7. Қолданбалық (Application). Антерфейсті қосымша бағдарламамен қамтамас етеді. Желілік ресурстардың бар екендігін анықтайды және ақпарат алмасуға керекті мүмкін болатын серікті іздейді.
6. Көрсетімдік (Presentation).Қосымша бағдарламалар арасындағы ақпаратты өңдейтін ортақ интерфейсті қалыптастыруды жүзеге асырады. Деректерді қысуды және деректерді қабылдау кезінде кері кодалауды жүргізеді.
5. Сеанстық (Session).Екі станция арасындағы диалогты (сеансты) басқарады.байланыстың типін басқарады (дуплек+-с, полудуплекс) және деректерді топтастырады.
4. Көліктік (Transport). Оның бөліктерінен хабарды жинауды басқарады, қабылданған хабардың дұрыстығын бақылайды.
3. Желілік (Network).Желілік байланыстарды орнатады және қолдайды. Хабардың мекендетуге және жеткізілуіне жауап береді.
2. Арналық (Data Link). Физикалық деңгейге керек биттер тасымалданады. Арналық деңгейдің (Data Link) бір міндеті тасымалдау ортасына қатынас құруды тексеру болып табылады. Қателерді түзету және іздеп табу тетігін жүзеге асыру арналық деңгейдің басқа бір міндеті. Бұл үшін арналық деңгейде биттер кадрлар (frames) деп аталатын жиынға топтастырылады.
Арналық деңгей деректер дестесінің құрамына кіретін символдарды тізбектелген түрде тасымалдауға арналған. Бұл деңгейде тораптың түйіндерінің физикалық деңгейді пайдалану ережелері анықталады. Физикалық деңгейден алынған деректерді тораптық деңгейге түсінікті (деректер кадрі деп аталатын) түрге аударады. Және керісінше, тораптық деңгейден қабылданған кадрларды физикалық деңгейге керек биттер (биттер) ағынына түрлендіреді. Арналық деңгей керек кадрларын жасау, жіберу және қабылдау қызметін атқарады. Бұл деңгей тораптық деңгейдің сұранымдарын орындап, дестелерді қабылдау және жіберу үшін физикалық деңгейдің қызметін қолданады. IEEE 802.х ерекшелігі арналы деңгейді екі деңгейшеге бөледі: логикалқ арнаны басқару (LLC) және ортаға қатынас жасауды басқару (MAC). LLC тораптық деңгейге қызмет көрсетеді, ал МАС деңгейшесі физикалық ортаға қатынас құруды реттейді.
Екінші деңгейдегі ең көп қолданатын хаттамалар: