Оқу әдістемелік кешен



бет65/111
Дата10.06.2022
өлшемі0,94 Mb.
#146320
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   111
Байланысты:
леуметтік-Гуманитарлы - факультеті

Мәтінге арналған сөздік
Словарь к тексту
талап-арыз – исковое заявление
жазбаша түрде беріледі – подается в письменной форме
арыз беріліп отырған соттың атауы – наименование суда, в который подается
заявление
талапкер – истец
заңды тұлға – юридическое лицо
тұратын жері – место жительсво
өкіл – представитель
жауапкер – ответчик
растайтын – подтверждающие
талап-арыз бағалауға жататын болса – если иск подлежить оценке
арызға қоса берілген – прилагаемых к заявлению
құжаттардың тізбесі – перечень документов
өкілдің өкілеттілігін растайтын – удостоверяющий полномочия представителя
жауапкерлердің саны бойынша – по числу ответчиков
сотқа ұсынылады – представляется в суд
істің күрделілігіне байланысты – в зависимости от сложности дела
сипатына байланысты – в зависимости характера дела
азаматтық-құқықтық сипаттағы – гражданско-правового характера
орындамауға байланысты – по неисполнении
шағымға жауап алғаннан кейін – после получения ответа на претензию
сотқа беріледі – подается в суд
Талап арыз үлгісі

Қостанай облысының


Қостанай қалалық сотына
Талапкер: ___________________________
(шағымданушы тұлғаның аты-жөні
және мекен-жайы)
Жауапкер: ___________________________
(полиция қызметкерінің аты-жөні
және мекен-жайы)
Жауапкер: ___________________________
(ішкі істер басқармасы)
Тінту кезінде полиция қызметкер(лер)інің заңсыз іс-әрекеттеріне ерекше іс жүргізу тәртібіндегі
ТАЛАП АРЫЗ
200___ «___»____________ қалалық ішкі істер бөлімінің (басқармасының) полиция қызметкер(лер)і ____________________________________________________________
(қызметкерлердің аты-жөні)
менің келісімімсіз маған тиесілі кәсіпорынға (үйіме, пәтеріме) кіріп, менің қатысуымсыз (қатысуыммен) қойманы қарап, материалдық құндылықтардың, кредиттік және қаржылық операциялардың құжаттарын, _______________ сомасындағы ақшаны, сонымен бірге шикізат пен өнімнің үлгілерін алып қойды және кәсіпорынның кассасына, барлық үй-жайларына (бір бөлігіне) тыйым-мөр салды. Менің заңды бұзғандығым жөніндегі мәліметтерді көрсетуін сұраған өтінішіме полиция қызметкер(лер)і жауап берген жоқ. Менің тарапымнан бірнеше рет берілген шағымдар мен өтініштерден кейін олар алып қойған құжаттар мен құндылықтарды қайтарып берді, кәсіпорынның өндірістік ғимараттарындағы және кассадағы аресті алып тастады.
Полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерінің нәтижесінде кәсіпорынның өндірістік қызметі_______________________________________________________
(қандай)
тоқтап қалды, тапсырыс берушілердің алдындағы міндеттемелерімізді орындай алмадық, өнім уақытымен жеткізілмеді. Менің есебім бойынша маған төленетін шығынның жалпы сомасы________ теңгені құрайды.
Жазылғандардың негізінде, АК-нің 150, 278-282-баптарын басшылыққа ала отырып,
ӨТІНЕМІН:
Полиция қызметкер(лер)інің іс-әрекеті заңсыз деп танылсын. Менің пайдама__________________ теңге сомасындағы шығын өндіріліп берілсін.
Қосымшалар:
1. Талап арызды растайтын құжаттар (арестің актісі, келісім-шарттың көшірмесі, шығын сомасының есебі және т.б.);
2. Мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек.
Қолы
Күні

Форма исковой заявлении



В__________________районный (областной)
суд_________________ области
Истец: _______________________________________
(Ф.И.О. лица, подающего жалобу, адрес)
Ответчик: _______________________________________
(Ф.И.О. лица, сотрудника (ов)
_______________________________________________
полиции, адрес)
Ответчик: _______________________________________
(Управление внутренних дел)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет