Зертханалық ЖҰмыс №12 Тақырыбы



Дата19.11.2022
өлшемі23,28 Kb.
#158918
Байланысты:
Зертханалық жұмыс №12 2
Сборник факультативов естест направ 2019г., Жақшалы өрнек 2 сынып, Зертханалық жұмыс №10 (ред) 2, Зертханалық жұмыс №6 2, Зертханалық жұмыс №6 2, Зертханалық жұмыс №6 2, Зертханалық жұмыс №12, Зертханалық жұмыс №12, Зертханалық жұмыс №12, Cеминар №12 2, Зертханалық жұмыс №7 2

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 12


Тақырыбы: Қан сарысуындағы жалпы, тікелей, тікелей емес билирубиннің мөлшерін анықтау.


Мақсаты: Гемоглобиннің ағзада ыдырау нәтижесінде түзілетін пигменттерді білу және оларды қанда анықтаудың диагностикалық маңызы туралы білім қалыптастыру.


Видео-сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=0wzYL115mWg&t=38s – Определение БР.

Билирубин – өт пигменті, гемоглобин ыдырау өнімі – бауырда, көкбауырда түзіледі. Қан сарысуында жалпы билирубиннің, тікелей және тікелей емес БР-нің мөлшерін анықтау диагностикалық маңызы зор.


Жалпы БР және тікелей БР мөлшерін анықтау үшін келесі реактивтер қажет:



  1. Кофеин реактиві;

  2. Эрлих диазореактиві;

  3. Физиологиялық ерітінді;

  4. Қан сарысуысы


Принципі: Диазотталған сульфанил қышқылы (Эрлих реактиві) тікелей билирубинмен қызғылт-күлгін түсті (розово-фиолетового цвета) азобилирубин түзеді. Қан сарысуына кофеин реактивін қосқанда тікелей емес БР альбуминнен айырылады, Эрлих реактив қосқан соң жалпы БР мөлшерін анықтайды. Зерттелетін ерітіндінің түс қарқындылығы сынамадағы жалпы билирубин концентрациясына тура пропорционалды болады. Жалпы БР мен тікелей БР айырмасынан тікелей емес БР-ді табады.
Анықтау әдісі: жұмысты кестеде берілген сызбанұсқа бойынша жүзеге асырылады:

Түтікшеге (пробиркаға) құйылатын реактивтер, мл

Жалпы БР

Тікелей БР

Қан сарысуы

0,5

0,5

Кофеин реактиві

1,75

-

Физиологиялық ерітінді

-

1,75

Эрлих диазореактиві

0,25

0,25

Сынамадағы ерітінділердің оптикалық тығыздығын дистилденген су (контроль) бойынша өлшейді. Өлшеуді фотоколориметр арқылы толқын ұзындығы 540-560 нм (ашық-жасыл фильтр) болатын, ені 5 мм кюветада жүргізеді.


Тікелей БР диазореактивті қосқан соң 5 минуттан кейін фотометрлейді. Жалпы БР мөлшерін анықтау үшін қоспаны түс қалыптасу үшін 20 минутқа қалдырады, кейін оптикалық тығыздығын анықтайды.
Нәтижелерді есептеуді калибрлеу қисығы бойынша жүзеге асырылады.
Қалыпты жағдайда:
Жалпы БР = 8-20 мкмоль/л
Тікелей БР = 0,86-4,3 мкмоль/л
Тікелей емес БР = 1,75-17,1 мкмоль/л

Тақырып бойынша негізгі қарастырылатын сұрақтар:



  1. Гем синтезінің сатылары.

  2. ММЖ жасушаларында гемоглобиннің ыдырауы.

  3. Бос билирубиннің химиялық табиғаты, оның қасиеттері.

  4. Гемоглобиннің бауырда ыдырауының ерекшеліктері.

  5. Бос билирубинді залалсыздандыру орны мен жолы, байланысқан билирубиннің химиялық табиғаты, оның қасиеттері.

  6. Өт, нәжіс және зәр пигменттерінің түзілуі.

  7. Сарғыштану, түрлері, пайда болу себептері.



Дайындалуға ұсынылатын электронды ресурстар:
Тақырып бойынша видео-дәріс ПОӘК-не жүктелген.
Плешкова С.М. және басқалары «Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы» 2.Бөлім.. «Заттар алмасуы және оның реттелуі»;– Алматы, 2009 - https://drive.google.com/file/d/1E4a1Ys8kEfq8RtWW2SPK-4QId1XLU_rT/view?usp=sharing


ЖАТТЫҒУЛАР



  1. Науқаста сарғыштану байқалады. Билирубиннің мөлшері қанша болғанда сарғыштану байқалады?

  2. Науқаста өт жолдарының обтурациясы. Қан сарысуында билирубиннің қандай түрі анықталады? Нәжіс және несеп түсі қандай болады? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

  3. Науқаста бауыр паренхималары зақымданған. Бұл жағдайларда қан сарысуында, зәрде, нәжісте қандай өзгерістер байқалады? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

  4. Гемолитикалық сарғыштанудың негізгі себептерін атаңыз. Қанда қандай БР-нің мөлшері артқан? Бұл жағдайларда зәрде, нәжісте қандай өзгерістер байқалады? Жауабыңызды түсіндіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет