Шағым
(Претензия)
Шағым – келісім-шарт міндеттемелерін және осы міндеттемелерді бұзған тараптардың шығындарды өтеу туралы талаптарын бұзғандығы жөніндегі құжат. Шағым тауардың (жұмыстың және қызмет көрсетудің) сапасы, оны жеткізудің көлемі мен мерзімі, орау, таңбалау, төлемде және келісім-шарттың басқа талаптарына қатысты жасалады. Шағымда шағым жасауға негіздеме, дәлелдер (құжатқа сілтеме, мысалы, коммерциялық акт, сапа сертификаты), шығындарды өтеудің нақты талаптары көрсетілуі тиіс. Растау құжаттары шағымға қосымша ретінде ресімделеді.
Шағымға кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері қол қояды және мөр соғады. Шағым тапсырыс хатпен жіберіледі не курьер арқылы қолма-қол тапсырылады.
Мәтінге арналған сөздік
Словарь к тексту
шағым – претензия
келісім-шарт - контракт
тараптар – сторона
шығындарды өтеу туралы – о возмещении убытков
жеткізу – поставка
көлем – объем
орау – упаковка
таңбалау – маркировка
сапа сертификаты – сертификат качества
нақты талаптар – конкретные требования
қосымша ретінде ресімделеді – оформляются как приложения
тапсырыс хатпен жіберіледі – посылается заказным письмом
Шағым үлгісі
Кәсіпорынның атауы ТАПСЫРЫСТЫҚ
Мекен-жайы Кімге___________________
Тел. Факс. (жеткізушінің атауы)
ТАЛАП
00.00.00.
Тауарды толық жеткізбегендігі және шығын үшін тұрақсыздық айыбын төлеу туралы
Талаптың сомасы________________ теңге.
«___»_____________200___жылғы №____шартқа (келісімге) сәйкес Сіздің ұйым _____________________________өнімді _____________санда_________________ теңге
(жеткізу кезеңі, мерзімі) атауы дана
сомасында өнім жеткізу қажет еді, сонымен бірге осының алдында толық жеткізілмеген өнімдерді (немесе аз мөлшерде түскендігін) ________________________ жеткізіп беріңіздер.
Шын мәнінде өнімнің түспегенін (немесе аз мөлшерде түскенін) ______________________ растаймыз.
(көлік құжатының нөмірін көрсету керек)
Толық жеткізілмеген өнім _________________ санда__________________теңге сомасын құрады.
Өнімнің толық жеткізілмегендігінен (өндірістің тоқтап қалуынан, материалдарды ауыстырудан, өндірістің көлемінің азаюынан, ассортименттің өзгеруінен) жіберіліп отырған есепке сәйкес шығынға ұшырады.
Шығынның мөлшерін азайту жөнінде біз мынадай шаралар қолдандық _________________________ .
Шартқа (келісімге, тапсырысқа) сәйкес Сіздер бізге _____ мөлшерінде тұрақсыздық айыбын және толық жеткізілмеген өнім құнының _______ пайызын_______________ теңге және _______ теңге шығынның сомасын, барлығы _____________ теңге төлеуге тиіссіздер.
Белгіленген соманы біздің банктегі № _______ шотымызға ____________ дейін аударуларыңызды сұраймыз, Сіздер бұған келіспеген жағдайда сотқа шағымдануға мәжбүр боламыз.
Қосымша: 1. Тұрақсыздық айыбының есебі.
2. Шарттың (келісімнің, тапсырыстың) көшірмесі.
3. Шығынның есебі.
4. Шығынның себебін растайтын құжаттар.
5. «___» ____________ №____________ жүк құжат.
6. «___» ____________ №____________ 200__ жылғы №___ шот.
Кәспорынның басшысы қолы Аты-жөні
Бас бухгалтер қолы Аты-жөні
М.О.
|
Форма претензия
Наименование предприятия ЗАКАЗНОЕ Адрес Кому____________________
Тел. (наименование поставщика)
Факс
ПРЕТЕНЗИЯ
00.00.00
О взыскании неустойки за недопоставку и убытки
Сумма претензии
_______________ тенге
Согласно договору (контракту) от 00.00.00 № ___ от «___»______________200___г. Ваша организация должна была поставить______________________________________
(период поставки, срок)
продукцию __________________ в количестве___________________________________
(наименование) (штук, тонн, метров)
на сумму ____________________ тенге______________, а также вополнить недопос-тавку предыдущего периода в количестве____________________.
Продукция фактически не поступила (либо поступила в меньшем объеме)
_________________________, что подтверждается_______________________________
(указать транспортный документ, дату и №)
Недопоставка составила______________ по цене на сумму____________________
(количество)
В связи с недопоставкой у нас возникли убытки (от простоя, замены материалов, уменьшения объема производства, изменения ассортимента и т.д.) согласно прилагаемому расчету.
Нами были приняты следующие меры по предотвращению (уменьшению) размера убытков ________________________________________________________________
В соответствии с договором (контрактом, заказом) Вам надлежит уплатить неустойку в размере___________% стоимости недопоставленной продукции в сумме ____________________ тенге и возместить убытки в сумме_____________ тенге, а всего__________________ тенге.
Признанную сумму просим перечислить на наш расчетный счет №___________ в ________________________________________________________________________
(наименование банка)
в срок до___________________в противным случае мы будем вынуждены обратиться в суд.
Приложения: 1. Расчет неустойки.
2. Копия договора (конракта, заказа)
3. Расчет убытков.
4. Документы, подтверждающие причинение убытков.
Накладная от «___»______________200__г. №_________.
Руководитель предприятия подпись И.О. Фамилия
Главный бухгалтер подпись И.О. Фамилия
М.П.
|
1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).
Қандай құжат шағым деп аталады? Шағым қандай жағдайларға қатысты жасалады? Шағымда нелер көрсетілуі тиіс? Шағымға қосымша ретінде қандай құжаттар ресімделеді? Шағымға кімдер қол қояды және мөр соғады? Шағым қандай жолдармен жіберіледі немесе тапсырылады?
2-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз (Переведите на казахский язык).
Ответ на претензию может содержать следующие варианты:
о принятии претензии к рассмортению, если решение по ней не принято;
об удовлетворении претензии полностью или частично с указанием даты и № платежного поручения при оплате;
об откланении претензии полностью или частично.
При составлении ответа на претензию должны быть представлены необходимые
документы, оформленные в виде приложения.
Подписывается ответ на претензию руководителем предприятия и заверяется печатью.
3-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз (Раскройте скобки, выбрав подходящую форму слова)
Шағымға жауаптың мынадай нұсқалары (болғаны, болуы, болып, болса) мүмкін:
ол бойынша шешім (қабылданбай, қабылданып, қабылданбаса, қабылданған) шағымды қарауға қабылдау туралы;
ақы төлеу (кезімен, кезін, кезінде, кезінен) күнін және төлем тапсырмасының нөмірін көрсете отырып, толық немесе ішінара шағымды (қанағаттандырса, қанағаттандыру, қанағаттандырған, қанағаттандыра) туралы.
Шағымға жауап (жасап, жасағалы, жасаған, жасай, жасау) кезде қосымша
түрінде ресімделген (қажетсіз, қажетті, қажетке, қажеті) құжаттар ұсынылуы тиіс.
4-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасаңыз (Перепишите предложения, сделайте морфологический разбор).
17.03.2006ж. № 26 шартқа сәйкес Сіздің ұйым біздің мекемеге 2006 жылдың 28 желтоқсанына дейін 5200000 теңгеге 56 компьютер жеткізіп беру керек еді. Бірақ жеткізілуі тиіс тауардың 50 пайызы ғана келіп түсті. Шын мәнінде тауар көлемінің жартысы келіп түспегенін растаймыз.
Жеткізілуі тиіс тауар 2600000 теңге сомасын құрайды. Шартқа сәйкес Сіздер Бізге 100000 теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын және толық жеткізілмеген тауар құнының 50 пайызын, 2600000 теңге, барлығы 2700000 теңге төлеуге тиіссіздер.
5-жаттығу. Екі бағанадан сөз тіркестерін құрастырыңыз (Составьте словосочетания, используя слова из столбцов).
Келісім-шарт
Кәсіпорын
Шағымға
Шығынды
Бас
Қол
Шешім
Ақы
Көрсете
Бас
Шағымды
Құжатты
Мөрмен
Коммерциялық
Хатпен
Тауардың
Талапты
|
бухгалтер
қабылдау
төлеу
тарту
қанағаттандыру
ресімдеу
растау
жіберу
сапасы
бұзу
жауап
акт
отырып
міндеттемелері
қою
басшысы
өтеу
|
6-жаттығу. Күрделі нақ осы шақ пен жай нақ осы шақты ажыратып, Кестені толтырыңыз (Заполните таблицу, различая сложную и простую формы собственно-настоящего времени).
Шағым жазып отырмыз. Жұмысқа бара жатырмыз. Қазір келіп тұрмыз. Есіктің алдында тұр. Үйге келе жатыр. Құжат ресімдеп жатыр. Жұмыста отыр. Оқып тұр. Тыңдап отырсың. Түсініп келе жатырымыз. Қалада жүрміз. Жауап беріп тұр. Емханада жатыр. Әкімшілікте жүр. Іссапарда жүр. Партада отыр. Кабинетінде отыр.
Күрделі нақ осы шақ
|
Жай нақ осы шақ
|
Жазып отырмыз
|
тұр
|
7-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз (Переведите на русский язык).
Шағым – келісім-шарт міндеттемелерін және осы міндеттемелерді бұзған тараптардың шығындарды өтеу туралы талаптарын бұзғандығы жөніндегі құжат. Шағым тауардың (жұмыстың және қызмет көрсетудің) сапасы, оны жеткізудің көлемі мен мерзімі, орау, таңбалау, төлемде және келісім-шарттың басқа талаптарына қатысты жасалады. Шағымда шағым жасауға негіздеме, дәлелдер (құжатқа сілтеме, мысалы, коммерциялық акт, сапа сертификаты), шығындарды өтеудің нақты талаптары көрсетілуі тиіс. Растау құжаттары шағымға қосымша ретінде ресімделеді.
Тест тапсырмалары
1. Келісім-шарт міндеттемелерін және осы міндеттемелерді бұзған тараптардың шығындарды өтеу туралы талаптарын бұзғандығы жөніндегі құжат
А) арыз
В) шағым
С) қолхат
D) сенімхат
Е) кепілхат
2. Шағымға қосымша ретінде қандай құжаттар ресімделеді?
А) ақтау құжаттары
В) сақтау құжаттары
С) растау құжаттары
D) басқару құжаттары
Е) бас тарту құжаттары
3. Нақ осы шақта тұрған етістікті табыңыз.
А) шағымданамыз
В) шағымдандық
С) шағымданып жатырмыз
D) шағымданайық
Е) шағымданармыз
4. Қате жазылған сөз тіркесін табыңыз.
А) шығынды өтеу
В) шығын көлөмі
С) шығынды өндіріп алу
D) шығынға бату
Е) шығынның орнын толтыру
5. «шағым» сөзінің орысша баламасын белгілеңіз.
А) заявление
В) претензия
С) заявка
D) приказ
Е) протокол
№17-сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |