Эксперименттік жұмыстарды жүргізу және алған мағлұматтарды өңдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:
Тапсырма №1
Студенттерге тақырыпқа байланысты жануарлардың ішкі ауруларын клиникалық балаумен қатар оны оған ұқсас аурулардан ажырату және негізгі дәйектемелік зертханалық зерттеулерді жүргізу.
Тауықтың қандағы гемоглобин мөлшерін, түс көрсеткішін және эритроциттегі гемоглобинің орташа мөлшерін анықтау.
Қандағы гемоглобин мөлшерін анықтау.
Гематинді және гемоглобинцианидті әдістер қолданылады.
Гематинді әдіс (Сали әдісі). Градуирленген гемометр пробиркасына (ГС-3) көз пипеткасымен «2» белгісіне дейін 0,1 н тұзды қышқыл ерітіндісін қосады. Капиллярлық пипеткамен 20 мкл (0, 02мл) қан алады, пипетканың ұшын мақтамен сүртіп, қанды мұқият түбіндегі қышқыл ерітіндісіне үрлейді, онымен 2-3 рет пипеткадағы жұққан қанды жуады. Араластырып, 5 мин. қойып қояды (тауықтардың қанын зерттегенде –15 мин.). Тұзқышқылды гематин (хлоргемин) пайда болуының нәтижесінде пробиркадағы ерітінді қоңыр түске боялады. Тамшымен дистильденген су қосып, әйнек таяқшамен пробиркадағы сұйықтық қалыпты пробиркалардың түсімен теңескенге шейін араластырады. 100 мл. қандағы грамм көлеміндегі гемоглобиннің мөлшерін пробиркадағы сұйықтықтың деңгейімен сәйкес келетін шкаланы бөлу бойынша есептейді. Гемометр шкаласындағы гемоглобиннің мөлшерін 10 коэффициентіне көбейтсе, гемоглобиннің (г/л) концентрациясын анықтауға болады.
Гемиглобинцианидті әдіс (М. Л. Пименова мен Г. В. Дервиз әдісі). Зерттеуге тәжірибелік және қалыпты сынама қолданылады.
Тәжірибелік сынама былайша жасалады. 5 мл трансформирленген ерітіндіге 20 мкл (0,02 мл) қан қосып, мұқият араластырып, 10 мин. қойып қояды да, 10мл қалыңдықтағы кюветте жасыл жарық сүзгішімен, колориметрмен өлшейді.
Қалыпты проба- бұл транформинленген ерітіндісіз тәжірибелік зерттелген гемоглобинцианидтің қалыпты ерітіндісі.
Гемоглобиннің (Нв, г/ 100 мл) мөлшерін мына формула бойынша анықтайды:
Е оп СК х 0,001 Е оп х15
Нв_______________ = _____________
Ест Ест
Мұндағы Еоп-тәжірибелік сынаманың оптикалық тығыздығы, Ест –қалыпты сынаманың оптикалық тығыздығы; С- қалыпты ерітіндідегі (59, 75 мг/100 мл) гемиглобинцианидтің концетрациясы; К-қанды (251) араластыру коэффициенті; 0,001-есептеу коэффициенті (граммен есептеу үшін формула бойынша анықталған гемоглобиннің мөлшерін 10 коэффициентіне көбейтеді).
Сау жануарлардың қанындағы гемоглобиннің мөлшері (г/ 100 мл): ірі қара малда-9,9-12,9; қойда-9-13, 3; ешкіде-10-15; жылқыда-8-14; шошқада –9-11; итте-11-17; тауықта – 8-12.
Гемоглобиннің (г/л) мөлшері мынадай болады: ірі қара малда-100-130; қойда-90-135; ешкіде-100-150; жылқыда-80-140; шошқада-90-110; иттерде-110-170; тауықтарда-80-120.
Қандағы гемоглобин мөлшерінің көбеюі (гиперхромемия) іш өту, тершеңдік, экссудат пен трансссудат бөлінгенде, миоглобинурин бөлінгенде, өкпе эмфиземасы кезінде болады. Қан құрамындағы гемоглобин мөлшерінің азаюы (олигохромемия) әр түрлі себептен қан азайғанда байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |