Оқу әдістемелік кешен



бет73/111
Дата10.06.2022
өлшемі0,94 Mb.
#146320
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   111
Байланысты:
леуметтік-Гуманитарлы - факультеті

4-жаттығу. Сөйлемдердің баяндауышын мақсатты келер шақ тұлғасына айналдырыңыз (Трансформируйте сказуемые в форму будущего времени цели).


Үлгі: Шартқа қол қойды – Шартқа қол қоймақпын.

Шартқа қол қойды. Сеніп тапсырды. Толық материалдық жауапкершілікті мойнына алды. Шығынды жартылай өтеді. Материалдық құндылықтарды сақтауға жағдай жасады. Ұжымдық материалдық жаупкершілік енгізілді. Әкімшілік сеніп тапсырған құндылықтарға ортақ жауапкершілік белгіленді.




5-жаттығу. Мақсатты келер шақ тұлғасында тұрған етістіктің астын сызыңыз, жасалу тәсілін түсіндіріңіз (Подчеркните глаголы, стоящие в форме будущего времени цели, объясните способ образования).

Кейбіреудің бар өнері, мақсаты киімін түземек (Абай). Ертеңгі күні он шақты жолдас ертіп, Абай Қарамолдаға аттанбақ (М.Ә.). Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз (Абай). Енді мынау жұлдызынан көз жазбақ емес. Оразбай өзі тірідей жерге көмгізген Сейіттің өлі-тірісін білмек емес. Дәмежан жоқшылық, мұқтаждық күйін де жасырмақ емес (М.Ә.). Тіпті ештеңе айтпақ емес. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ (Х.Ә.). Жаман ба, жақсы ма, тарих бәрібір өлмек емес (І.Е.). Екі тумақ жоқ болса, екі өлмек те жоқ (М.Ә.). Қатардан асаң да, халықтан аспақ жоқ (Мақал). Тері сүйреткендей сұрықсыз түзде үйректер орнына қарғалар қарқылдамақ, қошақандар орнына борсықтар домаланбақ (Т.Ә.).




6-жаттығу. Берілген сөйлемдердің құрамындағы сөздерді орын тәртібіне қарай дұрыс орналастырыңыз (Составьте предложения, соблюдая порядок слов).

Материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалады мен арасында жұмысшының кәсіпорын. Шарт дана жасалады екі болып. Бір екінші әкімшілікте қызметкерде данасы сақталады данасы. Қызметкерді таныстыру талаптарымен керек заң.




7-жаттығу. Сөздердің жігін ажыратып, сөйлем санын көрсетіңіз (Разбейте слова и определите количество предложений).

Толықматериалдықжауапкершіліктуралыжазбашашарттаркәсіпорындарменмекемелерменұйымдарменсақтауғаөңдеугесатуғатасымалдауғатікелейбайланыстыжұмыстардыорындайтыннемесеоларғаберілгенқұндылықтардыөндірісүрдісіндепайдалануменайналысатынқызметкерлердіңарасындажасалуымүмкінмұндайлауазымдарменжұмыстардыңтізбесізаңменнемесежұмысберушініңнормативтікактілеріменбелгіленгентәртіппенбекітіледі.




8-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз (Переведите на русский язык).

Сақтауға, өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға тікелей байланысты жұмыстарды орындайтын немесе оларға берілген құндылықтарды өндіріс үрдісінде пайдаланумен байланысты, әрбір қызметкерге материалдық жауапкершілікті бөліп беру немесе олармен материалдық жауапкершілік туралы шартты жасау мүмкін болмағанда, жұмыстардың жекелеген түрлерін қызметкерлер бірлесіп орындаған кезде ұжымдық-материалдық (бригада) жауапкершілік енгізіледі.


Ұжымдық материалдық жауапкершілікті кәсіпорын ұжымының тиісті сайлау органымен келісім бойынша кәсіпорынның әкімшілігі белгілейді. Ұжымдық материалдық жауапкершілік туралы шарт кәсіпорын мен ұжымның сеніп тапсырылған құндылықтарға тікелей қатысы бар барлық мүшелері арасында жасалады (ортақ жауапкершілік).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет