Оқу әдістемелік кешен



бет81/111
Дата10.06.2022
өлшемі0,94 Mb.
#146320
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   111
Байланысты:
леуметтік-Гуманитарлы - факультеті

Словарь к тексту:
состав – құрам
входят – кіреді
следующие реквизиты – келесі деректемелер
название документа – құжат атауы
семейное положение – отбасылық жағдайы
домашний адрес – үйінің мекен-жайы
образование – білімі
специальность – мамандық
место работы – жұмыс орны
специализация – мамандану
предыдущий опыт работы – бұрынғы жұмыс тәжірибесі
владение иностранными языками – шет тілдерін білу дәрежесі
личные качества – жеке басының қасиеттері
увлечения - әуестігі (құштарлығы, қызығушылығы)
предпологаемая должность – қабылдануы мүмкін лауазым
начиная от нулевого положения – нөлдік деңгейден басталып
начинается с новой строкой – жаңа жолдан басталады


3-жаттығу. Жоғарыда берілген үлгіні пайдаланып, резюме құрастырыңыз (Составьте резюме, используя образец).
4-жаттығу. Екі бағанадан сөз тіркестерін құрастырыңыз (Составьте словосочетания, используя слова из столбцов).



Отбасы
Туған
Ана
Жұмыс
Жеке
Қосымша
Мекен
Жұмысқа
Жоғары
Еңбек
Шет
Кәсіби
Үйінің
Сапалық
Негізгі

білімді
жолы
тілдері
қасиеттері
дағды
телефоны
мамандығы
жылы
қасиеттері
қабылдау
ақпараттар
тілі
жайы
жағдайы
тәжірибесі



5-жаттығу. Берілген сөздер мен мен сөз тіркестерін қатыстырып, баяндауышы нақтылы өткен шақты көрсететін сөйлем құрастырыңыз (Используя данные слова и словосочетания, составьте предложения со сказуемым в форме прошедшего категорического времени).

Резюме, толтыру, мамандығы, аяқтау, жоғары оқу орны, еңбек тәжірибесі, аты-жөні, жазу, мекен-жайы, қаласы, орналасу, қызмет ету.




6-жаттығу. Нақтылы өткен шақ формасын омоним қосымшалардан ажыратыңыз (Различите форму прошедшего категорического времени от омонимичных показателей).

Адам мен айналадағы ортаның өзара қатынасы суреткерді әрқашанда тебірентіп отырады (Ш. Айтматов). Бас көзі жұмылады, көңіл көзі жұмылмайды (Шәкәрім). Ештеңе оқымаған адам ештеңе ойланбайды да (Д. Дидро). Ойлау таңданудан басталады (Аристотель). Уақытты тиімді пайдалана білсең, оның бағасы да арта түседі (Жан-Жак Руссо). Адамдар көп нәрсені есте сақтауға, білімді болуға, шешен сөйлеуге тырысады, бірақ осылардың бәрінің негізі – күрделі ойлауға тырыспайды (Сент-Экзюпери). Адамның ғажап ойларын жинау ғаламат мол қазына болар еді (Ж. Делиль). Адам өзінің қабілеттерін оларды іс жүзінде қолдануға тырысуы арқылы біле алады (Сенека). Қиыншылықтар адамның бойында оларды жеңуге қажетті қабілеттерді тудырады (У. Филлипс). Ой жетпейтін жер болмайды (Б. Момышұлы). Еңбексіз отырудан басқаның бәріне көнуге болады (Ч. Дарвин). Ақылға тыныштық емес, жаттығулар күш береді (А. Поп). Адам неғұрлым білімді болса, соғұрлым ол өзінің Отанына көбірек пайда келтіреді (А. Грибоедов). Адамдардың ақыл-ойы дүниені таныған сайын өрлеп өседі (Эмпедокл).




7-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз (Переведите на русский язык).

Қазіргі уақытта резюме коммерциялық кәсіпорындарға жұмысқа қабылдауда талап етілетін кеңінен тараған құжат болып табылады. Резюменің ерекшелігі білімі және еңбек жолы туралы мәліметтерді хронологиялық тәртіппен жазу болып табылады. «Қосымша мәліметтер» бағанында кез келген ақпаратты беруге болады: шет тілдерін білуі, жарық көрген еңбектерінің болуы, басқа мамандық бойынша кәсіби дағдысының болуы және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет