ОқУ-Әдістемелік кешенің ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет28/190
Дата21.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#70367
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   190
Байланысты:
5176b30c-1230-11e7-a320-ad114c4c9815Айжан

Гастроэнтериттер

Ішек-қарын қабықтарының қабынуы. Бұл ауру ішек пен қарынның тек қана кілегейлі қабығының ғана ауруы емес, онан да терең орналасқан қабаттарының қабынуымен сипатталады. Қарынның ащы және тоқ ішектердің барлық қабаттарының жарақаттануы гестроэнтероклит деп аталады.

Қабынудың түріне қарай катаральді, гемарагиялық, крупозды, дефтериялық болып бөлінеді. Бірақ олардың әрқайссын жеке-жеке тек өлексені тексергенде ғана ажыратуға болады. Бұл ауру бұзаулар мен торайларда сүтке қосымша басқа да тамақтар жей бастаған уақытта жиі кездеседі.

Себебі: Торайлар, қозылар және құлындар ерте баста аналық сүтіне жарымағандықтан қосымша тамақпен қоректенуге мәжбүр болуы. Қарыны аш малдың қосымша тамақты қомағайлана , ерте бастан пайдалануы ауруға шалдығуының бірден бір себебі. Бұл ауру аналық малды жиі жиі бұзылыған азықпен, ал жас төлдерді толық әзірленбеген азықпен қоректендіргенде пайда болады. Желіні қабынған аналық малдың сүтімен немесе бұзылған көк сүтпен төлдерді тамақтандырғанда өз әсерін тигізеді.Тіпті рационның құрамы өзгергенде де бұл аурудың болатынын байқауға болады. Ішек қарынның қабынуы әсіресе диспепсиямен қатты ауырып жазылған төлдердің арасында жиі кездеседі. Оған ондай ауруды дұрыстап емдемеу немесе емдеу жұмысын аяғына дейін жеткізбеу себеп болады.

Дамуы. Ас қорыту процесінің бұзылуының және ішектегі микрофлораның өзгеруінің салдарынан пайда болған немесе тамақпен бірге түскен улы заттар қарын мен ішектің кілегейлі қабығына өз әісерін тигізеді. Осының салдарынан қарын мен ішектің секреция және жиырылғыштық қызметтері бұзылады да, ол зат алмаудың өзгеруіне әкеп соғады. Қабыну реакциясы біліне бастайды; оның күшеюіне байланысты ауру малдың жалпы жағдайы да ауырлай түседі. Ішек қабырғасының сіңір қызметі бұзылып, оның кілегей қабығының тосқауылдық рөлі нашарлайды.Улы заттың ішектен қанға сіңіп, организмнің жалпы улану процессі басталады. Осыдан барып ішкі ағзалар мен нерв жүйесінің қызметтері бұзылады. Организмде зат алмасудың бұзылуының жалпы белгілері білінеді. /арықтау, терінің сыртқы қабығының өзгеруі гиповитоминоздың белгілері, тәбеттің өзгеруі т.б/ жүрек жұмысы мен қан айналу процессі қанталап, оттегінің жетіспеушілігінен пайда болатын белгілер анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет