Тест тапсырмалары
1. Қимыл-әрекеттің нақтылы болғанын білдіретін өткен шақ түрін көрсетіңіз.
А) нәтижелі өткен шақ
В) нақтылы өткен шақ
С) бұрынғы өткен шақ
D) бүгінгі өткен шақ
Е) кешегі өткен шақ
2. Нақтылы өткен шақта тұрған етістікті табыңыз.
А) жаздым
В) жазамын
С) жазғанмын
D) жазыппын
Е) жазармын
3. Нақтылы өткен шақта тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) қағазды
В) барады
С) барды
D) барған-ды
Е) аязды
4. Қате жазылған сөзді көрсетіңіз.
А) мәлімет
В) құжат
С) силық
D) сұйық
Е) ақпарат
5. Етістік сөзді табыңыз.
А) ойын
В) ойлан
С) ойлы
D) ойсыз
Е) ойпаң
№21-сабақ
Хабарлама
(Уведомления)
Хабарлама – қандай да бір оқиғаның басталғандығы туралы екінші тарапты ескертетін ақпараттық-құқықтық құжат, сонымен қатар осы оқиға бастапқы құжатта алдын-ала айқындалады.
Мысалы:
Инспекциялық тексерулер және ресімделген актілердің нәтижелері бойынша салықтар және айыппұлдар сомасын есептеу туралы хабарлама.
Еңбек шарттарының өзгерістері туралы қызметкерге жұмыс берушінің хабарламасы.
Мемлекеттік органдар пайдаланатын хабарламалардың бекітілген үлгілері
болады. Ал қызметкерлер мен жұмыс берушілердің арасындағы қатынастарда хабарламалардың және келісімдердің мұндай үлгілері әлі әзірленген жоқ. Хабарлама фирмалық бланкілерде басылады және қызметкерге қол қоюға қолма-қол беріледі немесе тапсырыс хат түрінде почтамен жіберіледі. Еңбек дауларында бұл құжат елеулі рөл атқарады.
Әдетте, хабарламада «Сіздің назарыңызға жеткіземіз», «Хабарлаймыз» деген сөздер болуы тиіс. Осы парақта қызметкердің жауабын (келісімі немесе келіспейтіні туралы) беру ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |