Оқу әдістемелік кешен



бет14/111
Дата10.06.2022
өлшемі0,94 Mb.
#146320
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   111
Байланысты:
леуметтік-Гуманитарлы - факультеті

8-жаттығу. Берілген сөз тіркестерін оқыңыз. Олардың қандай сөз таптарының тіркесуі арқылы жасалып тұрғанын анықтаңыз, оларға сұрақтар қойыңыз (Прочитайте данные словосочетания. Определите, из каких частей речи они состоят, поставьте к ним вопросы).


Үлгі: мемлекеттік (қандай?) тіркеу (не?)

Туған жер (родная земля), тіл тигізу (оскорбить человека), салмақты кісі (уравновешенный человек), ұлт саясаты (национальная политика), сәлем беру (приветствовать), құқықтық құжаттар (правовые документы), арыз жазу (написать заявлению), қайта тіркеу (перерегистрация), жалпы ережелер (общие положения), заңды тұлғалар (юридические лица), іс жүргізу (делопроизводство), Азаматтық Кодекс (Гражданский Кодекс), шарттың мәтіні (текст договора).




9-жаттығу. Сөз тіркестерін оқып, басыңқы және бағыныңқы сыңарларын ажыратыңыз. Олардың ерекшеліктерін түсіндіріңіз (Прочитайте. Укажите в каждом словосочетании главное и зависимое слово. Чем они выражены).

Байыбына бара алмау (не дойти до сути). Белді бекем буу (твердо решиться на что-нибудь). Олжаға белшесінен батты (ему очень повезло). Құр далаға сөйлеу (говорить зря). Тарихи адам (историческая личность). Өмірдің мәні (смысл жизни). Шетел тілдері (иностранные языки). Шелектеп құйып тұр (льет как из ведра). Даусын бәсеңдету (ослабить голос). Көзге түсу (попасться на глаза). Төрт сағаттай (около четырех часов). Аралық ақпарат (промежуточная информация). Бас директор (генеральный директор). Деректерді растау (подтверждение данных). Есепте тұру (состоять на учете). Жұмыс тәртібі (режим работы). Заң актісі (юридический акт). Күнтізбелік жыл (календарный год). Мемлекеттік мекемелер (государственные учреждения). Міндетін атқарушы (исполняющий обязанности).




Тест тапсырмалары

1. Мемлекет заңына сәйкес жарғы қандай құжат болып танылады?


А) заң құжаттары
В) деректік құжаттар
С) анықтама құжаттары
D) құрылтай құжаттары
Е) бұйрық құжаттары


2. Ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке адамдардың қызметін, сондай-ақ, олардың басқа мекемелермен, жеке адамдармен қарым-қатынасын реттейтін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және міндеттерін белгілейтін ережелер жинағы қалай аталады?
А) Бұйрық
В) Шарт
С) Жарлық
D) Хаттама
Е) Жарғы

3. Жарғы қайда қабылданады және бекітіледі?


А) Әкімшілікте
В) Құрылтайшылар жиналысында
С) Ұжымдық жиналыста
D) Салық комитетінде
Е) Алқа отырыстарында

4. Тұрақты сөз тіркесін белгілеңіз


А) Басшының бұйрығы
В) Мекеменің жарғысы
С) Құқықты норматив
D) Сырдың бойы сирағынан келмейді
Е) Сырдың суына шомылды

5. «Ит өлген жер» тұрақты тіркесі қандай мағына білдіреді?


А) итті байлайтын орын
В) алыс
С) жақын
D) қауіпті
Е) қорқынышты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет