ОқУ-Әдістемелік кешенің ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Эксперименттік жұмыстарды жүргізу және алған мағлұматтарды өңдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар



бет151/190
Дата21.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#70367
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   190
Байланысты:
5176b30c-1230-11e7-a320-ad114c4c9815Айжан

Эксперименттік жұмыстарды жүргізу және алған мағлұматтарды өңдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:
Тапсырма №1

Студенттерге тақырыпқа байланысты жануарлардың ішкі ауруларын клиникалық балаумен қатар оны оған ұқсас аурулардан ажырату және негізгі дәйектемелік зертханалық зерттеулерді жүргізу.

Қан сарысуындағы билирубиннің мөлшерін анықтау. (Ендрашик, Клеггорн және Гроф бойынша) 3 пробиркаға 0,9 % хлорлы натриймен 2 рет араластырылған 0,5 мл сарысу құяды. 1-інші пробиркаға 1,75 мл кофе реактиві мен 0,25 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін қосып, колориметрлейді, 2-інші пробиркаға (тікелей билирубин) 1,75 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін және 0, 25 мл диазоқоспасын қосып, 5 мин. кейін колориметрлейд; үшінші пробиркаға (жалпы билирубин) 1, 75 кофе ерітіндісін құйып, 0, 25 дизоқоспасын қосып, 20 мин кейін колориметрлейді. Колориметрлеуді жасыл жарық фильтрде 5 мм кюветпен қарсы дистильденген сумен жүргізеді.

Тікелей және жалпы билирубинді зерттеу кезінде алынған оптикалық тығыздық көрсеткіштерінен бақылаудың оптикалық тығыздығының көрсеткіштерін шығарып алады.

Колибрлы кесте бойынша, жалпы және тікелей билирубиннің мөлшерін тауып, (мг/ 100 мл немесе ммоль/ л) ал олардың арасындағы айырмашылықтан тікелей емес билирубиннің мөлшерін (мг/ 100мл немесе ммоль/л ) алады.

Колибрлы кестені құру әдісі мынадай:

Өлшегіш колбаға 10мг таза билирубин салып, 10мл дейін (1мл ерітіндіде 0,1 мг билирубин болады) хлороформа қосады. Пробиркаға (мл): 0,05; 0,1; 0,15; 0,2; 0,25; 0,3 мөлшерде билирубин ерітіндісін өлшеп алады. Бұл пробиркалардағы билирубиннің мөлшері мынаған сәйкес келеді(мг): 0,05; 0,01; 0,015; 0,02; 0,025; 0,03.

Соңғы 3 пробиркадағыны ыстық сумен булау арқылы 0,1-0,15 мл дейін жеткізеді. Бұдан кейін әрбір пробиркаға 0,75 мл спирт гидрокарбонатын, 2,5 мл дейін таза этил спиртін, 0,5 мл диазоқоспасын қосып, 15 мин. кейін 2 мл кофе реактивін (жалпы көлемі 5мл) тағы қосып суға қарсы колориметрлейді.

Оптикалық тығыздық көрсеткіштерін ордината осі бойынша орналастырады, ал абсцисса осі бойынша билирубиннің мөлшерін орналастырады. Бұл көрсеткіштерді миллиграммен беру үшін (100 мл-ға) әрбір пробиркадағы билирубиннің мөлшерін анықтауға алынатын 0,5 мл сарысудан 200 есеппен көбейтеді.

Ең бірінші пробирка: 1 мг, 2-інші-2, 3-інші-3;5-інші-5; 6-ыншы-6 мг. Билирубин (100мл сарысу) немесе 17,1; 34,2; 51,3: 68,4; 85,5; 102,6 мкмоль/л сәйкес келеді. Екі реттегі таралған сарысуды есептемейді, стандартық сынаманың көлемі зерттелініп отырған сынамамен салыстырғанда 2 есе көп.

Дені сау жануарлардың сарысуындағы билирубиннің мөлшері (мг/ 100 мл) : сиырларда-жалпы билирубин 0,11-0,48, тікелей билирубин жоқ, бұзауларда 15 күнгі жасқа дейін жалпы билирубин 0,16-1,56, тікелей-0-0,72, жылқыларда жалпы билирубин-0,62-1,42, тікелей-0,04-0,058, қойдағы жалпы билирубин 0,039, тікелей-0-0,027, иттерде-жалпы билирубин 0,12-0,14; тауықтарда 0,1-0,35(Л. Шлезингер бойынша).

Миллиграммен көрсетілген СИ мкмоль/л бірлігіне есептелген билирубин концентрациясын есептеу үшін 17, 104-ке көбейтеді.

Сарысудағы жалпы билирубиннің мөлшері (мкмоль / л): сиырларда-1,88-8,21; 15 күнге дейінгі бұзаулардағы жалпы билирубин 2,74-31, 81; тікелей 0-14, 31; жылқылардағы жалпы билирубин 10, 6-24, 29; тікелей 0,68-9, 92; қойлардағы жалпы билирубин 0-6, 67; тікелей 0-4, 62; иттердегі жалпы билирубин 2, 05-2, 39; тауықтарда – 1,71-5,99 құрайды.

Сарысудағы тікелей емес билирубин мөлшерінің көбеюін қанды жұқпаға, жұқпалы ауруларға, гемолитикалық умен улану, сәйкес емес қанды енгізуге негізделген аурулар кезінде тіркейді.

Қан сарысуындағы тікелей билирубин мөлшерінің көбеюін механикалық сарыауру(өт жолдарының өт тастарымен бітелуі); 12-перстный ішектің сілекейлі қабығының қабынуы т. б. кезінде байқалады.

Сарысудағы тікелей және тікелей емес билирубин мөлшерінің көбеюі мен азаюы паренхиматоздық сарыауру (жұқпалы анемия), контагиоздық плевропневмония, инфекциялық энцефаломиелит, лептоспироз, тікелей және созылмалы гепатит, бауырдың токсинді дистрофиясы, фосформен улану және т. б.

О-толиудинмен қандағы глюкозаны анықтау. Саллоджи (мыс сульфатымен) немесе Нательсон (пероксидаза және глюкозооксидазамен) әдістерімен жалпы қант пен глюкозаны анықтайды.

Бұл әдістерге о- толуидинмен анықтау ұқсас. 0,1 мл қан мен 3 % -ті 0,9 мл үш хлорсірке қышқылының ерітіндісін пробиркаға реакция жасау үшін құяды. 3000 мин –1 10 мин. аралығында центрифугалайды. 4,5 мл 0-толуидин реактивін 0,5 мл түссіз центрифуготқа қосады да, пробирканы қайнаған су моншасына дәл 8 мин. ұстайды. Осы уақыт өткеннен кейін крандағы ағынды сумен пробирканы суытады және 590-650 км фотоэлектроколориметрде колориметрлейді. Стандартты сынаманы дәл тәжірибелік сынамадағыдай жасайды, бірақ бірінші сарысудың орнына 1 мл глюкозаның стандартты жұмысшы ерітіндісін алады (100мл концентрациясы 100мл-ге немесе 5, 55ммоль/ л).

Тәжірибелік сынамадағы глюкозаның құрамы мына формула бойынша есептеледі:

CЕ оп

С оп = --------------

Е ст

Мұндағы Сст-глюкозаның стандарттық концентрациясы (мг/100 мл немесе ммоль/л); Е оп- сынаманың оптикалық тығыздығы; Е ст- стандарттың оптикалық тығыздығы.

Сау ересек малдарда қандағы глюкоза мөлшері мынадай болады ( мг/ 100мл): ІҚМ-40-70, қойда- 35-60, шошқада –45-75, жылқыда-55-75, итте-60-80, тауықта- 80-140.

0,0555 мөлшерде глюкоза концентрациясының көбеюі СИ (ммоль/ л) бірліктегі концентрацияны алады. Глюкоза мөлшері мынадай болады: ІҚМ-2,22-3,88, қойда-2,05-3,33, шошқада-2,5-4,16, жылқыда-3,05-5,27, итте-3,33-4,44, тауықта-4,44-7, 77.

Қандағы глюкоза мөлшерінің көбеюі (гипергликемия) қант диабетінде, В1С гиповитаминозында, бүйрек жетімсіздігінде, нефритте және т. б. байқалады.

Ал қандағы глюкозаның азаюы кетозда, ашығуда, диспепсияда, А-гиповитаминозында, лейкозда, қалқанша бездің қызметінің төмендеуінде, бүйректің қатты зақымдануы және т. б. болуы мүмкін.

Қан сарысуындағы жалпы ақуызды рефрактометр әдісімен анықтау.

Бұл үшін рефрактометрдің әртүрлі түрін қолданады (ИРФ-1, ИРФ-22, ИРФ-23, РЛУ, РЛ және т. б. ).

Рефрактометр РЛУ-мен жұмыс істеп тұрған кезінде алдымен нөлдік нүктесін тексеру үшін 1, 2 тамшы дистильденген суды өлшеу призмасының бетіне жағады; лупа шкаласы мен көру окулярының тұтқасын жөнге келтіреді, диспенсионды компенсатордың тұтқасын айналдырып, көру окуляр түтігінің дисперсиясын жоямыз;

Шкала лупасындағы сызықты 1,3333 ұзындығына, кілт арқылы визирлық сызықтың кесу нүктесін жарық кескіндеу шекарасын біріктіреді.

Құралды дайындағаннан кейін камерасын ашып, жоғарға және төменгі призманы алдымен сорғыш қағазбен, кейін жұмсақ салфеткамен сүртеді. 1-2 тамшы сарысуды төменгі призманың бетіне тамызады да, камераны жауып, айнамен жарықты оның терезесіне бағыттайдыжәне жарық кескіндеу шекарасын визирлы сызық кесу нүктесіне қойылғанша, камераны айналдырады және сарысу бөліну көрсеткішін шкала бойынша есептейді.

Сау малдардың сарысуындағы жалпы ақуыз мөлшері(г/100 мл): ӘҚМ-7,2-8,6; қойда-6-7,5; жылқыда-6,8-7,8; шошқада-6,5-8,5, итте-5,9-7,6; тауықта-4,3-5,9.

Қан сарысуындағы жалпы ақуыз концентрациясының азаюы рациондағы ақуыз мөлшері төмен болу мен аминоқышқыл тобындағы баланстың дұрыс болмауында, жіті және созылмалы қансырауда, гидремияда, жүктілікте, нефритті ісікте, паренхиматозда, гепатитте, бүрек церозында, іріңдікте, паратуберкулезде, туберкулездің терминальді формасында, сепсисте, тейлериозда, лихорадка жағдайында және т.б. болады.

Сарысудағы жалпы ақуыз концентрациясының көбеюі (гиперпротеинемия) артық азықтандырудан, протеиннің мөлшерден тыс көбеюінде, жеңіл еритін көмірсудың жетіспеуінен, дегидратацияда, құсу жағдайында, диареяның ауыр түрінде, диабетте, гепатитте, азықта каротин жетіспеуінде, кальций мен фосфор қатынасының дұрыс болмауында, Д дәруменінінің жетіспеуінде, жіті қабынуда, флегтонда, сепсисте, ауыр инфекциялық және басқа ауруларда кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет