Оның Кестелер (Таблицы) қыстырмасынан өзара байланыстырылатын кестелерді таңдап аламыз.

Мәліметтер схемасы (Схема данных) терезесінде таңдап алынған кестелердің өрістер тізімі ашылады. Бір кестеден бір немесе бірнеше өрісті ерекшелеп, тышқан нұсқағышымен іліп алып, екінші кестеге апарып тышқан батырмасын жіберсек, Байланыстарды өзгерту (Изменение связей) терезесі ашылады. Байланыстарды өзгерту терезесінің оң жақ панелінен байланыс орнатылатын өрістер таңдалынып алынады. Байланыстарды өзгерту терезесін жауып, Мәліметтер схемасы терезесіне ораламыз. Орнатылған кестеаралық байланыс Мәліметтер схемасы терезесінде әр кестенің екі өрісінің арасындағы сызық түрінде бейнеленеді. Оның ішінде бір кесте негізгі, ал қалғаны бағыныңқы болып табылады. Негізгі кесте деп байланысқа өзінің түйінді өрісімен қатынасқан кестені айтады. Түйінді өрістің атауы мәліметтер схемасында майлы қаріппен көрсетіледі.

Бұл жерде мынадай сұрақ туады: “Кестеаралық байланыс не үшін қажет?” деген. Байланыстар мынандай екі негізгі қолданыс тауып отыр:

  • Біріншісі-мәліметтердіңтұтастығын қамтамасыз ету;

  • Екіншісі-мәліметтер базасына қызмет көрсетуді автоматтандыру.

Байланыс қасиеттерін баптау үшін Мәліметтер схемасы (Схема данных) терезесінде екі кестені қосушы сызықты ерекшелеп алып, оған тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, байланыстың жанама менюін ашу қажет. Слның ішінен Байланыстарды өзгерту (Изменение связей) бөлімін таңдап алсақ, Байланыстар (Связи) сұхбат терезесі ашылады. Мұнда өзара байланыс орнатылған кестелердің атаулары мен ондағы байланысқа қатысушы өрістер көрсетіледі. Оның астында мәліметтер тұтастығын қамиамасыз ету шарттары көрсетілген басқару элементтері берілген.

Егер Мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету (Обеспечение целостности данных) жалаушасы қойылған болса, онда негізгі кестенің түйінді өрісінен мәліметтерді өшіру мүмкін емес.

Егер Байланысқан өрістерді каскадты түрде жаңарту (Каскадное обновление связанных полей) және Байланысқан жазбаларды каскадты түрде өшіру (Каскадное удаление связанных записей) жалаушалары қойылған болса, онда сәйкесінше негізгі кестенің түйінді өрісінде жүргізілген өзгерістер автоматты түрде онымен байланысқан кестелерде де жүргізіледі.

Сұраныстармен жұмыс істеу

Кестелер мәліметтер базасының ең негізгі, құнды обьектісі болғандықтан, оған тек базаны құрушы адам ғана қатынай алатындай болуы керек. Ал басқа қолданушылар базадан мәліметтер алу үшін сұраныстарды қолдануы қажет. Мәліметтер базасын жобалаушы барлық қажеттісұраныстарды алдын-ала даярлап қояды. Егер қолданушы өзіне қажет мәліметтерді таба алмаса, онда ол жаңа сұраныс дайындауды қажет етеді.

Егер бізге керек сұраныс мәліметтер базасында бар болса, оны Мәліметтер базасы (База данных) терезесіндегі Сұраныс (Запрос) панелін екі рет шерту әдісі арқылы таңдап аламыз.

Сұранысты конструктордың көмегімен даярлау

Ол үшін Мәліметтер базасы (База данных) терезесінің сол жағындағы Сұраныс (Запрос) элементін таңдап алып, оң жақ терезедегі Конструкторлар режимінде сұранысты даярлау командасын таңдасақ, үлгі бойынша сұраныс бланкі терезесі ашылады.

Үлгі бойынша сұраныс бланкі мына суретте көрсетлген. Жоғарғы бөлігінде сұраныс жіберілген кестенің құрылымы бейнеленген. Ал төменгі бөлігі бағандарға бөлінген. Оның әрбір бағаны болашақ кестенің бір-бір өрісіне сәйкестендірілген.

Үлгі бойынша сұраныс даярлау өте оңай жүргізіледі. Жанама менюдіңкөмегімен бланкінің жоғарғы бөлігінде қажетті кестелерді ашып алады. Соның ішінен құрылатын сұранысқа қажет өрістерді тышқанның көмегімен таңдап алады. Сол кезде бланкінің төменгі жағындағы бағандар автоматты түрде толтырылады. Сұраныстың құрылымын даярлап болған соң, оны жаңа атпен сақтап қояды. Осылайша құрылған сұраныс- Таңдамаға сұраныс (запрос на выборку) деп аталады.

Таңдамаға сұраныс нәтижесінде алынған мәліметтерді қандай да бір өріс бойынша реттеп орналастырғыңыз келсе, сұрыптауды қолданамыз. Төменгі бланкінің сол жағында Сұрыптау (Сортировка) деген жол орналасқан. Сол батырмаға екі рет басу арқылы ашылған тізімнен сұрыптау әдісін таңдап алуға болады: өсуі немесе кемуі бойынша.Төменгі бланкінің Экранға шығару (Вывод на экран) жолында жалпы жағдайда Барлық өрістер үшін экранға шығарылған деген (√) жалауша қойылған. Егер қандай да бір өрістің мәліметтерін экранға шығармай жасырып қалу керек болса, онда сәйкес жалаушаны алып тастауға болады.

Сұрыптау шартын пайдалану

Мәліметтерді қандай да бір критерий бойынша сұрыптауды қамтамасыз етудің қосымша құралы болып Сұрыптау шарты (Условие отбора) есептеледі. Оған сәйкес келетін жол үлгі бойынша сұраныс бланкісінің ең төменгі жағында орналасқан. Әрбір өріс үшін осы жолда жеке дара шарт беруге болады.

Есептеулері бар сұраныс

Бұл сұраныс берілген өрістерде, қандай да бір есептеулер жүргізу қажет болғанда құрылады. Ол үшін мәліметтер базасын ашқан соң пайда болатыннегізгі терезеден Сұранысты (Запрос) таңдап, оны Конструктор режімінде құрамыз. Сұраныс конструкторы (Конструктор запросов) терезесінде өріс жолына сәйкес формуланы жазу қажет. Ең дұрысы, өрнектерді дайындауды Өрнектерді тұрғызушы (Построитель выражений) терезесінде жүргізу.

Тұрғызу терезесі төрт аймақтан тұрады:

  • Бірінші аймақта енгізілетін формула немесе өрнек орналасады. Ал төменгі үш аймақ дайын стандартты функцияларды таңдап алу үшін қолданылады:

  • Екінші аймақта сұранысқа арналған барлық түптектер тізімі көрсетіледі;

  • Үшінші аймақта- екінші аймақтан таңдалынған түптектің элементтері бейнеленеді;

  • Төртінші аймақта –үшінші аймақтан таңдалынып алынған элементтің ішкі элементтер жиыны жатады.

Өрнектерді тұрғызушы (Построитель выражений) терезесін ашу үшін Сұраныс конструкторының (Конструктор запросов) аспаптар панелінде Тұрғызу (Построить) батырмасын басамыз.

Өрнектерді тұрғызуы терезесінің өрнекке стандартты функцияны енгізу үшін мәліметтер түптегі тізімнен (екінші аймақтан) Функция қаптамасын ашып, Енгізілген функциялар (Встроеные функции) қаптамасын таңдап алу қажет. Ал ортаңғы аймақтан, яғни үшінші аймақтан функция категориясын таңдап алып, ең соңғы аймақтан өзімізге қажетті функцияны таңдап алып, Кірістіру (Вставить) батырмасын басу керек.



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



“Сырдария” университеті

“Жаратылыстану” факультеті

“Информатика” кафедрасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет