Оқу әдістемелік кешен



бет42/111
Дата10.06.2022
өлшемі0,94 Mb.
#146320
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   111
Байланысты:
леуметтік-Гуманитарлы - факультеті

Тест тапсырмалары


1. Кәсіпорын басшысына арналған немесе тұжырымдар мен ұсыныстардан тұратын, жұмысты орындау туралы құбылыс, фактісі бар қалыптасқан оқиға туралы жоғары тұрған органға ақпарат беретін құжат
А) жедел хат
В) өтініш хат
С) баяндау хат
D) ұсыныс хат
Е) бастама хат

2. Кәсіпорын қызметінің негізгі қызметі бойынша баяндау хаттар неше жыл сақталады?


А) 3 жыл
В) 5 жыл
С) 2 жыл
D) 10 жыл
Е) 8 жыл

3. Белгісіздік есімдігін көрсетіңіз.


А) анау
В) біреу
С) біз
D) қанша
Е) неше

4. Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.


А) мен
В) ешбір
С) болмайды
D) әркім
Е) қай

5. Жалпылау есімдігін табыңыз.


А) бұл
В) өзім
С) барлық
D) өзі
Е) ешкім

11-сабақ


Түсініктеме
(Объяснительные записки)

Түсініктеме – негізгі құжаттың (жоспардың, есептің, жобаның) жекелеген ережелерін немесе қандай да бір фактінің, оқиғаның себептерін түсіндіретін құжат. Мазмұны бойынша түсініктеме екіге бөлінеді. Бірінші топқа негізгі құжатқа (жоспарға, есепке) ілесіп жүретін және негізгі құжаттың жекелеген ережелерін түсіндіретін құжаттар кіреді. Олар кәсіпорынның жалпы бланкілерінде ресімделеді.


Екінші топқа қандай да бір оқиғалар, қалыптасқан жағдайлар, жекелеген қызметкерлердің әрекеттері мен тәртібіне байланысты түсіндірме жазбалар енеді. Мұндай жазбалардың мәтіні дәлелді, қысқа болуы керек. Баяндау хаттар сияқты олар ішкі және сыртқы болып бөлінуі мүмкін. Құрылымдық бөлімшелердің немесе мекемелердің басшыларына берілетін ішкі түсініктемелер компьютермен бастырылған түрде немесе қолмен жазылған түрде таза қағазға ресімделеді. Жоғары тұрған органдарға жіберілетін сыртқы түсініктемелерге кәсіпорынның басшылары қол қояды және хаттар, факстерге арналған жалпы бланкіде ресімделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет