2. Желілік сызба-құрылымы (топологиясы) деп желінің геометриялық нысанын емесе есептеу машиналарының бір-біріне қарағандағы орналасуын айтады. Желілік сызба-құрылымдары желінің түйіндерінің байланыс арналарына жалғану тәсілінен анықталады. Қазіргі кезде олардың бірнеше сызба –құрылымдары қолданылады. Мысалы:
«Жұлдыз» сызба-құрылым (2-сурет);
«Сақина» сызба-құрылым (3-сурет);
«Шина» сызба-құрылым (4-сурет);
«Бұтақ немесе иерархиялық» сызба-құрылым (5-сурет).
Таңдалынып алынған желі сызба –құрылымы ЛЕЖ желісінің географиялық орналасуына, желінің сипаттамаларына бекітілген талаптарына сәйкес келу керек. Сызба-құрылым байланыс желісінің ұзындығына әсер етеді.
« 2-сурет. «Жұлдыз» сызба-құрылым Жұлдыз» сызба-құрылым («Star») Есептеу желісінің қалған түйіндерінің әрқайсысымен деректер тасымалданатын жеке арна арқылы байланысқан сызба-құрылым.(2-сурет). Орталық түйінді кейде көп портты қайталауыш немесе шоғырлауыш (Hub, хаб) деп атайды. Жұмыс бекеттеріні арасында байланыс жасау, оны қолдау және үзу міндетін орталық түйін атқарады. Жағымды жақтары:
- «Шина» сызба-құрылымымен салыстырғанда шапшаңдылығы жоғары құрылым болып саналады. Себебі: екі жұмыс бекетінің арасында деректер тасымалдау орталық түйін арқылы өтеді және осы жұмыс станциялары ғана пайдаланатын жеке желілер бойынша жүзеге асырылады;
- деректер тұтастығын сақтау мәселесі жақсы шешілген. Рұқсатсыз қатынас құруға қарсы бағытталған әрекеттер тетігі орталық түйін арқылы жүзеге асырылады. Есептеу желісі толығымен осы орталық түйінінен басқарыла алады;
- мекендету үрдісі қарапайым;
- бұзылған түйінді есептеу желісінің құрамынан шығарып тастау немесе жаңа жұмыс бекетін қосу жеңіл;
Бұзылған жерді (ақауларды) іздеу үрдісі жеңілдетілген. «жұлдыз» тәрізді сызба-құрылымның жағымсыз жақтары: желінің сенімділігі шоғырлауыштың жұмысына тәуелді (егер басқару орталығы бұзылса, онда желі түгелімен жұмыс істеу қабілетін жоғалтады) және кәбіл кө жұмсалады.
«Жұлдыз» тәрізді сызба- құрылымы бар есептеу желісіне мысал ретінде Ethernet (10Base-T, 10Base-F) және Fast Ethernet (100Base-TX, 100Base-FX) жергілікті есептеу желілерін келтіруге болады.