Диспепсия - жаңа туған төлдердің асқорыту және зат алмасу процестерінің өте жіті түрде бұзылуы салдарынан организмнің сусызданып, улануымен сипатталатын ауру.
Декомпенсция – ауру әсерінен организмде қалпына келу жағдайының бұзылуы.
Дефекация – ішектен нәжістің шығарылуының күрделі рефлекторлық актісі.
Дизурия – қуықтан несеп бөлінудің қиындауы. Несеп-жыныс мүшелерінің ауруынан және жүйке жүйесі (жұлын) зақымднуынан болатын сырқат.
Диурез – организмде несеп түзілу және бөліну үрдісі.