Күрделі нақ осы шақ
|
Жай нақ осы шақ
|
Жазып отырмыз
|
тұр
|
7-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз (Переведите на русский язык).
Шағым – келісім-шарт міндеттемелерін және осы міндеттемелерді бұзған тараптардың шығындарды өтеу туралы талаптарын бұзғандығы жөніндегі құжат. Шағым тауардың (жұмыстың және қызмет көрсетудің) сапасы, оны жеткізудің көлемі мен мерзімі, орау, таңбалау, төлемде және келісім-шарттың басқа талаптарына қатысты жасалады. Шағымда шағым жасауға негіздеме, дәлелдер (құжатқа сілтеме, мысалы, коммерциялық акт, сапа сертификаты), шығындарды өтеудің нақты талаптары көрсетілуі тиіс. Растау құжаттары шағымға қосымша ретінде ресімделеді.
Тест тапсырмалары
1. Келісім-шарт міндеттемелерін және осы міндеттемелерді бұзған тараптардың шығындарды өтеу туралы талаптарын бұзғандығы жөніндегі құжат
А) арыз
В) шағым
С) қолхат
D) сенімхат
Е) кепілхат
2. Шағымға қосымша ретінде қандай құжаттар ресімделеді?
А) ақтау құжаттары
В) сақтау құжаттары
С) растау құжаттары
D) басқару құжаттары
Е) бас тарту құжаттары
3. Нақ осы шақта тұрған етістікті табыңыз.
А) шағымданамыз
В) шағымдандық
С) шағымданып жатырмыз
D) шағымданайық
Е) шағымданармыз
4. Қате жазылған сөз тіркесін табыңыз.
А) шығынды өтеу
В) шығын көлөмі
С) шығынды өндіріп алу
D) шығынға бату
Е) шығынның орнын толтыру
5. «шағым» сөзінің орысша баламасын белгілеңіз.
А) заявление
В) претензия
С) заявка
D) приказ
Е) протокол
№17-сабақ
Талап-арыздар
(Исковые заявления)
Талап-арыз сотқа жазбаша түрде беріледі.
Арызда:
арыз беріліп отырған соттың атауы;
талапкердің аты-жөні, оның тұратын жері немесе егер талапкер заңды тұлға болса, оның мекен-жайы, сондай-ақ арызды өкілі берсе, онда өкілдің аты-жөні мен мекен-жайы;
жауапкердің аты-жөні, мекен-жайы немесе егер жауапкер заңды тұлға болып табылса, оның орналасқан жері;
талапкер өз талаптарын негіздейтін жағдайлар және талапкер жазған жағдайларды растайтын дәлелдер;
талапкердің талап-арызы;
талап-арыз бағалауға жататын болса, оның бағасы;
арызға қоса берілген құжаттардың тізбесі болады.
Арызға талапкер немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл берген талап-арызға өкілдің
өкілеттілігін растайтын сенімхат қоса беріледі.
Талап-арыз жауапкерлердің саны бойынша көшірмелерімен сотқа ұсынылады. Істің күрделілігіне және сипатына байланысты судья талапкерден арызға қоса берілген құжаттардың көшірмелерін талап етуі мүмкін.
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды орындамауға байланысты заңды тұлғаның талап-арызы шағымға жауап алғаннан кейін сотқа беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |