Қан сарысуындағы сілті қоры мен каротинді анықтау.
Қандағы сілті қорын анықтау. Қышқылды сілті тепе-теңдігінің көрсеткіштерін анықтау үшін Астрип әдісін ( 1956), Зиггард Андерсеннің (1963 ) модифицирлеуі бойынша РН мөлшерін, СО2-нің қысымын, сілті қорын, нағыз бикарбонатты, қалыпты бикарбонатты, буферлік негіздерді, плазманың жалпы көміртегі қышқылының мөлшерін анықтайды. Қышқылды- сілті тепе-теңдігін қан плазмасындағы сілті қорын Ван –Слайкс әдісі бойынша анықтап, соның нәтижесімен бағалайды. Немесе И. П. Кондрахин әдісі бойынша сарысудың мөлшерін белгілейді. Сарысуды вазелин майының астында сақтайды.
Сау малдардағы қан сарысуындағы сілті қорын Ван –Слайкс әдісі бойынша анықтағанда былайша болады: ІҚМ-50-62; қойда-45-54; ешкіде-48-52; жылқыда 50-65; шошқада-42-60; итте –40-60; тауықта-40-52.
Қан сарысуындағы сілті қорын Кондрахин әдісі бойынша анықтағанда 0,5 мл сарысу құяды, сұйықтықтың қалған мөлшерін пипеткамен үрлеуге болмайды, тек бетін мықтап жауып қояды.
Колбаның екінші натрий гидроокисінің 2мл 0,01 н ерітіндісін қосып бетін жабады. Содан кейін колбаның бірінші бөлігін ашып, ондағы қан сарысуына 5 пайызды 1мл күкірт қышқылының ерітіндісін қосып дереу қақпағын жабады. Айналдыра отырып, сарысумен қышқылдарды араластырады, реакция жүріп жатқан уақытта 3-4 рет араластырады.
Бақылау колбасына натрий гидроокисі ерітіндісінің 0,01н 2 мл қосып, бетін мықтап жабады. Шағылыстырылған шыны сауыттың екінші бөлігіне күкірт қышқылының 5 пайызды 1мл ерітіндісін қосып тағы да бетін жауып қояды. Жабардың алдында қақпағын дистильденген сумен ылғалдайды. Нақты нәтиже алу үшін сарысудың әрбір түрін шағылыстырылған екі шыны ыдыста зерттейді. Екі –алты сағаттан кейін (12 сағатқа шейін рұқсат етілген ) натрий гидроокисінің ерітіндісі бар шыны ыдысты ашып, фенол фталеиннің 1 пайызды спирт ерітіндісінің бір тамшысын қосып араластырады.(түсі қызылға айналады). Бұдан кейін шыны ыдыстағы сұйықтықты түссізденгенге дейін 0,01 н күкірт қышқылының ерітіндісімен титрлейді. Титрлеуді мұқият барлық шыны ыдыста бірдей жүргізу керек. Сілті қорының мөлшерін х=(а-в) х0,224х 200=(а-в) х 44, 8 формуласымен есептейді. Мұндағы а –тәжірибе жасаған шыны ыдыстағы титрлеуге шығарылған күкірт қышқылының 0,01 н ерітіндісінің мөлшері; в- бақылау шыны ыдысын титрлеуге шығындалған күкірт қышқылы 0,01 н ерітіндісінің мөлшері; 0,224-аталған реакция кезіндегі 0,01Н күкірт қышқылы ерітіндісінің СО2-ге есептеу факторы; 200-100мл (0,5) мөлшеріндегі қан сарысуының анализге алынған мөлшерін есептеуге арналған коэффициент. Ірі малдағы қан сарысуындағы сілті қорының мөлшері Кондрахин әдісі бойынша есептегенде 45-55об пайыз СО2 –ні, ал плазмада –46-66 об пайыз СО2 –ні құрады.
Қышқылды сілтілік тепе-теңдік бұзылған уақытта ацидоз қышқылдардың өте көп болуы немесе негіздердің жетіспеушілігі және алколиз (сілтілік заттардың көптігі) дамуы мүмкін. Егер ацидоз немесе алколиз РН –тың итеруінсіз ақса, компенсирленген, ал РН-тың итеруімен болса, компенсирленбеген деп атайды. Ацидоз бен алколиз газы (тыныс алу) және газды емес болуы мүмкін. Газды ацидоз ағзадағы көмір қышқылының өкпенің ауа алмастыруды азайтуының (ауа тамырлық астма, өкпенің эмфиземасы) нәтижесінде пйда болады. Газды алколиз өкпенің ауа алмастыруды азайтуының (Энцефаломиелит) нәтижесінде болады.
Метаболикалық алколиз ағзада құсу кезінде көп мөлшерде негіздердің жиналуы, фибриноздық пневмония силикоз, кант қызылшасын артық мөлшерде жеу, пироплазмада және т.б. болады. Метаболикалық ацидоз жануарларды қышқыл және ашып кеткен жеммен, концентраттармен көп қоректендіргенде дұрыс тамақтандырмағанда, қораны дұрыс желдетпегенде, күн сәулесі аз түсіп, өте аз қозғалғанда, рахитте, сұйық құрамының бұзылуында, алдыңғы қарынның әлсіреуінде, ауа тамырларының қабынуында дене қызуының көтерілуі мен қабыну процестерінде, кетозда, туудан кейінгі жартылай салдануда, іш өтуде, жүрек қантамырлары мен тыныс алу жолдарының ауруында, сәуле ауруында, қант диабетінде, бүйрек қабынуында, талма ауруында және т. б. болады.
Достарыңызбен бөлісу: |