Иммунитеттің фагоциттік жүйесі.
Организмнің иммунитеттің қорғаныс факторларының арнайы механизмі.
Иммундық жүйені қалыпқа келтіру жөне белсендіру үшін иммунологиялық препараттарды, біріншіреттік және екіншіреттік иммунодефицитте, инфекциялық ауруларга қарсы турушылықты арттыру үшін, ісік клеткаларының осуін тежеу үшін, аллергиялық аутоиммундық ауруларды емдеу үшін қолданады.
Иммунологиялық препараттардың иммундық жүйе әрекетін төмендету қасиетін мүшелер меи ұлпалар трансплантациясында, кейде аутоиммундық, аллергиялық ауруларды емдеуте қолданады.
Иммундық жүйе оргаиизмге сырттан түскен немесе функциональдық озгерістер нәтижесінде түзілген потогендік агент әсеріне арнайы және арнайы емес жауап береді.
Бұл жауап реакциялары гуморальды жөне торшалық сипатта болады. Осы реакциялар негізінде көптеген диагностикалық препараттар ашылған.
- Жануарларды иммундеу әдістері.
Иммундеудің нәтижесі қолданылатын дәрмектің иммуногендік қасиетіне ғана емес, оны қолдану әдісіне де байланысты. Сонымен қатар жануарларды жаппай иммундеу оларды ауруға тексеру (аллергиялық тексеру, қан алу) сияқты көп еңбекті қажет етеді.
Жануарларды негізінен екі түрлі жолмен: жекелей және жаппай иммундеуге болады. Дара иммундеу жануарлардың әрқайсысына жеке-жеке вакцина жіберу арқылы, ал топтап иммундеу жануарлардың тұтас бір тобына вакцинамен бірден әсер ету арқылы іске асырылады. Жекелей иммундеу кезінде вакцинаны бұлшық етке, тері астына, тері ішіне, тері үстіне жібереді. Бұл әдістерді парентеральдық деп атайды (ішекке соқпай, яғни ішек арқылы емес, деген мағынада). Парентеральдық жолға көк тамырға енгізу де жатады, бірақ бұл әдіспен іс жүзінде ешбір вакцина жіберілмейді. Энтеральдық жолмен яғни ішек арқылы, дәлірек айтқанда ауыз арқылы, яғни пероральдық жолмен, вакциналау әдісі кеңінен қолданылады. Сонымен қатар вакцинаны әр түрлі кілегейлі қабықтар арқылы да (танау қуысына, көз конъюнктивасына, клоакаға, емшек үрпіне) денеге енгізуге болады.
- Иммунитеттің фагоциттік жүйесі.
Фагоциттер туралы И.И. Мечников заманынан бepi жиі айтылып келгенімен олардың иммунитеттегі ықпалының нақтылы орны мен маңызына дәл баға беріле бермейді. Иммунитеттің фагоциттік жүйесі организмге енген микробтарды жұтып, ыдырататын фагоциттер деп аталатын жасушалардың қызметінен туындайды. Фагоциттерің екі түpi бар: микрофагтар және макрофагтар. Оларға ортақ қасиет лизосома деп аталатын диаметрі 0,25-0,5 мкм түйіршік болады. Лизосомада көптеген ферментер: қышқыл фосфатаза, миелопероксидаза, р-глюкуринидаза, колагеназа, лизоцим, катепсин, РНК-аза, ДНҚ-аза т.б. болады. Осы ферменттер арқылы фагоцитоз кезінде микробтар мен бөгде антигендер ыдыратылады.
Фагоцитоздың өзi бірнеше кезеңнен тұрады:
Хемотаксис - фагоциттің фагоцитоз объектісіне жақындауы.
Фагоциттелінетін бөлшектің фагоцитке жабысуы.
Бөлшектің фагоцитке батуы және оны қоршаған жасуша мембранасының бөлігі үзіліп фагосома түзуі.
Фагосома мен лизосоманың қосылып фаголизосома түзуі
Түйіршіктің қорытылуы. Бұл кезде күрделі заттар ыдырап, полисахаридтер олигосахаридтерге, белоктар пептидтер мен амин қышқылдарына ыдырайды.
Микрофагтарға немесе полинуклеарлы (көп ядролы) фагоциттерге қанның түйіршікті лейкоциттері жатады. Олардың ядросы бунақ-бунақ болып, сегменттерге бөлінген, ал цитоплазмасы түйіршіктеніп тұрады. Бұл түйіршіктер - лизосомалар, олар боялған кезде, әcipece Романовский әдісімен бояғанда, бояуды әрқилы қабылдайды. Бұл қасиеті бойынша түйіршікті лейкоциттер нейтрофилдер, эозинофилдер және базофилдерге бөлінеді. Эозинофилдер қышқыл бояулармен (эозинмен) қызғылт түске, базофилдер негіздік бояулармен (метилен көгімен) көк түске, ал нейтрофилдер метахромазиялық қасиеті бойынша көк бояумен қызғылт-күлгін түске боялады. Бұндай классификация адамның лейкоциттеріне қатысты да, жануарлар лейкоциттерін зерттегенде бipaз жаңылыстар туғызады.
Мысалы, иттің, мысықтың, шошқаның нейтрофилдері адамдікіндей Романовский әдісі бойынша қызғылт-күлгін түске боялады. Жылқы мен күйісті жануарлардың нейтрофильдері қышқыл бояуларды да, негіздік бояуларды да қабылдайды, ал құс пен қоянда қышқыл бояуларға бейім болады. Сондықтан жануарлардың нейтрофильдерін арнайы лейкоциттер немесе гетерофильдер деп атау ұсынылған.
Бактерияларға қарсы ең белсенді фагоциттер нейтрофильдер болып табылады. Эозинофилдер паразит инвазиялары мен жүйелі аллергиялық реакциялар кезінде белсенділік көрсетеді. Базофилдер белсенді фагоцит емес. Оларда гистамин, гепарин сияқты қабыну медиаторлары көп болады да, дәнекер ұлпалардың шүйгін торшалары (орысша - тучные клетки) сияқты жіті қабыну реакцияларының өршуінде маңызды роль атқарады.
Барлық микрофагтар жедел типтi сезімталдықтың қалыптасуына қатысады да, ыдыраған кезде лизоцим және басқа да микробқа қарсы заттар бөліп шығарады.
Макрофагтар немесе мононуклеарлы (бip ядролы) фагоциттер құрылысы жағынан полинуклеарлы торшалардан айырмашылығы олардың сегменттелмеген біртұтас торшаның негізгі бөлігін алып жатқан ядросы болады. Осындай ерекшелігі бойынша лимфоциттерді де мононуклеарлы торшалар деп атайтындығын айта кеткен жөн. Мононуклеарлы фагоциттерге моноциттер мен макрофагтар жатады. Бұлар - мононуклеарлы фагоциттер жүйесін құрайтын ұлпаларда бекітілген және көшпенді фагоциттер. Олар ортақ алғызат - промоноциттен туындайды. Промоноцит сүйек майында түзіледі де, бөлінген кезде моноцитке айналып, қанға түседі. Бірнеше сағат қан айналымында болған соң ұлпаларда ipкілiп, макрофагқа айналады. Бұндай өзгеріс үшін фагоцитоз объекте (бөтен антиген, организмнің өлген торшалары) болуы және оның моноцитпен тұтылуы қажет. Фагоциттің нәтижесінде моноцит әр түрлі ұлпаларда ipкiлiп, мононуклеарлы жасушалар жүйесіне (бұрын ретикулді эндотелий жүйесі деп аталған) жататын макрофаг торшаларына айналады. Оларға жататындар: дәнекер ұлпада - гистиоцит, бауырда -Купфер торшасы, өкпеде - альвеола макрофагы, сөл түйіні макрофагы, көкбауыр макрофагы, сүйекте - остеобласт жасушалары, жүйке ұлпасында -микроглия, құрсақ қуысында - перитонеальдік макрофаг, теріде - Лангерганс жасушалары.
Әр түрлі мүшелердегі макрофагтардың функциялық айырмашылығы болады. Мысалы бауырдың Купфер жасушалары негізінен өлген эритроциттерді жояды, ал көкбауыр макрофагтарының белсенділігі бактерияларға бағытталған. Купфер жасушалары көкбауыр макрофагтарымен салыстырғанда антигендік информацияны да нашар сақтайды.
Макрофагтарды А-жасушалар деп атайды. Олар фагоциттелген түйіршіктерді толық ыдыратпай, антигендік информацияны Т-көмекшілерге береді оның үстіне интерлейкин-1 бөліп, Т-көмекшілерді icкe қосу арқылы баяу типті сезімталдықтың патогенезіне қатысады. Макрофагтар арқылы болған фагоцитоз иммунитет реакциясының бастапқы сатысы болып табылады. Оның нәтижесінде антигендік информация лимфоциттерге беріліп, лимфоциттер icкe қосылады. Сонымен қатар макрофагтар иммунитетке қатысы бар бipaз заттарды: комплементтің кейбір компоненттерін (С1, С4, С2, СЗ,С5), лизоцим, интерферон, пропердин, т.б. синтездейді.
Фагоцитоздың бөтен антигенді ыдыратып, организмнен шығару үшін де маңызы зор. Бұл процеске фагоциттермен қатар антиденелер мен комплемент қатысады. Олар антигенді фагоцитозға дайындайды. Комплемент жүйесі icкe қосылғанда, оның кейбір бөлшектері (СЗ, С5а) хемотаксистік қасиеттері арқылы фагоцитозды одан ары үдетеді.
Иммунитеттің лимфоидтың жүйесі. Иммунитеттің лимфоидтың жүйеci омыртқалы жануарларға тән, әcipece сүтқоректілерде жетілген және арнайы лимфоидтық органдардың қызметіне негізделген. Лимфоидты иммунитет жүйeci деп лимфоциттер пайда болып, жетіліп, функциялық толысатын лимфоидты органдардың жиынтығын атайды. Бұларға бауыр (эмбриональдық дамудың алғашқы кезеңінде), сүйек майы, тимус, көк бауыр, сөл түйіндері, дәнекер ұлпадағы лимфоидты құрылымдар, құстың Фабрициус қалтасы жатады. Бұл органдарда қан түзетін торшалардың алғы затынан Т және В лимфоциттер пайда болып, қызметін атқарады. Аталған жасушалар түзілетін тимус, сүйек майы, эмбриональдық дамудың алғашқы сатысындағы бауыр, Фабрициус қалтасы, орталық лимфоидты ағзалар деп, ал олар қызметін атқаратын сөл түйіндері мен көк бауыр шеткері лимфоидты ағзалар деп аталады.
В-лимфоцит атауы осы жасушалар түзілетін органдардың ағылшынша атауларының басқы әрпінен алынған, құста - Фабрициус қалтасы (Bursa of Fabricius), сүткоректілерде - сүйек майы (Bone morrow). В-лимфоциттердің дамуын екі сатыға бөледі бipiншici - антигеннің әсерінсіз даму, eкiншici -антигеннің әсерімен даму. Антигеннің әсерінсіз дамитын сатысы сүтқоректілерде алғашқы эмбриондық бауыр мен сүйек майында басталып, сөл түйіндері мен көк бауырда аяқталады. Бұл кезеңде лимфоциттің бетінде иммуноглобулиндік рецепторлар пайда болады. Әpбip В-лимфоциттің иммуноглобулиндік рецепторы белгілі бip антигенге ғана бағытталған, сонымен ғана байланысқа түседі.
В-лимфоциттің бетіндегі иммуноглобулиндік рецепторлар тиісті антигенмен әрекеттескеннен кейін бұл жасушаның антиген әсерімен дамитын кезең басталады. Оның нәтижесінде В-лимфоцит антиденелер бөліп шығаратын плазмоцитке айналады.
Т-лимфоцит атауы осы жасуша өciп жетілетін орган тимустың атауымен байланысты. Т-лимфоцитінің үш түpi болады: Т-көмекші, Т-супрессор және Т-эффектор. Т-көмекші В-лимфоциттердің антидене шығаруын үдетеді. Т-супрессор иммунитет реакцияларын, оның iшінe антидене түзуді, тежейді. Т-эффектор баяу типті сезімталдық және басқа да жасушалық реакцияларға қатысады.
Т- және В-лимфоциттердің ешқайсысына жатпайтын лимфоциттердің үшінші тобын "ноль" жасушалар деп атайды. Оларға К-жасушалар жатады (киллер - өлтіруші деген сөзден). К-жасушалар кейбір iciк жасушаларын және вирустармен зақымданған жасушаларды жояды.
Иммунитетке жауапты әр түрлі жасушалар мен макромолекулаларды бip бipінeн ажырату үшін таңба ретінде CD символы (ағылшынша - Claster Designation) қабылданған. Алғашында лейкоциттің антигендеріне қарсы моноклональді антиденелер CD арқылы белгіленсе, кейіннен сол антиденелерге сәйкес антигендік детерминанттар осы атауға ие болды, яғни әрбір антигендік детерминанттың өзіндік CD маркері (таңбасы) болады. Бұл таңбаларды ажырату иммунологиялық зерттеулерге тың cepпілic бepiп, бірқатар иммунитетке қатысты құбылыстардың сырын ашуға мүмкіндік туғызды.
Иммунитетке жауапты жасушалардың әрбір топтамасына (популяция, субпопуляция, т.т.) өзіне тән телімді таңба тиecілi болғандықтан, оларды маркерлері арқылы бip-бipiнeн ажыратады. Мысалы, CD3 Mapкepi Т-лимфоциттерде ғана болады, ал басқа жасушаларда болмайды.
Жасушалардың әpбip жетілу сатысында өзіндік маркері бар. Мысалы, CD1 жетіліп келе жатқан Т-лимфоцитте болады да, жетілген кезде жоғалады. Сондай-ақ, жасушалардың функциялық белсенділігіне сәйкес телімді маркерлер пайда болады. Т-лимфоциттің антигеннің әсерінен белсенді куйге ауысқанын CD25 маркері арқылы анықтайды. Сонымен CD маркерлері арқылы иммунитетке жауапты жасушаларды бip-бipiнeн ажыратады және олардың жетілу сатысын, функциялық белсенділігін анықтайды.
Негізгі әдебиеттер
1 Технология ветеринарных биологических препаратов ., / Ахметсадықов Н.Н., Шабдарбаева Г.С., Хусаинов Д.М. Учебник – Алматы : Изд-во «Агроуниверситет», 2011. – 353 с.
2 Современные лекарственные средства в ветеринарии.,/ Субботин В.М., Субботина С.Г., Александров И.Д. издание 2-е дополненное и переработанное. г. Ростов-на-Дону «Феникс» 2001г. – 600 с.
Қосымша әдебиеттер
1 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов К.Н. – 2009
2 Лекарственные растения в ветеринарной практике / Рабинович М.И. - 1987
3 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007 Практикум по ветеринарной рецептуре с основами технологии лекарственных форм / Набиев, Ф.Г. - 2008
4 Фармакопея СССР. – М.: Медицина, 1990. – 333 с.
5 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007
ҚОСЫМША:
Жануарларды иммундеу әдістері.
Вакцинаны денеге енгізу жолын таңдағанда ол дәрмектің антигендік физикалық және химиялық қасиеттері және тиісті аурудың ерекшеліктері ескеріледі. Мысалы, тері астына топалаңның және құтырықтың, бұлшық етке қысаға мен лептоспироздың, тері үстіне шешектің, танау қуысына парагрипптің, емшек үрпіне (интрацистернальдық немесе диалетикалық жолмен) колибактериоз бен қылаудың вакциналары жіберіледі.
Топтап вакциналау екі түрлі жолмен: ауыз арқылы (энтеральдық немесе пероральдық әдіс) және аэрозольдік (аэрогендік немесе аспирациялық) әдіспен іске асырылады. Бұл әдістер еңбек өнімділігін шұғыл арттырып, вакцинациялау жұмысын көп жеңілдетеді. Пероральдық әдіспен алиментарлық жолмен жұғатын, ал аэрозольдік әдіспен респираторлық жолмен жұғатын ауруларға қарсы егу жақсы нәтиже береді. Бірақ бұл заңдылық бұлжымайтын қағида емес. Іс жүзінде жаппай егетін әдістің екеуін де, аурудың табиғи жұғу жолы қандай болмасын (алиментарлық, аэрогендік, трансмиссивтік немесе жанасу арқылы) пайдалана беруге болады. Әйтсе де респираторлық инфекциялар кезінде аэрозольдік, ал алиментарлық инфекциялар кезінде пероральдік егу әдісі жақсы нәтиже береді. Өйткені организмді жұқпалы аурудан сақтандырғанда жалпы иммунитетпен қатар, орны шектелген иммунитет те үлкен рөл атқарады.
Аэрозольдік әдіспен құстарды, шошқаны, қойды, сиырды, терісі бағалы андарды иммундеу жөнінде біраз тәжірибе жинақталған. Құсты Ньюкасл ауруына, шешекке қарсы егу туралы ұсыныстар жасалған. Иммундеу нәтижесі аэрозольдің көлеміне байланысты. Ірі аэрбзольдер жоғарғы тыныс жолдарында шөгеді де, өте майда аэрозольдер өкпенің ең тереңгі бронхиолалары мен альвеолаларына өтеді. Аэрогендік әдіспен иммундеу үшін вакцинаны құрғақ немесе сұйық күйінде де пайдалануға болды. Әйтседе бірдей нәтижеге жету үшін сұйық вакцинаға қарағанда құрғақ вакцина анағүрлым көп мөлшерде қажет болады. Иммундеудің нәтижесі тірі вакцинаның аэрозоль күйінде тіршілігін сақтауына байланысты. Бүркілген вакцина штаммы жылдам кебуінің салдырынан тез өле бастайды. Оның тіршілігін сақтауы табиғатына, ортаның температурасы мен ылғалдығына байланысты. Аэрозольдік жолмен иммундеу үшін тірі вакциналар тиімді. Олардың ауада тіршілігін ұзақ уақыт сақтау үшін әр түрлі тұрақтандырушы қоспалар пайдаланылады. Ондай қоспалар ретінде қолданылатын кептірілген сүт, глицерин аэрозоль бөлшектерінің ылғалын сақтауға көмектеседі.
Аэрозольдік вакцина ретінде аз уақыт ішінде (1-3 тәулікте) иммунитет қалыптастыратын штаммдарды пайдаланған тиімді. Ондай вакцина адам мен жануарлар үшін қауіпсіз болуы керек. Аэрозольдік әдіс тез арада ауруды дауалауға мүмкіндік береді. Бірақ герметикаландырылған қора-жайды, тиісті аэрозольдік генераторлар мен бүріккіштерді керек етеді.
Пероральді иммундеу ең қарапайым және денеге бөгде заттың енетін табиғи жолы болып табылады. Бүл әдісті 1930-жылдары Безредка бактериялық ішек инфекциялары (дизентерия, іш сүзегі) кезінде жан-жақты зерттеген болатын. Бірақ ол кездегі вакциналардың жарамсыздығынан іске аспай қалды. Кейінірек бұл әдіс медицинада пайдаланыла бастады да, кейбір ауруға, мысалы полимиелитке қарсы егуде негізгі әдіске айналды. Ветеринарияда Ньюкасл ауруының ВІ және Ла-Сота штамдарынан даярланған вакциналарды тауыққа суға қосып ішкізеді.
Энтеральдік вакциналарды даярлағанда оларға қарын сөлінің қолайсыз әсері ескеріліп, таблетка жасағанда сыртын қышқылға төзімді қоспамен қорғайды немесе май, балауыз, смола сияқты қосындылармен толықтырады.
Пероральді иммундеу кезінде антиген ішекке жетпей, тіпті ауыз қуысында сіңіріле бастайды, мысалы, шешек вирусы мен аденовирустар. Жалпы ішек-қарын жолынан антигендік заттар қан мен сөлге өтіп, сөл түйіндері мен көкбауырда іркіледі. Мұндай жолмен иммундегенде гуморальдік, жасушалық және орны шектелген барлық иммунитет реакциялары іске қосылады. Ерекше атап өтетін жағдай антиденелер қанда ғана емес, секреттік А иммуноглобулин ретінде сілекейге, ішек сөліне, капроглобулин ретінде нәжіске шығады. Мұндай антиденелер ішекке тән жас төлдің инфекцияларынан қорғауда маңызды рөл атқарады.
Пероральді вакциналаудың тиімділігін шошқаның тілмесіне қарсы тірі вакцинаны қолданғанда Кулеско (1961) анықтаған. Өте жақсы нәтиже бұзауды колибактериозға иммундеуде алынды. Бұл үшін Сидоров пен Курашвили (1981) колипротектан деп аталатын дәрмек ұсынды. Торайларға колиэнтеро-токсемияға қарсы вакцинаны сумен ішкізу жақсы нәтиже береді. Диктиокаулез гельминтінің балапан құрттарына рентген сәулесімен әсер етіп, пероральдік жолмен иммундеу үшін пайдалануға болатындығы анықталды. Пероральдік әдіс жабайы жануарларды, мысалы қасқырға құтырықтың вакцинасын етке қосып беру арқылы, иммундеудің бірден-бір қолайлы жолы болып табылады.
Жануарларды жаппай иммундеуді жеңілдету мақсатында бірнеше вакцинаны бір мезгілде егуге болады. Бұл әдіс кешенді вакциналау деп аталады. Кешенді иммундеу кезінде әрбір вакцина жеке-жеке егіледі. Әр түрлі вакцинаны даярлаған кезінде араластырып қоспа (ассоциацияланган) вакцина даярлау биология өндірісінде жолға қойылып, дамытылып келеді.
Бақылау сұрақтары:
Негізгі әдебиеттер
1 Технология ветеринарных биологических препаратов ., / Ахметсадықов Н.Н., Шабдарбаева Г.С., Хусаинов Д.М. Учебник – Алматы : Изд-во «Агроуниверситет», 2011. – 353 с.
2 Современные лекарственные средства в ветеринарии.,/ Субботин В.М., Субботина С.Г., Александров И.Д. издание 2-е дополненное и переработанное. г. Ростов-на-Дону «Феникс» 2001г. – 600 с.
2 Қосымша әдебиеттер
1 Фитотерапия: оқу құралы / Қожанов, К.Н. -2010
Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану./ Шәріпбаев Н. Ш. – Алматы, Қайнар: 1988. – 243 б.
2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов К.Н. – 2009
Лекарственные растения в ветеринарной практике / Рабинович М.И. - 1987
3 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007
Практикум по ветеринарной рецептуре с основами технологии лекарственных форм / Набиев, Ф.Г. - 2008
4 Фармакопея СССР. – М.: Медицина, 1990. – 333 с.
5 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007
3 Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер
3.1 Фитотерапия: оқу құралы / К.Н.Қожанов; С.К.Қожанова. – Алматы, - 2010// http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_98/
3.2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов, К.– 2009 // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_93/
«Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінен №12 Дәріс
Модуль 2 Биопрепараттардың ветеринариялық іс шараларда қолданылуы
Тақырыбы: Ветеринариялық биологиялық препараттарды қолданудан кейін жануарларды сою алдында ұстау, өнімін пайдалану, сақтау мерзімі мен жануарларды тасымалдау, жұмысқа (мініс, бәйге жарыс, айдау) пайдалану барысындағы ветеринариялық медициналық іс шаралар
Жоспары:
Достарыңызбен бөлісу: |