ОқУ-Әдістемелік кешені мазмұНЫ


Клиент-сервер технологиясы



бет15/65
Дата06.01.2023
өлшемі6,3 Mb.
#165062
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65
Байланысты:
Желілік технологиялар УМКД

Клиент-сервер технологиясы – жергілікті желідегі компьютерлерді бір-бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі, мұнда бір колмпьютер (сервер) өз құрылғыларын басқаларға – клиеттерге пайдалануға бере алады. Осыған орай жергілікті желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік желілер болып екіге бөлінеді. Бір днеңгейдегі желілерде айрықша бөлінген сервер болмайды, мұнда әрбәр жұмыс станциясы әрі сервер, әрі клиент болып қызмет атқара береді. Мұның ерекшелігі – әрбір жұмыс станциясы өз ресурстарының белгілі бір бөлігін барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдаланушы үшін бөліп береді. Бір деңгейдегі желілер жұмыс істеуге ыңғайлы, олардың қызметі де қарапайым түрде жүзеге асырылады. Мәліметтердің компьютерлерге таралып орналасуы және әр жұмыс станциясының ресурсиарын ортақтастыруды өзгерту мүмкіндігі бір деңгейдегі желілердегі мәліметтерді заңсыз пайдаланудан сақтауды қиындатады. Бір деңгейдегі желілердің тағы бір кемшілігі – олардың жұмыс жжұмыс кезінде олардың әрқайсысының әрі клиент, әрі сервер қызметін атқаруына байланысты болып отыр.


Бақылау сұрақтары:

  1. Желілік файлдық жүйенің құрылу принциптері қандай?

  2. Сервер түсінігі?

  3. Клиент түсінігі?



Дәріс №3
Тақырыбы: Желілер қызметі, желіні топтастыру және негізгі мінездемелері. Топологиялар.
Сабақтың мақсаты: Желілер қызметтерімен танысу, желілік мүмкіндігі және топологиялар түрлерімен, адрес принциптерінің атқаратын қызметтерімен танысу.
Жоспары:

  1. Желілер қызметі, мінездемелер

  2. Негізгі топологиялар

  3. Желіде қолданатын аттар мен адрес принциптері

Сабақтың барысы:
1. Желілер арқылы ұсынылатын қызметтер. Internet- арқылы ұсынылған қызмет түрлерінің бәрін 2 категорияға бөлуге болады: желі тұтынушылары арасындағы ақпарат алмасу тұтынушылар арсындағы байланыс қызметіне төмендегілер жатады:
Тelnet – Internet желісіндегі кез – келген ЭЕМ – н жұмыс істеуге мүмкіндік береді, яғни программаларды қосады, оның режимін өзгертеді.
FTP – (File Transfer Protocol) – мәліметтерді файдарды жіберу хаттамасы. Бұл хаттама тұтынушыға кез келген компьтерлік желімен екілік және мәтіндік файлдармен жұмыс істеуін жүзеге асырады. Осы қызмет түрі арқылы қолданушы өз комьютерінен кез келген файлды өңдеп, жойып, өзгерте алады.
NFS (Network File System) - өте кең тараған файлдық жүйе. Тұтынушыға алыстағы компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Электронды пошта - Internet- желісінде әртүрлі хат, ақпарат алмасу процесі. Хаттарды мәтіндік және екілік файлдарда жіберу мүмкіндігі бар. Ескеретін бір жағдайы пошталық хаттың көлемі 64 килобайттан аспауы керек.
Жаңалықтар – желіден жаңалықтар алу. Хабарландырудың электронды тақтасы. Электронды тақтаға ақпараттар жеке тақырып бойынша орналастырылады. Тұтынушы кезкелген уақытта өз таңдауы бойынша жаңалықтарды ашып, оқи алады.
RSH (Remote Shell) – Telnet – тің қосымшасы. Ол тек компьютерде OC UNIX болса ғана жұмыс істейді.
Rexec (Remote Execution) – UNIX машинасында бір команданың орындалуын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет