Оқу әдістемелік кешен


-жаттығу. Кестені толтырыңыз (Заполните таблицу)



бет41/111
Дата10.06.2022
өлшемі0,94 Mb.
#146320
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   111
Байланысты:
леуметтік-Гуманитарлы - факультеті

7-жаттығу. Кестені толтырыңыз (Заполните таблицу).






Шақты

Аса

Жуық

даған, деген,
таған, теген

Көптік жалғауы + -да, -де

10

Он шақты

Оннан аса

Онға жуық

Ондаған

Ондарда

100
















1000
















40


















8-жаттығу. Септеңіз (Просклоняйте по падежам).



Атау

екеуі

үшіншісі

төрттегі

тоғыз

оннан алтысы

Ілік
















Барыс
















Табыс
















Жатыс
















Шығыс
















Көмектес
















Тест тапсырмалары



  1. Фактіні, оқиғаны, іс-әрекетті растайтын құжат қалай аталады?

А) хаттама
В) шешім
С) акт
D) өкім
Е) жарғы

2. Актінің кіріспе бөлігінде «Негіздеме» деген сөзден кейін қандай тыныс белгісі қойылады?


А) сызықша
В) қос нүкте
С) үтір
D) нүктелі үтір
Е) леп белгісі

3. Реттік сан есімді табыңыз.


А) он алтыншы
В) отыз бес
С) он-оннан
D) қырық жеті
Е) елудей

4. Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз.


А) он шақты
В) жүз қаралы
С) үш бүтін оннан сегіз
D) бес
Е) алтау

5. Жинақтық сан есімді көрсетіңіз.


А) алтау
В) қырық жеті
С) жүз-жүзден
D) төртінші
Е) үштен бір


10 сабақ

Баяндау хат


(Докладные записки)

Баяндау хат – кәсіпорын басшысына арналған немесе тұжырымдар мен ұсыныстардан тұратын, жұмысты орындау туралы құбылыс, фактісі бар қалыптасқан оқиға туралы жоғары тұрған органға ақпарат беретін құжат. Жоғары тұрған басшыны қандай да бір фактілер, оқиғалар туралы хабардар ету жағдайында автордың бастамасы немесе басшының нұсқауы бойынша жасалады. Баяндау хатта баяндалған мәселе бойынша құрастырушының ұсынысы да болуы мүмкін. Мақсаты – басшының белгілі бір шешім қабылдауына ықпал ету.


Баяндау хаттың мазмұнын ашатын тақырыбы болады. Құжаттың осы түрін ресімдеу адресатқа байланысты. Баяндау хат ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.
Баяндау хаттың күні оған қол қойылған күн болып есептеледі. Кәсіпорын қызметінің негізгі қызметі бойынша баяндау хаттар 5 жыл сақталады.
Мәтінге арналған сөздік
Словарь к тексту
Баяндау хат – докладные записки
кәсіпорын – предприятие
басшысы – руководитель
тұжырымдар – выводы
ұсыныстар – предложение
құбылыс – явление
қалыптасқан оқиға – сложивщаяся ситуация
жоғары тұрған – вышестоящий
бастама – инициатива
нұсқау – указание
құрастырушы – составитель
шешім қабылдау – принять решение
мазмұн – содержание
ашатын – раскрывающий
ресімдеу – оформление
5 жыл сақталады – хранятся 5 лет


Баяндау хат үлгісі
(Форма докладной записки)

Өндірістік-техникалық бөлім
БАЯНДАУ ХАТ
00.00.00.
М.Д. Сағатовты іссапарға жіберу туралы

____________________ байланысты өндірістік-техникалық бөлімнің менеджері М.Д. Сағатовты «Формаз» зауытына 00.00.00 – 00.00.00 дейін іссапарға жіберуіңізді өтінемін.


ӨТБ-нің бастығы қолы аты-жөні

Производственно-технический отдел


ДОКЛАДНАЯ ЗАПИСКА
00.00.00

О командировании Сагатова М.Д.


В связи ___________________ прошу командировать менеджера производственно-технического отдела Сагатова М.Д. на завод «Формаз» с 00.00.00. по 00.00.00.


Начальник ПТО подпись И.О. Фамилия





1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).

Баяндау хат деп құжаттың қандай түрі аталады? Баяндау хат қандай жағдайларда, нендей себептермен жасалады? Баяндау хатта баяндалған мәселе бойынша кімнің ұсынысы болуы мүмкін? Баяндау хаттың мақсаты не? Баяндау хаттың мазмұнын ашатын несі болады? Баяндау хатты ресімдеу кімге байланысты болады? Баяндау хат қалай және нешеге бөлінеді? Баяндау хаттың күні қай күн болып есептеледі? Баяндау хаттар неше жыл сақталады?




2-жаттығу. Жіктеңіз (Проспрягайте).

Мен солмын мынаумын Біз _________ __________


Сен _________ __________ Сендер _________ __________
Сіз _________ __________ Сіздер _________ __________
Ол _________ __________ Олар _________ __________


3-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз (Раскройте скобки, выбрав подходящую форму слова).

Баяндау хат – ұйым (басшысымен, басшысына, басшысын, басшысының) қандай да бір мәселені жан-жақты қамтып баяндаған, қорытынды, ұсыныстар (жасамаған, жасаған, жасап, жасай, жасасатын) құжат. (Ұйымға, ұйымның, ұйымдағы, ұйыммен, ұйымнан) өз ішіне арналған баяндау хаттар қолмен (жазылар, жазылып, жазысып, жазатын) жазған адамның қолы қойылады, мерзімі (көрсетілді, көрсетіліпті, көрсетіледі, көрсетілген). Сонымен қатар, мекеменің (атауға, атауының, атауы, атауымен), құрылымдық (бөлімшеге, бөлімшелер, бөлімшеде, бөлімшенің) атауы, құжат аты, жазылған орны, мәтін тақырыбы, кімге (арналыпты, арналса, арналғаны, арналар, арналатын) көрсетіледі. Баяндау хат мекеменің (атымен, атында, атынан, атындағы, атын) жоғары жаққа арналса, компьютерге басылып, мекеме басшысы қол қояды.




4-жаттығу. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз (Переведите на казахский язык).

Баяндау хат – ұйым басшысына қандай да бір мәселені жан-жақты қамтып баяндаған, қорытынды, ұсыныстар жасаған құжат. Ұйымның өз ішіне арналған баяндау хаттар қолмен жазылып, жазған адамның қолы қойылады. Мерзімі көрсетіледі. Сонымен қатар, мекеменің атауы, құрылымдық бөлімшенің атауы, құжат аты, жазылған орны, мәтін тақырыбы, кімге арналғаны көрсетіледі.


Баяндау хат мекеменің атынан жоғары жаққа арналса, компьютерге басылып, мекеме басшысы қол қояды.


5-жаттығу. Төменде берілген есімдіктерді қатыстырып сөйлем құрастырыңыз (Составьте предложения с данными местоимениями).

Мен, кім, өзі, сонау, сіз, мына, қашан? өзіңіз, осы, сол, қандай?






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет