ОқУ-Әдістемелік кешенің ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Эксперименттік жұмыстарды жүргізу және алған мағлұматтарды өңдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар



бет148/190
Дата21.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#70367
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   190
Байланысты:
5176b30c-1230-11e7-a320-ad114c4c9815Айжан

Эксперименттік жұмыстарды жүргізу және алған мағлұматтарды өңдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:
Тапсырма №1

Студенттерге тақырыпқа байланысты жануарлардың ішкі ауруларын клиникалық балаумен қатар оны оған ұқсас аурулардан ажырату және негізгі дәйектемелік зертханалық зерттеулерді жүргізу.

Тауықтың қандағы гемоглобин мөлшерін, түс көрсеткішін және эритроциттегі гемоглобинің орташа мөлшерін анықтау.

Қандағы гемоглобин мөлшерін анықтау.

Гематинді және гемоглобинцианидті әдістер қолданылады.

Гематинді әдіс (Сали әдісі). Градуирленген гемометр пробиркасына (ГС-3) көз пипеткасымен «2» белгісіне дейін 0,1 н тұзды қышқыл ерітіндісін қосады. Капиллярлық пипеткамен 20 мкл (0, 02мл) қан алады, пипетканың ұшын мақтамен сүртіп, қанды мұқият түбіндегі қышқыл ерітіндісіне үрлейді, онымен 2-3 рет пипеткадағы жұққан қанды жуады. Араластырып, 5 мин. қойып қояды (тауықтардың қанын зерттегенде –15 мин.). Тұзқышқылды гематин (хлоргемин) пайда болуының нәтижесінде пробиркадағы ерітінді қоңыр түске боялады. Тамшымен дистильденген су қосып, әйнек таяқшамен пробиркадағы сұйықтық қалыпты пробиркалардың түсімен теңескенге шейін араластырады. 100 мл. қандағы грамм көлеміндегі гемоглобиннің мөлшерін пробиркадағы сұйықтықтың деңгейімен сәйкес келетін шкаланы бөлу бойынша есептейді. Гемометр шкаласындағы гемоглобиннің мөлшерін 10 коэффициентіне көбейтсе, гемоглобиннің (г/л) концентрациясын анықтауға болады.

Гемиглобинцианидті әдіс (М. Л. Пименова мен Г. В. Дервиз әдісі). Зерттеуге тәжірибелік және қалыпты сынама қолданылады.

Тәжірибелік сынама былайша жасалады. 5 мл трансформирленген ерітіндіге 20 мкл (0,02 мл) қан қосып, мұқият араластырып, 10 мин. қойып қояды да, 10мл қалыңдықтағы кюветте жасыл жарық сүзгішімен, колориметрмен өлшейді.

Қалыпты проба- бұл транформинленген ерітіндісіз тәжірибелік зерттелген гемоглобинцианидтің қалыпты ерітіндісі.

Гемоглобиннің (Нв, г/ 100 мл) мөлшерін мына формула бойынша анықтайды:

Е оп СК х 0,001 Е оп х15

Нв_______________ = _____________

Ест Ест

Мұндағы Еоп-тәжірибелік сынаманың оптикалық тығыздығы, Ест –қалыпты сынаманың оптикалық тығыздығы; С- қалыпты ерітіндідегі (59, 75 мг/100 мл) гемиглобинцианидтің концетрациясы; К-қанды (251) араластыру коэффициенті; 0,001-есептеу коэффициенті (граммен есептеу үшін формула бойынша анықталған гемоглобиннің мөлшерін 10 коэффициентіне көбейтеді).

Сау жануарлардың қанындағы гемоглобиннің мөлшері (г/ 100 мл): ірі қара малда-9,9-12,9; қойда-9-13, 3; ешкіде-10-15; жылқыда-8-14; шошқада –9-11; итте-11-17; тауықта – 8-12.

Гемоглобиннің (г/л) мөлшері мынадай болады: ірі қара малда-100-130; қойда-90-135; ешкіде-100-150; жылқыда-80-140; шошқада-90-110; иттерде-110-170; тауықтарда-80-120.

Қандағы гемоглобин мөлшерінің көбеюі (гиперхромемия) іш өту, тершеңдік, экссудат пен трансссудат бөлінгенде, миоглобинурин бөлінгенде, өкпе эмфиземасы кезінде болады. Қан құрамындағы гемоглобин мөлшерінің азаюы (олигохромемия) әр түрлі себептен қан азайғанда байқалады.

Студенттерге аурулар кезінде диагнозды дұрыс қою мақсатында қан жүйесін тексеруін үйрету


Тәжірибелік сынамадағы глюкозаның құрамы мына формула бойынша есептеледі:

CЕ оп

С оп = --------------

Е ст

Мұндағы Сст-глюкозаның стандарттық концентрациясы (мг/100 мл немесе ммоль/л); Е оп- сынаманың оптикалық тығыздығы; Е ст- стандарттың оптикалық тығыздығы.

Сау ересек малдарда қандағы глюкоза мөлшері мынадай болады ( мг/ 100мл): ІҚМ-40-70, қойда- 35-60, шошқада –45-75, жылқыда-55-75, итте-60-80, тауықта- 80-140. 0,0555 мөлшерде глюкоза концентрациясының көбеюі СИ (ммоль/ л) бірліктегі концентрацияны алады. Глюкоза мөлшері мынадай болады: ІҚМ-2,22-3,88, қойда-2,05-3,33, шошқада-2,5-4,16, жылқыда-3,05-5,27, итте-3,33-4,44, тауықта-4,44-7, 77.

Қандағы глюкоза мөлшерінің көбеюі (гипергликемия) қант диабетінде, В1С гиповитаминозында, бүйрек жетімсіздігінде, нефритте және т. б. байқалады.

Ал қандағы глюкозаның азаюы кетозда, ашығуда, диспепсияда, А-гиповитаминозында, лейкозда, қалқанша бездің қызметінің төмендеуінде, бүйректің қатты зақымдануы және т. б. болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет